
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
7.4.2. Дозалау қондырғылары
Ұңғымалардың өнімін жинау және дайындау жүйелерінде деэмульсиялауға, тұзсыздандыруға, жабдықтарды тотықтандырмауға және тасымалданатын сұйықтың тұтқырлығын азайту үшін түрлі реагенттер қолданылады. Әдетте, реагенттер өте аз үлестермен беріледі. Сондықтан оларды қажетті мөлшерде беріп отыру үшін бір плунжерлі сораптар қолданылады. Олардың бірнеше түрін қарастырайық.
Мысалы, НДУ-50/150 қондырғысы сораптан, редуктордан, электрлі қозғалтқыштан және реагентке арналған ыдыстан тұрады. Плунжердің бір минуттағы жүріс саны 50-ден 150-ге дейінгі аралықта болады. Соған сәйкес сораптың берілімі 0,006-0,12 және 0,03-2,16 л/сағ мәндерінде болады. Айдау қысымы 12,5 МПа-ға дейін жетеді. Реагенттерге арналған ыдыстың көлемі 0,215 м3 мөлшерінде болады.
Сораптың плунжері бір жаққа қарай серіппенің көмегімен қозғалса, екінші жаққа қарай электрлі қозғалтқышпен редуктор арқылы байланысқан эксцентриктің көмегімен жылжиды. Плунжердің жүру жиілігі жұдырықшаларды ауыстыру арқылы реттеледі.
Сыйымдылығы үлкен резервуары бар дозалау қондырғыларының маркалары келесідей: БР-2,5; БР-10; БР-25. БР-2,5 қондырғысына маркасы НД-0,5Р22,5/400 дозалау плунжерлі сорабы орнатылған және оның өнімділігі 2,5 л/сағ, ал қысымы 10 МПа-ға дейін жетеді. Реагентке арналған ыдыстың көлемі – 0,9 м3 және онда қуаты – 3,75 кВт-қа тең электрлі қыздырғыш қойылған. Қыздырғыш ыдыстағы реагенттің температурасын 60 0С шамасында ұстап тұруға арналған.
Маркасы НД-10/100 дозалау сорабының өнімділігі 10 л/сағ, ал қысымы 10 МПа. Реагенттің орналасу ыдысының көлемі 200 л. Ыдыстағы реагент құбырлар арқылы өтетін будың көмегімен қыздырылады.
7.4.3. Блокты сорап станциялары
Блокты сорап станциясы таза мұнайды немесе мұнай-су қоспасын немесе тауарлы мұнайды тасымалдауға арналған. Блокты мұнайға арналған сораптық станция қабаттағы қысымды ұстап тұруға арналған шоғырлық станцияға ұқсас етіп салынады. Станцияның сораптық блоктарының құрамына электрлі жетегі бар негізгі сорап қондырғылары мен қосымша сорап қондырғылары да кіреді.
Қосымша сорап қондырғысына маркасы 8НДв сораптары жатады. Оның өнімділігі 500 м3/сағ, тегеуріні 67 м. Олар қуаты 160 кВт жарылысқа қауіпсіз вариантта орындалған электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Негізгі сораптың (маркасыНК-560/335-300) өнімділігі 335 м3/сағ, ал тегеуріні 300 м-ге тең.
Тауарлы мұнайға арналған блокты сораптық станцияның «Рубин» типті өлшеуіш қондырғысы бар. Мысалы, мұнайға арналған бір БННС-1000-30 маркалы блокты сораптық станция тоғыз блоктан тұрады: үш блок негізгі сораптардан, екеуі – қосымша сораптардан, екі блок 6 кВ-қа арналған тарату құрылымынан, бір трансформаторлар блогы және бір блок - басқару және құбырлар жүйесінен тұрады.
Тауарлы мұнайдың блоктық станциясы айдалатын мұнайдың тығыздығы 0,6-0,9 кг/м3, тұтқырлығы 1,5 см2/с, сулануы 1%, механикалық қоспалары 0,2 %-ға дейін және сұйықтың температурасы 5-тен 600С-қа дейінгі мәндеріне есептелінеді.
7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру үшін бірнеше технологиялық әдістер қолданылады: құбыр ішіндегі деэмульсациялау – мұнда құбырдағы белгілі ағыс режимін сақтай отырып, реагенттерді құбыр ішіне тікелей беру; газды барботаждау процесі арқылы деэмульсациялау немесе салқындатып тұндыру; эмульсияларды центрифугада қирату; эмульсияларды сүзгілі қабат арқылы өткізу кезінде қирату (қиыршық тас, полимерлі шариктер, ағаш немесе металл үгінділері, т.б.); термохимиялық сусыздандыру және электрлі дегидраторларды қолдану.
Қазіргі кезде суды алдын ала айырып алу қондырғылары ретінде – УПС, ОГ-200П, СибНИИНП аппараттары қолданылады, ал мұнайды ақырғы сусыздандыру үшін ОГ-200С аппараты пайдаланылады. Қыздыру блоктары НН типті қыздыру құбырлары түрінде және БН, ПТБ, ПТ-Р/Д типті қыздыру пештері қолданылады.
7.5-суретте УПС-3000/6м және УПС-6300/6м типті қондырғылардың технологиялық сұлбасы көрсетілген.
Бұл қондырғылар бір-бірінен технологиялық ыдыстарының көлемімен және тиекті-реттеуші арматураларының өту диаметрлерімен ажыратылады. Бірінші қондырғының технологиялық ыдысының көлемі 100 м3 болса, екіншісінің көлемі 200 м3-қа тең. Қондырғылардың өткізу шамасы (өнімділігі) сәйкесінше 3000 және 6300 т/сағ, массалары 29,5 және 43,5 т. Өңделуге келіп түсетін мұнайдың сулануы 90%-дан, ал қондырғыдан шыққан кезде 20%-дан аспауы керек. Газ факторы 120 м3/м3 шамасында, қондырғыдағы жұмыстық қысым 0,6 МПа-дан жоғары болмау қажет.
Қ
ондырғының
жұмыс істеу ретін қарастырайық. Ұңғыманың
өнімі сол жақтағы бөлікке сопло (1) және
мұнай құйылатын сөре (2) арқылы келіп
түседі. Бұл сөреде газдың негізгі бөлігі
ажыратылады. Газ оң жақтағы бөліктің
үстіңгі жағына әкетіліп, тамшы ұстағыш
(3) және қысым реттеуіш (4) арқылы газ
коллекторына жіберіледі. Су және мұнайдан
тұратын эмульсия сол жақтағы бөліктен
оң жаққа тамшы түзгіш (8) бен таратқыш
(7) арқылы келеді. Эмульсияның қозғалуы
сол жақ пен оң жақтағы бөліктердің
арасындағы қысым айырмашылығы арқылы
іске асырылады. Бұр қысым айырмашылығы
0,2 МПа-ға дейін жетеді, [1].
7.5-сурет. УПС технологиялық қондырғыларының сұлбасы
Сол жақ бөліктегі сұйықтың деңгейі (9) аспабы арқылы реттеледі. Ұңғыманың өнімі мұнайды термохимиялық өңдеуден өткізетін қондырғыдан келетін ыстық сумен араласады. Сол себепті тамшы түзгіштің (8) ұзындығы жеткілікті болуы керек, яғни бұл ұзындық 200-300 м шамасында болады. Тұндырылған су перфорацияланған құбыр (6) арқылы қондырғыдан алып кетіледі. Тазаланған мұнай перфорацияланған құбыр арқылы қондырғының жоғарғы жағынан штуцерлер (5) арқылы алынады (суретте ол көрсетілмеген). Қондырғының жұмыс істеу кезінде мұнай-газдың, мұнай мен судың деңгейлері бақыланып, реттеледі. Ыдыстағы қысым мен температура өлшенеді. Мұнай деңгейі мен қысымның мәндері шекті мәндерінен асқан кезде дабыл қағылып, қондырғы өшіріледі.