
2.Кесте - «Ұпай беру саясаты»
Компонент |
Тапсырма саны |
1 тапсырма макс. ұпай |
% бойынша баға өлшемi |
Аудиториялық тапсырма |
5 |
2 |
5*2=10 |
Аудиториядағы белсендiлiк |
5 |
2 |
5*2=10 |
Аралық аттестация |
1 |
10 |
2*10=20 |
СӨЖ №1 |
1 |
10 |
10 |
СӨЖ №2 |
1 |
10 |
10 |
Қорытынды емтихан жазбаша |
|
|
40 |
Қорытынды |
|
|
100 |
2.1. Кесте «Сырттай оқитын білімгерлерге ұпай беру саясаты»
Компонент |
Тапсырма саны |
1 тапсырма макс. ұпай |
% бойынша баға өлшемi |
СӨЖ №1 |
1 |
10 |
15 |
СӨЖ №2 |
1 |
10 |
10 |
СӨЖ №3 |
1 |
|
15 |
Аудиториялық белсенділік |
|
20 |
20 |
Қорытынды емтихан тест |
|
|
40 |
Қорытынды |
|
|
100 |
3.кесте - СӨЖ тапсырмасы
№ |
СӨЖ–дің аты |
Ұсыну мерзімі |
Тапсыру мерзімі |
Орындау шарты мен көлемі |
СӨЖ №1
|
Реферат |
2 апта |
4 апта |
3-4 бет реферат |
СӨЖ №2 |
Глоссарий |
5 апта |
8 апта |
Әрбір өткен тақырыппен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет |
СӨЖ №3 |
Персоналий |
9 апта |
12 апта |
Әрбір кезеңнің аса әйгілі тұлғаларының бірін таңдап, қосымша әдебиеттің көмегімен оларға мінездеме беріп, олардың өмірлік жолын сипаттап, тарихтағы орнын анықтайсыз |
№1 СӨЖ:
Жазбаша үй тапсырмасының бір түрі реферат жазу. Реферат “Ежелгі дүние елдерінің мемлекет және құқық тарихы” тақырыбына жазылады, ол кемінде 3-4 компьютермен терілген беттен тұруы қажет. Реферат кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұруы тиіс. Рефераттың кіріспе бөлімінде сіз міндетті түрде тақыраптың маңыздылығын, мақсаты мен міндеттерін атап өтесіз. Негізгі бөлімде сіз рефераттың тақырыбын ашып, қысқаша, өз зерттеулеріңізді келтіре отырып, салыстырмалы талдау жасайсыз. Қорытынды бөлім тақырып бойынша тұжырымдамалардан тұрады. Міндетті түрде пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетіп, оны негізгі және қосымша әдебиеттерге бөліп өту қажет. Реферат ауызша түрде қорғалып, белгіленген ұпайларға сәйкес бағаланады.
Реферат тақырыптары:
1. Ежелгі шығыс мемлекеттерінің пайда болуы, Ежелгі шығыс мемлекеттерінің қоғамдық құрылысы.
2. Ежелгі Египеттегі мемлекеттің пайда болуы, Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуының негізгі кезеңдері.
3. Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы, Ежелгі Египеттің саяси құрылысы.
4. Ежелгі Вавилон мемлекетінің қысқаша тарихы, Ежелгі Вавилонның саяси құрылысы. Ежелгі Вавилонның қоғамдық құрылысы.
5. Ежелгі Үндістан мемлекетінің пайда болуы, Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы, Ежелгі Үндістанның саяси құрылысы.
6. Ежелгі Қытайдағы мемлекет және құқықтың пайда болуы.
7. Шығыстық деспотия ұғымының мәні, Хаммурапи заңдарының жалпы сипаттамасы.
8. Хаммурапи заңдары бойынша мүліктік қатынастардың реттелуі, Хаммурапи заңдары бойынша қылмыс және жаза.
9. Ману заңдарының жалпы сипаты, Ману заңдары бойынша отбасы-неке қатынастарының реттелуі.
10. Афина мемлекетінің пайда болуы мен дамуы, Афина мемлекетінің саяси құрылысы, Афинадағы Солон реформаларының саяси-әлеуметтік мәні.
11. Афина құқығының негізгі белгілері, Афина құқығы бойынша сот ісін жүргізудің өзіндік ерекшеліктері.
12. Ежелгі Спартадағы мемлекеттің пайда болуы, Ежелгі Спарта мемлекетінің қоғамдық құрылысы.
13. Ежелгі Рим мемлекетінің пайда болуы, Ежелгі Рим мемлекетінің даму кезеңдері.
Рефератты бағалау критерийлер
Компонент |
Рефератты бағалау критерийлер |
Балл |
1 |
Ғылыми и тәжірибелік тақырыптың маңыздылығы |
3 |
2 |
Ғылыми әдебиетті дұрыс және аланған нәтижелерді дәлелдеу үшін қолданған |
3 |
3 |
Информацияны пайдалану деңгейі, жұмысты жазу сапасы |
3 |
4 |
Жұмыстың логикалық құрылымы, сауаты, нақтылығы |
3 |
5 |
Қазіргі заманның жұмыс жазу барысында әдістерін пайдалану |
3 |
барлығы |
|
15 |
№2 СӨЖ: Бұл жұмысты орындау үшін алғашқы сабақтан бастап әрбір өткен тақырыппен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
Компонент |
Глоссарий бағалау критерийлері |
Балл |
1 |
Терминдердің маңыздылығы |
2 |
2 |
Ғылыми әдебиетті дұрыс және аланған нәтижелерді дәлелдеу үшін қолданған |
2 |
3 |
Глоссарий жазу сапасы |
2 |
4 |
Глоссарийдің логикалық құрылымы, сауаты, нақтылығы |
2 |
5 |
Қазіргі заманның жұмыс жазу барысында әдістерін пайдалану |
2 |
барлығы |
|
10 |
№3 СӨЖ: Бұл тапсырманы орындау үшін сіз барлық өткен тақырыптардың ішінен оқытушының келісімі бойынша әрбір кезеңңнің аса әйгілі тұлғаларының бірін таңдап, қосымша әдебиеттің көмегімен оларға мінездеме беріп, олардың өмірлік жолын сипаттап, тарихтағы орнын анықтайсыз, яғни бұл тапсырмада тарихи тұлғалармен жұмыс істейсіз. Бұл жұмысты жазбаша орындап, жұмыстың соңында сол тұлғаларға қатысты өз көзқарасыңызды көрсетіп өткеніңіз дұрыс.
Персоналий бағалау критерийлер
Компонент |
Персоналий бағалау критерийлер |
Балл |
1 |
Ғылыми и тәжірибелік тақырыптың маңыздылығы |
3 |
2 |
Ғылыми әдебиетті дұрыс және аланған нәтижелерді дәлелдеу үшін қолданған |
3 |
3 |
Информацияны пайдалану деңгейі, жұмысты жазу сапасы |
3 |
4 |
Жұмыстың логикалық құрылымы, сауаты, нақтылығы |
3 |
5 |
Қазіргі заманның жұмыс жазу барысында әдістерін пайдалану |
3 |
барлығы |
|
15 |
Курспен танысу, семинар сабағының жоспары:
«Ежелгі Шығыс елдерінің пайда болуы», «Ежелгі Шумер және Вавилон мемлекеттерінің пайда болуы мен қоғамдық-саяси құрылысы» тақырыбы, № 1 талқылау жасау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Ежелгі Шығыс ұғымының түсінігі,
2. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің пайда болуының алғышарттары,
3. Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы, оның даму кезеңдері, әрбір даму кезеңіндегі оның саяси және қоғамдық құрылысы.
4. Шумер және Вавилон мемлекеттерінің пайда болуының алғышарттары, 5. Вавилон мемлекетінің дамуының негізгі кезеңдері,
6. Вавилонның саяси құрылысы,
7. Вавилонның қоғамдық құрылысы.
«Хаммурапи заңдар жинағының сипаттамасы», «Ману заңдар жинағы - Ежелгі Үнді құқығының құнды ескерткіші» тақырыбына №2 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Хаммурапи заңдар жинағының табылу және қалпына келтірілу тарихы,
2. ХЗ-ң жалпы сипаттамасы,
3. ХЗ бойынша мүліктік қатынастардың реттелуі,
4. ХЗ бойынша қылмыс және жаза,
5. ХЗ бойынша отбасы-неке қатынастарының реттелуі,
6. ХЗ бойынша міндеттемелік қатынастардың реттелуі.
7. Ману заңының жалпы сипаттамасы,
8. Ману заңының сыртқы нысаны мен мазмұны,
9. Ману заңына сәйкес Үнді қоғамының әлеуметтік құрылысы, қылмыс және жаза, мүліктік қатынастар, отбасы-неке қатынастары және міндеттемелік құқық.
«Ежелгі Грекия полистерінің пайда болуы мен қоғамдық-саяси құрылысы», «Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығының пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері» тақырыбына №3 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүрізіледі:
1. Балкан түбегіндегі Ежелгі Грек полистерінің пайда болуы,
2. Афина құлиеленушілік демократиясының пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері, саяси құрылысы, қоғамдық құрылысы,
3. Солон және Клисфен реформаларының саяси-әлеуметтік мәні,
4. Ежелгі Спартадағы аристократиялық саяси биліктің пайда болуы, ерекшеліктері, полистің саяси-қоғамдық құрылысы,
5. Афина құқығының негізгі белгілері және қайнар көздері, сот ісін жүргізу ерекшеліктері.
6. Ежелгі Рим мемлекетінің пайда болуы,
7. Патрицийлер мен плебейлер арасындағы саяси күрес,
8. Рим мемлекетінің одан әрі дамуының негізгі кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері,
9. Рим құқығы: қайнар көздері және негізгі салалары.
«Ертефеодалдық монархиялардың пайда болуы мен олардың қоғамдық-саяси құрылысы», «Феодалдық қоғамның негізгі тап өкілдерінің құқықтық мәртебесі» тақырыбына №4 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Батыс Европа елдеріндегі алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің пайда болуының алғышарттары,
саяси-қоғамдық құрылысы, дамуының негізгі кезеңдері.
2. «Варвар Правдалары – ертефеодалдық монархиялардың алғашқы әдет-ғұрып заң жинақтары» тақырыбына
3. Ертефеодалдық монархияларда Варвар правдалары деп аталған әдет-ғұрып заң жинақтарының өмір сүруінің жалпы заңдылықтары,
4. Салилік Правда заң жинағының жалпы сипаттамасы, мүліктік қатынастар, қылмыс және жаза, отбасы-неке қатынастары, сот және сот ісін жүргізу.
5. Батыс Европа елдеріндегі пайда болған феодалдық мемлекетердің қоғамдық құрылысының ерекшеліктері, негізгі үстем тап өкілдері және олардың құқықтық мәртебесі, негізгі төменгі тап өкілдері, олардың жіктелуі және құқықтық мәртебесі.
«Феодалдық Батыс Европа елдерінің мемлекеттік құрылысы», «Батыс Европа елдеріндегі мүліктік-құқықтық қатынастар, отбасы құқығы және қылмыстық құқық» тақырыбына №5 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Франк, Ағылшын және Герман мемлекеттерінің саяси құрылысы мен саяси институттарының өзіндік ерекшеліктері мен даму жолдары.
2. «Батыс Европа елдеріндегі заң қызметкерлерінің пайда болуы,
сот және сот ісін жүргізу» тақырыбына
3. Орта ғасырлардағы Батыс Европадағы құқықтың дамуы, адвокатура, нотариат, прокуратура және сот органдарының пайда болуының алғышарттары мен олардың қарқынды дамуы,
4. Сот органдарының қалыптасуы мен өзіндік ерекшеліктері сот ісін жүргізудің ерекшеліктері.
5. Орта ғасырлық Батыс Европа елдеріндегі мүліктік, отбасы және қылмыстық қатынастардың реттелуі мен олардың құқық қайнар көздерінің өзіндік ерекшеліктері.
«Оңтүстік славян және Батыс славян халықтарындағы феодалдық мемлекет және құқық» тақырыбына №6 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Болгар мемлекетінің пайда болуы мен дамуы, саяси және қоғамдық құрылысы,
2. Поляк мемлекетінің пайда болуы мен дамуы, саяси және қоғамдық құрылысы, құқық қайнар көздері.
«Азия жөне Африка елдеріндегі феодалдық мемлекет және құқық» тақырыбына №7 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Ислам діні мен Араб Халифатының пайда болуы мен дамуы, саяси және қоғамдық құрылысы,
2. Мұсылман құқығының қайнар көздері және негізгі құқық салалары.
«Англиядағы парламенттік монархияның қалыптасуы», «Парламенттік монахияның қалыптасуының құқықтық негіздері»
тақырыбына №8 пікірталас келесі ретпен жүргізіледі:
1. Ағылшын буржуазиялық революциясының алғышарттары, негізгі кезеңдері,
2. 1688-жылғы «Даңқты революция» нәтижесіндегі парламенттік монархияның пайда болуы мен қалыптасуы.
3. Англиядағы Парламенттік монархияның қалыптасуына әсер еткен негізгі құқықтық актілер және олардың мазмұны.
4. Актілердің тәжірибеде жүзеге асуының маңызы.
«Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының пайда болуы», «Америка Құрама Штаттарының алғашқы Конституцияларының қабылдануы және олардың мазмұны» тақырыбына №9 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Американ колонияларының тәуелсіздігі туралы идеялардың пайда болуы,
2. Филодельфиядағы колония өкілдерінің кездесуі және «Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі туралы Декларацияның» қабылдануы,
3. Англия мен Американ колонистері арасындағы соғыс және соғыс нәтижесіндегі мемлекеттің пайда болуы.
4. «Конфедерация баптары» атты Конституциялық актісінің қабылдануы және оған сәйкес конфедерациялық мемлекеттің пайда болуы, бұл саяси бірлестіктің осалдығының көрініс табуы,
5. АҚШ-тың 1787-жылғы Конституциясының қабылдануы және оған сәйкес құрылған саяси-құқықтық институтардың құқықтық мәртебесі.
«Ұлы Француз буржуазиялық революциясының алғышарттары және Құрылтай Жиналысы», «Ұлы Француз буржуазиялық революциясының Жирондистік Конвент және Якобиндіктер диктатурасы деп аталған кезеңдерінің сипаттамасы» тақырыбына №10 пікірталас келесі ретпен жүргізіледі:
1. Франциядағы буржуазиялық революцияның пісіп жетілуі,
2. Король мен Бас Штаттар арасындағы күрес,
3. Бас штаттардың Құрылтай Жиналысы ретіндегі қайта құрылуы және оның саяси қызметі.
4. Жирондистер саяси партиясының билік басына келуі және саяси қызметі,
5. Якобиндіктер деп аталған саяси күштің пайда болуы мен билік басына келуі және олар құрған республикалық биліктің ерекшеліктері.
«Екінші Республиканың саяси қызметі мен мемлекеттік құрылысы», «Екінші империяның саяси қызметі мен мемлекеттік құрылысы» тақырыбына №11 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Франциядағы 1848-жылғы революциялық ситуацияның қалыптасуы,
2. революция нәтижесінде корольдің биліктен бас тартып, Франция тарихындағы екінші республиканың пайда болуы және оның саяси құрылысы.
3. Луи Наполеонның Президент болып сайлануы мен оның саяси қызметі, 4. 1852-жылы Францияның жаңа Конституциясының бекітілуі,
5. Луи Наполеонның мемлекеттік төңкерісі нәтижесіндегі Францияның қайта империяға айналуы және оның саяси құрылысы.
«Герман империясының құрылуының саяси алғышарттары», «Герман империясының 1871-жылғы Конституциясының мазмұны» тақырыбына №12 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Герман мемлекеттерінің бір орталыққа бірігу идеясының пайда болуы, 2. Пруссияның жетекшілік ролі,
3. Пруссияның басшылығын мойындаған мемлекеттердің Солтүстікгерман одағының пайда болуы.
4. 1871-жылы Герман империясының өз Конституциясын қабылдауы.
5. 1871-жылғы Конституцияға сәйкес империяның саяси құрылысы.
«Буржуазиялық мемлекеттердің Конституциялық құқығы», «Буржуазиялық мемлекеттердің сот құрылысы және сот ісін жүргізу, әлеуметтік заңдардың пайда болуы» тақырыбына №13 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. әлемдік деңгейдегі мемлекеттердегі Конституциялардың қабылдануы,
2. негізгі буржуазиялық мемлекеттердегі сот органдарының құрылуы, құрылысы және құқықтық мәртебесі,
3. сот ісін жүргізудің қайнар көздері мен өзіндік ерекшеліктері, әлеуметтік заңдардың пайда болуының алғышарттары, осы саладағы қабылданған заң актілері мен олардың мазмұны, кәсіподақтардың пайда болуы мен қызметі.
«Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы фашистік мемлекеттер және әскери диктатуралар» тақырыбына №14 талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
1. Италидағы, Германиядағы және Жапониядағы фашистік, нацистік және әскери диктатуралық мемлекеттердің қалыптасуы, саяси құрылысы және саяси тарихы.
«Буржуазиялық құқықтың қайнар көздері және Азаматтық құқықтың дамуы», «Буржуазиялық мемлекеттердегі әлеуметтік заңдар мен қылмыстық құқықтың дамуы» тақырыбына №15 пікірталас келесі ретпен жүргізіледі:
1. Жиырмасыншы ғасырдағы Батыс Европа мен Америка Құрама Штаттарындағы әр саладағы құқық қайнар көздері мен Азаматтық құқық саласындағы өзгерістердің негізгі бағыттары.
2. Жиырмасыншы ғасырдағы Батыс Европа мен Америка Құрама Штаттарындағы әлеуметтік заңнамалардың дамуы, қылмыстық құқық саласының дамуы және фашистік мемлекеттердегі қылмыстық құқыққа кері әсер еткен негізгі екі фактор.
«ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ.
l-лекция: Ежелгі Шығыс елдерінің мемлекет және құқық тарихы.
1. Ежелгі Шығыс елдерінің мемлекет және құқық тарихына кіріспе.
2. Ежелгі Египет.
3. Ежелгі Шумер және Вавилон.
1. Ежелгі дүние ең басты нәтижесі ретінде өндірістің құлиеленушілік тәсілі мен алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттерді өмірге алып келген адамзат қоғамының үлкен бір дәуірі.
Осы ұзақ уақытты қамтыған дәуір шартты түрде Ежелгі Шығыс елдерінің мемлекет және құқық тарихы және Антикалық мемлекет және құқық тарихы деп екіге бөлініп қарастырылады.
Тарихи ғылымдарда Шығыс деген ұғым тек географиялық мағынада ғана емес, сонымен қатар тарихи-мәдени, өркениеттік мағынада да қолданылады. Мұнда адамзат қоғамының даму тарихындағы ең алғашқы мемлекет, құқық, әлемдік діндер сияқты әлеуметтік-саяси институттар пайда болды. Бұл ұғым географиялық тұрғыда оңтүстік-батыс, оңтүстік және шығыс Азия мен солтүстік және солтүстік-шығыс Африка елдерін қамтиды.
Ежелгі Шығыс елдерін зерттеудегі маңызды мөселелердің бірі болып өндірістік күштің даму дәрежесінің төменгі деңгейімен және адамның қоршаған ортадан тәуелділігінің жоғарғы деңгейіндегі жағдайдағы қоғам мен табиғаттың арақатынасы табылады. Мемлекет және құқықтың пайда болуына әсер еткен себеп-салдарлық байланыстар да маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан ІІІығыс елдерінің тарихында айтарлықтай өз орындары бар Ніл, Евфрат, Тигр, Инд, Ганг, Янцзы, Хуанхе өзендері маңындағы далаларға ерекше көңіл бөлінеді. Осы аталған аймақтарда басқа жерлерден бұрын ирригациялық жүйеге негізделген, салыстырмалы түрде тұрақты өнім берген жер шаруашылығы мен отырықшы өмір пайда болып, дамыды. Осы жағдайларға байланысты артық өнімнін пайда болуы, ру ақсүйектерінің оны өзіне таңа бастауы адамзат тарихындағы алғашқы қауымдық құрылыстың ертерек ыдырауы мен таптық қоғам мен мсмлекеттің пайда болуына әсер етті.
2. Басқа елдермен салыстырғанда көп ертерек таптық қоғам және алғашқы peт мемлекет Египетте пайда болды. Египетгегі алгашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болу уақыты туралы нақты дерек болмағанмен б.з.д. 3-мынжылдықта мемлекеттің өмір сүргендігі анық..
Египетте қауымдық тәртіптердің ыдырау процесі өте баяу жүрді және бұл жағдай жекеменшіктік қатынастар мен құлиеленушілік қүрылыстың орнығуына тежеу салып отырды.
Біртұтас Египет патшалығы құрылу кезінде оның территориясы әрқайсысының өз билеушісі - номархы бар шамамен қырыққа жуық аймақтардан-номдардан тұратын еді. Номархтар өз билігін бүкіл Египетке таратқысы келіп өзара қанды соғыстар ашып отырды.
Номдар алғашында Жоғарғы Египет және Төменгі Египет деп аталған дербес екі мемлекетке бірікті. Египеттің осы алғашқы бірігуі фараон Менестің кезінде Ерте патшалық дәуірінде жүзеге асты.
Ежелгі Египет мемлекетінің тарихы Ерте патшалық, Көне патшалық, Орта патшалық, Жаңа патшалық және Кейінгі патшалық деп аталатын кезеңдерге бөлінеді.
3. Вавилон мемлекеті Азиядағы Қосөзен, яғни Ефрат пен Тигр өзендерінің аңғарында пайда болады. Бұл мандағы алғашқы мемлекеттер б.з.д.З-мыңжылдықта пайда болады. Бұл мемлекеттер қоғамдық және мемлекетгік құрылысында ұзақ уақытқа дейін ру-тайпалық құрылыстың тәртіптері сақталған кішігірім қала-мемлекеттер болды. Қосөзендегі өркениеттің негізін қалаған сол жердің байырғы тұрғындары шумерлер еді, соңдықтан осында пайда болып жеті ғасырға жуық өмір сүрген мемлекет Шумер мемлекеті деп аталды.
Шумердің солтүстігінде аккадтықтар өмір сүрді. Олар біртіндеп Шумердің барлық территориясын басып алып, жүз жылға жуық өмір сүрген күшті Шумер-Аккад патшалығын құрады.
2-лекция: Ежелгі Шығыс елдерінің негізгі Заң жинақтары.
1.Хаммурапидің заңдар жинағы.
2.Ману зандары.
1. 1901- жылы француз археологиялық экспедициясы Вавилонның шығыс жағындағы қазба жұмыстары кезінде жан-жағы түгел сына жазуларға толы базальт тастан қашалған бағана тауып алады. Бұл табылған әлемдегі ең ежелгі заң жинағы еді. Бүл ескерткіш б.з.д. 18-ғасырдағы Вавилон патшасы Хаммурапидің патшалық құрған уақытындағы жазылған заң жинағы болып табылады.
Хаммурапи заңы 282 баптан тұрады. Оның ішіндегі 247 бап толық сақталынған. Қалған өшіп қалған баптар Ассирия патшаси Ашурбанипалдың әйгілі кітапханасы құжаттарына сүйене отырып қалпына келтірілді.
Тастан қашалған бағана қаланың орталық алаңында тұрған. Сот процестері осы бағана қасында жүргізіліп, заң жинағы әділеттіліктің символы болып табылған.
Хаммурапи заңдарының баптары қазіргі кездегі заңдардан мүлдем басқаша сарында жазылған. Заң жинағы авторлары баптарды олардың мазмұнына қарай топтастыруға тырысқан, бірақ қылмыстық, азаматтық, іс жүргізу құқықтары арасындағы айқын айырмашылық көрсетілмеген.
Заң жинағы қоғамдық қатынастардың барлығын қамтиды деп айтуға болмайды. Жинақта көптеген мемлекеттік, діни қылмыстар мен кісі өлтіру қылмыстарының негізгі түрлері қамтылмаған. Мұндай ауыр қылмыстардың жазасы төжірибеде анық болған соң Хаммурапи ол туралы жазудың өзі артықшылық болады деп есептесе керек.
Кодекстің негізгі қайнар көзі Хаммурапидің және жоғарғы соттардың сот шешімдері болып табылады.
Жинақтың бірнеше баптары Хаммурапидің сол кездегі Вавилон қоғамының әлеуметтік қайшылықтарын, яғни ірі жериелерінің шаруаларды аренда ақысы және өсімқорлық арқылы қатты езгіге салуын әлсірету мақсатын көздегенін көрсетеді. Өйткені мемлекеттің қазынасын толтыратын салық төлеушілер де, соғыстарға қатысатын жауынгерлер де шаруалар еді.
Заң жинағы Вавилон қоғамының шаруашылық жүргізу саласындағы едәуір белсенділігін көрсетеді. Кодексте жерлер мен ғимараттардың сатылуы, жыртылмалы жерлер мен бау-бақшалардың арендасы, бұқаларды егіс жұмыстарына жалға алу, несие алу шарттары кезіндегі мүліктік, ақшалай немесе заттай кепіл қою тәртіптерін қарастырған.
Қорыта айтқанда Хаммурапи заңының баптары Вавилон қоғамындағы отбасы-неке қатынастарын, отбасындағы мұра қалдыру жолдарын, қылмыс және жаза мәселелерін және сонымен қатар аз көлемде болса да сот ісін жүргізу мөселелерін қарастырады.
2. Өзінің маңызы мен кең тарағандығы жағымен Ману заңдары Хаммурапи заңдарынан кем түспейді. Ол б.з.д. 1-ғасырдың құқықтық ескерткіші болып табылады.
Ману зандарының авторлары ежелгіиндиялық брахмандар мектебінің діндарлары болса керек. Олар бұл заңдар жинағына мифтік адамды жаратушы Манудың атын берген. Заңның толық атауы Манавадхармашастра деп аталады.
3-лекция: Ежелгі құлиеленуші елдердің мемлекет және құқық тарихы.
1. Ежелгі Грекия.
2.Ежелгі Рим.
1. Б.з.д. 2-мыңжылдықта грек тайпалары Балкан түбегінің оңтүстігін мекен етеді . Тау бөктерлерінде бір-бірінен бөлек өмір сүрген тайпалардың уақыт өте келе әрқайсысының өз астаналары: Коринф, Мегары, Фивы, Спарта қалалары пайда болды.
2-мыңжылдықтың соңына таман грек тайпалары бір әскери күшке бірігіп, өздеріне бір көсем сайлап Троя каласын басып алады. Бұл соғыс туралы гомер эпосының "Илиада" және "Одиссея" поэмаларында айтылады.
Ежелгігрек қоғамында Гомердің сипаттауы бойынша өте күрделі әлеуметтік процестер жүріп жатты . Бұл қоғамда әлі таптар жоқ еді, бірақ қоғамның қарапайым халық пен рулық ақсүйектерге бөлінуі түбірлі орныққан еді. Жақсы жерлер, көптеген мал, басқару тізгіні ақсүйектер қолында еді.
Мемлекет әлі жоқ еді. Тайпаны халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі, көсем-базилевс басқаратын еді. Халық жиналысы-әскер, ал базилевс пен ақсақалдар- әскери басшылар болып саналды. Американ тарихшысы Л.Г.Морган бүл_ құрылысты әскери демократия деп атады.
Ежелгі Грекияның екі полисі Афина мен Спартадағы мемлекеттің пайда болу процесі кеңірек зерттелген. Афина-құлиеленушілік демократияның, ал Спарта-аристократия билігінің үлгісі болып табылады.
Төрт тайпадан тұратын Ион тайпалық одағының үлесіне Балкан түбегіне қоныстану кезінде теңіз жағасындағы құнарсыз аймақ-Аттика тиеді. Бұл жерлерде егін шаруашылығын кеңінен жүргізу мүмкін болмағанмен, қолөнер мен теңіз саудасын дамытуға жақсы жағдай болды.
Қауымдық өмір сүру тәсілі бұл елде қолайсыз болып, тез ыдырады. Жер үлестері ықпалды әулетгердің жеке меншігіне айналды. Б.з.д. 8-ғасырда Аттика орнында әлемдік мәдениет пен антикалық мәдениеттің орталығы болған ұлы қала пайда болды. Қаланы қамқоршы әйел құдай Афинаның құрметіне Афина деп атады
Қала әртүрлі рулар, тайпалар мен фратриялардың адамдарынан тұратын мекенге айналды.Қарапайым тайпалар көршілестігінен тұтас халық пайда болды. Халықтың жаңаша әлеуметтік бөлінуі жүзеге асты. Ақсүйектер эвпатрит сословиесін қалыптастырса, ұсақ жер иелері геомор, ал қол өнершілер демиург деп аталды.
Барлық маңызды лауазымдар эвпатриттердің қолында шоғырланды. Ақсақалдар кеңесі ешкім сайламайтын, ешкімге есеп бермейгін аристократия жиналысына айналды. Бұл жиналыс соғыс қүдайы Арес жотасында жиналатындықтан оны ареопаг деп атады. Ареопаг заң шығару және жоғарғы сот істерін атқарды, лауазымды адамдардың әрекетін бақылады. Ареопагтың тоғыз көсемнен (архонт) тұратын коллегиясы шешуші роль атқарды. Оларды ареопаг 1 жыл мерзімге сайлап отырды.
Аристократияның үстемдігі халықтың жағдайын қатты күйзелтті. Халық жериеленуші аристократияның жерлерінде жұмыс істеп, өнімнің алтыдан бір бөлігіне ие болды. ІПаруалар жалға алған жердің жалақысын уақытында бере алмаса отбасымен бірге құлдық жағдайына түсу мүмкіндігі туды.
Жылжымайтын мүлік ипотекасы Ежелгі Грецияның жемісі еді. Борышкер кепілге жерін қойды, несиені уақытында бере алмаған жағдайда жер несиеберушінің меншігіне өтетін болды.
Натуралдық шаруашылықты ақша айналымының пайда болуы өзгеріске ұшыратты.
Б.з.д. 6-ғасырдан бастап Афина қоғамының саяси өміріне жаңа әлуметтік элемент белсенді араласа бастады. Орта теңіз жағалауындағы қолайлы жағдай нәтижесінде жағдайы түзелген қолөнершілер мен саудамен айналысатын адамдардан тұратын едөуір көлемдегі халықтар пайда болды. Бұлар өздерін "демос"-халық деп атады.
4-лекция: Батыс Европа елдеріндегі ертефеодалдық мемпекет және құқық.
1 .Ертефеодалдық монархиялардың пайда болуы.
2.Варвар Правдалары.
1. Европаның Рейн және Эльба өзендері аралығындағы бөлігінде байырғы кездерден көптеген герман тайпалары: тевтондар, вандал, сакстер өмір сүрген. Юлий Цезарьдің айтуы бойышпа олар жерге жеке менішікті білмеген, оларды ақсақалдар мен көсемдер басқарған, жыл сайын тайпа жері рулар мен отбасылар арасында әділетті түрде бөлініп тұратын болған.
Цезарьдан кейін 150 жыл өткен соң Рим тарихшысы Тацит германдықтар туралы олар отырықшы шаруашылықпен айналысатын, колөнері мен рыногі бар халық деп айтады.
Б.з. 5-ғасырында герман тайпалары ішіндегі англдер мен сакстер казіргі Англия территориясына жергілікті кельттерді басып алу натижесінде қоныстана бастайды. Ёкінші бір жағалаулық франктар деп аталатын тайпалар Галлияға (қазіргі Франция) жылжи бастайды. Оларды Хлодвиг деген король басқаратын еді. 5-ғасырдың соңында франк тайпалары Хлодвиггің күштеуімен христиан дінін қабылдайды.
Франк тайпаларының Галлияны басып алуы мен жерлерін тонауы франк қоғамының феодалдануы мен мемлекеттің пайда болу процесін жеделдетті.
Соғыс пен жеңіс король билігінің қарапайым әскербасыдан монарх жағдайына көтеріліп, күшеюіне әкеліп соқты. Көпгеген жерлерді алып жатқан корольдікті енді ескі рулық құрылыстың құралдарымен басқару мүмкін емес еді. Ақсақалдар Кеңесі король төңірегіндегілермен алмасады, халық жиналысы өзінің бұрынғы маңызын жояды. Халық жасақшылары орнына жаңа пайда болып келе жатқап әлеуметтік топтардан тұратын әскер пайда болады.
Біз бұл жерде құл иеленушіліктің дамыған формаларына соқпастан феодализмге өту процесін байқаймыз. Барлық герман тайпалары мен славяндар дамудың осы жолына түсті.
Англо-саксон қоғамы баяу дамыды. Қауымдық төртіптер ұзақ сақталды, феодалдану процесі 11-ғасырда аяқталды. Мұнда да басып алу дамуға әсер етгі. Басып алған жерлердегі кельттердің едөуір бөлігі англо-саксон ақсүйектеріне алымдар төлейтін жартылай тәуелді леттерге айналады.
Жоғарыда айтылған мемлекеттер ертефеодалдық деп аталады. Бұл терминмен монархияның өзіндік ерекше өтпелі кезеңі сипатталады. Саяси үстемдіктегі азшылықтың- феодалдардың талаптарын қолдай отыра қауымдық қоғамнан қалған өзін-өзі басқару нысаны белгілі бір уақытқа дейін сыйысуға мәжбүр болады. Түгел қоғам өтпелі жағдайда еді. Еркін қауымдық шаруалар біртіндеп крепостнойларға айнала бастайды, оған тиеселі жер үлесі феодалдың меншігіне айналады. Алғашқы қауымдық құрылыс орнына феодализм орныға бастайды.
5-лекция: Батыс Европа елдеріндегі феодалдық қатынастардың өркендеуі.
1 .Феодалдық қоғамның негізгі таптары.
2.Батыс Европа елдерінің мемлекеттік құрылысы.
1. 843-жылы Ұлы Карлдың немерелері көптеген жерлерді алып жатқан империя билігін өзара бөлісе алмағаннан кейін, империяның өзін беліске салғанды дұрыс деп шешеді. Вердендегі келісімге келген шарт бойынша Ұлы Карл империясы қазіргі Франция, Германия, Италия терригорияларына сәйкес үш бөлікке бөлінеді.
Бұл бөліну орныққан феодалдық қатынастардың үстемдігі мен жеңісінің және өркендеуінің белгісі еді. Біз 9-ғасырдың орта шенін ертефеодалдық мемлекеттердің тоқырауы мен Францияның, Италияның және Германияның едәуір дамыған аймақтарында феодалдық қатынастардың өркендеуінің басталу кезеңі деп атауымызға болады.
Ашық факт болып табылатын феодалдар мен шаруалар арасындағы теңсіздік жағдай "құдайдың қалауымен" болған ресми теңсіздік болып танылды. Дворяндар мен дінбасылардың ерекше жағдайы олардың құқықтық артықшылығы, ал шаруалар жағдайы олардың міндеті деп саналды.
Шаруалар үстінен билік жүргізу мақсатында дворяндар сословиелік иерархия, яғни сюзеренитет- вассалитет бастауына негізделген одақ құрады.
Француз феодалдар табының жоғарғы сатысы болып герцоггар мен графтар табылды. Олар король вассалдары еді. Францияның уделдерге бөлінуіне байланысты олар өз жерлерінің тәуелсіз иелеріне айналады.
Олардан төменгі дөрежедегі вассалдар "барондар" болды. Олар герцоггар мен графтардың жерлерін ұстады. Олардан кейінгі ұсақ дворяндар рыцарьлар еді.
Жер бөліп беру вассалитеттің негізі болды. Вассалдар сеньор алдында жыл сайын 40 күн әскери қызмет атқаруға, сеньордың кеңесі мен сотына қатысуға, ерекше жағдайларда ақшалай көмек көрсетуге міндетті болды.
Францияның феодалдық тәуелді шаруалары негізінен екіге сервтер мен вилландарға бөлінді.
Сервтердің жағдайы ерекше ауыр болды. Олардың міндеткерліктері толық анықталмаған еді және помещиктің қалауына қарай өзгеріп отырды. Оларды жерімен бірге немесе жерсіз сатуға болатын еді. Серв әрбір әрекеті үшін рұқсат сұрайтын еді. Өлген әкесінің орнын басу үшін серв ерекше жарна төлеуге мінетті болды. Серв үйлену үшін де осындай жарна төледі. Мырзаның сервті қамауға тіпті жазалауға құқығы болды.
Вилландар жер рентасы-чиншты төледі. Сонымен қатар міндеткерліктің бір түрі-егіннің бір бөлігін беру-шампар және талья болды.
Бұл міндеткерліктің барлығы едәуір белгілі көлемде еді. Виллан барщинасы жылына он күннен аспайтын еді. Олар көптеген жеке міндеткерліктерден бос еді.
6-лекция: Батыс Европа елдеріндегі феодалдық құқық.
1 .Батыс Европа елдеріндегі заң қызметкерлерінің пайда болуы.
2.Сот және сот ісін жүргізу.
3.Мүліктік-құқықтық қатынастар.
4.Отбасы қүқығы.
5.Қылмыстық құқық.
1. Императорлық Римде дамудың белгілі бір сатысына көтерілген адвокатура шіркеу соттары мен парламенттердің пайда болуына байланысты қайта жандана бастайды.
Адвокаттардың өзі әр сала бойынша маманданып, сот ісінен бөлек заң кеңесшілері де пайда бола бастайды. Бұл юристконсульттар Францияда 14-ғ. өзінде-ақ басқа адвокаттардан ерекшеленеді.
Канондық және Рим қүқығы рецепциясыныц таралуы құқықтық маңызы зор құжаттардың пайда болуына әсер етті. Осы жағдайларға байланысты Нотариат пайда болады. 13-ғ. бастап Рим папалары мен корольдар белгілі бір тұлғаларға құжаттарды құрастыру мен бекіту өкілеттігін береді. 14-ғ. нотариустердің қызметін реттейтін ережелер шығады. Францияда нотариустар король чиновниктеріне айналады.
Франциядағы прокурор лауазымының пайда болуын король доменіндегі балья көмекшісінің атқаратын функцияларымен байланыстырамыз. Қылмысы анық қьлмыскерді айыптаушы табылмаған кезде айыптаушы балья көмекшісі болатын еді.
Француз прокуратурасы мемлекетгік айыптаушы ретінде тұрақты түрде 16-ғ. қалыптасады.
Германияда да прокуратура осы кездерде пайда болып, ол қылмыстық істерді тергеумен айналысады.
Англияда сот істерінде арнайы чиновник айыптаушы қызметін атқарып, атторни деп аталды.
16-17-ғғ. прокуратура көпгеген елдерде: Италия, Нидерланды т.б. қызмет ете бастайды.
2. Батыс Европа елдерінің сот құрылысында маңызды ерекшеліктері болғанмен ортақ белгілері де болды.
Феодалдық қатынастардың өркендеуі кезінде (10-13 ғ) соттардың негізгі принциптерінің бірі- әркімнің өзімен тең адаммен соттасуы болды. Сеньоралдық соттардың мүшесі сотталушы адамның жағдайымен тең болу керек болды.
Шаруалар сеньормен немесе оның өкілетті адамымен соттаса алды. Әдетте куә ретінде іске шаруалар тартылды.
15 ғ. батыс Европа елдерінде, әсіресе Францияда сот істерінен феодалдық ақсүйектерді шеттете бастайды. Бұған үш жағдай: король әкімшілігінің күшеюі,жоғарғы соттардың құрылуы және рим құқығы мен жазба әдеттік құқық жинақтарының кең тарауы әсер етті.
Франциядағы бальялар істерді жалғыз адамның қарастыру тәжірибесін енгізді.
Сот қызметінің маманданған салаға айналуына сол кездерде пайда болған жоғарғы соттар үлкен үлес қосты. Англия мен Францияда жоғарғы соттар бірінші инстанция соты және сонымен қатар ревизиялық орган ретінде де қызмет атқарды. Соңғы функцияны олар сот округтерін аралап тұратын жылжымалы соттар арқылы атқарды.
Жоғарғы сот ең бірінші Англияда қалыптасты. Францияда 9 Людовик тұсында парламент жоғары сот ретінде қалыптаса бастайды.Парламент резиденциясы Парижде болады. Парламент бірнеше тергеу палаталары мен үлкен палатадан тұрды. Ол басында жылына бір peт шақырылатын, кейін істердің көбеюіне байланысты тұрақты мекемеге айналды.
Парламент маңында "король прокуроры мен адвокаты" болды. Францияның қосылуына байланысты сот мекемелері ретінде парламенттер провинцияларда да пайда бола бастады.
Германияда жоғарғы империялық сот пайда болады. Оның қызметі өте шектеулі еді.
Жоғарғы соттар маман заңгерлермен толықтырыла бастайды: Францияда рим құқығы, Англияда жалпы құқық мамандары соттарда қызмет істейді.
Германияда рим құқығы докторлары өте беделді адамдарға айналады. Оларды императорлардың өзі, ақсүйектер және қалалар қолдайды. 1425-ж. арнайы қаулымен империя соты кеңесшілерінің тең жартысынан артығы рим құқығы докторы болуының міндеттілігі бекітілді. Король юстициясының пайда болуы феодалдық куриялардың барлық маңызды істерді қарастыруына тыйым салды.
Англиядағы присяжный заседательдер сотының пайда болуы ерекше
назар аударатын мәселе.
Ағылшын присяжныйы істі бірінші өзі тергейтін болды. Өзінің шешімін ол тергеу кезінде өзі тапқан, өзі көрген дәлелдерге негіздеуге міндетгі болды.
Егер писяжный іс туралы хабарсыз болса, оларды таратып басқа присяжныйларды шақыратын. Кейінірек бұл тәртіп жойылып , пресяжныйлар іс бойынша үкім, шешім шығаруға міндетті болды.
7-лекция: Шығыс Европа, Азия және Африка елдеріндегі феодалдық мемлекет және құқық.
1.Оңтүстік славян халықтарындағы феодалдық мемлекет.
2 Батыс славян халықтарындағы феодалдық мемлекет.
3. Азия жөне Африка елдеріңдегі феодалдық мемлекеттер.
1. Біздің заманымыздың 7-ғасырында славян тайпалары Балкан түбегін басып ала бастайды. Келесі ғасырда олар Мезияда(қазіргі Болгария) "Жеті Славян тайпасы" деген атпен белгілі болған одақ құрады.
Осы ғасырдың 70-жылдарында князь Аспарух басқарған түрік-бұлғарлар "Жеті Славян тайпасы" жерлеріне басып кіреді. Бұлғарлар мен Славяндар келісімге келіп, саяси үстемдік бұлғарларға тиіп, славявдар жерін, өз тұрмыс салты мен тілін сақтап қалады.
Славяндар мен бұлғарлардың одағы көрші жатқан агрессивті Византиядан қорғанудың құралына айналады. Одақтың құрылуы елдің ішкі дамуын жеделдетсе, орныққан күшті князь билігі сыртқы жауға қарсы тұра алды.
10-ғасырдың басында Болгарияда феодалдық құрылыс үстемдікке жетеді. Негізгі феодалдық езуші және езілуші таптар пайда болады.
Князь және оның әкімшілігі арқылы орталықта және жергілікті жерлерде орнатылған мемлекеттік билік атақты Симеон князь (893-927-жж.) кезінде күшейе түседі. Оның дәлелі ретінде оның кезінде князьдіктің патшалыққа айналғандығын айтуға болады.
11-ғасырда Болгарияны Византия басып алып, 150 жылға жуық үстемдік етеді. Бүл кезеңде болгар феодалдары баштиндіктердің еркіндіктерін жойып, оларды крепостнойларға айналдырады. Византия үкіметі Болгарияда ерекше тәуелді жер иелігін-пронияны пайда қылады. Осыған орай үстем таптың прониярлар деп аталған жаңа тобы пайда болады.
12-ғасырдың аяғында ұзақ күрес нәтижесінде Болгария өз тәуелсіздігіне қайта ие болады. 1177-жылдан Екінші Болгар патшалығының тарихы басталады. Бұл патшалық сәтті жорықтар нәтижесінде өз территориясын одан әрі кеңейте алды.
Византиямен күрес нәтижесінде пайда болған бұл мемлекет күшті орталықтандырылған биліктің үлгісі болды. Әсіресе бұл билік 2 Иван-Асен кезінде күшейеді. Осындай кездердің өзінде Болгар патшалары феодалдық органдармен, яғни халық жиналысымен және патша әкімшілігінің жоғарғы шенді адамдарынан тұратын тұрақты Кеңеспен санасып отырды.
Болгар құқығының алғашқы едәуір жүйеленген нұсқасы 9-10-ғасырларда пайда болып, ол "Закон судный людям" деп аталды.
2. Поляк жерлеріндегі мемлекеттің пайда болуы б.з. 7-9-ғасырларын қамтиды. Мемлекеттің болғандығына 1 Мешконың (960-992-жж.) князь тағына көтерілуі туралы дерек анық дәлел болады.
Осы біз айтып отырған және одан кейінгі кезеңдерде поляк қоғамының феодалдану процесі аяқталады. Шаруалардың қауымдық жер үлестері негізінде князь домені, жалпы ірі жер иеліктері пайда болады. Еркін шаруалардың (дедич) көпшілігі біртіндеп тәуелді шаруаларға айналады.
Басқа да ертефеодалдық мемлекеттердегі сияқты Польшада да шаруаларды крепостнойларға айналдыру процесі 3-4 ғасырға созылды. Бұл процесс 12-ғасырға таман аяқталды. 10-11-ғасырларда алғашқы Краков, Гнездо, Вроцлов сияқты поляк қалалары пайда болады.
1 Мешко тұсында Польша христиан дінін қабылдайды. Үстем тап дінбасылармен толығады, монастырьлар пайда болады.
Феодалдық қатынастардың орнығуынан кейін Полышада да Европаның басқа елдеріндегі сияқты феодалдық бытыраңқылық белең алады. 1138-жьлы король Болеслав Кривоустый елді өзінің төрт ұлына мұраға бөліп береді. Алғашында төртке бөлінген князьдік кейін тағы да бөлініп, Польша ұсақ князьдіктерге айналып, біртұтас Полыша деген ұғым тек сөз жүзінде ғана сақталады.
Орталықтағы король мен уделдердегі князьдер күшейіп алған феодалдық ақсүйекгер қолындағы фигураларға айналады. Нақты билік феодалдар құрған уделдік немесе уделаралық феодалдар съезі қолында болады. 13-ғасырда лауазымдардың өзі атақты отбасыларда мұра арқылы беріліп отыруын бекітетін әдет-ғұрыптар пайда болады.
Феодалдар салық, сот, әкімшілік иммунитеттерін кең иеленеді. Біз қарастырған Поляк қоғамындағы әлеуметтік жағдайға оның саяси құрылысы да сәйкес келеді.
Сырттай қарағанда үлкен территорияны алып жатқан Польша біртұтас болды. 1569-жылы Люблин сеймінде Польша Литва князьдігімен қосылып, атақты "Речь Посполитаяны" құрады.
Речь Посполитаяның құрамында олар Русьтен басып алған Белоруссия мен Украинаның біраз бөлігі болды.
8- лекция: Англиядағы буржуазиялық мемлекет.
1. Англиядағы парламенттік монархияның қалыптасуы.
2. Парламенттік монахияның қалыптасуының құқықтық негіздері.
1. 18-ғасыр ағылшын конститутциялық монархиясының одан әрі қалыптасу кезеңі болды. Бұл процеске қоғамда болған көптеген өзгерістер әсер етті. Англияны әлемнің алдынғы қатарлы өндірістік мемлекеттер қатарына қосылуына себеп болған өндірістік революция іске асады. Шұғыл қарқынмен дамыған мануфактура ірі өндіріске, бу машиналарына және үлкен фабрикаларға орын береді . Осы жағдайларға байланысты қоғамда жана талаптары мен қажеттіліктері бар таптар пайда болды. Бұлар ірі өндірістің пайда болуына байланысты пайда болған ірі буржуазия, пролетариат және ағылшын шаруалары еді.
Ірі жер иелері жұмысшыға айналған және Америкаға қоныс аудара бастаған шаруалар жерін сатып алу арқылы пайда болды. Ауыл шаруашылық кәсіп орындарының типтік нысана- ферма болады. Фермерлер мырза жерін арендаға жалдаушы - кулак болса, оны ауылшаруашышық жұмысшылары-батрактар өндеді.
19-f. аяғына таман Англияның барлық жерінің жартысы 150 әулеттің,бестен төрт бөлігі 7000 әулеттің меншігінде, Шотландия жерінің тең жартысы 75 әулеттің , Ирландия жерінің жартысы 35 әулет меншігінде болды.
2. 1689 жылы қабылданған " құқықтар туралы Билль" прициптері өте маңызды болғанмен, оны одан әрі дамыту қажет еді. Ағылшын дәсүріне сәйкес ол екі жолмен: заңдармен және прецеденттер арқылы дамытылды.
Билльді толықтырған заңдар ішінен төмендегілерді атап өтуге болады:
а) 1694-жылғы парламент өкілеттігін 3 жыл деп орнықтырған "Үшжылдық акт".
ә) 1701-жылғы екі маңызды мәселе бойыша контрассигнатура және соттардың тұрақтылығын орнықтырған " Құрылым туралы акт".
Парламент шақырылуының мерзімді болуы Билльге сәйкес бюджеттің жыл сайын бекітілуіне байланысты орнығады.
Контрассигнатура ұғымы карольдің кез-келген актісі күшіне ену үшін екінші органның бекітуін, яғни оның үкіметтің бірінші министрі немесе актінің бағытына қарай тиісті министрдің бекітуін талап ету тәртібін түсіндіреді.
1711-жылы конграссигнатура тәртібі монархтың жауапты болмауы туралы принциппен толықтырылады, ол "корольдің жамандық істеуі мүмкін емес" деген формуламен түсіндірілді.
Контрассигнатураның негізгі мақсаты король билігін шектеу болды, сонымен қатар министерлердің жауапкершілігін күшейту еді. Министрлердің парламент алдындағы жауапкершілігін күшейту үшін, парламент 1701-ж. Актісімен корольдің кешірім ( помилование) жасау құқығын тоқтатады. Корольдің вето құқығы 1707-жылы Анна тұсында соңғы peт пайданылады.
Аннадан кейін король болған 1 Георг ағылшын тілін таза білмейтін еді, сондықтан ол үкіметгің мәжілістеріне қатыспауға тырысады. Осы жағдай прецедентке айнальш, қазірге дейін ағылшын карольдері министрлер мәжілісіне қатыспайды.
Соттардың тұрақтылығы принципі корольдің еркін шектеу үшін енгізілген еді. Сотты орнынан алу үшін парламенттің екі палатасының бірлескен шешімі қажет болатын болады.
18 ғ. "жауапты үкімет"принципі одан әрі дамиды. Ағылшын министрлер кабинеті құрамын король анықтаған Құпия кеңестен пайда болады. Король бұл кеңестің мүшелеріне әр кезде әр ведомствоның жұмысын атқаруды тапсырып отырады, бірақ олардың өкілеттігі заңмен бекітілмеген еді.
9 - лекция: Америка Құрама Штаттары.
1. Америка Құрама Штаттарының пайда болуы.
2. Америка Құрама Штаттарының алғашқы Конституциялары.
1. 17-18-ғасырларда Солтүстік Американың Атлант теңізі жағалауларында Англияның 13 колниясының, соның ішінде Нью-Йорк, Пенсилваний, Коннектикут, Масачусетс, Виржиния т.б. негізі қаланған еді.
Әр кездерде шығарылған король грамоталары колониялардың ішкі істерін реттеуде белгілі бір шектегі еркіндік бергенмен , колонистер Англияның азаматтары болып табылады деген ұғымды орнықтыратын еді. Бүл жағдай колониялардың Англия үстемдігіне қарсы соғысының пайда болынуының басты себептерінің бірі еді.
17-f. ағылшын буржуазиялық революциясының әр кезендерінде күреске түсуші саяси партия мүшелері Америкаға қоныс .аударғандығы белгілі. Қоныс аудару кезінде дворяндар Потомак өзенінің оңгүстігіне қоныстанса , шаруалар мен қолөнершілер солтүстігіне қоныс тебеді. Осыған орай оңгүстікте ирландықтар мен құлдар еңбегін пайдалынатын ірі плантациялық шаруалықтар пайда болса, солтүстікте фермерлік шаруашылық дамыды.
Республикалық рухтағы Солтүстікте шіркеу төңірегіне шоғырланған өзін-өзі басқару органдары дамиды. Қалалар мен елді мекендер өкілдері колонияның парламенті іспеттес орган құрайды. Осы орган губернатор сайлады.
Монархиялық рухтағы Оңгүстікте губернаторды король тағайындайды, екі палата болды, ағылшын шіркеуі үстемдік етті.
Колониялардың бір федерацияға бірігуі туралы ой 18-f. орта шенінде пайда болады. Федерацияның алғашқы жобасын 1748-ж. Франклин жасайды.
Англия үкіметі бұл идеяға қарсы тұрады, өйткені олардың дербес колония ретіндегі нысаны тиімді еді. Колониялар Англия тарапынан түрлі қысымшылықтарға ұшырайды. Англия тағы да салық көлемін көтерген кезде қарсылық ашық оппозицияға айналады.
1776-ж. шілде айында 13 колонияның өкілдері Филодельфияда бас қосып, "Құрама Штаттардың тәуелсіздігі Деклорациясын" жариялайды.
Декларация Европада кең қолдау табады. Ол халық көтерілісінің "заңды үкіметке" қарсы күресінің манифесіне айналды.
Декларация Англия королінің әр түрлі заңсыз әрекеттерін айта келе, езгіге түскен халықтың көтеріліске шығу құқығын таниды. Жоғарғы билікгің қайнар көзі халық болып табылып , халық өз мүддесін қорғайтын үкіметті құруы керек делінген.
Декларация колониялардың Ұлыбритания королі мен үкіметінен саяси тәуелсіздігін жариялады. Америкадағы колониялар мен Англия арасындағы соғыстың болмауы мүмкін еместей жағдай қалыптасты.
Америка колонияларының Англияға қарсы соғысы тек езгіге түскен елдің езгіге салған елге қарсы соғысы ғана болып қойған жок, сонымен қатар ол буржуазиялық-демократиялық революция болды деуге болады.Соғыс нәтижесінде Америкада жериеленудің феодалдық нысаны және кейбір калонияларда орын алған басқарудың жекеменшіктік нысандары жойылады.
Революцияның негізгі қорғаушы күші және Америка армиясын құраған фермерлер, қолөнершілер, жұмысшылар болды. Басшылық рольді Солтүстіктің фабриканттары мен сауда адамдары және Онтүстіктің плантаторлары атқарды.
Азаматтық соғыс кезінде революциялық рухтағы халық революция басшыларынан Англия үкіметімен ымыраға келмеуді талап етті. Сонымен Америка колонияларының Англияға қарсы соғысы Американың жеңісімен аяқталды.
10-лекция:Ұлы Француз буржуазиялық революциясы.
1.Құрылтай Жиналысы. 2.Жирондистік Конвент.
3. Якобиндіктер диктатурасы.
1. 1789-жылы король 14 Людовик соңғы 15 жылда бірінші peт Бас Штаттарды шақыруға мәжбүр болады. Реакциялық саяси режим мемлекеттің жағдайын өте шиеліністіріп жіберген еді.
Бас Штаттар бұрынғыдай үш сословиеден тұрғандықтан король Бас Штаттардан еш қауіп күтпейді. Бірақ сан жағынан көп үшінші сословие жаңа регламент ұсынып, жеңіске жетеді. Үшінші сословие депутаттарының негізін француз буржуазиясы құрады. Білімді және белсенді бұл депутаттар өздерінің сайлаушыларының қолдауына ие болып, революцияның алғашқы кезеңдерінде революцияға басшылық жасады.
Осыларға қосымша Бас Штатардың атауын Құрылтай Жиналысы деп атады. Бұл атау Франция жаңа тәртіптер орнатудың алдында тұрғандығын білдірді.
Бұл үшін ескі тәртіпті жою керек еді. Бұл міндетгі халық өз қолына алып, 1789-жылы 14-шілдеде көтеріліске шығып Бастилияны басып алады. Франция астанасы революция орталығына айналады. Король әскері тұтқынға алмақ болған Құрылтай Жиналысы король резиденциясы Версальдан Парижге көшеді.
1789-жылы сол тамыз айында Құрылтай Жиналысы атақты ''Адам және Азамат қүқықтарының Деклорациясын'' қабылдады.
Құрылтай Жиналысы Деклорациядан кейін Францияның жаңа Конституциясының жобасын жасайды. Конституция 1791-жылы бекітуге корольге ұсынылады, өзінің конституциялық монарх жағдайына риза болмаған король оны бекітуден бас тартады. Бірақ одан кейінгі оқиғалар желісі корольді Конституцияны бекітуге мәжбүр етеді.
1791-жылғы Конституция оның авторлары ойлағандай Конституциялық монархияны ірі буржуазия мен дворяндардың одағы ретінде сипаттады. Бұл одақта буржуазия заң шығару және сот билігін иеленсе, атқарушы билік дворяндар мен корольге тиді. Деклорация мен Конституцияда бекітілген билікті бөлу принципі шын мәнінде артықшылық жағдайдағы буржуазия мен дворяндар арасындағы саяси қызметті бөлісу болды.
Бастилия алынғаннан кейінгі уақыттар жұмысшыларға ештеңе бермеді. Оған қосымша жұмысшылардың барлық ұйымдарына,сонымен қатар көсіподақтардың құрылуына тыйым салатын, барлық баскөтерулерге қатысушыларды қамауға алу туралы Ле-Шапельенің атақты заңы шығарылады.
2. Жоғарыда аталған тәртіптерді заңмен бекіткен Құрылтай Жиналысы "Революция аяқталды, Ұлттың бақытты көңіл-күйі қайта оралсын" деп жариялады. Бірақ Құрылтай Жиналысы қателескен еді.
11-лекция: Франциядағы 1848-жылғы революция.
1. Екінші Республика.
2. Екінші империя.
1. 19- ғасырдың 40-жылдарында Францияда өнеркәсіптік даму саласында үлкен алға басушылық болады. Мануфактура мен қарапайым қөлөнер орнын капиталистік фабрика басады. Ірі машина жасау өнеркөсібінің дәуірі басталады,.
Бүл процесстің одан арғы өркендеуі оның келесі басты салдарын айқындай түсті:
1. Буржуазия мен жұмысшылар арасындағы қайшылықтың күшеюі:
2. Олардың Июль монархиясы режиміне ортақ қарсылығының ұлғаюы.
Өнеркөсіптік буржуазия қаржы аристократиясының саяси монополиясына одан әрі төзгісі келмесе, жұмысшылар қайыршылық жағдайға шыдай алмады.
1847-жылы жоғарыда айтылған жағдайлар және сол жылы орын алған құрғақшылық пен әлемдік сауда жөне өнеркәсіп кризисі жалпы наразылықтың революцияға ұласуына әкеліп соқты.
1848-жьшы 22-ақпанда Париж жұмысшылары сайлау реформасын талап етіп және Гизо үкіметіне қарсылық білдіріп, көтеріліске шығады. Үкімет көтерілісшілерге қатыгездікпен қарулы күштерді қарсы қояды, оған жауап ретінде Париж көшелері жұмысшы баррикадаларына толады. Қанды күрес келесі күні де созылады. Өз орнын сақтап қалуға тырысқан Луи-Филип Гизоны отставкаға жібереді, реформаларды жасауға келісім береді, бірақ енді кеш еді.
2. 1848-жылдың желтоқсан айында Франция Президенті болып Луи-Наполеон сайланады. 7300 мың сайлаушылардың 5400 мыңы Луи-Наполеонға дауыс береді.
Арнайы қарулы отрядқа президент Ұлттық Жиналыстың ішінде он алтысы оппозицияның лидерлері болып табылатын жетпіс сегіз адамды тұтқындауға бұйрық береді.
1851-жылдың 2-желтоқсан күні таңертең Республика Президенті француз халқының атынан Ұлттық Жиналысты таратады деген хабар таратылды.
12-лекция: Герман одағының Герман империясына айналуы.
1. Герман империясының құрылуы.
2. Герман империясының 1871-жылғы Конституциясы.
1. Германияның бірігуі оның одан әрі экономикалық және саяси дамуының маңызды шарты еді. Бұл мемлекеттердің тілі мен мәдинетінің ортақтығының өзі осыны талап етті.
Бұл бірігу екі түрлі жолмен жүзеге асуы мүмкін еді. Бірінші жолға 1843-ж. оқиғалар мысал бола алады. Бірігудің революциялық жолы Республиканың құрылуына жеткізуі керек еді, бірақ ол жүзеге аса алмады.
Германияның бірігуі екінші жол арқылы жүзеге асады. Герман мемлекеті ішіндегі ең мықтысы болып түрған Пруссия бастаманы өз қолына алып, прусс саяси жүйесі негізінде империя құру міндетін қолға алады. Бүл мәселені шешу жолындағы басты рольге Пруссияның бірінші министрі, помещик Отто фон Бисмарк ие болады.
Бисмарк өз саясатын жүргізу арқылы Австрияны жеңіп, Герман одағын жоққа шығарады.
Оның орнына Пруссияның басшылығын мойындаған мемлекеттердің Солтүстікгерман одағы пайда болады. Келесі 1867-ж. Одақ конституциялық құрылымға ие болады. Одақтың президенті Пруссия королі, канцлері Пруссияның бірінші министрі болды. Заң шырарушы орган екі палатадан тұрды. Төменгі палата-рейхсгаг жалпы дауыс беру құқығымен сайланды. Кейбір Ганновер және Нассау сияқты мемлекетгер Пруссия құрамына кіргізіледі.
Оңтүстік Германияның Вюртембург, Бавария сияқты ірі мемлекттері одақ құрамына енген жоқ еді.
Бұл мемлекеттерді күшпен басып алуға Франция мүмкіншілік бермейді . 1870-жылы Пруссия Франциямен соғысып, Франция жеңілген соң, оңтүстікгерман мемлекеттері біртұтас Герман империясының құрамына енуге мәжбүр болады. 1871-ж. Герман империясы өз Конституциясын қабылдайды. 1871-жылғы Конституцияға сәйкес империя құрамында 22 монархия (Пруссия, Бавария, Саксония т.б) және бірнеше еркін қалалар, соның ішінде Гамбург болады. Конституция олардың барлығының белгілі бір шектегі тәуелсіздігін атап өтеді, бірақ шын мәнінде одақ мүшелерінің тіпті формальді түрдегі болса да теңдігі көрініс таппаған еді.
Конституция бойынша бундесрат рейхстагпен қатар заң шығару билігіне және едәуір көлемдсгі атқарушы билікке ие болды. Бундесрат төрағасы Пруссия королі тағайындайтын прусс министрі-империя канцлері болды. Төменгі палата әдет бойынша-рейхстаг деп аталды. Ол алғашында үш жылға сайланса , кейін 1887-жылдан бастап бес жылға сайлана бастады. Рейхстагтың заң шығару бастамашылығы оның герман билік құрылысы жүйесіндегі маңызы сияқты шамалы болды. Рейхстаг министрлер үстінен ешқандай бақылау жүргізе алмады. Рейхстагты Одақтық кеңес жай қаулы арқылы таратып жібере алатын.
Империя үкіметі бір адамнан, яғни канцлер Бисмарктан тұратын еді. Министрлер кабинеті болган жоқ.. Әр саланы басқаратын министрлер канцлердің әріптестері емес, бағыныштылары немесе көмекшілері іспеттес еді.
13-лекция: Буржуазиялық құқықтың негізгі институттары.
1 .Конституциялық құқық.
2.Сот құрылысы және сот ісін жүргізу.
3. Әлеуметтік заңдар.
1.Буржуазиялық құқықтың негізгі прициптерінің қалыптасуына әсер еткен ағартушылық философия мен 17-18-ғасырдаға саяси-құқықтық ғылымдар болды. Осыған орай Неапольдің құқық профессоры Вико, ағылшын философы Дж. Локк, француз заңгері Монтескье , қылмыстық құқықтың негізін қалаушы итальяндық Беккарияның алар орнын ерекше атап өтуге болады.
19-ғасырдың ортасына дейін Европаның көптеген мемлекеттерінің билеуші топтары жазбаша Конституция туралы ойдың өзін қабылдағысы келмегені рас. 19-ғасырдың 30- жылдарына дейін жазылған Конституция АҚШ-та , Франция, Латын Америкасы республикаларында және Европаның бір-екі мемлекетінде ғана бар еді.
1830-жылы Бельгия Конституцияға ие болып, шектеулі монархия режимі орнаса, сол жылы Швейцария да Конституция қабылдап, буржуазиялық конфедерациялық республикаға айналады.
1848-жылдан кейін Дания, Нидерланды, Пьемонт, Пруссия, Австрия, Сербия, Румыния, Болгария мемлекеттері өз Конституцияларын қабылдап, ғасыр соңында олардың қатарына Жапония да қосылады.
Европа мемлекеттерінің көбі тәжірибеде тексерілген Ағылшын, Француз Конституцияларының институттарын қолданады, яғни король, екі палата, халықтың дауыс беру құқығы, министрлер кобинетінің төменгі палата алдындағы ұжымдық жауапкершілігі, судьялардың тұрақтылығы.
Жоғарғы палата барлығында дерлік тағайындалатын немесе мұрагерлік жолмен мүше болатын өкілдерден тұрады.
Сербия , Греция ,Болгия сияқты мемлекеттерде бір палаталы парламент орнығады.
Парламент өз маңызын жоғалта бастаған мемлекеттерде үкімет билігі күшейді. Заң жобаларын жасау мен дайындау үкімет өкілеттігіндегі іске айналады. Жоғарыда айтылған палатаның үкімет үстінен бақылау құқығы көп қатыныстарда жай фикцияға айналады, тіпті керісінше үкіметтің палата үстінен бақылау жасау тенденциясы байқалады.
Біз қарастырып отырған кезеңнің сайлау құқығында ценздік жүйе үстемдік етеді. Жалпы ер адамдардың сайлау құқығы да аз кездесетін еді.
Италияда , Бразилия, Солтүстік Америка Штаттарының Конституцияларында орын алған сауаттылық цензі де айналып келгенде мүлік цензінің бір түрі еді, өйткені білім алуға кез-келгеннің шамасы жетпейтін.
Дауыс берушілердің жас мөлшеріне қойылған талап әр мемлекетте әр түрлі болды, оның 25 жастан төмен болуы аз кездеседі. Ал өкілді органға сайлаушының жас мөлшері кемінде Франция, Германия, Бельгияда 25 жас, Австрия, Нидерландыда ЗО жас, Англияда 21 жас болуы керек еді.
Әйелдердің сайлау құқығы бұл кезеңдерде мүлдем танылған жоқ деуге болады.
Франция, Германия, Бельгия, Италиядағы көп партиялы жүйеге байланысты дауыс берудің екі турдан тұруы қалыптасады.
Дауыс берудің жасырын түрі алғаш peт Францияда (1848) пайда болып, Венгрия, Дания т.б. бірнеше мемлекеттерден басқаларының бәрінде орын алады. Кейбір мемлекеттерде дауыс беру үшін жабық кабиналар пайда болады.
2. Француз революциясы сот билігін атқарушы биліктен бөледі. Әкімшілік пен чиновниктер сот ісін жүргізу құқығынан айрылады. Провинциалдық сот палаталары (король парламентгері) жойылады. Сот лауазымын сатып алуға тыйым салынады.
Францияның 1971-жылғы Конституциясы мүліктік ценз негізіндегі сотттардың сайланбалылығы приципін орнықтырады. Конституцияның ант берушілер сотын енгізгендігі бізге белгілі.
Енді бұрынғы феодаддық соттардың орнын сот ұйымының "үш мүшелік жүйесі" алмастырады. Наполеон реформаларынан кейін бұл жүйе төменгідей сипатқа ие болады:
1. бітім соты ( единоличная мировая судья) ұсақ қылмыстық, азаматтық істерді қарайды;
2. бірінші инстанциялық трибунал едәуір маңызды азаматтық істерді қарайды. Ол сонымен қатар түзеу полициясының трибуналы болып табылып, теріс қылықтар бойынша істерді жүргізеді;
3. апелляциялык соттар істің мәніне қарай трибуналдардың шешімдерін қайта қарай алды және ант берушілер алқасымен бірге ауыр кылмыстық істерді карады;
4. Бүкіл Францияға ортақ жалғыз кассациялық сот болды. Ол апелляциялық соттардың іс жүргізу , шешім шығару кезінде жіберген кемшіліктері мен заңды талқылау кезіндегі заңды бұрмалауына байланысты шағымдарды қарады.
14-лекция: Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы буржуазиялық демократиялар мен фашистік және әскери диктатуралық мемлекеттер.
1. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы буржуазиялық демократиялар.
2. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы фашистік мемлекеттер және әскери диктатуралар.
1. Буржуазиялық мемлекет және құқық тарихындағы екі дүние жүзілік соғыстар аралығындағы 20 жылға созылған кезең ерекше көңіл бөлерлік уақыт болып табылады. Осы кезеңде өмір сүрген буржуазиялық мемлекеттер бір типке жатқаныменен саяси режиміне қарай олардың екі топқа бөлінгенін байқауға болады. Олардың бірінде буржуазиялық демократия режимі сақталса , екінші топтағы мемлекеттерде фашистік , жартылалай фашистік жөне әскери диктатура режимдері орнайды.
Бірінші топтағы мемлекеттерге АҚШ, Ұлыбритания, Франция, 1933-жылға дейінгі Веймар Германиясын, Бельгия , Голландия, Скандинавия елдерін жатқызуға болады.
Екінші топтағы мемлекеттерге Италия , 1933-жылдан кейінгі Германия жатады. Болгария, Румыния , Венгрия, Жапония жөне Қытайда , Испания және оңтүстістік Африкан одағында әр уақыттарда әртүрлі нысандағы режимдер орнайды.
АҚШ 1914-18-жылдарда, яғни Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында-ақ әлемдік экономика жүйесіндегі бірінші орынға ие болған еді. Бірінші дүние жүзілік соғыс оның одан әрі баюына әсер етті. Бұрыңғы несие беруші мемлекеттер американ банкілерінің борышкерлеріне айналады.
Американ экономикасын мемлекеттік реттеу үшін жасалған әрекеттер жиынтығы "жаңа бағыт" деген атқа ие болды.
"Жаңа бағыт" жеке экономикалық қатынастарға мемлекеттің араласуы саясаты мен тәжірибесінің өзіндік экспериментін өткізеді.
"Жаңа бағыт" саясатының жүргізілуінің алгашқы үш айлық кезіндегі заңдар мен қаулылар ерекше асығыстықпен қабылданады. Заңдармен енгізілген негізгі өзгірістер:
1.АҚІІІ-тың өте үлкен алтын қоры мемлекеттік казначействоғa
беріледі:
2.Құрама Штаттардың экономикалық жүйесіне сәйкес өндіру мен бөлуді жеткілікті түрде жоспарлау мәселесін шешу үшін АҚШ үкіметі өнеркәсіпті сауықтыру бойынша Ұлттық әкімшілік деп аталған арнайы мемлекеттік федералдық ұйым құрады. Оның негізгі міндеті "адал бәсекелестік кодекстерін" енгізу болады. Өнеркәсіптің бүкілдей бір саласына қатысты кодекстер компаниялар арасындагы бәсекелестік күресті біраз әлсірету үшін жасалды. Кодекс нормалары өнеркәсіптің сол саладағы белгілі категориядағы кызметкерлерінің бір дәрежедегі жалақы мөлшерін , бірдей жүмыс уақытын , шығаратын өнімдерінің белгілі бір мөлшерін анықтады . Кодекстерді үкімет емес кәсіпкерлердің өздері жасайды. Кодекстер олар үшін ерікті келісім болады.
Кәсіпкерлер жасаған Кодексті АҚШ президенті бекіткеннен кейін, ол өнеркәсіптің сол саласы үшін заңдық күшке ие болады.
Үкімет Кодекстің типтік үлгісін жасайды. Ол бойынша 35-сағаттық жұмыс аптасы , сағатына 30-40 центтік жұмысшылардың ең төменгі жалақы көлемі ұсыналады. 1934-жылдың ортасына қарай 500-ге жуық Кодекстер күшіне енеді.
3.1933-жылғы Заңмен өздерінің егін алқаптарын қысқартуға келіскен фермерлерге мемлекет тарапынап қаржылай көмек көрсету тәртібі енгізіледі. Бұл тәртіп егер өнім азайса , оның бағасы көтеріледі, сол арқылы фермер шаруашылықтарын сақтап қалуға болады деген оймен пайда болады.
4.Жұмыссыздардың біраз бөлігі мемлекет қаржыландырған қоғамдық жұмыстарға тартылады.
1935-жылы банкілер мен өнеркәсіпшілердің ықпалымен Жоғарғы сот өнеркәсіпті сауықтыру Ұлттық әкімшілігінің өмір сүруі мен қызметі АҚШ Конституциясын бұзу болып табылады деп таниды. Конституцияда федералдық үкіметтің жеке тұлғалардың экономикалық қатынастарына араласуына тыйым салынған еді.
Сонымен "жаңа бағыт" өмір сүруін тоқтатады, бірақ Рузвельт конгресс арқылы Вагнер заңы деп аталған жаңа заңды қабылдатып, өз саясатын одан әрі жалғастырады.
15-лекция: Буржуазиялық мемлекеттердің құқығындағы негізгі өзгерістер.
1 . Қайнар көздері.
2. Азаматтық құқық.
3. Әлеуметтік заңдар.
1.1804-жылғы Наполеонның "Азаматтық Кодексінің " жүз жылдығы үлкен салтанатты мереке ретінде атап өтілгенімен, қоғамдағы болып жатқан экономикалық және әлеуметтік өзгерістер оның қолданылу аясын тарылтып тастаған еді. Францияда Наполеон "Азаматтық Кодексімен" қатар маңызы жағынан да, көлемі жағынан да қомақты 1946-жылғы "Ауыл шаруашылық жерлерін арендаға беру тралы", сол жылғы " Тұрғын үйді жалдау туралы", 1956-жылғы "Авторлық құқық туралы" және т.б. заңдар қолданысқа енгізіледі. Францияның жаңа " Азаматтық Кодексін" қабылдау туралы мәселе туындап , Кодексті дайындауға байланысты материалардың 6 томы жарық көреді.
Францияның ескі Сауда кодексі де осыған ұқсас жағдайда еді. Ол 1967-жылғы " Сауда серіктестіктері туралы" , 1967-жылғы "Патенттер туралы" және т.б. заңдармен толықтырылды.
Алдыңғы дәрістерде қарастырып кеткен Наполеонның 1810-жылғы "Қылмыстық Кодексі" 1991-жылы ғана күшін жойып, жаңа Кодекс пайда болады.
Германия Федерациялық Республикасындағы 1965-жылы қабылданған "Акционерлік қоғамдар туралы", 1966-67-жылдардағы "Патенттер туралы"жаңа зандар осы мәселелерге байланысты 1937-жылғы, 1930-жылғы зандарды ғана емес Герман Азаматтық Уложениесінің де көптеген тарауларына маңызды өзгерістер енгізді.
«ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ» пәнінен емтихан сұрақтары
1. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының ғылым ретінде мәні және оның құқықтық пәндер жүйесінде алатын орны.
2. Афина қоғамының қылмыстық құқығы.
3. Абсолютизм кезіндегі Англияның мемлекеттік құрылысы.
4. Жапоняидпғы феодалдық мемлекет және құқық.
5. Англиядағы Азаматтық және Отбасы – неке құқығының дамуы (жаңа уақыт).
6. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихының жалпы тарихи құқытық және салық құқықтық ғылымдармен байланысы.
7. Афина қоғамындағы сот ісін жүргізу ерекшеліктері.
8. Германиядағы феодалдық мемлекеттің құрылуы.
9. Буржуазиялық қоғамның негізгі белгілері.
10. Германиядағы буржуазиялық құқықтың қалыптасуы және дамуының ерекшеліктері.
11. 12 кесте заңы бойынша сот және сот ісін жүргізу.
12. Феодалдық Греманиядағы қылмыс және жаза.
13. 1848 ж. Франциядағы Екінші Республикалық Революциялық қайта құрулары.
14. Екінші Дүниежүзілік соғыс аралығындағы буржуазиялық қылмыстық құқық тарихында орын алған негізгі факторлар.
15. Хаммурапи заңы бойынша мүліктік қатынастардың реттелуі.
16. Ежелгі Римдегі мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
17. Шығыс Рим империясы – Византияда феодалдық қатынастардың дамуы.
18. 1873 ж. Франциядағы үшінші республикалық Конституциялық заңдары.
19. Буржуазиялық мемлекеттердің Азаматтық құқығындағы негізгі өзгеріс.
20. Хаммурапи заңы бойынша қылмыс және жаза. Талион принципі және мүліктік композиция.
21. Рим азаматтық құқығының қайнар көздері.
22. Византия империясының мемлекеттік құрылысы.
23. Германияны біріктіру үшін күрес. Революция және 1849 жылғы Франкфурт конституциясы.
24. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ.
25. Хаммурапи заңы бойынша сот және сот ісін жүргізу.
26. Ертефеодалдық монархиялардың пайда болуы.
27. Юстиниан заң жинағы және оның мазмұны.
28. Герман империясының ерекшеліктері және 1831 жылғы Конституция.
29. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция
30. Ежелгі Индиядағы мемлекеттің пайда болуы. Маурьилер империясы.
31. Франктардағы мемлекеттің болуының ерекшеліктері.
32. Бірінші және екінші болгар патшалығының орталық және жергілікті басқару органдары.
33. Италияның бірігуі. Пьемонт статуты.
34. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі ГФР.
35. Ежелгі Индияның қоғамдық құрылысы мен халқының құқықтық жағдайындағы ерекшеліктері: варналар жүйесі. Құлдық.
36. Франциядағы феодалдық қатынастардың өркендеуі. Негізгі сословиелердің қалыптасуы.
37. Сербиядағы феодалдық мемлекеттің пайда болуы.
38. Мейдзи революциясы. Жапониядағы 19 ғасырдың 60-80 жылдары буржуазиялық реформа.
39. Капитализмнің орталық жүйесінің құлауы.
40. Ежелгі Индияның мемлекеттік құрылысы. Орталық және жергілікті басқару. Қарулы күштер.
41. Франциядағы мемлекеттік орталықтандырулардың маңызы. 9 Людовик реформалары.
42. Польшадағы ерте феодалдық монархия. Магнаттар мен шляхталардың артықшылықтар үшін күресі.
43. Жапониядағы 1889 ж. Конституция және тұрпаты жағынан Конституциялық мазмұны жағынан абсолюттік монархияның орнауы.
44. Қытай Халық Республикасының құрылуы, мемлекеттік құрылысы.
45. Ману заңы бойынша отбасы-неке мәселелері.
«Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы» пәні бойынша негізгі әдебиеттер тізімі: