Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. 3 курс ЖМ есептер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133.52 Кб
Скачать

№ 10 Есеп

Науқас М., 46 жаста бақшадағы қарқынды физикалық жүктеме кезінде нитроглицирин ішкеннен кейін басылған кеуде артындағы қатты ауыру сезімі пайда болды. Бұған дейін физикалық жүктеме кезінде жүрек аймағында сыздап ауыратын ауыру сезімі болатын, бірақ тез басылатын. Кешкісін ауыру сезімі қайталанды, ентік және сұйық қақырықпен жөтел пайда болды. Қарап тексергенде: науқас орта бойлы, гиперстеник. Терімен шырышты қабаттары бозарған, көгілдірленген. Тынысы жиі, минутына 42 рет. Жүректің согу жиілігі – 120 рет, аускультацияда оң және сол өкпесінен ылғалды сырылдар естіледі. Жүректің минуттық көлемі 1,8л. Артериалық қандағы оксигемоглобин мөлшері 81 %, венада 35%. Шеткері қандағы эритроцит мөлшері 5,0х1012 л, лейкоцит 19х109 л. Лейкоциттік өрнек: Б-0, Э-1, Балғын-2, Т/я-16, Б/я-62, Л-14, М-5.

  1. Алдын ала аңғарымын қойыңыз. Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған?

  2. Қорытынды диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет?

  3. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

  4. Зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.

№ 11 Есеп

Науқас А., 63 жаста, аздаған физикалық жүктемеден соң ентігуге, түнде аздаған мөлшердегі түссіз сұйық қақырықты жөтелмен қабаттасқан тұншығу ұстамаларына шағымданады.

Қарап тексергенде: тері мен шырышты қабаттары көгілдіренген. Тыныс жиілігі минутына 26 рет. Жүректің соғу жиілігі минутына 95 рет. Жүректің минуттық көлемі 3,2л. Жүрек шекаралары солға жылжыған. Артериялық қысым 100/70 ммс.б. Артериялық қандағы оксигемоглобин мөлшері 80 %, венада 35%.

  1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған?

  2. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз. Түнге қарай тұншығу ұстамасының пайда болуын қалай түсіндіресіз?

  3. Гемодинамика жүйесіндегі көрсеткіштердің өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз.

  4. Оттегілік көрсеткіштердің өзгерістерін сипаттаңыз. Науқаста гипоксияның қай түрі дамыған?

12 есеп ЖҚЖ

Науқас Б., 56 жаста, аздаған физикалық жүктемеде күшейетін, тыныштықтағы ентігуге, аяқтарындағы ісінуге, түнде тұншығу ұстамасына, оң қабырғасындағы ауырлық сезіміне шағымданады.

Қарап тексергенде: Тері мен шырышты қабаттары көгістенген. Бауыры айқын ұлғайған. Іш қуысында сұйықтық анықталады. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғал сырылдар естіледі. ЖСЖ - 142 рет. Тыныс жиілігі - 43 рет. Жүректің сол шекарасы бұғананың ортаңғы сызығынан 2,5 см солға жылжыған. Оң жағы – төстің оң қырынан 2,5 см оңға жылжыған.

  1. Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі (орналасуы мен ағымына қарай) дамыған?

  2. Ентігу мен тахикардияның патогенезін түсіндіріңіз

  3. Науқаста су алмасуы бұзылысының қай түрі дамыды? Ісіну мен іш шеменінің патогенезін түсіндіріңіз

  4. Патогенездік емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз

13 есеп ЖҚЖ

Ауыр атлет И., 20 жаста, дәрігерлік тексеруде жүрегі жағынан өзгерістер байқалды. Жүрек қағысы жақсы көрінеді, кеудесін селкілдетеді. Мойнындағы ұйқы артериясының соғысы көрінеді. Жүрек шекаралары солға және төмен кеңейген. Жүрек ұшында бірінші тон әлсіреген. Қолқада екінші тонның әлсірегені анықталды. Бесінші нүктеде (төс шеміршегіне ІІІ қабырғаның бекіген жерінің сол жағында) ұзақ, үрмелі сипаттағы диастолалық шу естіледі. Пульсі минутына 90 рет, жоғары, тез толады. Артериялық қысым 120/50 мм с.б. Басқа ағзалардан өзгерістер байқалмады. Спортшының басқа шағымы жоқ. Ауыр атлетикамен 4 жыл айналысады. Ауру тарихынан балалық шағыгда құздамамен ауырғаны белгілі болды.

  1. Науқаста жүрек қай ақауы дамыған? Жүректің осы ақауындағы гемодинамика өзгерістерінің схемасын жазыңыз

  2. Анықталған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

  3. Ауыр атлетте қанайналымы жеткіліксіздігінің қай сатысы дамыды?

  4. Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі (орналасуы мен ағымына қарай) дамыған? Ф.З.Меерсон бойынша сатысын көрсетіңіз

14 есеп. ЖҚЖ

Науқас М., 30 жаста, дене салмағының айқын артқандығына шағымданады. Қарап тексергенде бетінің айтәрізді болуы, майдың ішінде, мойнында, аяқтарында басым жиналғандығы көңіл аудартады. Тексергенде: АҚ 160/100 мм.с.б., глюкоза 7,5 ммоль/л, гипокалиемия, қаны мен зәрінде глюкокортикоидтар мөлшерінің артқандығы, УДЗ-де бүйрек үсті бездерінің өспесі анықталды.

  1. Науқаста артериялық гипертензияның қай түрі дамыған?

  2. Науқаста АГ патогенезін түсіндіріңіз

  3. Әйгіленімдік АГ мысал келтіріңіз

  4. Патогенездік емдеу ұстанымын көрсетіңіз

1 есеп НЖЖ

20 жастағы науқасты тексергенде:

Диурез –тәулігіне 420 мл, зәрдің тығыздығы – 1,011; зәрде нәруыз – 2,0 г/л

Көру аймағында: еріген, сілтіленген эритроциттер, гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлер

АҚ – 175/95 мм. с.б.б. , қалдық азот – 190 ммоль/л, қанда нәруыз – 70г/л

1

Тапсырмада берілгендерді медициналық атаусөздермен жазыңыз

2

Зәр мен қандағы өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

3

Бүйректің қызметі бойынша қорытынды жасаңыз

4

Артериалық гипертензияның патогенезін түсіндіріңіз

№ 2 есеп НЖЖ

К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин  О және антигиалуронидаза титрінің жоғарылаған.

1

Науқаста қандай ауру дамыған?

2

Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз

3

Бүйректің қызметі бойынша қорытынды жасаңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі туралы ойлауға бола ма?

4

Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

№ 3 есеп НЖЖ

К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, әлбуминдер 1,5 г%, глобулиндер 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия.

1

Науқаста қандай бүйректік синдром дамыған?

2

Аурудың клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз

3

Бүйректің қызметі бойынша қорытынды жасаңыз. Бүйрек жеткіліксіздігі туралы ойлауға бола ма?

4

Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

4 есеп НЖЖ

Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертен бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).

Зәр реакциясы қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакция теріс. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, эндогенді креатинин бойынша клиренс -50 мл/мин. Зимницкий сынауы:

Уақыт

Зәр көлемі

Зәрдің салыстырмалы тығыздығы

9

12

15

18

21

24

3

6

80

100

70

80

150

200

100

150

1030

1020

1025

1020

1021

1025

1025

1021

1

  1. Зимницкий сынауын бағалаңыз

2

клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

3

Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

4

Дамыған бүйрек жеткіліксіздігінің себебін және БСЖ сатысын көрсетіңіз

№ 5 есеп НЖЖ

Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың дамығандығына, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді.

Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде және NH+4 төмендеген

1

  1. Науқаста дамыған жағдайды қалай бағалайсыз? Осы жағдай дамуының мүмкіндік себептері қандай?

2

клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз

3

Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптаңыз

4

Науқастағы бұзылыстардың үдеуін қандай жағдайға жатқызуға болады?