
Есеп № 10.
Бас сүйегімен кеуде қуысы зақымданған, терісімен шырышты қабаттары көгерген 25 жасар науқас ауруханаға жеткізілді. АҚ 70/50 мм с.б., дене қызымы 34,20С, тамыр соғысы сирек, толуы төмен, мардымсыз. Науқас естүссіз жағдйда. Біртіндеп өше бастаған ұстамалы сирек тыныс
1 |
Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.? |
2 |
Науқаста тыныстың қай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз. |
3 |
Көрсетілген тыныс өзгерісінің тағыда қандай түрін білесіз? |
4 |
Үзілісті тынысқа мысыл келтіріңіз , патогенезін түсіндіріңіз. |
Есеп № 11.
Науқаста түн мезгілінде ұстамалы тұншығулар; өкпесінде көптеген құрғақ және ылғалды сырылдар бар; АҚ 130/90 мм с.б.б.; ЖСЖ 95/мин; ҚМК 6 л; артериалық қандағы НвО2 75%, веналық қанда – 40%; қанның рН 7,33, рСО2 52 мм с.б.. Қанда эритроциттер 6х1012/л, Нв- 175г/л ретикулоциттер 4%, лейкоциттер - 12х 109/л, базофилдер -0, эозинофилдер – 18%, таяқша-ядролылар -2%, бөлшектенген ядролылар – 45%, лимфоциттер – 32%, моноциттер – 3%.
Спирограмма: тыныс жиілігі – минутына 22 рет, ТК – 300 мл, РКда -2300 мм,, РКдш -400 мм, Тиффно индексі – 40%. Пневмотахограмма: Ппик – 4,5 л/с, П75 – 3,3 л/с, П50 – 1,8 л/с, П25 – 1,0 л/с.
(қалыпты жағдайда: Ппик – 8,7 л/с, П75 – 7,7 л/с, П50 – 5,4 л/с, П25 – 2,6 л/с.)
1 |
Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.? |
2 |
Пневмотахограмма және Тифно индексімен өкпе көлемдік өзгерістерінің патогенездік түсіндіріңіз. |
3 |
Қан көрсеткіштернің өзгерістері қандй мағана береді? ҚСҮ өзгерістеріне сараптама берініңз. |
4 |
Берілген науқаста вентеляция- парфузиялық арақатнас қалай өзгереді? |
Есеп № 12.
Жедел жәрдем бригадасы өзін-өзі өлтіру мақсатында барбитураттарды көп мөлшерде қабылдаған науқасты ауруханаға жеткізді. Қабылдау бөлімінде АҚ 95/65 мм с.б, ТСЖ минутына 105 рет. Артериалық қанда газ құрамы анықталған.
1 |
Патогенезі бойынша науқаста тыныс жеткіліксіздігінің қандай түрі дамыды? |
2 |
Артериялық қанның рН мен газдық құрамы қалай өзгереді? |
3 |
Тыныс орталығына бағытталған афферентацияның бұзылысымен байланысты тыныс жеткіліксіздігіне мысал келтіріңіздер |
4 |
Тыныс орталығының мый қыртысы мен жұлынның мотонейрандарымен байланысы бұзылғанда, тыныс қалай өзгереді |
1 - есеп
14 жастағы науқас К., ауруханаға әлсіздік, бас айналу, дене қызымының көтерілуі, жұтынғанда ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауру тарихынан науқас уытқорлықпен ауыратындығы, соңғы үш айда бензолдың буымен дем алғандығы анықталды. Терісінің бозарғаны, ұсақ нүктелі және дақтыкөптеген қанқұйылулар, ауызы мен көмейінде некроздық жаралар бар екенддгі көңіл аудартады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 60 г/л; эритроциттер – 2,7х1012/л; ретикулоцит – 0%; тромбоцит - 28 х109 лейкоцит -1,5 х109/л; нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролылар - 0%; бөлшектенген ядролылар-15%; эозинофил -0%; базофил – 0%; лимфоцит – 82%; моноцит – 3%; ЭТЖ- 45мм/сағ.
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
2 - есеп
38 жастағы науқас Д., ауруханаға әлсіздік, қатты шаршағыштық, шашының түсуі, тырнақтарының сынғыштығы және қабыршықтанғаны, дәм сезгіштігінің бұрмалануы, көктем мен күзде күшейетін, ашқарында эпигастр аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қан сараптамасы:
гемоглобин – 70 г/л ; эритроцит – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш– 0,6 ретикулоцит – 0,1%; тромбоцит - 385 х109/л; лейкоцит - 4,0 х109/л нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -2%; бөлшектенген ядролы- 65% эозинофил -3%; базофил – 0%; лимфоцит – 26%; моноцит – 4%
Қан жағындысы: микроциттер, анулоциттер. Сүйек кемігінде сидеробластар саны азайған.
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, тромбоциттер, қан жағындысындағы өзгерістерге патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
5 |
Коммуникациялық дағды |
3 - есеп
2 жастағы бала Б., ауруханаға анемия диагнозы жолдамасымен келіп түсті. Ауру тарихынан баланың шала туылғандығы, жиі суық тиіп ауырғандығы белгілі болды. Балада тәбетінің төмендегені, терісінің құрғағандығы, тырнағының сынғыштығы, шашының түсетіндігі, ауыздық шыққандығы көрінеді. Қан талданымы:
гемоглобин – 60 г/л; эритроциттер – 3,0 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,6
ретикулоциттер – 0,25%; тромбоциттер - 170 х109/л; лейкоциттер - 4,4 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқша ядролылар -2%;сегментоядролылар– 48%
эозинофилдер -3%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 39%; моноциттер – 7%
ЭШЖ 22 мм/сағ; сидеропения
Қан жағындысында: анизоцитоз, пойкилоцитоз, микроциттер
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
|
|
4- есеп
22 жастағы науқас М. , ауруханаға әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, жүрек қағысы, тыныштықтағы ентігу, денесінде қанқұйылу ошақтарының пайда болғандығына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісінің бозғылттығы, бетінің ісіңкілігі, көптеген ұсақ нүктелі және дақты қанқұйылулар анықталды бауыры, көкбауыры, лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Қан талданымы: гемоглобин – 50 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 1,0 ретикулоциттер – 0%; тромбоциттер - 26 х109/л; лейкоциттер - 1,4 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролы -1%; сегментоядролылар- 17%
эозинофилдер -3%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 79%; моноциттер – 3%
ЭШЖ - 41 мм/сағ. Қанда темір мен билирубиннің мөлшері қалыпты.
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, нейтрофилдердің улы түйіршіктенуі. Сүйек кемігін тексергенде гемобластоз белгілері анықталған жоқ.
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, қан жағындысы өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
|
|
5 - есеп
Науқас В., 32 жаста, ауруханаға қатты әлсіздік, денесінің қалтырауымен қабаттасқан қызымының көтерілуі, белінің ауыруы, тыныштықтағы ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағысына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісі мен көзінің ақ қабығының сарғыштанғаны, сипағанда көкбауырының ұлғайғаны мен ауыратындығы анықталды.
Қан талданымы: гемоглобин – 40 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,8 ретикулоциттер – 28%; тромбоциттер - 180 х109/л; лейкоциттер – 14,5 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоциттер -2%; таяқша ядролы -11%; сегментоядролылар -58% эозинофилдер - 4%; базофилдер – 1%; лимфоциттер – 17%; моноциттер – 3%
ЭТЖ - 40 мм/сағ
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, полихроматофилия, нормобластар.
Қанда тура емес (бос, коньюгацияланбаған) билирубиннің мөлшері артпаған. Эритроциттердің осмостық төзімділігі төмендеген.
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, қан жағындысы өзге рістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиоло гиясы мен патоге незін көрсетіңіз |
4 |
Қанда билирубин көбеюінің клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз |
|
|
6 - есеп
Науқас Н., 35 жаста, ауруханаға әлсіздікке, қатты шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде жүрегінің қағатындығына шағымданып келді. Ауру тарихынан оның жас кезінен әлсіздік пен қатты шаршағыштық байқалған. Науқастың әкесі мен баласы анемиямен ауырады.
Қан талданымы: гемоглобин – 70 г/л; эритроциттер – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,6
ретикулоциттер – 0,4%; тромбоциттер - 295 х109/л; лейкоциттер – 3,9 х109/л
нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролылар - 4%; сегментоядролылар - 44% эозинофилдер -1%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 46%; моноциттер – 5%.
ЭШЖ - 30 мм/сағ
Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, гипохромды эритроциттер.
Сүйек кемігінде сидеробластар мөлшері жоғарылаған. Қан сары суының темір байланыстыратын қабілеті төмендеген. Қанда билирубин мөлшері қалыпты.
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, ТК, қан жағындысы өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз |
|
|
7 - есеп
Науқас Р., 56 жаста невмония диагнозымен жолданды. Ауру тарихында жиі суық тиіп ауырғаны, соңғы жылы екі қайтара пневмониямен ауырып, амбулаториялық емделді. Қарап тексергенде мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, эластикалы, жұмсақ, сипағанда ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры аздап ұлғайған. Қан анализі: Гемоглобин – 120 г/л; Эритроцит – 4,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;
Тромбоцит - 150 х109/л; Лейкоцит -55 х109/л Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяшаядролы -1%; сегментядролы-16% Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Пролимфоцит – 5%; Лимфоцит – 76% Моноцит – 2% ЭТЖ -25мм/сағ
Қан жағындысында көп мөлшерде Боткин-Гумпрехт денешіктері
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер, қан жағындысы өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз |
|
|
8 - есеп
Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.
Қан анализі: Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;
Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109/л Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16% Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56% Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%
Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакция оң (гликоген бөлек түйіршіктер түрінде)
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз |
|
|
9 - есеп
Науқас М., 55 жаста, ауруханаға үдемелі әлсіздікке, жүрек қағуына, физикалық жұмыс жасағанда ентікке, тәбеттің төмендеуіне, тіліндегі күйдіру сезімі мен ауыру сезіміне, аяқ-қолдарының жансыздануына шағымданып келді.
Қан талданымы: Гемоглобин – 60 г/л; Эритроцит – 1,5х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 90 х109/л; Лейкоцит -3,4 х109/л; Нейтрофил: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; Сегментоядролы –62%; Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Лимфоцит – 35%; Моноцит – 2% ЭТЖ 29мм/сағ;
Қанда тура емес билирубин көбейген.
Қан жағындысында: айқын (макроцитоз), пойкилоцитоз, мегалоцит, мегалобласт, базофильді нүктеленген эритроцит және басқа дерттік қосымша, гиперсегменттелген нейтрофилдер, ретикулоцит-0,4%.
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
|
|
10 - есеп
Науқас Л., ауруханаға әлсіздікке, тершеңдікке, жүрек қағуына, ішінің сол бөлігіндегі ауыру сезіміне, ентікке, дене температурасының 37,5 0С көтерілуіне, сүйектердегі ауыру сезіміне, қанағыштыққа шағымданып келді.
Қан талданымы: Гемоглобин – 70 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,3%; Тромбоцит - 80 х109/л; Лейкоцит - 450 х109/л; Миелобласт – 4%; Промиелоцит – 7%; Нейтрофил: миелоцит -17%; метамиелоцит -24%%; таяқшаядролы -19%; сегментоядролы – 13%
Эозинофил -8%; Базофил – 7%; Лимфоцит – 1%; Моноцит – 0%
Қызыл сүйек кемігінің миелоидты гиперплазиясы
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен қан жағындысындағы өзгеріске патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
|
|
11 - есеп
Науқас М., 17 жаста, ауруханаға жалпы әлсіздікке, дене температурасының қалтырауымен көтерілуіне, жұтынғанда көмейіндегі ауыру сезіміне, шағымданып түсті. Қарап тексергенде көмейі қызарған, ісінген бездерде іріңдеген фолликулалардың тарытәрізді нүктелер көрінеді.
Қан талданымы: Гемоглобин - 130 г/л; Эритроцит – 4,0 х10 12 /л; Ретикулоцит – 0,7%
Лейкоцит - 16 х109/л; эозинофил - 2%; базофил - 0%; нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 8%; таяқшаядролы - 10% сегментоядролы- 66%; лимфоцит - 11%; моноцит - 3%; ЭТЖ 24 мм/час
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістерге патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
|
|
12 - есеп
Науқас М., 20 жаста, дәрігерге мұрнынан көпмөлшерде сутәрізді бөліністермен қабаттасатын түшкіруге, қабағының қышуына, көзден жас ағуына, көзіндегі тесіп ауыруға шағымданып келді. Осындай жағдай соңғы 3 жыл бойы мамыр айынан маусым айының соңына дейін байқалған. Подобное состояние наблюдается в течение последних трех лет с начала мая до конца июня.
Қан талданымы: Гемоглобин - 120 г/л; Эритроцит – 4,0 х10 12 /л; Ретикулоцит – 1%; Тромбоцит – 260 х 109/л; Лейкоцит - 10 х109/л; эозинофил - 13%; базофил - 0%;
нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 0%; таяқшаядролы- 4%;
сегментоядролы - 56%; лимфоцит - 23%; моноцит - 4%; ЭТЖ 20 мм/сағ
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
13 - есеп
Науқас Г., 25 жаста, ауруханаға дене температурасының көтерілуінеа, жұтынғанда тамағындағы ауыру ссезіміне шағымдана келді. Соңғы кездері басы ауырғандықтан анальгин ішкен. Тамағын қарап тексергенде бездері қызарған, ақшыл-сұр өлген тіндермен қапталған. Оң жақ безінде шеті тегіс емес жаралар көрінеді. Мойынның лимфа түйіндері ұлғайған.
Қан талданымы: Гемоглобин - 120 г/л; Эритроцит – 3,7 х10 12 /л; Ретикулоцит – 0,2%;
Тромбоцит – 180 х 109/л; Лейкоцит - 1,2 х109/л; эозинофил - 0%; базофил - 0%
нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 0%; таяқша ядролы - 0%
сегментоядролы - 17%; лимфоцит - 68%; моноцит - 15%; ЭТЖ 35 мм/сағ
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
14- есеп
Науқас Б., 27 жаста, ауруханаға әлсіздікке, ентікке, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жаралы стоматит, клиникаға белгісіз өтетін пневмония. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қан талданымы: Гемоглобин - 80 г/л; Эритроцит – 2,5 х10 12 /л; Ретикулоцит – 0,1%; Тромбоцит – 60 х 109/л Лейкоцит - 1,2 х109/л; эозинофил - 0%; базофил - 0%; нейтрофил: миелоцит - 0%; метамиелоцит - 0%; таяқшаядролы - 2%; сегментоядролы - 21%; лимфоцит - 73%; моноцит - 6 %; ЭТЖ - 28 мм/сағ
Қан жағындысы: Анизоцитоз, пойкилоцитоз, ядросы бүріскен және цитоплазмасы улы түйіршікті нейтрофилдер. Қызыл сүйек кемігінде лимфоидты гиперплазия белгісі жоқ.
1 |
Эритроцит, ретикулоцит, Нв, тромбоциттер өзгерістеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
2 |
Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер мен ЭТЖ, тромбоцит өзгерісіне патофизиологиялық сараптама беріңіз |
3 |
Гемограмма мәліметтеріне қарап алдын ала диагнозын қойыңыз, этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Клиникалық көріністерінің патогенез түсіндіріңіз |
15- есеп
Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлаған соң арқасында ауқымды қанқұйылу болған, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалған. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар. Зертханалық тексерулер: қанның ұю уақыты мен әсерленген үлесті тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған, қан ұюының тромбиндік және протромбиндік уақыты қалыпты. Қан сары суында ІХ жайт - 1%
1 |
Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз? Жауапты негіздеңіз |
2 |
Аурудың этиологиясы мен патогенезін келтіріңіз. Қан ұю схемасын құрастырыңыз |
3 |
Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Патогенездік емдеу тәсілдерін ұсыныңыз |
№ 16 есеп.
Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады.
Зертханалық тексерулер:
Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.
Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған. Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5%
1 |
Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз? Жауапты негіздеңіз |
2 |
Аурудың этиологиясы мен патогенезін келтіріңіз. Қан ұю схемасын құрастырыңыз |
3 |
Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Патогенездік емдеу тәсілдерін ұсыныңыз |
№ 17 есеп.
Науқас К. 27 жаста, денесінің қызымы көтерілуімен суықтағынына байланысты өзін-өзі емдеу шараларын қолданды, 3 күн бойы үлкен дозада аспирин қабылдаған. Ем қабылдаған кезінде мұрнынан және тістің қызыл иегінен қан кетулер пайда болды, аяғының терісінде майда нүктелі петихиальді бөртпелер анықталды. Тромбоциттер саны – 200х109/л, қан ағу уақыты 5 минут, қан ұю уақыты 8 минут. Протромбиндік пен тромбиндік уақыт және әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт қалыпты жағдайда.
1 |
Гемостаздың қандай бұзылы туралы ойлауға болады? |
2 |
Науқастағы гемостаз бұзылысынң этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз. Тағыда қандай себептер гемостаздың бұзылыстарын тудыра алады. |
3 |
Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Гемостазда тромбоциттер қандай роль атқарады ? |
№ 18 есеп.
25 жасар науқаста көгерулер мен мұрнынан және етіккірлік қан кетулер байқалған. Көкбауыры ұлғаймаған. Тромбоциттер саны – 18х109/л, қан кету уақыты 18 минут, қан ұю ауқыты 10 минут. Протромбиндік пен тромбиндік уақыт және әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт қалыпты жағдайдың жоғарғы шегінде. Сүйек кемігінде мегакариоциттердің саны көбейген. Тромбоциттер саны преднизолон қабылдаған соң қалыпты жағдайға келді, бірақ оны қабылдауды тоқтатқаннан соң тромбоциттер саны қайтадан төмендеді.
1 |
Гемостаздың қандай бұзылы туралы ойлауға болады? |
2 |
Науқастағы гемостаз бұзылысынң этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз. Тағыда қандай себептер гемостаздың бұзылыстарын тудыра алады. |
3 |
Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Гемостазда тромбоциттер қандай роль атқарады ? |
№ 19 есеп.
Ауқымды ішкі отаудан кейін науқасқа 450 мл консервацияланған қан құйылды. Аз уақыттан соң дене қызуы көтеріліп, ентігу және кеуде қуысымен бел аймағында ауру сезімі пайда болды. АҚ 80/40 мм с.б., пульсі минутына 120 рет, зәрінің түсі қызылдау. Денесінде ауқымды гематомалар пайда болды отаудан кейінгі жарақаттан қан кетті. Тромбоциттер – 30х109/л, протромбиндік пен тромбиндік уақыт және әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған. Қан ұю уақыты 17 минут. Қанда еріген фибринмономерлі кешен (ЕФМК), D-димерлері анықталады
1 |
Гемостаздың қандай бұзылы туралы ойлауға болады? |
2 |
Науқастағы гемостаз бұзылысынң этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз. Тағыда қандай себептер гемостаздың бұзылыстарын тудыра алады. |
3 |
Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін көрсетіңіз |
4 |
Бақыланған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз |
№ 1 есеп.
32 жастағы ер адам, дәрігерге мынадай шағыммен келді: 4 жыл бұрын пайда болған жұтудың қиындауы. Ол қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 сек. соң төстің жоғары жағында қысу сезімінің пайда болуын айтады. Алғашқыда бұл сезімдер сирек болатын, бірақ соңғы жылы олар тұрақты және әрбір тағам қабылдаған кезде пайда бола бастады. Сұрау барысында анықталғандай, жылдан аса науқасты кеудеде «бүлкілдеу» және оянғаннан кейін жөтел мазалайды. Бұл бұзылыстар ол су ішкеннен соң азаяды. Науқас тағам ішкен кезде тұншығу сезімі немесе шаршау сезімінің, мұрын және ауыз арқылы кері лықсудың, тамағы ауыруының, қыжылдың, дене массасы төмендеуінің, қарын-ішектік қан кетудің болмайтынын айтады. Науқастың сөзі бойынша: бұлшықеттердің жоғары ауырсынғыштығы, қыжыл жоқ, онда да, оның туыстарында да жүйелік коллагеноздар болмаған. Айғақты тексерудің, сонымен қатар, зертханалық тексерулерге кіретін қанның жалпы талданымының деректері, ЭТЖ, қанттың, креатининнің, бауыр және қан ферменттерінің, деңгейі қалыпты мөлшерде.
Жұтудың бұзылуы неге байланысты: жұтқыншаққа немесе өңеш қызметінің бұзылуына ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Берілген тексерістердің нәтижелеріне патофизиологиялық сараптама жасаңыз.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы науқастағы жұту бұзылуының патогенезін түсіндіріңіз.
№ 2– есеп.
52 жастағы науқас соңғы кездері эпигастр аймағының сол жағы сыздап ауратынын және осы ауыру сезімі төстің төменгі бөлігі мен көкірегінің сол жағына берілетінін байқаған. «Ауыру сезімі стенокардиямен байланысты шығар»- деп ойлап валидол қабылдаған, брақ ауыру сезімі басылмадыі. Ауыру сезімі тамақтан кейін жарты – бір сағаттан соң пайда болатындығына, ащы қышқыл сезім мен, іш кебуінің болатындығына көңіл бөлді. Нәжісі – тұрақты емес, көбіне іші өтеді. Ұйқысы нашар, жұмысқа қабілеті төмендеген, тез шаршайды, ашуланғыш, көңіл-күйі төмен, кейде тұнжыраулық жағдай да болады.
Қарап тексергенде: дене құрылымы қалыпты, нормостениялық, тері асты шел қабаты қалыптағыдай. Тілі өңізделген, бүрлері тегістеле бастаған. Аузынан жағымсыз иіс шығады, эпигастр аймағын сипап тексергенде орталық сызықтың сол жағында ауыру сезімі анықталды. АҚ -140/80 мм с.б., ЖСЖ - 70, тыныс жиілігі - 16, Нв - 115 г/л, Л - 8 х109/л. Зәр мен нәжіс анализі қалыптыдан ауытқымаған. Негізгі және түрткілік секреция тым азайған. Асқазан сөлінде уреаза анықталған. Асқазан сөлінің потеолиздік белсенділігі жоғары. Асқазан сөлінде фруктоза мен N-ацетилнейрамин қышқылының мөлшері төмендеген. Рентгенологиялық суретте асқазанның кардиалды бөлігінің жоғары бөлігінде «ойық» симптомы анықталады.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Этиологиялық және патогенездік ем ұстанымына тұжырым жасаңыз.
№ 3 есеп.
55 жастағы ер кісіде 4 ай бұрын кемпингтегі демалыс кезінде нәжісі тәулігіне 2-3 ретке дейін жиіледі. Диарея бірнеше ай бойы үдеп, сұйықталып, тәулігіне 4-6 ретке жетті. Ол сұйықтық қабылдауды шектеп, іш қатыратын дәрі ішіп, өздігінен емделгенмен көмектеспеді. Диарея үдей берді, аяқ-қолы әлсіреп, дене массасы азайды. Науқаста жүрек айну, құсу, қара нәжіс (мелена) болмады. Бұған дейін колиттен немесе диареядан азап шеккен емес. Жаз бойы ол бір-ақ рет синуситтен ампициллинмен емделді, бірақ соңғы кездері ешқандай дәрі қабылдамады. Науқас ауруханаға жіберілді.
Тексергенде айқын гиповолемия, гипотензия анықталды. Дене қызымы 370С, тамыр соғуы минөтіне 110 рет, тынысы минөтіне 20 рет, АҚ 85/45 мм с.б. Ауыз қуысының шырышты қабығы қүрғақ, бауыры ұлғайған. Зертханалық деректер: гемоглобин 190 г/л, гематокрит -55%, лейкоциттер – 11 х 109/л, лейкоциттік өрнек қалыптыдан ауытқымаған, Na+ -135 ммоль/л,
К+ НCО3- -8 ммоль/л, зәрнәсіл -15,7 ммоль/л, креатинин – 0,17 ммоль/л, қант – 8,21 ммоль/л, кальций – 3,55 ммоль/л, нәруыз – 84 г/л, АЛТ мен АСТ белсенділігі жоғарылаған, жалпы билирубин – 12 мкмоль/л.
Нәжістің көлемі – тәулігіне 6л, лейкоциттер, қарапайымды жәндіктер жоқ, құрттар жұмыртқасы анықталмады. Рентгенографиялық тексеруде дерт анықталмады. Эзофагогастродуоденоскопия да асқазанның антралды бөлімінде эритема анықталды, ойық жара жоқ. Гастрин деңгейі 124 пг/мл.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 4 есеп.
46 жастағы науқас В. аңғарымы «ұйқы безінің обыр деген күдікпен» ауруханаға түсті. дене массасы 59 кг, бойы 179 см; соңғы жылы 14 кг арықтады. Үлкен дәретке тәулігіне 3–4 рет барады, мөлшері көп. Іші кебеді. Тілі өңезденген, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Іші ауырмайды, дене температурасы қалыпты.
Ауру тарихынан: науқас әлкоголді 15–20 жыл бойы көптеп ішеді; 10 жыл бұрын кезекті әлкоголдік ұстамсыздықтан жедел панкреатитті бастан кешті (ауруханаға түсті); кейінірек тағыда 2–3 рет ішінде қатты ауыру сезімдері қайталанды, бірақ дәрігерге қаралмады, емделмеді, емдәмді сақтамады, әлкогол ішуді жалғастыра берді.
Клиникада жүргізілген талдамаларда: гипергликемия 20,6 ммоль/л (371 мг%), глюкозурия 4% (тәуліктік диурез 3–4 л болғанына қарамай), айқын стеаторея, ал ұлтабарға түрткілік сынаманы өткізгенде, яғни көктамырға секретин және панкреозиминді енгізуді қолдана отырып, сүңгімен зерттеген кезде, трипсиннің барынша белсенділік көрсеткіші, қалыптымен салыстырғанда 5 рет төмендеді.
Ұйқы безінің УДЗ және компьютерлік томографиясының нәтижелері: бездің таралған тығыздалуы және құрылымының әркелкілігі, онда кальцификаттардың болуы.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 5 есеп.
56 жастағы науқас дене массасын жоғалтқанға (8 айда14кг ), қойыртпақты үлкен дәретке шағымданады. Тексеру мезетінде ішінде ауыру сезімі жоқ, бірақ ауыру тарихынан белгілі болғаны: осыдан екі ай бұрын науқас іші ауырғанын, оның жотасына таралғанын атап көрсетеді. Осындай ауыру сезімі, шамамен жеті күнге созылатынын, соңғы бес жылда жүйелі түрде, жылына екі рет болатынын айтады. Үлкен дәреті, әдетте, қойыртпақты, кейде майлы. Ауыру сезімі кезінде науқаста қан кету, қызба және қалтырау болмаған. Науқастың тәбеті жақсы, емдәм ұстамайды. Бірнеше жыл бұрын қантқа төзімділіктің бұзылуы анықталған. Дәріні тұрақты қабылдамайды. Үйленген, меншік фирмасында жұмыс істейді, соңғы 20 жылда күніне бір қорап сигарет шегеді. Тамақ ішкенде күн сайын бір стақан шарап және демалыс күндері 200 мл виски, 6 банкі сыра ішеді. Айғақтар: науқас біршама арықтау, самай аймағында майдың және бұлшықет көлемінің азаюы байқалады, шеткері лимфа түйіндері үлкеймеген. Жүрек және өкпені тексеруде өзгерістер анықталмады. Қолмен сипағанда іші жұмсақ, кебімеген. Бауыры аздап үлкейген, шеті тегіс. Көкбауыр қол ұшымен білінбейді. Тікішектік тексеруде дерт анықталмады. Нәжістің қанға жасырын сынамасы теріс.
Зертханалық зерттеулер деректері:
Электролиттер қалыпты, қант деңгейі – 7 ммоль/л, АСТ – 800 ХБ/л, АЛТ – 600 ХБ/л (қалыпты жағдайда 400 ХБ/л); билирубин қалыпты; амилаза және липаза мөлшері жоғарылаған, альбуминдер – 30 г/л, Нв – 130 г/л, эритроциттер көлемі ұлғайған, тромбоциттер 135х109/л
Науқас тәулігіне 100 г май қабылдаған кезде 600 г нәжіс шығарады, онда 15 г май бар (қалыпты жағдайда май 7% аз бөлінеді).
Іш қуысының рентгенограммасында ұйқыбезінде кальцификаттар анықталмады. УДЗ кезінде бауырда жаңғырықтық жайылмалы өзгерістер айқындалды, бұл майлық дистрофияның дамуын дәлелдейді. Кері бағыттық холецистопанкреатография кезінде обыр және тас болуы анықталмады. Ұйқы бездің өзектері өзгерген: кеңею және тарылудың кезектесуі байқалды («моншақ» әйгіленімі)
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 6 есеп
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы анықталды. ҚҚ 95/65 мм с.б., ЖСЖ 98 рет мин. Қан анализі: эритроциттер – 2,5 х 1012/л, гемоглобин -80 г/л, ретикулоциттер -5%. Қан плазмасында: тура емес билирубин – 28,3 мкмоль/л, уробилиногенемия, жалпы белок 71 г/л, қант - 4,8 ммоль/л, қалдық азот -18 ммоль/л, АСТ- 0,4 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,31 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,36 мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - оң. Нәжісі гиперхолиялық. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Сарғаюдың түрін анықтаңыз.
Осы сарғаюдың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 7 есеп.
Науқас оң жақ қабырғалықтағы ауыру сезіміне, тері мен көз ағының сарғаюына, қышынуға шағымданды. ҚҚ 90/60 мм с.б., ЖСЖ 60 рет минутына, тура билирубин – 20мкмоль/л, жалпы нәруыз 65 г/л, холестерин -10,5 ммоль/л, қалдық азот -20 ммоль/л, АСТ - 0,6 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,8 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза - 0,5мколь/л. Зәрі қоңыр түсті, уробилиноген реакциясы - теріс. Нәжісі түссіз, стеркобилиноген реакциясы - теріс. Осы бұзылыстар тән сарғыштанудың түрін анықтаңыз. Олардың патогенезін түсіндіріңіз.
Сарғаюдың түрін анықтаңыз.
Осы сарғаюдың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 8 Есеп.
Науқас, 31 жаста, клиникаға «Жедел жәрдем» көлігімен әкелінген. Түскен кезде: енжар, тежелісте, селқос, сұрақтарға жауабы кідірісте, бірден емес және сәйкессіз. Тілі өңезделген. Дене қызымы 36,5 °С. Тері және шырышты қабықтар сарғыштанған, денесінің жоғарғы бөлігіндегі терісінде телеангиэктазиялар бар, алақанында қызару (эритема) байқалады.
Іші шемендік сұйық жиналғандықтан үлкейген, бұл бауырды қол ұшымен тексеруді қиындатады. Аяқтарының ісінуі байқалады. жүректің сол қарыншасының көлемі аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм с .б., ЖСЖ 90, тамыр соғу ырғағы қалыпты.
Қанның зертханалық зерттеунің нәтижелері:
Қанның жалпы талданымы:
Нb
108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л,
лейкоциттер 4,8´109/л;
ЭТЖ 35 мм сағ
Қанның биохимиялық зерттелуі:
Жалпы билирубин 50 мкмоль; қант 5 ммоль/л; КД (кетондық денелер) қалыптыдан жоғары
Зәрнәсілдің мөлшері азайған; протромбиндік индекс төмендеген;
холинэстеразаның белсенділігі төмендеген
Австралиялық Аг табылмады.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Науқастағы дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз.
Клиника нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
№ 9 есеп.
Науқаста көз ағының, шырышты қабаттардың, терінің сарғайғандығы, қышыну әсерінен қасыну іздері анықталды. Қан плазмасында жалпы билирубин – 39 мкмоль/л, тура билирубин 17 мкмоль/л, жалпы белок – 56 г/л, альбуминдер – 25 г/л, глобулиндер – 31 г/л, протромбиндік индекс – 68%, холестерин – 3 ммоль/л, фосфолипидтер – 1,1 ммоль/л, қант – 3,1 ммоль/л, қалдық азот – 30 ммоль/л, аммиак – 55 мкмоль/л, зәрнәсіл - 2,5 ммоль/л, АСТ-0,52 ммоль/ ч ˙ л., Алт – 0,68 ммоль/ ч ˙ л, сілтілік фосфатаза – 0,2 мкмоль/л. зәрі қоңыр, әлсіз боялған.
Сарғаюдың түрін анықтаңыз.
Осы сарғаюдың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 10 есеп.
Науқас С, 55 жаста, ішінің кебуіне, арықтағанына, ішінің жиі өтуіне, құсуға шағымданады.
Нәжісінде бұлшықет талшықтары көп мөлшерде және май тамшылары, ал ұйқы безі сөлінде ферменттер мөлшерінің бірден азайғандығы анықталды
Қан анализінде: эритроциттер 2,5 х1012/л, Нв 100г/л лейкоциттер 3,5 х109/л, тромбоциттер 150- х109/л., қан жағындысында: мегалоциттер және гиперсегменттелген нейтрофилдер.
Бұл жағдайда қандай ауру туралы ойлауға болады?
Осы аурудың этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз.
№ 11 есеп.
Науқас К, 55 жаста, ас, әсіресе тәтті немесе сүтті тағам, қабылдағаннан кейін 20-30 минуттан соң жүрек айну, ыстық сезімі, бас ауыруы, терлеудің күшеюі, жүрек соғуының жиілеуі, шаршағыштық, делсалдыты сезеді.
Ауру тарихынан 2 ай бұрын асқазанының бір бөлігі алынып тасталғаны белгілі болды.
Науқаста қандай синдром дамыды?
Осы синдромның патогенезін түсіндіріңіз
Науқаста ішектік және қабырғалық сіңірілу қалай өзгереді?
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 12 есеп
Науқас К., 58 жаста, клиникаға ауыр жағдайда жеткізілген: уақыт пен кеңістікті анықтай алмайды. Пирамидалық бұзылыстар анықталады (Бабинский рефлексі оң, гиперрефлексия). Бұлшықет гипертониясы, бұлшықеттердің қатайып қалуы, гипомимия, дизартрия, қозғалыс тепе-теңдігінің бұзылуы анықталды. Аузынан «бауырлық» иіс шығады. Іш шемені, аяқтары ісінген.
Ауру тарихынан: науқас К. бауыр беріштенуінен ем қабылдағандығы белгілі болды.
Биохимиялық зерттеулер: Қандағы қант - 2,8 ммоль/л, жалпы нәруыз - 30 г/л; альбумин - 10 г/л; фибриноген - 1 г/л, жалпы билирубин - 100 мкмоль/л; тура емес - 50 мкмоль/л; тура - 50 мкмоль/л; холестерин - 1,2 ммоль/л.
Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 2,1 х 1012/л, гемоглобин - 100 г/л, ТК - 0,79, ЭТЖ- 22 мм/сағ, тромбоцит - 18 х 109/л, лейкоцит - 2,0 х 109/л.
Науқастың қанында протромбин, проконвертин мөлшері төмендеген.
Қан сары суы мен несепте кетон денелерінің жоғарылағандығы анықталды.
Науқаста қандай жағдай дамыды?
Науқастағы дамыған жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
№ 13 есеп
Науқас Е., 66 жаста, ашық түсті қанмен қабаттасатын құсуға, одан сирегірек «қою кофе тәрізді» құсуға, жалпы әлсіздіккке, терісінің қышуына шағымданады. Нәжісінің қара түсті болып шығатынын байқаған.
Қарап тексергенде: науқас азған, терісі сары түсті, босаңсыған, құрғақ, қасығандағы тырнақтың іздері, геморрагиялар бар. Ішінің көлемі ұлғайған. Іштің алдыңғы бетінде кеңейген көктамырлар («медузаның басы») көрінеді.
Перкуссиямен тексергенде іш қуысында бос сұйықтық анықталды. Бауыры ұлғайған, басқанда тығыз. Ұлғайған көкбауыр анықталады.
Ауру тарихынан науқас көптеген жылдар бойы жүрек жеткіліксіздігімен ауырғандықтан бауырдың беріштенуі дамығандығы анықталды.
Биохимиялық зерттеулер: жалпы нәруыз - 40 г/л; альбумин - 10 г/л; фибриноген - 0,5 г/л; жалпы билирубин - 100 мкмоль/л; тура емес - 50 мкмоль/л; тура - 50 мкмоль/л; холестерин - 1,5 ммоль/л.
Қанның жалпы талданымы: эритроцит - 2,3 х 1012/л, лейкоцит - 1,8 х IО9/л, тромбоцит - 30 х 109/л, ЭТЖ- 30 мм/сағ.
Науқаста портальді гипертензияның қай түрі дамыды?
Клиникалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Қанның биохимиялық нәтижелеріне патофизиологиялық сараптама беріңіз
Қанның жалпы талданымының өзгерістерін түсіндіріңіз.
№ 14 есеп
Қалыпты салмақпен туылған сәби емшектегі кезінде біркелкі өсіп дамыды. Бірақ қою тамақ, бидайдан жасалған ботқа іше бастағанда сәбидің жағдайы күрт нашарлады. Баланың іші ауырып, кеуіп өтті. Нәжістің көлемі үлкен, сәл боялған, сасық иісі бар. Алты айдан кейін бала салмағын жоғалты, гипопротеинемия мен анемия дамыды. Баланың ата –анасы ауырмайды, . ал әкесінің қарындасында осындай жағдай бала кезінде болған.
Сәбиде қандай ауру дамыды, деп ойлауға болады?
Науқаста мальабсорбция синдромы бар, деп ойлауға болама?
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 15 есеп
Жаға туылған 15 күндік нәресте С. клиникаға шырышты қабаттары мен терісінің айқын сарғаюлармен, құсулармен, тырыспа селкілдекпен түсті. Жаңатуғанның физиологиялық сарғаюы біртіндеп үдей түскені ауру тарихынан белгілі болды.
Қанның жалпы сараптамасы: Жалпы билирубин 300 мкмоль/л, тура емес – 270 мкмоль/л, тура 30 мкмоль/л, ретикулоцитоз, осмостық тұрақтылық төмендеген
Зәрі мен нәжісі қою қоңыр түсті, билирубинге әсері теріс. Стеркобилин көп мөлшерде.
Нәрестеде қандай сарғаю туралы ойлауға болады? Ніл алмасу жағдайын бағалаңыз.
Клиника- зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз.
Тұқым қуалайтын энзимопатиялық сарғаю туралы ойлауға болама? Тұқым қуалайтын сарғаюды дәлелдеу үшін, қандай зертханалық тексерулер қажет?
Патогенездік ем ұстанымдарына тұжырым жасаңыз
№ 1 есеп
20 сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған 50 жастағы науқас А., қарқынды емдеу бөліміне түсті.
Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б. ЭКГ- ырғағы синусты, бірінші тіркелімде Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде көріністер керісінше. Қанда АСТ белсенділігі тым жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-ға дейін).
Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?
Дерттің бұл түрінде қанда АСТ, КФК-МВ, тропониндер Т және I-нің жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған, протромбиндік индекстің жоғарылауы нені мәлімдейді.
Миокард реперфузиясының мүмкіндік салдарлары қандай?
2 - есеп
Науқас В. 46 жаста, 1,5 сағатқа жалғасқан төсінің артындағы қатты қысқан ауыру сезіміне шағымымен, интенсивті емдеу бөліміне жатқызылды. Ауыру тарихынан: осы жағдайдың алдында бір апта бойы үздіксіз жұмыс істеген, аз ұйықтаған, көбінесе шылым шеккен, шай және кофе ішкен. Осы ауруға дейін өзін сау адаммын деп есептеген. Спортпен шұғылданған.
Қарап тексерген кезде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс қозғалысының жиілігі минутына - 28 рет, жүрек тоны әлсіреген, ырғағы бұзылған, АҚ 100/70 мм с.б. ЭКГ —да жүрекшенің үзілісті жыпылақтаушы аритмиясы соғу жиілігімен 360 рет байқалды, оң Гисс аяқшасынан серпіннің өтуі бөгелген, I, AVL, V1–V4–кеуде тіркелімдерінде ST кешені көтерілген. Қан анализінде : лейкоциттердің 9,2 х 10 9 /л, басқа көрсеткіштері қалыпты.
Төс артындағы ауыру сезімімен қабаттасатын жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?
Жүректің қай дерті туралы ойлауға болады? Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу қажет?
Байқалған белгілердің патогенезін түсіндіріңіз.
№ 3 есеп
15 жастағы жасөспірім М., кейде-кейде жүрек аймағында, әсіреса қысым түскінде, болатын ауыру сезіміне шағымданады,. Ангиографиямен тексергенде коронарлы артериялардың тарылуы анықталды. Тексерген кезде: саусақ буынының сіңір бұлшықеттерінің бойында тығыз сарғыш түсті көтерілімдер (сіңірлік ксантомалар) бар. Қан плазмасында ТТЛП-дің мөлшері жоғарылаған. Лимфоциттерді қосымша тексергенде, ТТЛП-ге арналған қабылдағыштардың саны төмендегені анықталды.
М-де атеросклероз және инфаркт даму қауіпі жоғары ма? Не себепті?
Липопротеидтердің түрін атаңыз, олардың метаболизмдегі рөлін көрсетіңіз. Науқаста липопротеидтердің қай түрі бар.
Тамыр дертіне байланысты науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамуы мүмкін?
Байқалған белгілердің патогенезін түсіндіріңіз.
№ 4 есеп
Науқас Б., 37 жаста, балалық шақта құздамалық қызбамен ауырады. 14 жасында жүректің ақауы анықталған. Осы жылдар бойы өзінің жағдайын қанағаттанарлық деп сезінген. Көктемде баспамен ауырғаннан кейін ентігуге, жүрегінің қағуына, жүректегі ауыру сезіміне және қан түкіретіндігіне шағымданған. Тексергенде: тері және шырышты қабықтардың көгеруі, жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген, өкпеде ылғалды сырыл анықталды. Жүректің соғуы минутына 126 рет, ырғақсыз. АҚ 100/75 мм с.б.б. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтаушы аритмиясы.
Науқас жүректің қандай ақауымен ауырады?
Науқаста жүрек ақауының түрін анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу қажет?
Науқаста байқалған белгілердің патогенезін түсіндіріңіз. Олардың пайда болуы нені мәлімдейді?
Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?
№ 5 есеп
Емханаға тексерілуден өтуге 40 жастағы науқас себебі белгісіз артериялық гипертензиямен түсті. АҚ 175/115 мм с.б. Бұлшықеттің әлсіздігіне және басының ауру сезіміне шағымданады. Тексерген кезде полиурия, едәуір гипокалиемия, зәрде 17‑оксикортикостероидтің мөлшерінің жоғарылауы анықталды.