Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 курс ӘПжӨТ тәрбиелік.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
148.48 Кб
Скачать

Практика базасы

3-курс студенттерінің педагогикалық әлеуметтік: тәрбиелік практиканың практикасының базасы бойынша кәсби іс-әрекет объекттері болып қажетті материалдық базамен жабдықталған мемлекеттік білім беру мекемелері (мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері).

Практика мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Практиканы өткен студент:

- әлеуметтік педагог қызметі туралы;

- балалармен әлеуметтік тәрбие формасын ұйымдастыру, жоспарлау жүйесі туралы;

- өзін-өзі тану мен әлеуметтік педагогтың функционалды міндеттері және тәрбие жұмыс ерекшеліктері туралы білуі тиіс.

- практикалық әрекетте берілген әлеуметтік педагог қызметінің тәрбие жұмыс әдістері мен формаларын дұрыс қолдануды;

- балалар мүмкіндіктерін, қызығушылығын ескеріп, тәрбие жұмыс жоспарын құруды жасай алуы тиіс.

- тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру туралы;

- балалардың жас ерекшелігін, қабілетін ашу арқылы, қажеттілігін ескеріп дамыту;

- балалардың белсенді демалуына оңтайлы жағдайларды жасау дағдыларын;

- жалпы мәдени шараны өткізу және жоспарлауда ұжымдық-шығармашылық іскерлікті, ұйымдастыру еңбегіндегі қабілетін меңгеру қажет.

Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практика бағдарламасы студенттке келесі жұмыс түрлерін қамтамасыз етеді:

1. Ұйымдастырушылық;

2. Аниматорлық;

3. Мәдени-ағартушылық;

4. Талдау;

5. Жоспарлау;

6. Жобалау.

Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканы ұйымдастыру

1. Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практикаға университет әкімшілігінің келісімі бойынша топ жетекшісі педагог және (психолог) практикант-студенттерді бір-екі адамнан топқа бекітеді.

2. Әрбір практикант педагогикалық практиканың барлық кезеңіне бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындауға арналған жеке күнтізбелік жоспарын құрады. Жеке күнтізбелік жоспар әлеуметтік педагогпен келісіп жасалады және практиканың топ жетекшісімен бекітіледі.

3. Практика барысында практиканттар күнделік жүргізеді, мекемелерде өткізген әлеуметтік педагог өзін-өзі тану мұғалімінің жұмыс мазмұнын, өзінің бақылау, ескерту, қорытынды, тапсырмалардың орындалуын тіркейді.

4. Студенттер арасынан староста белгіленеді, ол практиканттардың келуін қадағалайтын журнал жүргізеді және практика жетекшісінің тапсырмаларын орындайды.

Студенттер практика барысында келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:

1. Балалардың әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуы, оның құндылық-мақсаттық бағдарлары, міндеттері, мазмұны, әдістері, формалары мен нәтижелері бірлігіндегі толыққанды тәрбиелік жұмысты жүзеге асыру;

2. Әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру;

3. Рухани адамгершілік тірбие беру және балалардың қабілетін дамыту;

4. Мекеме жағдайында тақырыптық күндерді өткізу;

5. Ұжымдық-шығармашылық жұмысты өткізу әдістемесі;

6. Тәрбиеленушінің тұлғалық дамуының шығармашылық әлеуеттік мүмкіндіктерін барынша жан-жақты қолдау көрсету.

Педагогикалық практика бойынша есеп беру құжаттары

Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практикасының аяқталуымен практиканттар топ жетекшісіне есеп беру құжаты ретінде педагогикалық практикасының күнделігін және алынған мағлұматтар нәтижесін тапсырады.