Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз. 3 курс ЖМ есептер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
133.52 Кб
Скачать

Есеп № 5.

Науқас С., 24 жаста, ауруханаға физикалық жүктеме кезінде пайда болған ентігу және қатты жүрек қағуына, жүрек аймағындағы сыздап ауыру сезіміне шағымданып түсті. Өте қатты ентігу кезінде аз мөлшерде қан аралас шырышты қақырық бөлінеді. Науқастың шағымдарына негізделе отырып және тексеру барысында қос жарғақты тесіктің стенозы әсерінен өкпе қанайналымы бұзылған деген болжам жасалды. Сыртқы тыныс жүйесін тексеру нәтижесі:

Тыныс алу жиілігі – минутына 20 рет, ӨТС – қалыптыдан 81%, ӨЖК – қалыптыдан 76%, ТМҚ –қалыптыдан 133%, Тиффно индексі – 80%, гипоксимия мен гиперкпния

1

Осы науқастағы өкпе перфузиясы бұзылысының патогенезі қандай?

2

Науқаста ентігудің патогенезін түсіндіріңіз

3

ӨТС, ӨЖК, ДМК және Тиффно индекісімен қанның газдық құрамына патофизиологиялық сараптама беріңіз.

4

Науқастағы сыртқы тыныс бұзылысына толық қортынды беріңіз .

Есеп № 6.

Тәжірибелік жануардың көктамырына 3% сірке суын енгізген соң тыныс алу қалай өзгеруі тиіс, дем алу сызығын келтіріңіз.

1

Тыныстың тереңдігі мен жиілігін, демді ішке тарту және демді шығару кезең дерінің арақатнасын сапаттап пневмограмма сызыңыз

2

Тыныс өзгеруінің патогенезін түсіндіріңіз

3

Тыныстың осылай өзгеруі организм үшін мағанасы қандай? Берілген тыныс өзгерісінде ҚСҮ қалай өзгереді?

4

Осындай тыныс згерісі қандай өкпе ауруларында кездеседі?

Есеп № 7.

Науқас,П., 33 жаста, шахтада күкіртті газбен қайта-қайта уланғаннан соң өкпе эмфиземасының клиникалық көріністері анықталды, сонмен бірге қатты ентігу анықталған. Артериялық қанның газдық көрсеткіші : рО2 – 86 мм с.б.б., рСО2 – 48 мм с.б.б., қанның оттегіге сыйымдылығы 19,6 көл%. Спирометрияның көрсеткіші: ӨЖС-жоғары, ӨТС-төмен, РКда, РКдш төмен, ӨЖК жоғары, Тиффно индексі төмен.

1

Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Науқаста ентігудің қандай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

3

ӨТС, ӨЖК, ӨЖС және Тиффно индексінің өзгерістерінің патотогенезін түсіндіріңіз. Пневмотахограмма қалай өзгереді?

4

Қандай қарапайым қызметтік сынама арқасында науқас өкпесінің диффузиялық қабілетінің жағдайын бағалауға болады?

Есеп № 8.

Науқаста артериалдық қанында НвО2 75%, веналық қанында – 42%, рСО2 50 мм с.б., ТАЖ – 22 минутында рет, ӨТС – 3, 0 л, Тиффно индексі – 50%, Нв – 180 г/л , қанның оттегіге сыйымдылығы– 36 көл%, эозинофилмен нейтрофилдік лейкоциттердің жалпы саны көбейген, қақырық сараптамасында –Куршмана спиралдері бар.

1

Науқаста патогенезі және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Науқаста тыныс алу қалай өзгерді, ентігудің қай түрі дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

3

Науқаста ӨТС, ТАЖ, Тиффно индексінің өзгерісінің патогенезін түсіндірініз .

Пневмотахограмма қалай өзгереді? Куршман оралымы дегеніміз не? Не туралы хабар береді?

4

Қан көрсеткіштерінің өзгерісі қандай орын алады?

Есеп № 9.

Артериалдық қанда НвО2 70%, веналық қанында – 40%, рСО2 55 мм с.б., ТАЖ – 25 минутында рет, ӨТС – 1,5 л, Тиффно индексі – 85%, Нв – 177 г/л , қанның оттегіге сыйымдылығы– 30 көл%, ядросы солға жылжыған нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭТЖ -25 мм сағ. , іріңді қақырық

1

Науқаста патогенезі бойынша және қанның газдық құрамының өзгеруі бойынша тыныс жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды.?

2

Науқаста тыныс қалай өзгереді? Патогенезін түсіндіріңіз.

3

Науқаста ӨТС, ТАЖ, Тиффно индексінің өзгерісінің патогенезін түсіндірініз.

Пневмотахограмма қалай өзгереді?

4

Қан көрсеткіштерінің өзгерісі қандай орын алады? Іріңді қақырықтың пайда болғаны нені мәлімдейді ?