
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
5.7. Тальдік жүйенің элементтері
Мұнаралар мен мачталардың тальдік жүйесіне кронблок және тальдік блоктар кіреді. Кронблок (5.8-сурет) осьтан (1) және оған орнатылан роликті подшипниктер (2) мен шкивтен (3) тұрады. Шкивтер сырт жағынан кожухпен қапталған және ол канаттардың роликтің ойығынан шығып кетпеуін қамтамасыз етеді. Осьтер тұғырларға (5) орнатылып, ал ол өз кезегінде кронблоктың рамасына (6) бекітілген. Шкивтердің подшипниктері бүйір жақтарынан арнайы қақпақтармен жабылған, себебі жұмыс кезінде оларға әртүрлі лас заттар түспеуін және майының ағып шықпауын қамтамасыз етеді. Подшипниктерді майлау осьқа орналасқан каналдар арқылы жүргізіледі. Каналдарға арнайы май жіберетін майлағыштар бекітілген. Қою май әр подшипникке өзінің жеке каналы арқылы жіберіледі, [1].
5.8-сурет. Кронблоктың сұлбасы 5.9-сурет. Тальдік блок
Тальдік блоктың құрылымы (5.9-сурет) кронблокқа ұқсайды. Оның бір айырмашылығы мынада: тальдік блок канаттарға ілініп тұрады, ал бүйір жақтарындағы металл парақтарға ось пен сырға ілініп, оларға күршек жалғанады. Кронблок пен тальдік блоктардағы роликтердің саны тальдік жүйенің жарақталуына байланысты болады. Әдетте, қабылданған жарақтану кронблок пен тальдік блоктардың шкивтерінің сандарының қатынастары мынадай: 3х2; 4х3 немесе 5х4 (5.4-кесте) , [1].
5.4-кесте
Тальдік жүйенің элементтерінің параметрлері
Параметрлері |
КБН3-15 БТН2-15 1КН-15 |
КБН4-25 БТН3-25 КН-25 |
1КБН5-50 БТН4-50 КН-50 |
Жүк көтергіштігі, т Жарақтану көрсеткіші Канаттардың тартылуы, т Шкивтердің диаметрі, мм Канаттың диаметрі, мм Массасы, кг Кронблок Тальдік блок Ілмек |
15 3х2 4 380 18,5
118 155 32,4 |
25 4х3 4,48 480 18,5
185 190 65 |
50 5х4 6,95 580 22
810 450 185 |
Тальдік канаттар алты орамнан тұрады. Оның әр орамы өз кезегінде диаметрі 1,2-1,4 мм-ге тең 19 сымнан құралады. Алты орамның ішінде эластикалық материал бар және ол бір уақытта канаттарды майлап тұруға арналған. Канаттардың параметрлері төменде келтірілген.
Диаметрі, мм:
Канат..................................................................................................18,5; 22
Сымдар...............................................................................................1,2; 1,4
Массасы (100 м канаттың), кг.............................................................122; 166,3
Сымның шектік беріктігі, МПа....................................................................1500
Канаттың үзілу күші, кН......................................................................164; 223,5
Шектік жүктеме (қор коэффициенті 2,5), кН.....................................65,6; 89,4
5.10-суретте болат күршектің сұлбасы келтірілген. Мұнда болаттан жасалынған мүйіз тәрізді бөлшек траверса (5) және тірек подшипнигі (2) арқылы серіппеге (3) ілінген. Серіппе стаканға (4) орнатылады. Оның екі саусағына сырғаның (1) төменгі жағы кигізілген. Кілттің мүйізі ілінген серіппе тізбектен бұрап алынатын құбырды автоматты түрде көтереді. Ұңғыманың фланецінде тұрған элеваторға отырғызылған құбырлар тізбегіндегі жоғарғы құбырды бұрап алу процесін қарастырайық. Тальдік жүйе жоғарғы бұрап алынатын құбырды ұстап тұрады. Бұл кезде серіппе бір құбырдың салмағынан артық күшпен сығылады. Резьбаны бұрап ағыту кезінде құбыр серіппенің көмегімен көтеріледі де, конустық резьбаның босатылуы кезінде серіппе құбырды муфтадан суырып алады. Сонымен, құбырдың резьбалық бөлігі муфтаның бойымен жылжыған кезде, құбыр табиғи түрде жоғары қарай көтеріледі, [1].
5.10-сурет
Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған кейбір агрегаттарда күршек тальдік блокпен құрылымдық түрде байланысқан. Мұндай байланысты күршекблок деп атайды. Негізінде күршекблоктың екі элементі де бөлек күршек және тальдік блок түрінде жасалынады. Күршекблоктың болат мүйізінің екі жағында қосымша мүйіздері болады. Оларға қосымша элеваторды ілуге қажетті штропаларды жалғайды.
Барлық күршектердің ауызғы жағына штропалар шығып кетпес үшін арнайы қыстырма орнатылады.
5.7а-суретте көрсетілген 1КПШ-10 күршегі штангалық элеваторларды ілуге арналған болса, ал 1КН-15 күршегі (5.7б-сурет) – құбырлы элеваторды көтеруге арналады. КН-25 және КУ-50 күршектері қосштропты құбырлы элеваторлар үшін қолданылады.