
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
Қабатқа ыстық суды және буды дайындау және оларды айдау үшін ең жиі қолданылатын жабдықтар суды дайындаушы, суды жоғары температураға дейін немесе бу жағдайына дейін қыздыратын қондырғыдан, ұңғыға жылу тасығышты айдаушы жабдықтардан, СКҚ тізбегінің ұңғы оқпанының жабдықтарынан және кей кезде пакерден тұрады. Кей жағдайларда жылутасығышты қабатқа беру кезінде ұңғының герметикалығын сақтау үшін ұңғы оқпанын арнайы дайындау керек.
Су деңгейінен төмен батырылған су қабатын жалынмен қыздыратын жабдықтар шығарылған, сонымен бірге беттік, сағалық және ішкі ұңғылық бу генераторлары шығарылып, кеңінен қолданылуда.
6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
Суқыздырғыш немесе бу қазандарында қыздыруға арналған су кальций және магний тұздарынан, ондағы ерітілген оттегі, көмірқышқыл газдары мен майдан тазартылады және белгілі сілтілік жағдайға жеткізіледі.
Су құрамында болатын кальций және магний тұздары оны қыздыру кезінде тұнбаға айналып, жылуберіліс қабырғаларына шөгеді. Осыған байланысты қабырға арқылы берілетін жылуберіліс коэффициенті күрт төмендеп, су қыздыру процесі баяулайды. Судағы тұздардың құрамы оның тұздылығын (жесткость) сипаттайды. Жалпы тұздылық, әдетте карбонатты тұздылық (бикарбонаттардың – Са(НСО3)2 және Мg(НСО3)2 тұздарының болуымен) және бикарбонатты тұздылықтан тұрады (сульфаттар мен хлоридтер СаSО4, МgSО4, СаСl2, МgСl2 тұздары). Жалпы тұздылық 1 кг судағы мольдің санымен сипатталады (моль/кг). Суқыздырғыш және бугенераторлы қондырғылардың түріне байланысты судың жалпы тұздылығы 0,015-0,5 моль/кг шамасынан аспауы керек. Судағы еріген оттегі мен көмірқышқыл газы қыздыру құбырларының қабырғасын тотықтандырады. Оның судағы мөлшері 0,03-0,1 мг-экв/кг шамасынан, майдың құрамы 3-5 мг/кг мөлшерінен, ал салыстырмалы сілтілік 20 % -дан аспауы қажет. Әдетте, бейтарап ортаның рН көрсеткіші 7 шамасында, ал сілтілі ортанікі рН 7 мөлшерінде болатыны белгілі.
Су дайындайтын қондырғы катионитті және механикалық сүзгілер мен қосымша жабдықтардан тұрады. Катионитті сүзгілерде кальций мен магнийдің қақ тұрғызатын түрлері сүзгілерде орнатылған катионитті материалдардың көмегімен қақ тұрғызбайтын түріне ауыстырылады. Катионитті материал ретінде сульфокөмір, глауконит және синтетикалық смола қолданылады. Сульфокөмір кәдімгі қоңыр немесе тас көмірді өте күшті күкірт қышқылымен өңдеу арқылы алынады. Оның бөлшектерінің өлшемдері 0,3-1,2 мм, ал сіңіру сыйымдылығы 300 моль/кг-ға тең. Катионитті материалдың сіңірушілік қасиеті шегіне жеткенде оны регенерациялау арқылы сіңіргіштік қасиетін қайта жаңартады.
Қақ тұрғызушы тұздарды қақ тұрғызбайтын түріне Nа-катионитті ауыстырудың реакциясын қарастырайық. Катионитті материалды NаR деп белгілейік, мұнда R-иондық алмасуға қатыспайтын материал, [1]:
2NaR+Ca(HCO3)2=CaR2+2NaHCO3;
2NaR+Mg(HCO3)2=CaR2+2NaHCO3.
Осыған ұқсас реакциялар кальций мен магнийдің сульфаты мен хлоридтерінің тұздары үшін де жүреді.
Қазандықтың суында ары қарай реакция келесі бағытта жүргізіледі:
2NaHCO3=Na2CO3+CO2
+H2O;
Na2CO3+H2O=2NaOH+CO2 .
Катионитті материалды регенерациялау астұзының 6-8% ерітіндісімен материал қабаты арқылы өткізу арқылы жүргізіледі, [1]:
CaR2+2NaCl=2NaR+CaCl2;
MgR2+2NaCl=2NaR+MgCl2.
Хлорид кальций мен магнийдің шоғырланған су ерітінділері, сонымен бірге тұзды ерітіндінің артығы оларды жуу арқылы ағын жүйесіне ағызып жіберіледі.
6.10-суретте бугенераторлы қондырғыға су дайындау сұлбасы келтіріліген. Мұнда су ыдыстан (1) сораптың (11) көмегімен механикалық сүзгіге (4) беріліп, онда тазаланады. Одан әрі су тізбекті немесе параллель жалғанған катионитті сүзгілерге (5) және (6) келіп түседі. Сонан соң су жұмсартылған су ыдысына (3) беріледі. Сүзгілерде көпжүрісті кранның (10) көмегімен қондырғыны жұмыстық режимге қосуға, катионитті сүзгілерді регенерациялауға, катионитті материалдарды судың көмегімен жуып қопсытуға болады. Су дайындау жүйесінде тұзы бар ыдыс (7), көмекші өлшеу ыдыстары (9), су деңгейін реттегіші бар ыдыс (8) және қосымша сорап (2) орнатылады.
Механикалық сүзгі дегеніміз – диаметрі 700 мм және биіктігі 1850 мм болаттан жасалынған цилиндрлі ыдыс. Ол шамасы 0,6 МПа қысымға есептелінген. Корпусының үстіңгі түбі сфералық болып, ал төменгі түбі – екі қиығы бар жазық тектес болып келеді. Үстіңгі жағында өңделетін су келетін құрылғысы бар, ал астыңғы жағында таттанбайтын болаттан жасалынған штуцерлер дәнекерленген қос құбырдан тұратын дренажды жүйе орналасқан. Сүзгілер, әдетте бөлшектерінің өлшемдері 0,5-1,5 мм майдаланған антрацитпен 450 мм қалыңдықта және өлшемдері 0,5-1 мм болатын кварцты бөлшектермен сондай қалыңдықта толтырылады.
6.10-сурет. Бугенераторлы қондырғыға су дайындау сұлбасы
Катионитті сүзгі де диаметрі 700 мм, биіктігі 2850 мм цилиндрлі ыдыстан жасалынады. Оның үстіңгі жағында өңделетін су келетін қос құбыр жалғанған, ал астыңғы жағынан өңделген су дренажды құбырлармен алынады. Катионит сүзгіге 1,5 м қалыңдықпен толтырылады. Оның үстінде биіктігі 750 мм кеңістікте ауа жастығы болады және катиониттің жұмыс істеу кезінде ұлғаюына мүмкіндік береді, [1].