Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мукашева ргр методичка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
285.69 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электр станциялары, тораптары және жүйелері кафедрасы

 

 

Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және қосымша жабдықтары

 Есептеу-графикалық жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

(5В071800 – Электр энергетикасы мандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін )

 

 

Алматы 2012 

Құрастырушылар: Хожин Г.Х, Кузембаева Р.М., Мукашева Р.Т. «Электр станциялардың және қосалқы станциялардың негізгі және   қосымша жабдықтары» есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының студенттері үшін). Алматы: АЭжБУ, 2012 - 25 бет.

          

         Бұл әдістемелік нұсқауларда жұмыстың мақсаты, керекті теориялық мәселелері, жұмысқа әзірлік, жұмысты орындау тәртібі және есеп берудің мазмұны көрсетілген. Сонымен қатар бақылау сұрақтары да берілген.

         Осы әдістемелік құсқаулар 5В071800 Электр энергетикасы мамандығының студенттеріне арналған.        

Без. 2, кесте 11 әдебиет көрсеткіші - 11 атау.

 

Пікір беруші: техн.ғыл.д-ры, профессор Бекмагамбетова К.Х 

 

         «Алматы энергетика және байланыс университетінің», коммерциялық емес акционерлік қоғамының  2012 ж.  баспа жоспары бойынша басылады. 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ 2012 ж.

2012ж. жиынтық жоспары, реті 3

 

Кіріспе 

«Электр станциялары және қосалқы станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтары» пәні бойынша ЕГЖ-ны орындау барысында,студент трансформаторларды таңдау, электржабдықтарын таңдау және тексеру үшін қысқа тұыйқталу тоғын есептеуді, электраппараттары мен электрқондырғының ток өткізгіш бөліктерін және де электрстанциялардың технико-экономикалық есептеулерін, теориялық курстан алған білімдерін пайдалана отырып техникалық және анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеуді меңгереді.

№2 ЕГЖ-ның негізгі мақсаты периодты құрастырушылардың электрқұрылғыларындағы қысқа тұйықталу мен ұрылу тоғының өте ауыр режимдерде анықтау болып табылады. Апериодикалық құрастырушылар есептеуін жуық мәнде алады және қарастырылып отырған фазада максималды мән деп қарастырады.

Есептеу-графикалық жұмысына арналған әдістемелік нұсқау, болашақта өзіндік жұмыстарды, мамандық пәндері және дипломдық жобалар үшін бағыт көрсетеді.

№2 ЕГЖ-да мына сұрақтарға назар аудару қажет:

- есептеу сұлбасына және алмастыру сұлбасына;

- сұлбадағы элементтердің кедергілерін анықтау және оларды базисты жағдайға келтіру;

- электрэнергия көздерінен алынған есептеу нәтижесі бойынша қысқа тұыйқталу тоғын анықтау;

- жоғарғы вольттағы ажыратқыштар мен сөндіргіштерді таңдау;

- ажыратқыштар мен сөндіргіштерге байланысты ЖЭО принципиалды сұлбасын жасау.

Осы есептеу-графикалық жұмыстарындағы басты назар электрстанцияларының құрылымдық сұлбасына, күштік трансформаторларға және технико-экономикалық есептеулерде өте тиімді құрылымдық сұлбаларды таңдау болып табылады.

 

1 №1 Есептеу-графикалық жұмысы

 

Жұмыстың басты мақсаты студентке берілген есепті өзбетінше шешу,техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдылау, ЭВМ-нің техникалық және нормативтік жағдайларын меңгеру және де теориялық білімдерін бекіту.

ЕГЖ-ның есептері:

- трансформаторлардың түрін, санын, қуатын таңдау;

- трансформаторлардың жылдық энергия шығынын есептеу;

- станцияның құрылымдық сұлбасын таңдау;

- ЖЭО-ғы электр байланысқан құрылымдық сұлбаның сызбасын орындау .

 

1.1 №1 ЕГЖ-ның көлемі мен мазмұны

 

1.1.1      Бастапқы мәндер.

ЕГЖ-ны орындау үшін бастапқы мәндер «Электр энергетикасы» пәнінің ЕГЖ-да көрсетілген, онда былай берілген:

- станция және отын түрі;

- станциядағы генераторлардың саны және қуаты;

- электр жүктемелері, олардың кернеуі мен саны;

- станцияны энергожүйемен байланыстырушы электрберіліс желісінің кернеуі мен саны;

- ЖЭО-ғы генераторлармен өңдірілген қуаттың және 35 кВ кернеудегі жүктемелердің графигі;

- екі нұсқа үшін қуат балансы;

- ЕГЖ-ны орындау үшін нұсқалар.

 

1.2.1      Есептік-түсініктемелік хат.

Есептік-түсініктемелік хат 15 бет көлемінде стандартты А-4 (210х297) форматында түсінікті және қысқартылған түрде болу керек. Осы жұмыста бүкіл есептеулер қысқаша келтірілу керек және де осы жұмыста қабылданған негізгі және принципиалды жағдайлары көрсетілу керек.

Есептік-түсініктемелік хаттың мазмұны:

1) байланыстырушы трансформаторлардың (автотрансформатор) саны мен қуатын таңдау;

2) трансформатордағы энергияның жылдық шығыны;

3) құрылымдық сұлбаның технико-экономикалық нұсқаларын салыстыру және ең тиімдісін таңдау;

4) электрстанциядағы таратқыш құрылғының электр сұлбасын таңдау.

5) электр байланысқан принципиалды схема стандартқа сай графикалық белгіленулерімен А-3 немесе А-2 форматта орындалады. Принципиалды сұлбада барлық генераторлар, трансформаторлар (автотрансформаторлар), жұмыс істейтін және резервтік трансформаторлар, барлық кернеудегі құрама шиналар (РУ) және олардан тарайтын тізбектер, ажыратқыштар мен сөндіргіштер, күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлар) орамдарының байланыс сұлбасы болу керек.