Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. 3 курс ЖМ есептер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133.52 Кб
Скачать

№ 6 Есеп нжж

Хирургиялық клиникаға ауыр жағдайда сүйектердің көптеп зақымдануымен және бұлшықет тінінің мыжылуымен, қан кетумен науқас жеткізілді. Жедел көмек көрсетілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Бірақ, екі тәуліктен кейін, жағдайы күрт төмендеп, науқас есін жоғалтты, анурия дамыды.

1

  1. хирургиялық клиникаға түсер кезде науқаста қандай жағдай дамыды?

2

2 күннен соң қандай жағдай дамыды? Анурияның патогенезін түсіндіріңіз

3

Науқаста дамыған жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің сатыларын көрсетіңіз

4

Патогенездік емдеу ұстанымдарын сипаттаңыз

№ 7 есеп НЖЖ

Жапа шегуші А жол оқиғасынан кейін клиникаға 5 сағаттан соң жеткізілді. «Жедел көмек» дәрігері қабырғаларының көптеп сынғанын, құрсақтың жұмсақ тіндерінің ұрылуы мен аяқтарында көлемді гематоманың түзілгенін анықтады. Түскен уақытында: есінің тұмандануы, тері жабындарының бозаруы, жіп тәрізді пульс, АҚ 60/20 мм сын.б.б., үзілісті тыныстың болуы. Бір тәуліктен кейін қарқынды орынбасушы қан сары суын және (3 л полиглюкин және реополиглюкин) және 0,5 л қан құйылған соң АҚ 110/60 мм сын.б.б. дейін көтерілді. Бір тәулік бойы диурез болмады. Кейінгі үш тәулікте жағдайы ауыр күйінде қалды. Науқас қатты бас ауыруына, басының айналуына, жиі тоқтамайтын құсуға, жалпы тежелулікке, қысқа уақытты тырысуға, тері асты шел қабатының ісінулеріне, брадикардияға, эпизодтық экстрасистолияға шағымданды. Диурез тәулігіне 150–250 мл -ден көтерілмеді, АҚ 160/90 мм сын.б.б. Қан талданымы: қалдық азот 90 мг%, гиперкалиемия, гипермагниемия, гипонатриемия және гипохлоремия, рН 7,30; зәр талданымы: аздаған протеинурия және цилиндрурия, көру аймағында бірен саран лейкоциттер, миоглобинурия.

5–7-ші тәуліктен кейін науқаста диурездің бірден жоғарылауы тіркелді (2500 мл/тәу дейін), жалпы жағдайы жақсарды (құсу, тырысу, бас ауыруы тоқтады), ісінулердің айқындалуы төмендеді. Зәр талданымы: салыстырмалы тығыздығы 1,010–1,012, шамалы протеинурия, көп көлемде түйіршікті цилиндрлер.

1

  1. Хирургиялық клиникаға түсер кезде науқаста қандай жағдай дамыды?

2

Науқаста қандай бүйректік синдром дамыды және оның себебі не? Анурияның патогенезін түсіндіріңіз

3

Науқаста дамыған жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің сатыларын көрсетіңіз

4

Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

№ 8 Есеп нжж

Науқас С., 12 жаста, әлсіздікке, ұдайы шөлдеуге, ашығуға шағымданады. Ата-анасының айтуынша, бұл хас кезінен байқалған. Зәрдің жалпы талданымы: альбуминурия, глюкозурия, фосфатурия. Салыстырмалы тығыздығы 1026, диурез -2500мл, зәрдің реакциясы –сілтілі. Қанда глюкоза 2,9 ммоль/л, қанның рН 7,33, SB және AB төмендеген.

1

  1. Хауқаста қандай синдром дамыды?

2

Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

3

Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз

4

зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

9 есеп НЖЖ

Науқас М., 42 жаста, клиникаға дене қызымы -380С, беліндегі ауыру сезіміне шағымданып келді. Зәрдің жалпы талданымы: тәуліктік диурез 2 л, зәрі лайлы. Реакциясы қышқыл, салыстырмалы тығыздығы 1020, нәруыз 0,033%, эритроциттер 2-3 көру аймағында, лейкоцит – 20-30 көру аймағында. Штернгеймер-Мальбин жасушалары көп, эпителий жасышалары – 10-20, біріндеген түйіршікті цилиндрлер көру аймағында, айқын бактериурия.

1

  1. науқаста қандай синдром дамыды?

2

Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

3

Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз

4

зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

10 есеп НЖЖ

Науқас Л., 55 жаста. Рентгенограммада остеопороз анықталды. Артериялық қысым – 180/100 мм с.б. Қанда эритроцит – 2,7х1012/л, Нв - 90г/л, қалдық азот – 90 ммоль/л, креатинин – 140 мкмоль/л. Зимницкий бойынша тексеру нәтижелері:

уақыты

Зәр мөлшері

Зәрдәі салыстырмалы тығыздығы

9

12

15

18

21

24

3

6

100

140

220

300

200

400

600

500

1014

1013

1012

1014

1012

1010

1012

1014

1

  1. науқаста қандай синдром дамыды?

2

Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

3

Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз

4

зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

11 есеп НЖЖ

Емдегенге дейін көктамырға енгізілген инулин мөлшері қан плазмасында - 4 мг%, зәрде- 58мг%, диурез 6 мл/мин. Емдегеннен кейін көктамырға енгізілген инулин мөлшері қан плазмасында - 5 мг%, зәрде- 94мг%, диурез 5 мл/мин

1

  1. науқаста қандай синдром дамыды?

2

Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

3

Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз

4

зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

№ 12 есеп НЖЖ

Науқас Г., 5 жаста, бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында айқын ісінулер байқалады. Тәуліктік диурез 400мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1030, айқын протеинурия (альбумин, трансферрин), липидурия. Зәрдің тұнбасында гиалинді және балауызды цилиндрлер анықталды. Бала суық тиіп жиі ауырған, АҚ жоғарылауы анықталады.

1

  1. науқаста қандай синдром дамыды?

2

Берілген синдром бүйрек патологиясының қай тобына жатады? Этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.

3

Клиникалық белгілерді патофизиологиялық сараптаңыз

4

зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

1 ЭЖ

Клиникаға науқас Н., 60 жаста, мұрт, сақал шығуына, етеккір орамының бұзылуына, жалпы әлсіздік басы ауыруына, аяқ қолдары мен арқасындағы ауыру сезіміне шағымданды. Қарап тексергенде анықталды:

  • Терісі жұқа, құрғақ, іші мен санында қоңып-р қызыл жолақтар.

  • Бетінде, мойнында, ішінде, кеудесінде май жиналған.

  • Артериялық қысымы 150/105 мм с.б.

  • Рентгенограммада жамбас сүйектерінде - айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол мөлшері жоғарылаған

1

Бұл көріністер қай бездің зақымданғанын көрсетеді?

Жауабыңызды негіздеңіз

2

Аурудың гипофиздің немесе бүйрекүсті безінің дертінен дамығандығын анықтау үшін қандай қосымша тексерулер жүргізу қажет?

3

Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз

4

Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

2 ЭЖ

Клиникаға науқас З., өтпелі салданулар, сезімталджықтың бұрмалану сезімдері, қатты шөлдеуге шағымданды. Қарап тексергенде:

  • Артериялық қысым 160/110 мм с.б.

  • Гипокалиемия, гипернатриемия

  • Тәуліктік диурез 3,5л, протеинурия

  • Альдостерон артқан, ренин азайған

1

Бұл көріністер қай бездің қай бөлігінің зақымданғанын көрсетеді?

Жауабыңызды негіздеңіз

2

Ауру қалай аталады?

патогенезін түсіндіріңіз

3

Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз

4

Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

3 ЭЖ

Науқас В., 27 жаста, клиникаға әлсіздіктің өршуіне, жұмысқа қабілеттігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің болмауына, арықтауға шағымданып түсті. Қарап тексергенде анықталды:

  • Іштің ақ сызығы аймағында, шынтақ буынында, қолтығында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде терісінің лас-қоңыр нілденуі.

  • Артериялық қысымы 80/60 мм с.б.

  • Бұлщықет межеқуатының төмендеуі

  • Гипокалиемия, гипернатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л

  • Қанда кортизол мөлшері төмендеген, зәрде кортикостероидтар мөлшері төмендеген.

1

Бұл көріністер қай бездің қай бөлігінің зақымданғанын көрсетеді?

Жауабыңызды негіздеңіз

2

Ауру қалай аталады?

Оның этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз

4

Зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

4 ЭЖ

Қалқанша безі ауыратын науқасты радиоиммунды талдау әдісімен зерттеп, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлерін анықтаған. Т4 және Т3-ң қан сары суындағы мөлшері азайған, ТТГ-ң деңгейі жоғарылаған.

1

Бұл көріністер қалқанша без қызметінің қалай өзгергендігін (гипер- немесе гипофункциясы) мәлімдейді?

2

Дерттік үрдіс қайда орналасқан? Жауапты негіздеңіз

3

Осы дертте қандай симптомдар байқалады? патогенезін түсіндіріңіз

4

Науқас қанында қандай биохимиялық өзгерістер болуы мүмкін? олардың патогенезін түсіндіріңіз

5 ЭЖ

Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.

1

Ит неден өлді?

2

Бүйрек үсті безінің қай қабатының (қыртысты немесе мыйлық) гормонының жеткіліксіздігінен өлді?

3

Симптомдар патогенезін түсіндіріңіз.

4

Емдеу ұстанымдарын негіздеңіз

6 ЭЖ

Клиникаға 5 жастағы бала қашық ауданнан келіп түсті. Бойы мен ақыл-ой дамуының кеш қалуы байқалады. Беті ісіңкі, тілі үлкен, тілдің шеттерінде тістің іздері бар. Терісі құрғақ. Іші кепкен, жиі іш қатулар. Пульс минутына 60 рет., АҚ 95/60.

1

Науқас қандай эндокриндік аурумен ауырады?

2

Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

4

Науқас қанында қандай биохимиялық өзгерістер болуы мүмкін? олардың патогенезін түсіндіріңіз

7 ЭЖ

Науқас А., 16 жаста, дәрігерге қалқанша безінің үлкейгеніне шағым айтып келді. Басқа шағымы болған жоқ. Қалқанша безінің біршама үлкейгендігін бірінші рет төрт жыл бұрын байқады. Қарап тексергенде эндемиялық зоб диагнозы қойылды.

1

Зоб деген не?

2

Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Эндемиялық зоб кезінде без қызметі алай өзгереді? Бұл кезде қандай симптомдар кездеседі?

4

Патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз

8 ЭЖ

Дәрігерге науқас М., 25 жаста, тез арықтауына, тәбетінің жоқтығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: терісі ылғал, пульсі110 рет, қолдарының аздап дірілдеуі, қалқанша безі бөліктерінің симметриялы ұлғайғаны анықталды.

1

Қандай эндокриндік дерт туралы ойлауға болады?

2

Берілген аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Науқасты зерттегенде ТТГ және Т3, Т4 деңгейі қалай өзгеруі мүмкін?

4

Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

9 ЭЖ

Науқас А., 45 жаста, дәрігерге үдемелі әлсіздікке, дене салмағының артуына, іш қатуына, етеккір орамының бұзылуына шағымданып келді. Қарап тексергенде терісі салқын, құрғақ, қабыршықтанған, жүрек тондары әлсіреген, пульс 50 рет мин.

1

Байқалған өзгерістер қай эндокриндік без қызметінің бұзылысын көрсетеді?

2

Науқасты зерттегенде ТТГ және Т3, Т4 деңгейі қалай өзгеруі мүмкін?

3

Қанның биохимиялық талдамасында қандай өзгерістер анықталады?

4

Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

10 ЭЖ

Науқас Л., 48 жаста, 30 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Клиникада кешенді емдеуде глюкокортикоидтар қолданылды. Одан әрі науқас глюкокортикоидты өздігінен қабылдады, бронх демікпесі ұстамасы тоқтағандықтан, науқас гормондық препаратты ішпеді. Глюкокортикоидты тоқтатқаннан соң бірнеше күннен кейін әлсіздік, іш өту дамып, тәбеті болмады. Қарап тексергенде: беті мен ішіне май жиналған, аяқ-қолдары арық. Ішінде қызыл жолақты созылған жерлер көрінеді. АҚ 70/50 мм.с.б. қанда глюкоза -2,7 ммоль/л

1

Глюкокортикоидты тоқтатқаннан кейін науқаста қандай жағдай дамыды?

2

Глюкокортикоидты тоқтатқаннан кейін гипотензия мен гипогликемияның патогенезін түсіндіріңіз

3

Глюкокортикоидты қандай мақсатпен тағайындады? Гиперкортизолизммен байланысты симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

4

Гормондық препараттарды тағайындағанда нені еске алу керек еді?

11 ЭЖ

Науқас С., 35 жаста, ұйқышылдыққа, есінің әлсіреуіне, басының жиі ауыруына шағымданып түсті. Соңғы 6 айда тәбетінің нашарлығына қарамастан, науқас салмақ қосты. Бір жыл бұрын қалқанша безінің аденомасына ота жасалынған. Қарап тексергенде науқас салмағы артық, терісі бозарған, құрғақ, беті, денесі, аяқтарының басы ісінген. Тамыр соғысы 50 рет минутына, дене қызымы 34,40С, негізгі алмасу 17%.-ға төмендеген. Қанда Т3 және Т4 деңгейі қанда төмендеген, ТТГ артқан.

1

Науқаста эндокрин жүйесінің қай ауруы дамыды?

2

Науқасты зерттегенде ТТГ және Т3, Т4 деңгейі өзгеруі нені мәлімдейді? Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

3

Қанның биохимиялық талдамасында қандай өзгерістер анықталады?

4

Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

12. ЭС

Науқас Ф., 14 жаста, бетінде, аяқтарында, қолдарында шаштың артық өсуі анықталды. Науқастың сөзінен соңғы кездері даусының жуандағаны белгілі болды. Томографиялық зерттегенде оң бүйрекүсті безінің ұлғайғаны анықталды.

1

Науқаста эндокрин жүйесінің қай ауруы дамыды?

2

Науқасты зерттегенде ГК және АКТГ, эстроген, ГТГ мөлшері қалай өзгереді? Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

3

Қанның биохимиялық талдамасында қандай өзгерістер анықталады?

4

Симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз

Есеп № 1 ОДС

2 жастағы бала аурухананың қабылдау бөліміне иық сүйегінің сынығымен әкелінді. Қарап тексергенде қабырғаның «ескі» сынықтары, сүйектердің майысуы, буындардың қозғалғыштығы, тістерінің пішіні өзгеруі «янтарлы тістер», «көгілдір» склера, ортаңғы және ішкі құлақ сүйектерінің бұзылуы, кереңдік анықталды

1

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2

Бұл ауру этиологиясы бойынша остеопатияның қай түріне жатады? Осы топтың басқа ауруларын мысалға келтіріңіз

3

Науқастағы сүйек тінінің зақымдану патогенезін түсідіріңіз

4

Сүйек тіннің ремоделденуі деген не? Ремоделдену үрдісінің реттелу тетіктерін түсіндіріңіз

5

Коммуникациялық дағды

2 ОДС

Клиникаға науқас Н., 25 жаста, мұрт, сақал өсуіне, етеккір орамының бұзылуына, жалпы әлсіздік, басы ауыруына, аяқтары мен арқасындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде:

  • Терісі құрғақ, іші мен сандарында қызыл қоңыр түсті жолақтар

  • Бетінде, мойнында, ішінде, кеудесінде майдың айқын жиналуы

  • Артериялық қысым 150/105 мм с.б.

  • Жамбас сүйектерінің рентгенограммасында –айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол мөлшері жоғарылаған

1

Остеопорозға анықтама беріңіз, жіктелуін көрсетіңіз

2

Науқастағы остеопороздың патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз

3

Остеопороздың дамуына әкелетін жайттарды көрсетіңіз

4

Остеомаляция деген не, остеопороздан айырмашылығы қандай?

5

Коммуникациялық дағды

3 ОДС

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен ауырған науқастың қанында кальций мөлшері төмендеген, рентгенограммада жайылған остеопороз анықталады.

1

Остеопорозға анықтама беріңіз, жіктелуін көрсетіңіз

2

Науқастағы остеопороздың және гипокальциемияның патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз

3

Остеопороздың дамуына әкелетін жайттарды көрсетіңіз

4

Остеопатияға анықтама беріңіз, остеопатияның түрлерін атаңыз

5

Коммуникациялық дағды

4 ОДС

Науқас М., 65 жаста, дәрігерге несеп-тас ауруы бойынша қаралды. Сүйек тінінің рентгенограммасында фиброзды өзгерістер байқалады. Сүйек тінінің резорбциясы остеосинтезден басым. Алғашқы гиперпаратиреоз (Реклингаузен ауруы) диагнозы қойылды.

1

Науқастың қанында кальций, фосфат, паратгормон деңгейі қалай өзгереді?

2

Сүйек тінінің өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз

3

Бүйректе тас жиналуының патогенезін түсіндіріңіз

4

Остеопатияға анықтама беріңіз, остеопатияның түрлерін атаңыз

5

Коммуникациялық дағды

5 ОДС

Науқас М., 40 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, бұлшықетінің гипотониясына, шөлдеуге, аяқ сүйектеріндегі жайылмалы тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Рентгенограммада айқын диффузды остеопороз, түтікті сүйектердің эпифизінде кистозды түзіліс және қыртысты қабатының жұқарған бөліктері, бет сүйегінде төменгі жақтың бойына дәнекер тіндердің өскендігі (эпулидтар) анықталады. Қанын зерттегенде: гиперкальциемия, гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның жоғарылағандығы анықталды. Кальциурия және фосфатурия, зәрі сілтілі.

1

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2

Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиоло-гиялық сараптама беріңіз

4

Гиперкальциемияның мүмкіндік салдарын көрсетіңіз

5

6 ОДС

Бала А., 8 айлық, қарап тексергенде анықталғаны:

Бұлшықеттер тонусы төмендеген, іші «бақаның ішіндей», терісі терлегіш, қызыл дермографизм, шашының түсуі, желкесінде шаштың болмауы. Баланың сүт тістері жоқ, еңбегі үлкен, шеттері төмен түсіп тұр. Бала мазасыз, ұйқысы нашар, ашуланшақ.

1

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2

Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиоло-гиялық сараптама беріңіз

4

Бұл аурудың алдын алу мен емдеу ұстанымдарын көрсетіңіз

№7 ОДС

Емханаға науқас Р., 45 жаста, екі қолының саусақтарындағы және білезік буындарындағы ауыру сезіміне, олардың ісінуіне, ертеңгілік қозғалуының қиындауына шағымданады. Ауыру сезімдері жиі қозғалыс кезінде пайда болады. Бұдан басқа, науқасты дене қызымының кешкілік 37,5 – 38,0˚ көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық жүктемеде ентігу, әлсіздік, шаршағыштық, арықтағаны мазалайды. Ауру тарихынан буындарындағы ауыру сезімі вирустық жұқпамен ауырған соң соңғы 3 айда мазалағаны белгілі болды. Екі қолының да саусақтарындағы буындар, білезік, шынтақ буындары ісінген, құрылымы өзгерген, терісі қызарған, ауырғандықтан қимылы шектелген. Саусақтарының және шынтақ буынының жазатын бұлшықеттері аздап атрофияланғаны байқалады. Қан талданымы: Эритроцит 3,0 х1012, Гемоглобин 100 г/л; түстік көрсеткіш - 1,0. Лейкоциттер - 10,0 х 109 /л; Лейкоциттік өрнек: Эозинофил - 3, 0 %, таяқшаядролы нейтрофил- 8 %; сегментядролы - 67 %; Лимфоцит -18 % ; Моноцит 4%

ЭТЖ -35 мм/сағ

Қанның биохимиялық талданымы: С-реактивті нәруыз +++; жалпы нәруыз – 50 г/л, А/Г коэффициенті - 1,0

1

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2

Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

4

зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

8. ОДС

Хирургиялық бөлімшеге науқас тізе буынының ауыратындығына шағымданып түсті. Дене қызымы 380С. Қарап тексергенде: оң тізе буыны сипағанда қатты ауырады, қызарған, ыстық және ісінген, сұйықтық бар. Терісінде сыздауықтар бар. Ауру тарихынан науқас көптеген жылдар бойы қантты диабетпен ауырады. Буыннан сұйықтық алынды. Бактериологиялық зерттегенде алынған сұйықтықтан алтынтүсті стафилококк анықталды.

1

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2

Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз. Оның дамуында қанитты диабет қандай рөл атқарды?

3

Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

4

зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз