
Жанама өлшеулер нәтижесін (құралдық қателіктерді) өңдеу.
Жоғарыда айтылғандай өлшеу кезінде медика- биологиялық көрсеткіштер өзгеріп тұруы мүмкін. Қайталап өлшегенде алынған шамалар алғашқылардан өте үлкен айырмашылықта болуы мүмкін. Сондықтан әрбір медика- биологиялық өлшеулерге өте мұқият дайындалып, өлшеу әдістерін дәлме-дәл орындау керек. Осындай жағдайда пайда болатын қателіктер негізінен құралдардың өлшеу дәлдігіне байланысты деп қарастыруға болады.
Шамаларды есептеу үшін алғашқы шамаларды тура бір ретті, өлшеудің мәні бойынша алынған жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеуді қарастырайық. Әдіс бірқатар тізбекті амалдардан тұрады:
1. Анықталатын шаманы есептеу формуласын тура өлшенетін шамалар арқылы жаз.
2. Осы шамаларды өлше.
3. Осы өлшеулер кезінде жіберілген немесе оларды анықтауда жіберілген қателіктерді анықтау. Осы кезде:
а) егер тура өлшеу құралдары үшін дәлдік класы көрсетілмесе, онда қателік құрал бөлігінің қүнының жартысына тең.
б) дәлдік класы көрсетілсе, онда
дәлдік класы *өлшеу шегі
қателік= ;
100
мұндағы өлшеу шегі- осы құрал өлшей алатын ең үлкен шама, ал дәлдік класы өлшеуіш құралдың шкаласында санмен көрсетілген.
в) әртүрлі тұрақтылар үшін қателік олардың берілу дәлдігінің жартысына тең.
4. Анықталатын шаманы анықтайтын формуланы логарифмде.
5.
Логарифм нәтижесін дифференциалда,
осы кезде
екендігін
ескер.
6. Дифференциалданабсолют қателіктерге өт.
7. Максимал қателікті есептеу үшін бөлшектің барлық алымдарының таңбасын плюске ауыстыр.
8. Алынған формула бойынша салыстырмалы қателікті есепте.
9. Бастапқы формула бойынша анықталатын шаманы есепте.
10. Абсолют қателікті есепте және оны бір санға дейін дөңгелет.
11. Өлшеу нәтижесін, анықталатын шаманы абсолют қателіктің дәлдігіне дейін дөңгелетіп, жаз.
12. Салыстырмалы қателікті пайызбен есепте.
4. Жанама өлшеулер нәтижесін өңдеуге мысалдар.
Тапсырма
№1. Затының тығыздығы
және
миллиметрлік сызғышпен өлшенген сызықтық
өлшемдері, яғни түбінің диаметрі d
= 25 мм,
биіктігі h
= 400 мм
болатың біртекті цилиндрдің массасын
тап.
Тапсырма № 2. Ұзындығы сантиметрлік бөліктері бар рулеткамен, диаметрі микрометрмен, ток пен кернеу дәлдік класы 0,5 өлшеу шектері 100 мА болатын миллиамперметрмен және 4В болатын вольтметрмен өлшенген өткізгіштің меншікті кедергісін тап.
,