
- •Педагогикалық әлеуметтік:Тәрбиелік практиканың
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканың мазмұны
- •Практика базасы
- •Практика мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар Практиканы өткен студент:
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практика бағдарламасы студенттке келесі жұмыс түрлерін қамтамасыз етеді:
- •Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканы ұйымдастыру
- •Студенттер практика барысында келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:
- •Педагогикалық практика бойынша есеп беру құжаттары
- •Педагогикалық практиканы қорғау
- •«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практикаға жетекшілік
- •І. «Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практика жетекшілерінің міндеттері
- •«Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік» практиканың тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Педагогикалық практикасын өткізудің күнтізбелік жоспары
- •Тақырыптардың қысқаша мазмұны
- •1 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру.
- •2 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекемесіндегі жұмысшылардың лауазымдық қызметтерімен танысу.
- •4 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық лекция өткізу, кеңес беру;
- •5 Тақырып. Балалар үйі, балаларды оңалту орталықтарында, т.Б. Мекеме жағдайында балалар ұжымын дамыту
- •6 Тақырып. Тәрбиелік-шығармашылық жұмысты өткізу әдістемесі.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 2000.
- •1. Www.Edu.Gov.Kz. Официальный сайт Правительства Республики Казахстан.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
Педагогикалық әлеуметтік:Тәрбиелік практиканың
«5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы үшін
Жұмыс оқу бағдарламасы
Оқу формасы күндізгі (ОБ)
Педагогика және психология институты Жалпы, жасерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасы
Курс 3
Семестр 6
Кредиттер саны 4
Алматы, 2013ж.
Жұмыс оқу бағдарламасы
- «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты;
- «26» 08 2011 ж. бекітілген «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалды.
Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканың жұмыс оқу бағдарламасын п.ғ.к., аға оқытушы Ширинбаева Гулбахира Койбагаровна жазды және ол жалпы, жасерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
«28» 08 2013 ж., хаттама №1
Бағдарламаны жазған ___________________ Ширинбаева Г.К.
Кафедра меңгерушісі ___________________ Бекмагамбетова Р.К.
Жұмыс оқу бағдарламасы институттың ғылыми кеңесінде мақұлданды
«29» 08 2013 ж., хаттама №1
Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканың мазмұны
«5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттері әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің сабақтан тыс тәрбиелеу жұмысымен таныса отырып, кәсіби мүмкіндіктерін жетілдірумен қатар: әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын қолдану арқылы стандартта белгіленген кәсіби іс-әрекет саласының барлық түрін балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру жағдайында жүзеге асыруға психологиялық және педагогикалық тұрғыда әлеуметтік жауакершілік алады.
«5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттерінің практикасын ұйымдастыру барысында практиканың мақсат, міндеттері студенттердің дайындық дәрежесі мен деңгейіне сай келу аспектілері негізге алынады.
Педагогикалық әлеуметтік: Тәрбиелік практиканың мақсаты: Студенттердің әлеуметтік мекеменің білім беру-тәрбиелеу процестері мазмұны мен ұйымдастыруының ерекшеліктерімен танысуы. Әлеуметтік мекемелердің өз іс-әрекеттерінде қолданылатын тәрбиелік жұмыстың негізгі түрлерімен танысу және тәжирибеде қолдану.
Практиканың міндеттері:
- балаларды толыққанды әлеуметтенуіне негізделген әлеуметтік және рухани-адамгершілік тәрбие жұмыс бағыттарымен, мақсат, міндеттерімен танысу;
- әлеуметтік педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастыру, басқару жүйесін үйрену;
- «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тәрбие беру бағдарламасы негізінде шаралар ұйымдастыруды жүзеге асыру;
- ұжымдық шығармашылық шараларды өткізуде әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің қызметін талдау әдісін меңгеру;
- балалармен әлеуметтік тәрбие жұмыс формасын ұйымдастырудың кезенін құру;
- әлеуметтік тәрбие жұмысының бағдарламасын құру және әдістерін пайдалану, орындау;
- рухани-адамгершілік тәрбие жұмысының бағдарламасын дайындау және өткізу;
- практикада атқарылған тәрбие жұмысы туралы есеп беру .
Аталған міндеттерді жүзеге асыру «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттеріне қажетті әлеуметтік-педагогикалық кәсіби іс-әрекет рөлін (делдал, көмекші, волонтер, қорғаушы, кеңесші, т.б) ұйымдастыруға және жоспарлауға өз біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.