
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
Есептеудің негізгі мақсаты – көтергіштердің жылдамдықтарының рационалды санын, күршектегі жүктемені анықтау, ұңғымадан жабдықтарды көтеру жылдамдығын таңдау және көтергіштің жұмыс уақытын есептеу.
Көтергіштердің жылдамдықтарының рационалды санын табу кезінде лебедка жетегінің қуаты мен ұңғымадан құбырды көтеру жылдамдығын теориялық түрде анықтауды А.С. Вирновский ұсынды. Ол құбырларды көтеру процесін іштен жанатын қозғалтқыштың көмегімен іске асыруды көздеді және бұл есептеулерде қозғалтқыштың айналу жиілігі мен максималды тиімді қуаты тұрақты деп алынды. Мұндай жағдайда қозғалтқыштың пайдалы қуаты көтеру кезіндегі толық қуатынан көтеру операциясының соңындағы нөлдік қуатқа дейін төмендейді (5.6-сурет а). Орташа жүктеу дәрежесі К біржылдамдықты лебедкада 0,5-ке тең болады. Ол параметрді мына интеграл бойынша анықтайды (5.7-сурет) , [1]:
.
(5.1)
Жылдамдық саны артқан сайын қозғалтқыштың қуатын пайдалану дәрежесі ұлғая түседі (5.6-сурет б). Бірақ бұл кезде мынаны еске сақтау керек: қозғалтқышты пайдалану дәрежесі тек қана жылдамдық санына байланысты өзгермейді, сонымен қатар жылдамдықтардың қатынастарына да тәуелді болады. 5.6 в, г -суреттерде қозғалтқыш жүктемесінің екінші жылдамдықтағы өзгерістері көрсетілген; в-бірінші жылдамдыққа жақын мәнінде, г-одан бірнеше есе жоғары мәнінде.
5.6-сурет. Көтеру жылдамдықтарының санына байланысты қозғалтқыш қуатын пайдалау графигі
Көтеру жылдамдықтар санының артуы беріліс тораптарының күрделі болуына алып келеді және олардың жоғары мәнге ие болуы қуатты пайдалану дәрежесін аса көп арттырмайды (5.7-сурет). Сондықтан, әдетте лебедкалардың жылдамдықтарының саны төрттен аспайды, [1].
5.7-сурет.
Көтеру жылдам-дығының санына байла-нысты
қуатты пайдалану
коэффициенті
Көтергіштің жалпы жұмыс істеу уақыты
,
(5.2)
мұндағы, li – құбырлар тізбегінің біркелкі жылдамдықпен көтерілетін телімдерінің ұзындығы; v – аталған телімдердің көтерілу жылдамдығы.
(5.2) теңдеуінен мына байланысты алуға болады:
,
(5.3)
мұндағы, N – лебедканың жетек қуаты; q-құбырлар тізбегінің бірлік ұзындығының салмағы.
Келесі белгілеулер енгіземіз:
Сонда
.
(5.4)
Рационалды көтеруге жұмсалынатын ең аз уақыт мына жағдайда орын алады:
.
(5.5)
Сол сияқты мынаны аламыз:
Бұдан мынаны табамыз:
Бұл теңдеулерді шешу арқылы:
Сонда,
Көрсетілген жағдайда қуатты пайдалану коэффициенті, [1]:
.
Күршектегі күтулі жүктемені жалпы жағдайда анықтау келесідей: фонтандаушы ұңғымадан тізбекті көтеру кезіндегі жүктеме құбырлар тізбегінің салмақ күшімен анықталады.
Ұңғыманы штангалық сораппен пайдалану кезінде ең жоғары жүктеме құбырлар тізбегінің салмақ күшімен, тізбектегі сұйықтың салмағы және штангалардың салмақ күштерімен анықталады.
Ортадан тепкіш электрлі сораптың көмегімен пайдалану кезінде жоғарғы жүктеме құбырлардың, кабельдің, ұңғылық агрегаттың батырмалы бөлігімен және ондағы сұйықтың салмақ күштерімен табылады.
Тальдік жүйенің жарақтану параметрлері мен әр жылдамдықтағы көтерілетін құбырлар санын келесі тәртіппен табамыз.
Егер
канаттағы шақтама тарту күші Р1,
лебедка барабанының ең кіші айналу
жиілігін n1,
құбырдың 1 м ұзындығының салмақ күші q,
құбырлар тізбегінің жалпы ұзындығы L,
жарақтану жүйесінің салмақ күші Росн
және оның п.ә.к-і
-ге
тең болғанда тальдік жүйеге қажетті
ішектердің саны мына формуламен табылады:
.
(5.6)
Бір жылдамдықта көтерілетін бір немесе қосқұбырлы жүйелердің санын анықтаймыз:
,
(5.7)
мұндағы, l – бір немесе қосқұбырдың ұзындығы; nі- zі-ге сәйкес келетін лебедканың барабанының айналу жиілігі.
Сонымен, тізбектегі бір немесе қосқұбырлардың жалпы санын (zk) біліп, қанша құбырды (х) бір жылдамдықпен көтеруге, ал қалғанын басқа жоғары жылдамдықпен көтеруге болатынын табуға болады.
Мысалы, төрт жылдамдықты көтергіш үшін, [1]:
(5.8)
Көтергіштің жұмыс істеу уақыты оның бір немесе қос құбырды көтеру уақытымен анықталады.
Бұл уақыт әр і жылдамдыққа байланысты анықталады
,
(5.9)
мұндағы, с – лебедканың іске қосу және тежеу кездеріндегі айналуының баяулауын есепке алу коэффициенті; dcp – лебедка барабанының тальдік канатты орау кезіндегі орташа диаметрі.
Құбырлардың немесе қос құбырлардың жалпы санын және оларды әр жылдамдықта көтеру уақытын біле отырып, құбырлар тізбегін түгел көтеруге жұмсалатын жалпы машиналық уақытты оңай табуға болады, [1].