
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
Су қыздырғыш қазандар мен бу генераторларынан ұңғымаларға жылу трассасы тартылады. Құбырларды жер бетімен жүргізгенде олардың беті жылуоқшаулағыш материалмен жабылады және материал бетінің температурасы 40 0С-тан аспайтын болу керек. Жылу құбырының белгілі қашықтықта бекітпелері (якорлары) болып және әр телімде температуралық ұзаруларды есепке алатын П-тәрізді компенсаторлар қойылады. Ұзару нәтижесінде пайда болатын деформация қажетті мөлшерден аспау керек.
Құбырларды траншеяда жүргізу кезінде де оны жылуоқшаулағышпен қымтап, кірпіштен немесе блоктардан канал жасап, құбырды құммен жабады. Мұнда да жылу құбырының температуралық ұзарудан сақтайтын компенсаторлары болады.
Ұңғыма мен жылу құбыры сағалық жабдықпен шарнирлі байланыс арқылы бірігеді. Сағалық жабдық жоғары-төмен вертикалды бағытта қозғалып тұрады (6.12-сурет), себебі шегендеуші құбыр мен СКҚ қыздыру және суыту кездерінде вертикал бағытта жылжып отырады. Шарнирлі байланыс 4,5 м-ге дейінгі қозғалысты қамтамасыз ете алады.
6.12-суреттің астыңғы жағында ұңғыма түбінің жабдықтарының үш варианты көрсетілген (г, д, е суреттері). Бірінші вариантта тек қана пакердің орналасуы берілген (г -варианты), екіншісінде – пакер және якорь қойылған (д –варианты). Мұндай кездерде температураға байланысты СКҚ-ның ұзаруы сағадағы шарнир бекітілген жерге беріледі. Үшінші вариантта қосымша тағы да СКҚ-ның ұзару компенсаторы бар (е). Бұл кезде СКҚ-ның температуралық ұзаруы телескопиялық компенсатормен қабылданып, шарнирлік байланысқа әсер етпейді. Телескопиялық компенсатордың графитпен қанықтырылған асбест сақиналары және жылуға төзімді резинасы бар, [1].
6.12-сурет. Қабатқа буды айдау кезіндегі ұңғыма сағасының сұлбасы
1-ысырма; 2-үшжақ; 3-шарнирлі байланыс; 4-сағалық сальник; 5-манометр; 6-төртжақ; 7-вентиль; 8-буфер; 9-тізбектік сальник; 10-тізбек басының корпусы; 11-СКҚ; 12-шегендеуші тізбек құбырлары; 13-кондуктор; 14-телескопиялық құрылым; 15-якорь; 16-пакер; 17-фланец.
6.13-сурет. Тізбек басының сұлбасы.
1-грундбукс шпилькасы; 2-жоғарғы грундбукса; 3-жоғарғы корпус; 4-сальникті нығыздағыш; 5-майлағыш май беретін кері клапан; 6-төменгі грундбукса; 7-бұранда; 8-нығыздауышты қысатын төлке; 9-шегендеуші тізбек; 10-төменгі корпус; 11-ауыстырғыш
Ұңғыма арқылы қабаттарды бумен өңдеу кезінде сағалық жабдықтардың сальниктері жылуға төзімді сақиналардан жасалады. Тізбек басының мұндай кезде шегендеуші құбыр өтетін сальникті нығыздауышы (4) болады (6.13-сурет). Жұмсақ сальникті нығыздауышты жоғарыдан грундбуксамен (2), ал төменнен бұрандалармен (7) қысуға болады. Олар төменгі грундбуксаны (6) көтеріп нығыздауышты қысады. Тізбек басының жұмыстық қысымы 4 МПа-ға, ал тізбек сыртындағы температура 1500С-қа дейін жетеді. Мұндай тізбек бастары диаметрі 146 және 168 мм болатын пайдалану тізбектері үшін шығарылады, [1].
Жылутасығыштың тез арада салқындамауы және шегендеуші тізбекті қыздыру үшін СКҚ-ны төменге пакермен түсіреді. Құбыр сыртының кеңістігі нығыздалып, одан сұйық буланады да, өте сапалы жылуоқшаулағыш пайда болады. Соңғы кездері арасына жылуоқшаулағыш материал толтырылған екі қабат металл қабыршығы бар СКҚ қолданылып жүр. Мұндай құбырлар жылу шығынын 5,5 есеге азайтады.