
- •Өкпенің инфильтративті туберкулезі.
- •Өкпенің қатерлі ісігі.
- •Жедел бөліктік пневмония.
- •Жедел екі жақты төменгі бөліктік пневмония, орташа ауырлық дәрежесі. Тж II.
- •Жалпы қан анализі.
- •Жалпы зәр анализі.
- •Биохимиялық қан анализі.
- •Фтизиатор кансультациясы. 20.10.2007ж.
- •Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі.
- •Кеуде массажы.
- •Емдік дене шынықтыру.
Өкпенің қатерлі ісігі.
Шағымдарынан аурудың біртіндеп басталуы, ұзақ уақыт жөтелу, дауыс тембрінің өзгеруі, қанды қақырықтың түсуі тән, ал менің науқасымның шағымында мұндай көріністер орын алмаған.
Анамнезінде - өкпенің қатерлі ісігімен әдетте жасы 50-ден асқан ер адамдар ауырады, көбінесе шылымды өте көп тартатын, кәсіби зияндылығы бар жұмыс орнында қызмет ететін адамдар осы ауруға шалдығады.
Қарағанда – науқастың жалпы жағдайы ауыр, дене бітімі дұрыс болғанымен , күйлілігі төмен. Тері жамылғысы күрең тартқан, серпімділігі төмендеген, тері асты шел май қабаты жұқарған. Шеткері лимфа түйіндері ұлғайған, ал менің науқасымның жалпы жағдайы – орташа, тері жамылғысы қалыпты, серпімділігі сақталған, тері асты шел май қабаты біркелкі таралған, шеткері лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Жоғарыдағы өкпенің қатерлі ісігіне тән анамнез шағымдары, обьективті мәліметтер менің науқасымда болмағандықтан бұл ауруды жоққа шығарамын.
Жедел бөліктік пневмония.
Шағымдарынан шырышты қақырықты жөтел, дене қызуының көтерілуі, кенеттен кеуде клеткасында ауырсынудың пайда болуы, жалпы әлсіздік және ауырсынудың дем алғанда және жөтелгенде күшеюі. Физикалық күш түскенде дем алудың қиындап, ентігудің пайда болуы, жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі, терлегіштік ( әсіресе түнгі уақытта ) тән.
Менің науқасымда да жоғарыда атап кеткен шағымдарды айтады. Анамнезінен – аурудың кееттен басталуы, алдымен дене температурасының жоғарылауы, одан кейін барып қақырықты шырышты жөтел мен кеуде клеткасының ауырсынуы.
Аурудың басталуы, алдымен дене температурасының жоғарылауы, одан кейін барып қақырықты шырышты жөтел мен кеуде клеткасының ауырсынуы. Ауырсынудың басталуын суық тию факторымен байланыстырады. Менің науқасымның анамнезінде жоғарыдағы мәліметтер толығымен анықталады.
Қарағанда – тері жамылғысы мен беті бозғылт тартқан.
Пальпацияда – тынысы үстіртін, дауыс дірілі күшейген, кеуденің зақымданған бөлігі қозғалысы қалыңқы , кеуде сарайының серпімділігі төмендейді.
Алғашқы диагнозды негіздеу
Науқас шағымдарынан ақшыл түсті, шырышты көбінесе таңертеңгі уақытта түсетін қақырықты жөтел, дене қызыуының 39 с-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, шамалы күш түскенде дем алудың қиындап, ентігудің пайда болуы, дем алғанда, жөтелгенде кеуденің төменгі бөліктерінде шаншып ауыруға, жалпы әлсіздігі, терлегіштілігі белгілі.
Anamnesis morbi.
Науқас өзін 2007 жылдың 14-ші қазанынан бастап аурумын деп санайды. Науқас өзінің ауруын суықтап қалуымен байланыстырады. Суық тигеннен екі күннен кейін шырышты қақырықты жөтел басталып, температурасы 39◦с дейін көтеріліп, жөтел, ентігу, қалтырау, кеуде қуысында ауырсыну пайда болған. Ентігудің күшеюіне байланысты, жедел жәрдем шақырған.
Жедел жәрдем көмегімен №1 Клиникалық ауруханасының терапия бөліміне келіп түскен.
Тыныс алу жүесінен: тыныс алуы қиындаған, тыныс алу жиілігі минутына 26-28 рет, пальпациялағанда кеуде клеткасының серпімділігінің төментеуі дауыс дірілінің өкпенің төменгі бөліктерінде өкпелік дыбыстың қысқаруы.
Патологиялық перкуссиялық қысқару l.axillaris media және l. Scapularis сызықтары арқылы V-VIII қабырғаларда визикулярлы тыныстың әлсіреуі, екі өкпенің төменгі бөліктерінде крепитация, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
Жоғарыда жазылған мәлімет және I этап бойынша жүргізілген ажыратпалы диагноздың қорытындысына сүйене отырып, келесі алғашқы диагнозды негіздедім.