
- •Педагогикалық әлеуметтік:Тәрбиелік практиканың
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканың мазмұны
- •Практика базасы
- •Практика мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Практиканы өткен студент:
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практика бағдарламасы студенттке келесі жұмыс түрлерін қамтамасыз етеді:
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканы ұйымдастыру
- •Студенттер практика барысында келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:
- •Педагогикалық практика бойынша есеп беру құжаттары
- •Педагогикалық практиканы қорғау
- •«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практикаға жетекшілік
- •І. «Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практика жетекшілерінің міндеттері
- •«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практиканың тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Педагогикалық практикасын өткізудің күнтізбелік жоспары
- •Тақырыптардың қысқаша мазмұны
- •1 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру.
- •2 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекемесіндегі жұмысшылардың лауазымдық қызметтерімен танысу.
- •4 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық лекция өткізу, кеңес беру;
- •5 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында балалар ұжымын дамыту
- •6 Тақырып. Тәрбиелік-шығармашылық жұмысты өткізу әдістемесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 2000.
- •1. Www.Edu.Gov.Kz. Официальный сайт Правительства Республики Казахстан.
Тақырыптардың қысқаша мазмұны
1 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Мекеме басшыларымен, материалдық-техникалық базамен танысу. Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің негізгі атқаратын рөлдерімен танысу, әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру барысындағы негізгі сұрақтарды нақтылау.
Практикалық тапсырма: Жалпы практика кезеңдерінде өтетін тәрбиелік шаралары туралы жоспар құру. Күнтізбе құру.
2 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекемесіндегі жұмысшылардың лауазымдық қызметтерімен танысу.
Мекеменің директоры.. Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары. Тәрбиешілері. Дене тәрбиесінің және жүзу инструкторы. Үйірме жетекшісі. Топ тәрбиешісінің құқықтары мен міндеттері. Мекеменің бала денсаулығын және өмірін сақтау бойынша талаптар. Мекеменің санитарлық-гигиеналық талаптары. Бірінші дәрігерлік көмек.
Практикалық тапсырма:
1. Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетімен танысу:
- Практика өтетін базадағы әлеуметтік педагог кім және қызметі қандай?
- Әлеуметтік педагогтың тәрбиеленушілермен және тәрбиешілердің өзара қарым-қатынасын анықтауы және қажет жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қалай іске асырады?
3- Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.б. мекеме жағдайында тәрбиелік жұмыс бойынша жоспар құру.
Сменаға жоспар. Күнтізбелік және болашақ жоспары. Бір күнге жоспар. Студенттер әлеуметтік педагогтың оқушыларды жан-жақты қалыптастыру, түзету жұмыстары туралы практиканттардың білімдерін кеңейту өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби іс-әрекеттерін талдап, жобалауға, бақылауға үйрету. Жасөспірімдік кезеңнің проблемаларымен танысу. Балалар мен жасөспірімдердің девианттық жүріс – тұрысының алдын алудағы және түзетудегі әлеуметтік – педагогикалық іс - әрекеттің негізгі бағыттарын жүзеге асыру.
Практикалық тапсырма: әрбір студент-практикант әлеуметтік педагогтың оқушылар тұлғасын жан-жақты қалыптастыруға байланысты іс-әрекеттерін бақылайды.
1. Әлеуметтік педагогтың оқушылармен әлеуметтік жұмыстары?
2.Әлеуметтік ауытқулар себептерін анықтау.
3.Қайта тәрбиелеу мақсатында қандай жұмыстар атқарылған?
Студент-практиканттар әлеуметтік педагогтың сынып оқушыларының әлеуметтендәру жұмыстарын талдау, меңгеру мақсатында әлеуметтік педагог жұмыс жоспары бойынша зерттейді және талдайды. Ескерту: Тапсырманы орындау туралы есеп беріледі.
4 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық лекция өткізу, кеңес беру;
Практикалық тапсырма: Рухани-адамгершілік тақырыптарда лекция дайындау немесе әңгімелесу. Кеңес берудің және лекция оқудың жоспарын дайындау тапсырмаларын орындау үшін студенттер өздері бекітілген сыныптағы оқушылардың әлеуметтік дара және дербес ерекшеліктерін зерттеу арқылы жүзеге асады.
1. Диагностикалық;
2. Ұйымдастырушылық;
3. Мәдени- ағартушылық;
4. Талдау-бақылаушылық;
5. Аниматорлық.