
- •Аналогты құрылғылардың сұлбатехникасы мен элементтері
- •5В071600 – Аспап жасау мамандығының студенттері үшін
- •1 Зертханалық жұмыс. Түзеткіш диодпен стабилитронның сипаттамаларын зерттеу
- •Жұмыс тапсырмалары
- •Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •1.5 Сурет – Стабилитроның вас түсіруге арналған сұлба
- •1.3 Есептеу тапсырмалары
- •1.4 Бақылау сұрақтары
- •2 Зертханалық жұмыс. Биполярлық транзисторды және басқарылатын р-n ауысуы бар өрістік транзисторды зерттеу
- •2.1 Жұмыс тапсырмалары
- •2.2 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •2.3 Есептеу тапсырмалары
- •2.4 Бақылау сұрақтары
- •3 Зертханалық жұмыс. Терістейтін және терістемейтін күшейткіштерді зерттеу
- •3.1 Жұмыстың мақсаты:
- •3.2 Алдын ала дайындық
- •3.3 Қолданылатын аспаптар мен элементтер:
- •3.4 Тапсырмалар
- •3.5 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •3.6 Бақылау сұрақтары
- •4.5 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •4.6 Бақылау сұрақтары
- •Мазмұны
3.6 Бақылау сұрақтары
3.6.1 ОК сызықты жұмыс істеу режимі неге байланысты?
3.6.2 Үлкен күшейту коэффициентіне қарамастан, ОК ажыратылған кері байланыста сигналдарды күшейткіш ретінде, неге жиі қолданады?
3.6.3 КБ тұйықталмаған және тұйықталған кезде, күшейту коэффициенттерінің арасындағы өзгешелік қандай?
3.6.4 ОК кіріс және шығыс кедергілеріне КБ қалай әсер етеді?
3.6.5 ККБ=100, KКБ= 10 бар күшейткіштердің қайсысының кіріс кедергісі үлкен?
3.6.6 ОК температуралық дрейфін тудыратын, негізгі факторларды атаңыз.
3.6.7 Uкір. үлкен болғанда, беріліс сипаттамасының сызықсыз аймағының болуын түсіндіріңіз.
3.6.8 Терістейтін және терістемейтін күшейткіштердің күшейту коэффициентінің формуласын қорытып беріңіз.
3.6.9 Терістемейтін және терістейтін күшейткіштердің кіріс кедергілерінің арасында қандай байланыс бар?
3.6.10 Қандай жағдайларда кернеу қайталағышы қолданылады?
3.6.11 Терістемейтін күшейткішті, К= 1 күшейту коэффициенті бар кернеу қайталағышына айналдыру үшін, не істеу керек?
4 Зертханалық жұмыс. ОК негізіндегі автотолқынды мультивибраторды зерттеу
4.1 Жұмыстың мақсаты:
автотолқынды режимде жұмыс істейтін мультивибратордың жұмыс істеу принципін оқып үйрену.
4.2 Алдын ала дайындық
4.2.1 Алдын ала ұсынылған әдебиеттер бойынша мультивибратор жайлы теориялық мағлұматтарды оқыңыз
4.2.2 Зертханалық жұмысқа тапсырмаларды және оған берілген әдістемелік нұсқауларды оқып алыңыз.
4.3 Қолданылатын аспаптар мен элементтер
4.3.1 РU–2000 орталық процессоры.
4.3.2 ЕВ–111 баспа платасы.
4.3.3 Цифрлық әмбебап аспап.
4.3.4 Осциллограф.
4.4 Тапсырмалар
4.4.1 Автотолқынды мультивибратордың сұлбасын жинаңыз.
4.4.2 Шығыс импульстерінің амплитудасын Uшығ., ұзақтығын tИ, периодын Tшығ. өлшеңіз. Мультивибратордың шығысындағы Uшығ. және терістемейтін кірістегі Uкір. импульстердің уақыттық диаграммаларын түсіріп алыңыздар.
4.4.3 Шығыс импульстер көрсеткіштерінің (Тшығ., Uшығ., tИ шығ.) уақытты белгілейтін тізбектер көрсеткіштеріне тәуелділігін зерттеу.
4.4.4 Шығыс импульстер көрсеткіштерінің оң кері байланыс тізбегіндегі R1 кедергісінің мәніне тәуелділігін зерттеу.
4.4.5 Импульстер ұзақтығын tИ шығ., қайталану периодын Тшығ. есептеп, оларды тәжирибелік деректермен салыстырыңыз.
4.5 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар
4.5.1 4.4.1 пунктіне, EB-122 платасының оң жоғарғы бұрышында автотолқынды мультивибратордың сұлбасы орналасқан. 4.1 суретте көрсетілген автотолқынды мультивибратордың сұлбасын жинаңыз.
Рисунок 4.1
R=R12=20кОм, R1= R13=47кОм алыңыз.
4.4.2 пунктіне, осциллографтың 1 кірісін мультивибратордың шығысына қосыңыз. Осциллографтың экранында шығыс тік бұрышты импульстердің нақты бейнесін орнатыңыз. Шығыс импульстерінің амплитудасын Uшығ., ұзақтығын tИ, периодын Tшығ. өлшеңіз. Нәтижелерін 4.1 кестесіне енгізіңіз және шығысындағы Uшығ. уақыттық диаграммасын түсіріңіз. Осциллографтың 1 кірісін терістейтін кірісіне Uкір.+ ауыстырып, екінші кірісін терістемейтін кірісіне қосып, уақыттық сәйкестікпен Uкір.¯ және Uкір.+ түсіріп алыңыз.
4.5.2 4.4.3 пунктіне, а). R=R11=100кОм, б). R= R11|| R12 қосып, тәжирибені қайталаңыз. Тшығ., Uшығ., tИ шығ.көрсеткіштерінің уақытты белгілейтін тізбекте R мәніне тәуелділігін бақылаңыз. Нәтижелерін 4.1 кестесіне енгізіңіз. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.
4.5.3 4.4.4 пунктіне, R=R12=20кОм, R1=R14=100кОм жағдайлары үшін, тәжирибені қайталаңыз. Тшығ., Uшығ., tИ шығ.көрсеткіштерінің R1 мәніне тәуелділігін бақылаңыз. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.
4.5.4 4.4.5 пунктіне, мультивибратордың tИ шығ. импульстер ұзақтығын, Тшығ. қайталану периодын, f жиілігін есептеп, мәндерін 6.1 кестесіне енгізу керек.
Кесте 4.1
R мәні |
R12=20кОм |
R11=100кОм |
R11||R12= =17кОм |
|
Импульстердің ізін басу периоды Тшығ., мс |
Өлшенген |
|
|
|
Есептелген |
|
|
|
|
Импульстер ұзақтығы, tИ шығ., мс |
Өлшенген |
|
|
|
Есептелген |
|
|
|
|
Импульстердің ізін басу жиілігі f, кГц |
Есептелген |
|
|
|
Шығыс импульстердің амплитудасы Uшығ., В |
Өлшенген |
|
|
|
4.5.5 4.4.5 пунктіне, мультивибратордың tИ шығ. импульстер ұзақтығын, Тшығ. қайталану периодын, f жиілігін есептеу келесі формулалар бойынша жүргізілеі:
tИ шығ. = τ ln(Uст – Uн)/ (Ucт – Uк) = τ ln(12 – U+)/ (12 - U‾)
мұндағы τ = RC4;
U+
= 5R10
/
(R9
+ R10)
+ 12R10/
(R10
+
R1);
U‾ = 5R10 / (R9 + R10) - 12R10/ (R10 + R1);
Тшығ. =2 tИ шығ.; f =1/ Тшығ.;
R=R11 = 100кОм; R=R12 = 20кОм; R11 R12 = 17кОм;
С4 = 0,01мкФ; R9 = 13,4кОм; R10 = 17,5кОм;
R1 = R13 = 47кОм; R1=R14=100кОм.