
- •Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау
- •Семей 2007 мембрананы зерттеудің физикалық әдістері.
- •1.Оптикалық микроскопия.
- •Фазалы – контрасты әдіс.
- •Ультрамикроскопия.
- •2. Электрондық микроскопия.
- •Рентген сәулесінің дифракциясы әдісі.
- •Мембрананы зерттеудің люминесцентті әдістері.
- •Ультрахимия әдісі.
Ультрахимия әдісі.
Бұл әдіс жасушаның химиялық құрамын зерттеуде қолданылады. Осы әдіс жасушадан, оның жеке бөліктерінен және органоидтерден өте аз мөлшерде заттарды алуға негізделген. Кейіннен арнайы химиялық әдістермен алынған заттарды сапалық және мөлшерлік талдау жүргізіледі.
ЯМР- ты және ЭПР-ты зерттеулер.
Липидтік биқабаттың агрегаттық күйі туралы толық мағлұматтарды радиоспектроскопияның ЭПР және ЯМР әдістері береді.
Ядролық магнитті резонанс (ЯМР) деп толқынның резонансты жиілігі кезінде сыртқы магнит өрісіне енгізілген, магнит моменттері бар атом ядролары жүйесінің электромагниттік толқындардың энергиясын жұтуының кенет арту құбылысын айтады.
Ядролық магнитті резонанс (ЯМР) дегеніміз тұрақты магнит өрісіндегі атом ядроларының магнит моменттері бағыттарының өзгеруімен айқындалатын, заттың электромагниттік сәулелерді таңдамалы жұтуы.
ЯМР әдісі кезінде тұрақты магнит өрісіне енгізілген заттың ядролары белгілі бір жиіліктегі сыртқы айнымалы электромагниттік сәулелену энергиясын таңдап (резонансты) жұтып, ЯМР сигналы пайда болады. Әртүрлі ядроларға резонанстың әртүрлі жиілігі сәйкес келеді. Осы жиіліктер аймағы электромагниттік толқындардың радиожиілікті диапазонында жатады, сол себепті ЯМР радиоспектроскопияның әдістерінің бірі болып табылады. Биожүйелерді зерттеу үшін сутегі ядроларының- протондардың (1Н), дейтерийдің ( 2Н), көміртегі (13С), натрий ядорларының т.б. ЯМР қолданылады. Электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР) – толқынның резонансты жиілігі кезінде сыртқы магнит өрісіне енгізілген парамагниттік бөлшектер жүйесінің (орны толтырылмаған спиндері бар электрондар) электромагниттік толқындардың энергиясын жұтуының кенет арту құбылысы. ЭПР- қа негізделген әдістер зертханалық тәжірибеде кең қолданылады. ЭПР радиоспектроскопия әдістеріне жатады, өйткені оны бақылау үшін
электромагниттік толқындардың радиожиілікті диапазонындағы сәулеленулер қолданылады. ЭПР арнайы құралдар – радиоспектрометрлер көмегімен тіркеледі.
ЭПР-ты қолдану ЭПР- тың спектрлерін зерттеумен анықталады. ЭПР спектрі деп электромагниттік толқынның жұтылу қуатының сыртқы өрістің магнит индукциясының шамасына тәуелділігін айтады. Үлгінің атомдары мен молекулалары арасындағы өзара әсер неғұрлым күшті болса, ЭПР спектрлері соғұрлым енді болады. Бөлшектер арасындағы өзара әсер неғұрлым әлсіз болса (молекулалардың қозғалғыштығы жоғары), ЭПР спектрі соғұрлым жіңішке болады. ЭПР спектрлерінің енділігіне қарап, заттардың молекулаларының қозғалғыштығы туралы пікір айтуға болады.
Фосфолипидтер молекулалары диамагниттік болғандықтан, мембрананы ЭПР- ты зерттеу үшін спин- зондтар және спин- белгілер- жұпсыз электрондары бар молекулалар немесе молекулалық топтар қолданылады.
Парамагниттік спин- зондтар липидтік мембранаға енгізіледі, электромагниттік толқындардың спин- зондтарының жұту спектрлері липидтер жөнінде ақпарат береді, әсіресе мембранадағы липидтік молекулалардың қозғалғыштығы жайында. Бұл әдістің айрықша кемшілігі бар – биологиялық объектіге тегі бөтен молекула- зондтарды енгізу объектінің құрылымын өзгертуі мүмкін. Осы кемшілік ЯМР әдісте болмайды.