Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРСП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
457.7 Кб
Скачать

Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған тапсырмалар

 

Тақырып 1.

WEB-технологиялары дамуының тарихи мәліметі. WEB-технологиялары мамандарына қойылатын кәзіргі кәсіби талаптар. Компьютерлік тораптар. Интернеттегі тораптардың иерархиясы. Әртүрлі категориялы қолданушыларға және әртүрлі деңгейлі тораптарға арналған интернетке ену түрлері. Интернетке ақпаратты жіберу.

  • Өздік жұмыстың мақсаттары:

анимациялық эффекттреді қолданып HTML, Java Scrіpt, PHP программалау тілдері арқылы web-сайттар, электронды оқулықтар және слайдтар құруды өз беттерімен дәріс және лабораториялық сабақтарда алған білімдерін қолданып үйрену болып табылады.

  • гипермәтіндік технологиялармен танысу;

  • HTML, Java Scrіpt тілдері арқылы web–программалау негіздерінің теориялық және практикалық тағылымдарымен танысып және меңгеру;

  • web-сайттар, анимациялық эффекттреді қолдану арқылы электронды оқулықтар және слайдтар құруды білу.

  • Photoshop, Dream Weaver, 3D-Max технологияларымен жұмыс жасай білу.

Web-технологияларды web-беттерді құруда қолданамыз. Web-технологияларға көптеген гипермәтін тілдері жатады, яғни ол көптеген технологияларды құрайтын кешен:

  • HTML гипермәтін құру тілі;

  • CSS каскадтық кестелер стильдері;

  • Java Scrіpt, VBScrіpt cценарийлер тілдері;

  • Құжаттар мен браузерлердің объекттік моделдері.

Бұл кешенді технологияны басқаша динамикалық HTML деп те атайды.

HTML –дің алдында SGML (Standard Generalized Markup Language – Стандартты Жалпыланған Белгілеу Тілі) болды. Бірақ, оның көптеген концепциялары мен құрылымы қолданушы үшін өте күрделі болғандықтан SGML қысқартылып, соңында HTML деп аталады. HTML 1.0 өте қарапайым болып шықты. HTML 2.0 версиясында HTML кестелер қосылады. HTML 3.0 және HTML 3.2 версияларынан бастап бұл технология жақсы дами бастады. Олар ұзақ уақытқа дейін қолданылды. HTML + MathML (формулаларды сипаттау үшін) деген де нұсқалары болды. Браузерлер «соғысы» және техникалық прогресс DHTML 1.0 -ің (Dynamic HTML) пайда болуын әкелді. Ол HTML 4.0 болып табылады. Мұнда тэгтер жиынтығынан басқа СSS (Cascading Style Sheets – Cтильдердің каскадтық парақтары) тілімен араласып бірігеді.

HTML мен қатар XML (eXtensible Markup Language) қолданылады. Ол қатаң синтаксикалық ережелерді пайдалаумен сипатталады.

Жалпы, web-сайттарды браузерлер арқылы көре аламыз. Браузер дегеніміз web-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер арқылы HTML-құжаттар мен әртүрлі форматтағы графикалардан басқа, сонымен қоса, Java –апплеттердің орындалуын, Java Scrіpt, VBScrіpt кодтарын көре аламыз. Мысалы, интернетте. Қазіргі кезде келесі браузер кеңінен тараған:

Браузер

Өндірушісі

Mosaic

NCSA

Netscape Navigator

Netscape Communications

Mozilla

Mozilla org.

Internet Explorer

Microsoft

Hot Java

Sun Microsystems

Opera

Opera Software

AOL

America Online

Lynx

Free BSD

Mosaic – құжаттарды көруге арналған суперкомпьютерлік қосымшалар Ұлттық орталығы өндірген ең алғашқы шыққан браузер.

Hot Java – Java тілінде жазылған браузер.

Opera –минималды жүйелік талаптарға ие және HTML синтаксисінің дұрыстығына қатаң талап қоятын коммерциялық браузер.

AOL – AOL қызметінің қолданушыларына арналған қосымшалар кешені.

Графикалық операциялық жүйелердің пайда болуына дейін Lynx және Apachie браузерлері болған. Олар графиканы көрсете алмайтын және де көптеген тэгтерді сұрыптайтын және экранға қарапайым мәтінді ғана шығаратын. Бірақ, қазіргі кезде де Lynx web-беттерді мәтіндік режимде көруде қолданылады. Ол қазіргі кезде жетілдірілген және де HTML-кестелер, формалар және Java Scrіpt-ті көрсете алады.

Алғашқы графикалық web-браузер 1993 жылы шыққан Mosaic болды. «Мозаиканы» NCSA (National Center for Supercomputing Applications – Cуперкомпьютерлерге арналған қосымшалардың Ұлттық орталығы) құрған.

Бірақ, «Мозаиканы» құрушылардың бірі – Марк Андерсен NCSA-ден кетіп қалып Netscape Communications компаниясына барып кіреді. Ол Netscapе Navigator атты жақсартылған браузер құрады. Бұл браузер 1994 жылы шыққан. Ал «Mosaic» болса «демалысқа» кетеді. 1996 жылы электронды пошта арқылы өткен сұрау бойынша web-қолданушылардың 85% Netscapе Navigator-ды қалады.

1997 жылы Microsoft фирмасы шығарған Internet Explorer браузері көтеріледі. 1998 жылы нарықты Netscapе Navigator мен Internet Explorer браузерлері теңдей бөліп алады. Қазіргі кезде Netscapе Navigator мен Internet Explorer бірге нарықтағы бүкіл қолданылатын браузерлердің 90% құрайды.

HTML тіліндегі командалар ASCII символында (бірбайттық код) жазылатын болғандықтан ұлттық кодировкаларды қажет етпейді. Онда HTML-кодтарды кез-келген мәтіндік редакторда көруге мүмкін. Көптеген арнайы web-редакторлар бар. Web-редакторлар web-құжаттарды HTML тілін білуді қажет етпейді. Визуалды редактрлеу концепциясы WYSIWYG (What You See Is What You Get – Не көріп тұрсаң соны аласың) қағидасына негізделген. Қазіргі кезде келесі Web-редакторлар бар: HotMetal, Hot Dog, HTML Assistant, HTMLed, HTML Hyper Edit, HTML Writer, Live Markup, Web Publisher, Web Wizard, Go Live, Page Mill, Home Site, Front Page, Dream Weaver, Front Page.

Web-мастерлер сoңғы 3 редакторды - Home Site, Front Page, Dream Weaver тиімді қолданады.

Web-бет - гипермәтін технологиясы қолданылатын құжат. Ал гипермәтін дегеніміз басқа құжаттарға сілтемесі бар мәтінді айтамыз.

Web–беттерде әртүрлі форматтағы ақпараттар: мәтін, сурет, фотосурет, мультимедиа орналасуы мүмкін. Беттің басқа Web-беттермен қатынасы ақпараттық қызығушылық туғызады. Бір тақырыппен (мазмұнмен) байланысқан, бір Web-серверде орналасқан Web-беттер жиынтығын Web-сайт деп атайды. Сайт сөзі ағылшын тілінен аударғанда «орын» деген мағына береді де, нақты бір мекемеге немесе адамға тиісті болады. Web-сайт өзінің құрылымы бойынша бір тақырыпқа арналған ақпараттардан құралған журналды еске түсіреді.

Сайт мәліметтерді интерактивті түрде беру құралы. Оның алғашқы беті - титулдық беті болады, ал онда сайттың негізгі тарауларына (Web-беттерге) гиперсілтеме бар. Гиперсілтеме сайт ішінде еркін саяхаттауға мүмкіндік береді. Сайттың интерактивтілігін формалар (қалыптар), яғни анкеталар, тіркелу қамтамасыз етеді. Web-сайттар әдетте мультимедиалық болады, яғни оның мазмұнында мәтіннен басқа суреттер, анимация, дыбыстық және видео ақпараттар болуы мүмкін. Сондай–ақ, Web-беттерде жылжымалы объектілер де болуы мүмкін. Жылжымалы объектілер JAVA- аплеттерді, ActiveX-тің басқару элементтерін қолданып құрылады.

Барлық Web-беттер мен Web-сайттар HTML тілінде жазылады. Web-беттерді құру мен түзетуді оңайлату үшін мәтіндік редакторлармен қатар арнайы қосымшалар да қолданылады. Бұл екеуінің қатарына Блокнот мәтіндік редакторы, Microsoft Word мәтіндік процессоры, Front Page, Hom Site, Internet Assistant және басқа қосымшалар жатады. Office пакетінің программалары (Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Microsoft Publisher) HTML форматты файлдарды еске сақтай алады.

Тапсырманы орындау бойынша əдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттерді және Интернетті пайдалана отырып, олардан дәптерге қысқаша конспект жасап жоғарыда берілген сұрақтарға жауаптарды дайындап келіңіздер. Сұрау барысында студентер арасында пікірлесу ұйымдастырылады. Максималды бал конспектісінде ұсынылған слайдтар мен әдебиеттерден мәліметтер келтірілген әрі қойылған сұраққа толық жауап берген және тапсырманы уақытында тапсырған студентке қойылады.

Интернет – компьютерлер мен жергілікті компьютерлік тораптардан құрылған бүкіләлемдік халықаралық жүйе. WWW деген не? Бұл миллиондаған гипермәтіндік құжаттарды байланыстыратан әлемдік тор. Компьютерлік тораптар алып жататын аймағы бойынша уш түрге бөлінеді: локальді, жергілікті және глобальді. Компьютерлері бірі-біріне жақын орналасқан (Local Area Networks - LAN), мысалы бір ғимарат ішіндегі желі локальды желі деп аталады. Үлкен аймақтарды (Metropolitan Area Networks - MAN), мысалы бір қаланы, алатын желілерді жергілікті желі деп атаймыз. Глобальды желі (Wide Area Networks - WAN) сипаттамасы - үлкен географиялық аймақты, мысалы бір континетті немесе бүкіл әлемді алып жататын желі.

Локальді тораптар біррангті және «клиент-сервер» торабы деп бөлінеді. Егер желіге қосылған барлық құрылғылар ақпаратты алмасу мен ресурстарды пайдалануда бірдей қызмет атқарса, онда ондай желіні біррангті желі, ал желілік құрылғыларды жұмыс станциялар немесе клиенттер деп атаймыз. Біррангті желінің ерекшелігі арнайы операциялық жүйені қажет етпейді.

Ал «клиент-сервер» программалық желісінде бір желілік құрылғы ақпарат пен ресурстармен қамтамасыз етеді және серверлер деп аталатын болса, екіншісі оларды пайдаланады және олар жұмыс станциялар немесе клиенттер деп аталады. Яғни, сервер деп қолданушыға қызмет көрсететін ЭЕМ атаймыз.

Локальді есептеуіш желідегі компьютерлердің бір-бірімен физикалық байланысын желі топологиясы дейміз. Логикалық топология деген – сигналдардың өту жолы. Көптеген желілік топологиялардың ішінде келесі топологиялар көп пайдаланылады: тор, жұлдыз, шина, сақина және аралас топология. Тор топологиясына барлық нүктелер бірі-бірімен байланысады. Жұлдыз топологиясында компьютерлерді байланыстыру үшін орталық блок – концентратор (хаб) қолданылады. Концентратор немесе хаб сигналдарды күшейтеді. Шина топологиясында орталық магистральді каналға барлық желілік құрылғылар аз ғана ара қашықтықта байланысып қосылады. Байланыс магистральді каналдың екі жақ басы сингалдарды өшіргіштермен, яғни терминаторлармен бекітіледі. Сақина топологиясында барлық компьютерлер бір-бірімен жабық сақина тәрізді формада байланысады. Аралас (гибридті) топологиясында жоғарыда аталған топологиялардың барлық түрі, яғни тор, жұлдыз, шина, сақина бірге қолданылады.

Интернет – тұтынушылар саны, алып жатқан аймағы, оның құрамына кіретін желілер саны бойынша әлемдегі ең ірі желі. Оның басқару орталығы жоқ, сонымен қатар, біріккен ережелер бойынша жұмыс жасайды және өз тұтынушыларына біріккен қызметтер жиынын көрсетеді. Интернет - бұл «желілердің желісі», бірақ Интернеттке кіретін әр желі Интернет қызметін жабдықтаушы (Internet Service Provider, ISP) тәуелсіз операторламен басқарылады. Қызмет көрсетілетін аймақтың алып жату деңгейі бойынша операторлар немесе қызметтерді жабдықтаушылар локальді, жергілікті және трансұлттық деп бөлінеді. Локальді оператор қала немесе аудан аймақтарында жұмыс жасайды. Жергілікті және ұлттық операторлар үлкен аймақта қызмет көрсетеді. Мұндай масштабтардағы операторлар локальді операторлардың телефондық станциялары арасында телефондық трафикті транзиттік өткізуді орындайды. Бұл операторлардың операторлары, яғни олардың клиенттері локальді операторлар немесе басқа қалаларда және мемлекеттерде филиалдары немесе бөлімшелері бар ірі кәсіпорындар болып табылады. Трансұлттық операторлар (магистральді қызметтерді жабдықтаушылар) бірнеше қалаларда қызмет көсетеді. Мысалы, мұндай операторлар Cable & Wirless, Global One, Info net болып табылады. Олардың өздерінің қала, континент, барлық жер шарын алып жатқан меншікті магистральдары бар.

Клиентердің құрылғыларын қосу үшін операторлар бар нүктелер (Point Of Prezent, POP) деп аталатын байланыс орынатады. Бар нүктелер, яғни (Point Of Prezent, POP) - клиенттерден келетін байланыс каналдардың көптеген санын қосып алатын ену құрылғысы орналасқан ғимараттар. Локальды операторлар РОР-на абоненттер, ал жоғары деңгейдегі операторларға – төменгі деңгейдегі операторлар немесе ірі корпоративті клиенттер қосыла алады.

Бақылау нысаны: Сұрау, үй жұмысын тексеру.

Тапсырманы орындауды бағалау баллы 5 балл

Келесі сұрақтарды оқып білу:

  • Статистикалық және динамикалық HTML-парақтар.

  • Құжатты гипермәтіндік белгілейтін HTML тілі. HTML тілінің негіздері.

  • HTML құжатының құрылымы. HTML-ң негізгі тэгтері.

Əдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиет

  1. Леонтьев, Б. К./ Б. К. Леонтьев Энциклопедия WEB-дизайнера /. - 7-е изд., испр. и доп. - М. : Новый издат. дом, 2004. - 640 с

  2. Прохода А.Н. / А. Н. Прохода. - М Обеспечение интернет- безопасности : практикум. : Горячая линия-Телеком, 2007. - 180 с.

  3. Баловсяк Н. Интернет: Новые возможности. / Н. Баловсяк. - СПб. : Питер, 2008. - 304 с. - (Трюки & эффекты)

  4. Билл Сандерс. Flash 5 Эффективная работа. – СПб: Питер 2001. – 352 с.

  5. Блэк, Юлесс. Сети ЭВМ: протоколы, стандарты, интерфейсы. / под ред. Василькова, М.: 1990 г.

  6. Дмитриева М. Java Scrіpt. Быстрый старт. – Санкт Петербург: БХВ-Петербург, 2002. – 336 с.

  7. Леонтьев Б. Web –дизайн: Рук-во пользователя. – Москва: Познават. книга плюс, 2001. – 320 с.

  8. Тихонов А.И. Динамический HTML – М.: ЗАО «Издательство БИНОМ», 2001. – 496 с.

Қосымша әдебиет

  1. Лапшинский В.А. Локальные сети персональных компьютеров. Часть-2, М., МИФИ, 1994 г.

  2. Науманн Ш., Вер Х. Компьютерная сеть. Проектирование, создание, обслуживание. М.: ДМК, 2000. –336 стр.

  3. Олифер В.Г., Олифер Н.А. * Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. 3-е издание. – СПб: Питер, 2005 г. – 958 стр.

  4. Основы создания сетей и протоколы. Master mind/ NIIT. Web: www. printpulse.com.

  5. Танненбаум Э. Компьютерные сети. 4-ое издание. – СПб: Питер, 2003 г. – 992 стр.

  6. Успенский И. * Интернет как инструмент маркетинга.- СПб.: 1999.

Тақырып 2.

Интернеттегі мекендендіру. Домендік аттардың жүйесі. DNS-сервер. Броузерлер мен серверлер. Прокси –сервер. URL-мекеннің форматы. OSI моделінің қолданбалы деңгейінің протоколдары. Броузерлер мен серверлер. Прокси –сервер. Чат, шұғыл поштаның қызметтері, IRC-желілері, IP-телефония, видео конференциялар, WAP-протоколы негізіндегі мобильді интернет

Өздік жұмыстың мақсаттары:

  • Адам қызметінің түрлі саласындағы WEB-технологияларының қазіргі күйі. Бизнес-қосымшалар.

  • Деректер базасы серверін қолданған қосымшаларды құру технологиясы.

  • Интернеттегі клиент-серверлік архитектура. Компьютер мен қосымшаның клиент-серверлі әрекеттесуі.

Компьютер мен желі арасындағы байланыс кезінде пайдаланылатын ережелердің жиынтығы – протоколдар деп аталады. Ал протоколдар жиынтығын протоколдар стегі дейміз. Протоколдар стегінің кейбір түрлерін атап өтейік. Олар: TCP/IP, IPX/SPX, NetBЕUI, AppleTalk, SNA. TCP/IP протоколдар стегін XX ғасырдың 70 ж. АҚШ Министрлігі және зерттеу ұйымдары мен университеттері бірігіп құрған. Ол интернет протоколы деп аталады және ол келесі протоколдардан тұрады: FTP, TELNET, SMTP, HTTP, TCP, IP, UDP, RIP, OSPF, DNS. IPX/SPX протоколдар стегін 80 ж. басында Novell компаниясы өндірген және ол Netware жиынтығы ретінде белгілі. Оған келесі протоколдар кіреді: SAP, NCP, NLSP, RIP IPX, SPX, LSL, MLID. NetBЕUI: SMB, NetBIOS, FDDI. AppleTalk стегін 80 ж. Apple Computer компаниясы құрған және ол Macintosh компьютерлеріне арналған. Оған AppleShare, AFP, ADSP, ZIP, PAP, ASP, ATP, NBP/RTMP, DDP, LocalTalk, AARP, EtherTalk, TokenTalk протоколдары жатады. SNA протоколдар стегін 70 ж. IBM компаниясы құрды. Оған SAP, NCP, NLSP, RIP IPX, SPX, LSL, MLID протоколдары жатады.

Бұл протоколдардың әр қайсысының өз қызметі бар. Мысалы, Telnet протоколы – бұл терминал эмуляциясы протоколы. IP – интернет протоколы. Электрондық пошта протоколы SMTP деп аталады және т.б.

Протоколдар моделі немесе эталондық модель деп протоколдарды өндірушілердің ұстануы қажет ережелер жиынтығын айтамыз. Стандарттар бойынша халықаралық ұйымдардың ашық жүйелерінің өзара қызметінің эталондық моделі (ISO OSI) ең алғашқы халықаралық протоколдар стандартталуы болды. Ол жеті деңгейден тұрады (жоғарғы, яғни 7 деңгейден төмен қарай 1 деңгейге дейін): қолданбалы, ұсыныстық, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық (каналдық) және физикалық.. Бұл жеті деңгей ақпараттың бір компьютерден екінші компьютерге дейін баратын жолын және ұстанатын ережелер жиынтығын сипаттайды.

Гипермәтін – басқа құжаттарға сілтемесі бар мәтін. HTTP (HyperText Transfer Protocol) - бұл гипермәтіндерді жіберу протоколы, яғни интернетте ақпартпен алмасуды қамтамасыз етеді. HTTP протоколы TCP/IP (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol) протоколдар стегіне кіреді және OSI моделінің қолданбалы деңгейінде орналасқан. Электронды пошта – Интернетте әлемдегі кез келген нүктедегі клиенттердің бір-бірімен ақпараттпен алмасуын қамтамасыз ететін көп қолданылатын қызметтің бірі. Электронды поштаның адресі қолданушының аты@доменнің аты.доменнің түрін қамтиды. Мысалы, narhoz@mail.ru немесе kazeu@ok.kz. Мұнда ru – Ресей немесе kz – Қазақстан деп түсінеміз. Электрондық поштаны қамтамасыз ететін протокол – SMTP (Simple Mail Transfer Protocol). Келесі FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды жіберу протоколы болып табылады. Telnet – терминалды эмуляциялау, яғни желілік алыстан қосылу протоколы. Бұл протоколдар TCP/IP протоколдар стегіне кіреді және OSI моделінің қолданбалы, ұсыныстық және сеанстық деңгейлеріне сәйкес.

IP-адрестерді екілік формаға келтіріңіз:

  • 56.24.5.10

  • 100.40.80.1

  • 202.100.25.100

  • 191.20.5.0

Олар қандай класстарға жататынын анықтаңыз?

Тапсырма 3: Келесі IP-адрестерді ондық формаға келтіріңіз:

  • 10010111.10000000.11110000.00001111

  • 11111110.00000011.11110010.10001010

  • 11100000.00101010.01010000.00000001

  • 00000001.00010100.00000000.00000000

Желілер адресін және түйіндер адрестерін анықтаңыз.

Тапсырманы өткізу мерзімі: 5 апта

Бақылау формасы: ауызша сұрау, жазбаша бақылау

Балл____5__

Келесі сұрақтарды оқып білу:

  • Гипермәтін және WEB-парақтар.

  • HTTP сервер және клиент.

  • HTTP-протоколы бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары.

  • Электрондық пошта, SMTP және POP3 протоколдары, пошталы сервер және клиент.

  • FTP протоколдарын, FTP-қоры мекенінің форматын, FTP-сервер және клиенттерін белгілеу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиет

  1. Леонтьев, Б. К./ Б. К. Леонтьев Энциклопедия WEB-дизайнера /. - 7-е изд., испр. и доп. - М. : Новый издат. дом, 2004. - 640 с

  2. Прохода А.Н. / А. Н. Прохода. - М Обеспечение интернет- безопасности : практикум. : Горячая линия-Телеком, 2007. - 180 с.

  3. Баловсяк Н. Интернет: Новые возможности. / Н. Баловсяк. - СПб. : Питер, 2008. - 304 с. - (Трюки & эффекты)

  4. Билл Сандерс. Flash 5 Эффективная работа. – СПб: Питер 2001. – 352 с.

  5. Блэк, Юлесс. Сети ЭВМ: протоколы, стандарты, интерфейсы. / под ред. Василькова, М.: 1990 г.

  6. Дмитриева М. Java Scrіpt. Быстрый старт. – Санкт Петербург: БХВ-Петербург, 2002. – 336 с.

  7. Леонтьев Б. Web –дизайн: Рук-во пользователя. – Москва: Познават. книга плюс, 2001. – 320 с.

  8. Тихонов А.И. Динамический HTML – М.: ЗАО «Издательство БИНОМ», 2001. – 496 с.

Қосымша әдебиет

  1. Лапшинский В.А. Локальные сети персональных компьютеров. Часть-2, М., МИФИ, 1994 г.

  2. Науманн Ш., Вер Х. Компьютерная сеть. Проектирование, создание, обслуживание. М.: ДМК, 2000. –336 стр.

  3. Олифер В.Г., Олифер Н.А. * Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. 3-е издание. – СПб: Питер, 2005 г. – 958 стр.

  4. Основы создания сетей и протоколы. Master mind/ NIIT. Web: www. printpulse.com.

  5. Танненбаум Э. Компьютерные сети. 4-ое издание. – СПб: Питер, 2003 г. – 992 стр.

  6. Успенский И. * Интернет как инструмент маркетинга.- СПб.: 1999.

Тақырып 3.

HTML-ң негізгі тэгтері. XML, XHTML, DHTML ерекшеліктері.

Элементтерді қою. Z-index. Фильтрлер. CSS тілін кестелерде қолдану

Өздік жұмыстың мақсаттары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]