Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. 3 курс ЖМ есептер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133.52 Кб
Скачать
  1. Осы науқаста ақ-ның жоғарлауының себебі қандай?

  2. Науқаста АГ-ның қай түрі дамыды? Оның дамуының мүмкіндік тетктері қандай?

  3. Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

  4. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

6 есеп.

45 жастағы науқас Т., балалық шағында құздамамен ауырған, нәтижесінде біріккен жүрек ақауы қалыптасқан. Көптеген жылдар бойы өзін жақсы сезінген. Бірақ осы жылы баспамен ауырған соң жағдайы күрт нашарлады. Науқасты ентік, жүрек қағысы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, қан түкіру, ісінулер мазалайды.

Қарап тексергенде: Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары көгерген. Соғып тексергенде жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Жүрек қағысы жайылған, әлсіз. Жүрек ұшында систолалық және диастолалық шу естіледі. Өкпе артериясында екінші тон күшейген, ажыраған. Пульсі минутына 96 рет, ырғақсыз. Артериялық қысым 130/85 мм с.б. өкпеден ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры ұлғайған, пальпация кезінде ауырады. Аяқтарында айқын ісінулер. Қанда эритроцит мөлшері артқан. Айналымдағы қан көлемі артқан. Жүректің соққылық көлемі азайған.

  1. Науқаста қанайналым жеткіліксіздігінің қандай көріністері бар?

  2. Науқаста орналасуы мен патогенезіне қарай жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

  3. Баспамен ауырған соң науқас жағдайының нашарлауы неге байланысты?

  4. Клиника- зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.

7 есеп.

Науқас 35 жаста, гломерулонефритпен ауыруына байланысты 15 жыл бойы бақыланған, осы жылдар бойы артериялық қысымы 170 /120мм с.б. болған.

  1. Науқаста АГ-ның қай түрі дамыған?

  2. Науқаста АҚ жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Науқаста дамыған артериялық гипертензияның патогенезі қандай тәжірбие жүзінде дәлелденген.

  4. Патогенездік емдеу тәсілін ұсыныңыз.

№ 8 Есеп

Науқас 47 жаста, троллейбус жүргізушісі, басының ауыруына, бас айналуына, жүрек айнуына шағымданады. Соңғы жыл бойы артериялық қысымы 160/90 мм с.б. көтерілген.

  1. Науқаста АГ-ның қай түрі дамыған?

  2. АГ патогенезін анықтау үшін науқасқа қандай зерттеу жүргізу қажет?

  3. АГ дамуында науқастың мамандығы қандай рөл атқарады? АГ тағы қандай қауіп-қатер жайыттарын білесіз.

  4. Патогенездік емдеу тәсілін ұсыныңыз.

№ 9 Есеп

Науқас К., 34 жаста, клиникаға сан сүйегінің сынғандығынан әкелінді. Келесі куні кеудесінде бірден ауыру сезімі пайда болды. Терісі көгілдірленген. Тынысы минутына 36 рет. Жүректің соғу жиілігі минутына 120 рет. АҚ 85/60мм с.б. жүрек шекаралары қалыпты. Веналардың бірден ісінгені анықталды. Бауыры ұлғайған. Кеуде қуысының жайылмалы рентген суретінде оң өкпесінің төменгі бөлігі конус тәрізді қарайғандығы анықталды. Артериалық қандағы оксигемоглобин мөлшері 85 %, венада 30%. Шеткері қандағы эритроцит мөлшері 5,0х1012 л, лейкоцит 18х109 л. Лейкоциттік өрнек: Б-0, Э-1, Балғын-0, Т/я-16, Б/я-70, Л-8, М-5.

  1. Науқаста орналасуына қарай жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған?

  2. Науқастағы ЖЖ себебін көрсетіңіз.

  3. Қан талданымы мен кеуде қуысының рентген суретіндегі өзгерістерді сараптап, патогенезін түсіндіріңіз.

  4. Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.