Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
337.41 Кб
Скачать

2 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері және қағидалары

Жүйелік көзқарасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерінің табиғаты. Нормативтік құқықтық актілер иерахиясы. Нормативті актілерді талқылау уақыттағы, территория бойынша әрекет етуі. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларын құрайтын халықаралық актілердің болуын түсіну. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі бастама ойлары ретінде қағидалардың түсінігі. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының салалық қағидалары.

Әлеуметтік қорғау құқығының қағидалары әрекет ету саласына қарай төмендегідей жіктеледі: жалпы құқықтық, салааралық, салалық, ішкі салалық.

Әлеуметтік қорғау бағытындағы заңдарды, заңға қызмет көрсетудің барлық қағидалары белгіленген, сақталған, олардың

  • арнаулылығы

  • қол жеткізілуінде

  • ерекшелігінде

  • адамгершілік, парасаттылығында

  • даралығында

  • құпиялығында

  • мақсаттылығында.

Бұл қағидалар заң қабылданғанға дейін әлеуметтік қызмет алу кезінде мүгедектер мен қариялардың азаматтық құқықтары негізінде қалыптасты. Осыған сүйене отырып құқықтық реттеудің салалық қағидалары ретінде мыналарды атауға болады:

    • әлеуметтік қорғау жалпылығы;

    • әлеуметтік қорғаудың қаржыландырылуы (республикалық бюджет, жергілікті бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорынан, арнайы жұмсалатын мемлекеттен дотациялардан).

    • әмбебаптылығы мен жинақтылығы, заңда белгіленген белгілі бір жағдай туындаған әлеуметтік қызмет көрсетуге кепілдік ету.

Әлеуметтік көмек көрсетуді ұсыну шарт орташа табысна, денсаулық жағдайына және басқа да мән-жағдайларға байланысты қарастырылады.

Құқықтың әмбебаптық қағидасы еңбек ұйымдарының халықаралық конвенцияларында аталған белгілі бір жағдай туындаған кезде қорғалу жөнінде әлеуметтік қорғау идеясын көрсетеді.

Ұсынылатын әдебиеттер

Нормативті –құқықтық актілер: 1, 3 4, 8, 18

Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 10

Электрондық ресурстар: 2, 3, 7

3 Тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру ауқымындығы құқықтық қатынастар.

Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтық қатынастардың түсінігі мен жіктелуі, материалдық, процедуралық және процессуалдық құқықтық қатынастардың ерекшелітері. Құқықтық қатынастардың субъектілері, олардың құқық субъектілігі. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше субъект ретінде. Процедуралық және процессуалдық құқықтық қатынастардың объектілері мен мазмұны. Құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Құқықтық құрамдар.

Әлеуметтік қорғау құқығындағы құқықтық қатынастар дегеніміз- мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалар арасындағы ақшалай төлемдерді, қызметтерді, жеңілдіктерді ұсыну барысында пайда болатын қатынастардың құқықтық нормаларымен реттелу.

Қатынастарды қай норманың орындалу нәтижесі болуына байланысты материалдық, процедуралық және процессуалды болып бөлінеді.

Әлеуметтік қорғау құқығы бойынша материалдық құқықтық қатынастар біліктік болып табылады, өйткені олар бір жеке тұлғаға нақты бір материалдық құндылықтары: зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы төлеу арқылы туындайды. Бірақ бұл құндылықтар азаматтарға азаматтық құқықтық қатынастардағыдай эквиваленттік сатып алу-сату ретінде емес, еңбек құқығы қатынастағындай еңбекке ақы төлеу ретінде ғана емес, әлеуметтік төлемдер ретінде қарастырылады.

Процедуралық құқықтық қатынастар тиесілі заңдық құқықтар айқындалған мерзімнен, оны иемдену, жүзеге асыру, тоқтатылған мерзімге дейінгі аралықта туындайтын қатынастар. Процедуралық қатынастарда мерзімдер басты роль атқарады, оның барысында нақты бір әрекеттер жүзеге асырылуы тиіс.

Әлеуметтік қорғау құқығында мәселен, даулы тұстарын қараудың ерекше процедурасы бекітілген, сондықтан оларды қорғау азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бойынша реттеледі. Дау бағыныштылық тәртібімен жоғарғы органдармен қаралса сала құқықғымен бекітілген процедуралық қатынастар туындайды.

Процессуалдық құқықтық қатынастарда қатынастар заң бекіткен міндетті бірқалыпты жағдайларда жүргізіледі, онсыз материалдық құқықтық қатынастарды айқындайтын құқықтар мен міндеттердің әріқарай орындау сатылары болу мүмкін емес, ал дауды қорғау процессі, барлық міндеттерді емес нақты келіспеушілік туындаған міндеттерді қамтиды.

Ұсынылатын әдебиеттер

Нормативті –құқықтық актілер: 1, 2, 4, 9, 10

Негізгі және қосымша әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 9

Электрондық ресурстар: 1, 2, 7