Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс ӘПжӨТ тәрбиелік.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
148.48 Кб
Скачать

Педагогикалық практиканы қорғау

«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практиканы қорғауға топ жетекшісінің тапсырмаларын орындаған және есеп беру құжаттарын өткізген студенттер ғана жіберіледі. Практиканы қорғау мекеме немесе педагогикалық университетте өткізіледі. Қорғау кезінде практиканттардың жұмыстары, педагогикалық практика күнделігін жүргізуі және оның тапсырмаларды орындау сапасы бағаланады, сондай-ақ педагогикалық практиканың нәтижелері талданады, оларды жетілдіру жолдары белгіленеді.

«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практикаға жетекшілік

Педагогикалық практикаға жетекшілік қызметін практика бойынша университет ректорының орынбасары, топ жетекшілері (әлеуметтік педагогика оқытушылары), практика өтетін базадағы әлеуметтік педагог, психолог атқарады.

І. «Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практика жетекшілерінің міндеттері

1. Практика бойынша университет ректорының орынбасары:

1. Білім беруді басқару органдарымен бірге мекемелерді анықтайды және оларда студенттердің педагогикалық практиканы өтуіне жолдау қағаз жайлы бұйрық проектін дайындайды;

2. Педагогикалық практиканың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне бақылауды іске асырады.

ІІ. «Тәрбиелік практика» практиканың топ жетекшісі:

1. Педагогикалық университеттің студенттері мен практика жетекшілеріне нұсқау және қорытынды конференция өткізеді;

2. Практика өтетін база әкімшілігімен бірлесе отырып, педагогикалық практиканы өту үшін студент-практиканттарды бөледі.

ІІІ. Әлеуметтік педагог:

1. Студент-практиканттарды өзінің кәсіби іс-әрекет саласының негізгі бағыты мен мазмұнымен құжаттармен таныстырады;

2. Практика бойынша тапсырманы орындауда практиканттарға көмек көрсетеді;

3. Практиканттардың педагогикалық практиканы қорғауына, бағалауға қатысады.

«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практиканың тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Психологиялық-педагогикалық практика күнделігін толтыру

Мақсаты - қажетті әлеуметтік-педагогикалық кәсіби іс-әрекет рөлі негізінде атқарылатын (делдал, көмекші, волонтер, қорғау, кеңес, т.б) әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау. Күнделікте жиналған материалдар, келешекте студенттің төмендегідей ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында қолданылуы мүмкін:

- курстық жұмысты және дипломдық жұмысты жазуда,

- студенттердің ғылыми конференциясына дайындалу және қатысу,

- ұжымдық әлеуметтік зерттеулерді жүзеге асыру барысында.

Практиканың өтуі туралы жеке күнтізбелік жоспарын құру.

«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практиканы жоспарлау практиканың мазмұны бойынша адамның толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуына бағытталған әлеуметтік-тәрбие жұмыстың дағдыларын қалыптастыру бойынша өтетін мектептегі іс-әрекеттерін күнделікті бақылауға, өз-өзіне баға беруге, жоспар құруға, нәтижеге жетуде студенттер үшін әдістемелік көмек болып табылады.

Практикада жеке күнтізбелік жоспарды құра отырып, педагогикалық университеттің студенттері базаға келгеннен бастап өзінің әрекетін жоспарлау дағдыларын меңгереді. Жеке күнтізбелік жоспарда практика бағдарламасында қарастырған тапсырма барлық түрлері көрініс табуы қажет. Педагогикалық практиканы өтудегі жеке күнтізбелік жоспар топ жетекшісімен бекітіледі.

Әлеуметтік педагог Практиканың топ ____________ жетекшісі ________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]