
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
Жинау және тасымалдау жабдықтары
7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
Мұнай мен газды жинап және тасымалдауға дайындауға арналған жабдықтар, ал қабат суын пайдалану немесе ағызып жіберу жұмыстары мұнай мен газдың шығымын азайту бағытында үлкен рөл атқарады және жіті назар аударып, көптеген қаржы талап ететін сала. Мұнайды жинау мен тасымалдауға дайындаудың металсыйымдылығы орасан үлкен және көп мөлшерде құбырлар жүйесін, ауқымдары үлкен сепараторлар, тұндырғыштар мен резервуарларды қажет етеді.
7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
Ұңғыма өнімін жинаудың жалпы жүйелік сұлбасы 7.1-суретте көрсетілген. Мұнда мұнай, газ және қабаттық суды жинау мен дайындау сұлбасы келтірілген. Жекеленген технологиялық сұлбаларға байланыссыз барлық жағдайларда кейбір процестер мен операциялар, сонымен бірге орындалатын жұмыстар мынадай болып келеді:
- эмульсияны бұзу, оны құбырмен тасымалдау мен газды сепарациядан өткізу. Бұл процестер – тасымалдаушы жүйенің тұтқырлығын төмендету, парафиннің шөгуін болдырмау мақсатында орындалады;
- суды мұнайдан бөлу, өлшеу-тапсыру операциясы, тауарлы және шикізатты резервуарларды толтыру;
- шайынды суларды біріншілік тазалау және құбырлардағы мұнайды деэмульсиялау және оны мұнай дайындаудың технологиялық циклінде кері қайырып отыру;
- мұнай мен судың сапасын бақылау және оларды өзара тазалау;
- тауар паркына қызмет көрсету мен мұнай сапасын жақсарту.
Біріктірілген сұлбада (7.1-сурет) ұңғыманың өнімі өлшеуіш «Спутник» қондырғысына келіп түседі. Одан шыққан газдалған мұнай-сулы эмульсия деэмульгаторда өңделіп, оның эмульсиялық брондалған қабыршағы турбулентті режимде (Re=2000-25000) кәсіпшілік құбырында қиратылады. Қиратылған эмульсия алдын ала дренажды сумен араластырылып, ары қарай секциялы тамшытүзгішке жіберіледі. Эмульсия ағынына жіберілген дренаж суы тамшытүзгіште су глобулының іріленуіне әкеліп, сепараторда ол фазаның жылдам ажырауына әкеліп соғады.
Сепаратордан шыққан дегаздалған, құрамында аздаған су тамшылары бар мұнай 40 0С-қа дейін ысытылады да, тамшы түзуші секциядан толық сусыздану үшін тұндырғышқа келіп түседі. Бөлінген газ компрессор арқылы газ жинағышқа келіп түседі, ал сусызданған мұнай тұщы сумен өңделгеннен кейін тамшытүзгіш арқылы тұзсыздану мақсатында тұндырғышқа жіберіледі. Ол жерден мұнай буферлі ыдысқа келіп, ары қарай сораптармен бас құрылымдарға, сонан соң мұнай магистралына жіберіледі.
Ұңғыма өнімін жинау мен дайындаудың технологиялық сұлбасы жабдықтардың негізгі тобын бөліп қарауға мүмкіндік береді, [1].
7.1-сурет. Мұнайды, қабат суы мен газды жинау және дайындау сұлбасы
Тораптар бойынша біріктірілген операциялар: А-сұйықты тасымалдау, тұтқырлықты азайту, парафин шөгіндісін болдырмау, эмульсияны бұзу, ағын қабатын біртіндеп ажырату; Б-орта өлшемдегі тамшыларды ірілендіру, турбулентті режимде мұнай ортасындағы дренажді су тамшысын тазалау, газды сепарациядан алдын ала өткізу, газ қосылыстарын коалесценциялау; В-газ көпіршіктерін бұзу, газды бұрып алу, су глобулын дренажды су құрамына ығыстыру, гидрофильді сұйықты сүзгіде газдың ұлғаю энергиясымен глобулды бұзу, сұйықтық флотация, суды ағызып жіберу; Г-ыстық сепарация мен деэмульсиялау, жылыту, жұқа дисперсті эмульсия бөлігіндегі брондалған қабықшаны бұзу, турбулентті режимде коалесценциялау, мұнай және су ағындарын бөлу; Д-жеңіл фракцияларды іріктеп алу, конденсатты мұнайға кайтару, тұзды жуу, ағынды бөлу, суды ағызып жіберу, мұнайды бұрып алу; Е-гидродинамикалық эффектілердің есебінен мұнайды тасымалдау мен сапасын жақсарту, мұнайдың резервуардан өту операциясын бөлініп шыққан сумен ортақтастыру; З-турбуленттік режимде лас судағы шөгінділерді ірілету және тасымалдау; И-сұйықтық гидрофобты сүзгіде суды тазалау, дренаж суының коррозионды белсенділігін азайту; 1-ұңғымалар; 2-өлшеу құрылғысы; 3-деэмульгаторды беру; 4-құбыр; 5-I, 5-II, 5-III тамшы түзушілер; 6-үшфазалы сепараторлар; 7-жолдық жылытқыш; 8-сусыздандыру сатыларының тұндырғыштары; 9-компрессор; 10-тұщы суды беру; 11- тұзсыздандыру сатыларының тұндырғыштары; 12-мұнайдың буферлі ыдысы; 13,16-мұнай сораптары; 14-мұнай сапасын талдағыш, өлшеу құрылымы, 15-тауар резервуары; 17-су сорабы; 18-судың буферлі ыдысы; 19-тотықтырғыш ингибиторын беру; 20-гидрофобты сүзгілі тұндырғыш; 21-суды гидродинамикалық өңдеуге арналған құбыр; 22-мұнайды жинағыш ыдыс; 23-шығым өлшеуіш
Жинағыш жабдықтарына жататындар – бұл өлшеуіш қондырғылары, біріншілей газ сепараторлары, реагент беретін құрылғы, кәсіпшілік сорап станциялары мен құбырлар.
Ұңғыма өнімін дайындау жабдықтарына – сепараторлар, тұндырғыштар, қыздырғыштар, деэмульгаторлар, резервуарлар, сораптар, тасымалдауға дайындалған кәсіпшілік өнімдерін өлшеуге арналған құралдар.