
- •Matlab терезесі
- •Стандартты функциялар
- •Екіөлшемді және үшөлшемді графиктерді тұрғызу және редакциялау
- •Мәлімет типтері
- •Өрнектер
- •Matlab-тағы негізгі операторлар
- •Сызықты теңдеулер жүйесін шешу Сызықты теңдеулер жүйесін шешуде матрицалық әдістер кең қолданылады. Сызықты теңдеулер жүйесі келесі түрде болады:
- •Бір айнымалы функциялардың нөлдерін есептеу
- •Бір айнымалылардан құралған функцияларды минимизациялау
- •Сандық интегралдау
- •Қарапайым дифференциалды теңдеулер жүйесін шешу
Мәлімет типтері
Константа – белгілі бір атауы бар, алдын-ала анықталған сандық немесе символдық мән. Сандар (мысалы, 1,-2 және 1.23) - атауы жоқ сандық константалар болып табылады. Matlab-та константаның басқа түрлерін жүйелі айнымалылар деп атайды. Matlab жүйесінде қолданыатын негізгі жүйелік айнымалылар төменде берілген:
i немесе j – жорамал бірлік (
шығатын мән);
рі -
-3. 1415926... саны;
eps жылжымалы нүктелі сандармен жасалатын операциялар қателігі (2-52);
realmin – жылжымалы нүктелі ең кіші сан (2-1022);
realmax – жылжымалы үтірлі ең алкен сан (21023);
inf – машиналық шексіздіктің мәні;
ans – соңғы операциялық нәтижесін сақтайтын айнымалы.;
NaN сандық емес деректерді көрсету (Not-a-Number).
Айнымалылар- әртүрлі мәліметтерді сақтау үшін пайдаланады.
Айнымалылар типтері:
single –сандық массивтері,
double – екілік дәлдікті сандық массивтері,
char – жолдық массивтері,
cell – ұяшықтар массиві,
struct – структурлар массиві,
function-handle – функциялар дескрипторлары.
Өрнектер
Тура есептеу режим жүйесінде жұмыс істеу диалогты мінездемеге сәйкес келеді және “Сұрақ берілді, жауап алынды” ережесі бойынша іс атқарылады. Қолданушы пернетақтаны пайдаланып есептелетін өрнекті енгізеді, командалық жолда түзетеді (егер қажет болса) және енгізуіді Enter пернесін басу арқылы бітіреді. Жұмыстың тәсілдері:
берілген мәліметтерді енгізу үшін >> символы қолданылады;
кейбір өрнектердің есептеу нәтижелерінің шығуына тосқауыл қою үшін “;” белгісін қою керек;
егер есептеу нәтижесін меншіктеуге айнымалы көрсетілмесе онда Matlab ans атты айнымалыны тағайындайды;
теңдік (=) белгіс меншіктеу белгісі болып табылады;
Стандартты функциялар кіші әріптермен жазылады және олардың аргументі жақша ішінде көрсетіледі.
Өрнектер константалар, айнымалылар, функциялар, векторлар, матрицалар және арифметикалық операцияларынан тұрады.
Қарапайым математикалық өрнектердің мысалы:
1)a+cos(x); 2) 2.301*sin(x); 3) 4+exp(3)/5; 4) sqrt(y)/2; 5) sin (pi/2)
Matlab-тағы негізгі операторлар
Меншіктеу операторының жалпы түрі: var = мән, бұл жердегі var – айнымалы.
Арифметикалық операторлар: +, -, *, /, ^, .*, ./
.* - массивтер мен векторларды элемент бойынша көбейту.
./ - массивтер мен векторларды элемент бойынша бөлу.
Оператор: (қос нүкте)
n:k:m n – бастапқы мән, k - өзгеру қадамы, m – соңғы мән.
Коментарий - % белгісі, пррограммада не істеліп жатқанын бақылап, кіру және шығу деректерін қалай интерпретитациялауға болатынын көрсетеді.
Қатынастар операторлары: = =, ~ =, <, >, <=, >=
Логикалық операторлар:
& - And – логикалық «ЖӘНЕ»,
! – Or – логикалық «НЕМЕСЕ»,
~ - Not – логикалық терістеу «ЖОҚ».
If шартты операторының жалпы түрі:
if шарт
нұсқау_1
else if шарт
нұсқау _2
else
нұсқау _3
end
Бұл конструкция бірнеше жеке нұсқауларды қабылдай алады. Қарапайым жағдайдағы бұл конструкцияның типі:
if шарт нұсқау end
for…end типті циклдары қадам бойынша қайталанып отыратын мәні берілген есептеулерді ұйымдастыру үшін қолданылады. Осы циклдардың конструкциясының жалпы түрі:
for var= мән; нұсқау ; … Инструкция end
Мәндер көбінесе s: d: e түрінде жазылады, бұл жерде s – var айнымалы циклының бастапқы мәні, d – бұл айнымалының өсуі (қадам), e – айнымалыны басқарып отырған соңғы мән, цикл осы мәнге жеткен кезде тоқтайды. s: e (d=1) түрінде де жазуға болады. Циклда орындалатын инструкциялар тізбегі end операторымен аяқталады.
while типті цикл Шарт орындалғанша орындала береді:
while Шарт нұсқау end
Циклдардан тез арада шығу үшін break (бұзу) немесе continue (жалғастыру) операторлары қолданылады.
Ауысу операторы көптеген таңдауды орындау үшін қолданылады және оның жалпы түрі:
switch_өрнек
case Case_ өрнек
нұсқау _тізбегі
case {Case_ өрнек 1, Case_ өрнек 2, Case_ өрнек 3...}
нұсқау _тізбегі
Otherwise нұсқау _тізбегі end
Егер switch тақырыптан кейін жазылған өрнек case_өрнек ... өрнектердің біреуінің мәніне тең болса, онда case операторлар блогы орындалады, кері жағдайда otherwise операторынан кейінгі нұсқаулардың тізімі орындалады. Case блогы орындалғанда switch_өрнекпен бетттесетін case__өрнектің нұсқаулар тізімі орындалады. Көрселтілген case_өрнек сан, тұрақты, айнымалы, ұяшықтар векторы немесе жолдың айнымалысы болуы мүмкін.
Басқа да операторлар бар.