Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
457.7 Кб
Скачать

Кескін мен гиперcілтеме

Графикалық ақпарат HTML-файлдың өзінде орналаспайды. Кескіндер бөлек файлдарда сақталады да, ал браузерге файлды ашу кезінде жүктеледі. Графикалық файлдар көлемі жағынан өте үлкен болып келгендіктен желі бойынша берілуі ұзақ болады. Сондықтан компьютер желілеріндегі жіберулер үшін тек үш графикалық формат - GIF, JPG, PNG-тер ғана алынады.

GIF ­– Graphics Interchange Format – Графикалық өзара алмасу форматы. Ол графикалық файлдарды желі арқылы жіберуге арнайы жасалынған. Мұндай форматтағы файлдар .gif кеңейтілуімен беріледі. Мұндай форматтағы файлдар сығу кезінде сапасын төмендетеді.

JPEG – Joint Photographic Experts Group – Фотография бойынша эксперттердің біріктірілген тобының форматы. Фото суреттерді бейнелеу, сақтау үшін жасалынған. Бұл форматтағы файлдар .jpg кеңейтілуімен беріледі. Бұл форматтағы файлдар, сапасын жоғалтпайтын, 256-түске сәйкес келетін, ұсақ бөлшектерді қамтымайтын суреттер бола алады.

PNG – Portable Network Graphics – Көтерімді желілік графика. Алдыңғы екі форматтағы файлдарды ауыстыру үшін жасалынған. Мұндай түрдегі графикалық файлдар .png кеңейтілуімен беріледі. Сығу кезінде GIF-форматты файлдарға қарағанда 10-30%-ға кескін сапасын жақсы сақтайды. GIF форматты файлдар тәрізді сапасын жоғалтпастан 256-түсті қамти алады.

Егер сурет басқа форматта сақталған болса, онда оны алдын ала жоғарыда көрсетілген форматтардың біріне түрлендіру керек. Бұл форматтарға түрлендіру үшін Photo Editor немесе Adobe PhotoShop редакторларын пайдаланыңыз. Суреттерді кез-келген графикалық редакторда өзіміз салуымызға немесе сканердің көмегімен электрондық түрге түрлендіріп алуға болады. Тіпті болмаса, CD-ROM-ға немесе Internet-ке көшіріліп қойылған суреттер жинақтарын пайдалануға болады.

Программалар терезелернің суреті

Кескіндерді қоюға <IMG> тэгі пайдаланылады. Суреттерді қоюға <IMG> тэгінің төмендегідей атрибуттары пайдаланылады:

  • SRC – кескінді қою;

  • ALT – кескіннің орнына мәтін шығару;

  • ALIGN – кескіннің мәтіндік көркемделуін туралау.

Атрибуттар және оларға берілетін мәндер ашылған тэгтердің ішінде жазылады. Бір тэгте өзара бос орынмен ажыратылған бірнеше атрибуттарды пайдалануға , ал бірдей атрибуттарды әртүрлі тэгтерде пайдалануға болады. (мысалы, ALIGN атрибуты <P> тэгінде пайдаланылады).

Кескінді қою үшін, браузерге графикалық файлдың орнын және атын хабарлайтын SRC атрибутымен IMG тэгі пайдаланылады.

<IMG SRC="файлдың аты">

Мысалы: <IMG SRC="Flag.gif">

1 ескерту: Егер графикалық файл басқа бумада орналасқан болса, онда абсолютті немесе салыстырмалы түрдегі файлдың орнын анықтайтын жол толық көрсетілуі қажет. Дегенмен де салыстырмалы жолды пайдаланған тиімді.

Мысалы: <IMG SRC="c:\project\image\Flag.gif"> абсолютті жол

<IMG SRC="../../image/Flag.gif"> салыстырмалы жол

2 ескерту: Егер графикалық файл Internet серверінде орналасқан болса, онда ол файлдың URL-адресі көрсетілуі қажет. Кескіннің өлшемін (пиксельде) WIDTH және HEIGHT атрибуттарының көмегімен беруге болады.

Мысалы: <IMG SRC="../image/Flag.gif" WIDTH=256 HEIGHT=151 >

Internet-ті пайдаланушылардың көпшілігі уақыт үнемдеу мақсатында, кейде браузерге графикалық кескіндерді жүктеуді ажыратып қойып, тек мәтіндерін ғана оқиды. Сондықтан да, беттің мағанасы жойылмау үшін, суреттердің орнына түсіндірме мәтіндер шығарылады. Бұл үшін ALT атрибуты пайдаланылады.

<IMG SRC="файл аты" ALT=”кескін сипаттамасы”>

Мысалы: <IMG SRC=" Flag.gif " ALT=” ҚР байрағының кескіні”>

Бұл жағдайда, беттегі кескіннің орнына суреттегідей болып қызыл қайшы бейнеленген тіктөртбұрыш шығады.

Суретпен салыстырмалы мәтінді орналастыруға <IMG> тэгінің ALIGN атрибуты пайдаланылады: жоғарғы жақ шетіне (top), ортасынан (middle) немесе кескіннің төменгі жақ шетіне (bottom), кескіннің оң (right) немесе сол жағына (left).

<IMG SRC="файл аты" ALIGN=”туралау”>

Мысалы: <IMG SRC="../image/ Flag.gif " ALIGN=”right”>

Егер кескіннің жанында мәтін болмауы керек болса, онда оны жеке абзац ішіне орналастырады. Суретті көлденеңінен туралауды <P> тэгінде береді.

<IMG SRC="../image/Flag.gif" WIDTH=256 HEIGHT=151 ALIGN=”right”>

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік байрағы тіктөртбұрышты матада…

</P>

Бетті пайдалануда кескінді жүктеу жай орындалатынына байланысты, пайдаланушы тек бет фонының түсін көреді. Фон түсі BODY тэгінің BGCOLOR атрибутымен беріледі.

<BODY BGCOLOR=”түс”>

Мысалы: <BODY BGCOLOR=”#FFFFCC”>

Мәтін жақсы оқылу үшін, бетте түстердің жарықтылығын құрастырушы таңдалады: мәселен, ашық фонда – қарайтылған мәтін, немесе қарайтылған фонға – ашық түстегі мәтін. Жақсы көрінбейтін ақ түсті әріптер – бетті баспаға шығару кезінде көрінбей қалуы мүмкін.

Web-беттердің түстік схемаларын BODY тэгінің BACKGROUND атрибуты көмегімен беруге болады.

<BODY BACKGROUND=”файл_аты”>

Мысалы: <BODY BACKGROUND=”fon.jpеg”>

 

DHTML-тегі CSS-тің артықшылығы:

  • Беттегі элементтерді бір пикселіне дейін нақты түзулеу;

  • Бір элементті екінші элементтің үстіне қою, яғни бір-біріне қойылған жиынтық құру;

  • Беттің элементтерін өңдеу үшін спецэффекттерді енгізу;

  • Қолданушының бетті өзгерту үшін әртүрлі стильдерді қолдануына мүмкіндігі бар және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]