
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКIТЕМIН»
Жұмыс бағдарламалары бойынша комитет төрағасы
Тұрғынбек Г.Р._________
\қолы\
«___» _________2013 ж.
БІЛІМГЕРГЕ ПӘН БОЙЫНША АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
(СИЛЛАБУС)
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ
Кафедра: Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы
Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы, Құқық негіздері,
Жалпы тарих
Постреквизиттер: Саяси – құқықтық ілімдер тарихы
Оқу жылы 2013 – 2014, 2 семестр
Кредит саны: 3
Мамандық Заңтану, Халықаралық құқық, Кеден ісі
Оқытушының тегi: Көшербаев С.Б.
Мекен жайы: Корпус 6.1. ауд. 208.
Телефон: 426256, 348259, 87021352582; 87072711892;
Тараз 2013 ж.
Курстың мақсаты: Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын зерттеудің жоғарғы дәрежелі заңгерлерді дайындаудағы маңызы зор. Жалпы тарихты игеру студенттерде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға тарихи тұрғыдан баға бере алу қабілетін қалыптастырады, оларға қоғамдық өмірді зерттеудің ғылыми әдістемесімен танысуына мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықтың кез-келген құбылысын түсіну үшін оның қашан, қалай пайда болғанын, қалай дамығанын білу қажет.
Курстың міндеттері: Студентте құқықты түсіну және қолдану үшін ерекше заңды көзқарасты қалыптастыру, оның мемлекет және құқық мәселелерімен жете танысуы үшін жалпы дайындықты қамтамасыз ету. Өзіміздің еліміздегі және әдемдегі басқа да мемлекеттердегі қоғамдық құбылыстар туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына әсер ету. Мемлекет және құқық теориясы, ҚР мемлекет және құқық тарихы сияқты пәндерді жоғары деңгейде игеру мақсатында қызмет ету.
Курсты үйренгеннен кейін сіз біліп шығатын боласыз:
- курстың кезеңдерін;
- жекелеген елдерде мемлекет пен құқықтың дамуын мемлекеттілік пайда болған сәттен бастап қазіргі кезге дейін;
- әрбір тарихи кезеңдегі мемлекеттік құрылым нысанын, қоғамдық құрылымды, жергілікті басқару мен құқықтың негізгі сипаттарын;
- әрбір тарихи кезеңдегі заңды кодификациялаудың негізгі нысандарын;
- мемлекеттілік пен құқықтың пайда болу себептерін, даму заңдылықтарын.
Курсты аяқтағаннан кейiн сiз бiлетiн боласыз: Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы адамзат қоғамындағы саяси ұйым-мемлекеттің және қоғамдық өмірді реттеудің ең тиімді тәсілі ретінде құқықтың пайда болған кезінен қазіргі заманға дейінгі уақыттағы қазіргі кезде өмір сүріп отырған саяси-құқықтық құбылыстардың дамуына әсер ете алған елдердің мемлекеті мен құқығының даму тарихын зерттейтін заң ғылымдарының тарихи-теориялық деп аталатын саласының іргелі бір тармағы болып табылады. Курстың пәні болып жекелеген елдердің мемлекеті мен құқығының пайда болу, даму және әрекет ету заңдылықтары табылады. Мемлекет пен құқықтың даму тарихы келесі хронологиялық кезектілікте берілген: Ежелгі заман (Ежелгі Египеттің, Вавилонның, Үндістанның, Қытайдың, Грецияның, Римнің құлиеленуші мемлекеті мен құқығының тарихы), Орта ғасырлар (Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа мен Шығыс елдеріндегі феодалдық мемлекет пен құқық ), Жаңа дәуір (буржуазиялық мемлекет пен құқық) және Қазіргі дәуір.