
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
Мұнай қабаттарының құрылымы мен құрамы, техникалық өткізу ерекшеліктері, ұңғыманың эксплуатациялы және бекітудің әртүрлі талаптары қышқылдардың негізіндегі түрлі композициялы қоспаларды, технологиялық сызбалар мен регламенттердің көрсетілген түрінде әсер етуін қолдануды талап етеді.
Қышқылды әсер етушілерді мына мақсаттарда қолданады:
мұнай өндіруші және су айдау ұңғымаларын пайдалануға енгізу немесе меңгеру кезіндегі түп алдындағы аймақты өңдеу;
осы ұңғымалардың өнімділігін жоғарылату (қарқындату) кезінде түп алдындағы аймақты өңдеу;
ұңғыманың су айдау және мұнай шығару процестеріне байланысты сүзгі мен түп алдындағы аймақты шөгінділерден тазарту;
ұңғыманы кезекті жөндеу процесінен кейін сүзгі мен түп алдындағы аймақты қалдықтардан тазарту;
ұңғыма пайдалану негізіндегі шегендеуші тізбектер мен жерасты жабдықтарын шөгінділерден тазарту;
түп алдындағы аймаққа басқа да белсенді әдістермен әсер ету.
Қышқылды әсер ету кезінде базалы реагенттерге тұзды (хлорсутек HCl) және балқымалы (фторлысутекті HF) қышқылдар жатады. Ұңғыманы меңгеруде, мұнай ағынын қарқындату мен су айдау кезінде басқадай органикалық және биорганикалық қышқылдар қолданылады, мысалы, сірке қышқылы.
Қышкыл құрамының рецептурасын таңдау ретінде бірден-бір негізгі анықтаушыға тектік-коллектордың химиялық құрамы жатады. Құрамында тұнба түзуші қоспасы (сульфаттар, темір қосылыстары, т.б.) жоқ карбонаттық коллекторларды тұз қышқылымен өңдеген жөн. Тұз қышқылының құрамындағы жұмыстық концепцияны мыналарды ескере отырып анықтайды:
тектің ерігіштік қасиеті мен ерігіштік жылдамдығы және құрамындағы қышқылдың бейтараптануы;
коррозиялық белсенділігі;
эмульгиялық қасиеті;
қабат суымен араласу кезіндегі тұнба түзу қасиеті;
қабат қысымының шамасымен.
Коррозиялық ингибиторлар негізінде қолданылатын реагенттерге келесі талаптар қойылады:
ингибитордың тиімділілігі металдың коррозиялық жылдамдығын 25 және одан көп есе азайтып, аз концентрациялы және арзан бағасын қамтамасыз ету керек;
қолданылған қышқылдардың ерігіштігі жақсы болуы керек; тек оның аз ғана көмескіленуі болып, сүзу процесіне кедергі келтірмеуі қажет; қышкылды карбонаттармен бейтараптаған кезде ингибитор тұнбаға түспеу керек (тұздануы);
құрамға кіруші ингибитор немесе композициялы қоспалар реакция өнімдерімен тұнба түзбеуі керек.
6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
Қабатты қышқылмен өңдеу қондырғылары – жалпы жағдайда қышқылдарды сақтау базасы, олардың ерітіндісін дайындау, қышқылды ұңғымаға айдау мен тасымалдауға арналған агрегаттар және ұңғыма қондырғыларынан (ұңғыма ішіндегі және сағалық) құралады.
Қышқылдар сақталатын базада оларды қабылдау, ерітінділерді дайындау және сақтау орындары бар. Қышқылдар ішкі жақтары футеровкаланған плиталар немесе арнайы жапқыштармен өңделген ыдыстарда сақталады. Футеровкалау үшін диабазалық плиткалар қолданылып, олардың жіктері қышқылға төзімді жағылымдармен өңделеді. Бұл үшін 20% базальт және 80% диабазалық ұн қосылған жағылым жасалынады. Кей кезде футеровканың орнына арнайы маркалы резина немесе эбонитті қолдануға болады.
Ыдыстардың сыртқы беттері қышқылға төзімді эмальмен жабылады. Қышқылдық база олардың ерітінділерін талдайтын зертхана және реагенттерді сақтайтын қоймамен жабдықталуы қажет. Барлық ыдыстарға қышқылдарды апатты жағдайда құйып алу үшін арнайы айдау жабдықтар қойылады. Айдау сораптарының сальниктері щитоктармен қымталады. Сонымен бірге, қышқыл сақталатын ыдыстар су түспейтін етіп оқшауланады. Қышқылдармен жұмыс істеуге арнайы дайындықтан өткен мамандар ғана жіберіледі.
Қышқылдар мен оның ерітінділерін тасымалдау үшін арнайы агрегаттар мен қышқылтасығыштар қолданылады. Қышқылтасығыш КП-6,5-те цистерна, ортадан тепкіш сорап және тиекті арматуралы құбырлар бар. Цистерна оның ішінде орналастырылған, сыйымдылығы 6м3. Сорап маркасы 3Х-9В-3-51 қышкылға төзімді, тегеуріні 3526 м, өнімділігі 29-60м3 /сағ. Сорап жүріс қозғалтқышының жетектеуімен жұмыс істейді. Қышқылтасығыш КП-6,5 КрА3-255В автомашинасына қондырылған.
Ұңғымаға қышқылды айдау және тасымалдау үшін «Азинмаш-30А» және АКПП-500 агрегаттары қолданылады. «Азинмаш-30А» агрегаты (6.17- сурет) КрА3-257 дөңгелекті автомашинаға қондырылған. Автокөлікте екі бөлікті (күрделендірілген агрегатта біреуінің көлемі 2,7 м3, ал екіншісіне – 8м3) цистерна 3 қондырылған. Цистерна іштей гуммирленген. Әрбір бөлік арнайы қақпақпен жабдықталған. Агрегаттағы құбырлар да гуммирленген. Автомашинада химреагенттер үшін бөлек баллон 1 бар. Баллонның сыйымдылығы 0,2м3.
6.17-сурет. «Азинмаш-30А» қышқылды агрегатының сұлбасы
5НК-300 агрегатының сорабы 2 үшплунжерлі, горизонтальді, әрекеті бірбағытты. Жүріс қозғалтқышынан қуат алу қорабы, редуктор және кардан арқылы жетек күшін алады. Сораптың 100-1200 мм-лік ауыспалы плужерлері бар, [1].
Барлық сораптық қондырғылар ілгерілмелі-қайтымды сораптарымен автокөлік, трактор, шынжыр табанды тасымалдағыштардың шассилеріне қондырылған және цементтеу (6.18-сурет), қабаттарды гидравликалық ажырату және гидроқұмдық перфорациялау, түптің алдын қышқылдармен өңдеу кезінде түрлі сұйық орталарын қабаттарға айдау үшін қолданылады. Аталған қондырғылар Мемлекеттік стандартқа сәйкес «Мұнайкәсіпшілігіндегі жылжымалы сорап қондырғылары. Типтері мен негізгі параметрлері» МЕмСТ 28922-91 шығарылады.
Стандарт үш түрлі сорап қондырғыларын қарастырады.
УН-қосымша технологиялық ыдыссыз қондырғы (өлшегіш бак, цистерналар);
УНБ-өлшегіш бакты сорап қондырғысы;
УНЦ-сұйық ортана тасымалдауға арналған цистерналы сорап қондырғысы,[1].
6.18 -сурет. Цементтеуге арналған ЗЦА-400 агрегаты:
1-автомобильді база; 2-күштік қондырғы; 3-тегеурінді көмекші құбыр; 4- беріліс қорапшасы; 5-басқару пункті; 6-сорап; 7-өлшеу багы; 8-қабылдау құбыры; 9-тегеурінді құбыр жүйесі; 10-аккумуляторлар