Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-tema Расп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377.86 Кб
Скачать

Matlab терезесі

Қазіргі кезде компьютерлік математика белгілі болып, математика мен информатика түйісуіндегі алдыңғы қатарлы ғылыми бағыт ретінде қарқынды дамуда. Алдыңғы ғасырдың 90-шы жылдардың басында әмбебап программалау тілдерінің орнына, мамандандырылған компьютерлік математика жүйелері (КМЖ) келді. Жалпы матрицалық формада берілген кең ауқымды математикалық есептерді шешуге есептелген MATLAB ресми қабылданған және сенімді КМЖ болды.

Бірінші кезекте әскери өндірістік комплекс жүйесінде, аэроғарыштық саласында, автомобиль жасау саласында белсенді қолданылатын, стандартты пакеттері және қосалқы программалары көп техникалық есептеулерге арналған жоғарғы дәрежелі программалау тілін нарықта үздік MATLAB жүйесі ұсынады.

MATLAB терезесінің түрі 1-ші суретте келтірілген.

1-ші сурет. MATLAB терезесі

Жұмыс сеансын .mat кенейтуі бар файлда сақтауға болады. Осы файлды Командалар терезесіне жүктеп, барлық орындалған командалар тізімін көруге болады. Командалар терезесі командаларды жазуға және орындауға мүмкіндік береді. Командалар терезесінде команданы екі рет шертіп оны Командалар терезесі терезесіне көшіруге болады, мұнда команданың орындау нәтижесі көрінеді.

Қарапайым есептеу режимі жүйесінде жұмыс істеу диалогты мінездемеге сәйкес келеді және “Сұрақ берілді, жауап алынды” ережесі бойынша іс атқарылады.

Терезенің жоғарғы жолында келесі командалардан тұратын негізгі меню орналасқан.

Файл - файлдармен жұмыс істеуге пайдаланады,

Правка – редакциялау бойынша әртүрлі әрекеттерді орындауға арналған ,

Вид - әртүрлі объекттерді қажетті түрде қарастыруға пайдаланады,

Web – Internet-те жұмыс істеуге пайдаланады ,

Окно - терезелермен жұмыс жасауын басқаруға арналған,

Помощь - көмек және анықтама алуға пайдаланады.

Негізгі менюден төмен құрал-сайман панелі орналасқан. Құрал-сайман панелінің пернелерін сол жақтан оң жаққа қарай келтірілген:

Жаңа m-файл

m-файл ашу

Кесіп алу

Көшіру

Қою

Жою

Қайталау

Simulink

Көмек

MATLAB-та матрицалар мен векторларды өндеу

Матрицалар мен векторларды беру

V = [ 1 5 23 6] – төрт элементтерден тұратын вектор.

A=[ 1 3 6 ; 7 15 8 ; 4 11 20] – 3 жол және 3 бағаннан тұратын матрица

Матрицаны беру үшін бірнеше жолдарды көрсету қажет. Жолдарды тұйықтауға ; (үтірлі нүкте) белгісі қойылады.

Вектор элементтеріне қатынас жасау:

V (3) – вектордың 3-ші элементті,

V (k) – вектордың k-ші элементті.

Матрица элементтеріне қатнас жасау:

A ( 1 , 2) – 1-ші жол және 2-ші баған қийлысында орналасқан матрицаның элементті,

A ( k , m) – k-ші жол және m-ші баған қийлысында орналасқан матрицаның элементті ,

A (n , : ) – n-ші жолға қатнас жасау,

A (: , k ) – k-ші баған қатнас жасау .

Вектор және матрица элементтері ретінде өрнектер болуы мүмкін.

Қарапайым математикалық операторлар қосу +, алу -, көбейту *, бөлу /, дәрежелеу Ù белгілеулері жатады. Операторлардың көбісі матрицалық операцияларға жатады. Мұнда көптеген арнайы операторлар бар, мысалы, \ операторы оңнан солға қарай бөлуді білдіреді, ал .* және ./ операторлары массив элементтері бойынша бөлуді және көбейтуді білдіреді.

Векторларға арналған операциялардың мысалдары:

» Vl=[2 4 6 8];

» V2=[l 2 3 4];

» V1/V2

ans = 2 » V1.*V2

ans = 2 8 18 32

» V1./V2

ans = 2 2 2 2

Матрицаларға арналған операциялардың мысалдары:

» A = [2 3 7; 8 1 9; -3 6 4];

» B = [l 2 3; -4 5 10; 1 8 11];

» A + B

» A * B

» A ./ B

» A ^ 2

» A - B

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]