
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
Балансирсіз тербелмелі-станоктың редукторының жетектеуші бөлігі (4.3-сурет) балансирлі тербелмелі-станокқа ұқсас. Балансирсіз тербелмелі-станоктың кривошипінің құрылымы өзгешелеу болады. Оның пішіні V-тәрізді, бұрышы 30 градус. Соңғы көрсеткіш станоктың теңгеруін жақсартады және қарсыжүктердің салмағын азайтады. Кривошиптағы жүк балансирлі тербелмелі-станоктың кривошипындағыдай құрылымды орналасады. Ұңғы сағасының үстінде еңістелген тіректе ролик орналасқан, ол арқылы траверсаға жалғанған иілгіш ілгек біріктірілген, ал ол өз кезегінде шатундарға жалғанады. Балансирсіз тербелмелі-станоктың басына 30 және 60кН жүк түсетіндей етіп шығарылады. Жүрістің ұзындығы 0,45-5м дейін. Редуктордың шығар білігіндегі айналау моменті 80 кН·м-ге жетеді, [1].
4.3-сурет. Балансирсіз тербелмелі-станоктың үлгісі:
1-рама; 2-ұстын; 3-сальникті шток; 4-арқанды шкив; 5-траверса (шатунды ұстап тұратын белдік) және шатундар; 6-кривошип; 7-редуктор; 8-тормоз; 9-электрқозғалтқыш; 10-сыналы белдікті беріліс.
Тербелмелі - станоктың белгіленуінде (мысалы МБС3-1.8-700) келесі белгілеулер қабыланған: МБС– механикалық әрекетті балансирсіз станок; 3- штангалар ілгегіндегі жүктеме мөлшері, тс; 1.8 – жүріс ұзындығы, м; 700 – айналу моменті, кгс*м.
Балансирсіз тербелмелі-станоктың балансирлі түрлерімен салыстырғанда металл сыйымдылықтары мен өлшемдері шағын болып келеді. Оларда штангалар ілгегіндегі нүкте қозғалысының сипаттамасы біршама жақсартылған, мұнда гармониялық тербелістен ауытқу аз, сондықтан штангалар ілгегіндегі нүктенің үдеуі және қоңдырғыдағы инерциялық жүктеу аз болады. Алайда, иілгіш қатынастың жеткіліксіз беріктігі осы қондырғылардың өндіріске кеңінен енгізілуін тежеп отыр.
Балансирсіз тербелмелі-станокта (4.3-сурет) шатун мен балансир иілгішті байланыспен ауыстырылған.
Әртүрлі құрылымдардың – тізбек, иілгіш металды таспаның, бірнеше сыналы белдіктердің, болатты арқанның иілгіштік байланыстары сыналды. Алайда, олардың барлығының жұмыс істеу мерзімдері ұзақ болмай шықты, осы себептен осы элементтерді ауыстыруға байланысты жиі-жиі инерционды операциялар жасау керек болды. Осыған байланысты соңғы кезде балансирсіз тербелмелі-станоктар ұңғымаларды аз мерзімді және сынақ мақсатында пайдалану үшін қолданылады. Сонымен бірге, балансирсіз тербелмелі-станоктың азайтылған салмағы осы қондырғыны бір орыннан екінші жерге ауыстыруға ыңғайлы етеді.
4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
Ұңғылық штангалы сораптық қондырғының гидрожетегі (4.4-сурет) атқарушы механизмнің жұмыс режимін реттейтін мүшелерге жұмыстық сұйықты беретін, яғни реттеуіш дроссель (4) және жіберуші клапан (7), содан кейін сұйық ағынын реттейтін золотник (6) және атқарушы механизмге (5) сұйық ағынын беретін күштік сорабы бар (1), (2) қозғалтқыштан құралған.
Атқарушы механизм қайтымды-ілгерілмелі немесе айналатын қозғалыстар жасай алады (4.4-сурет). Қайтымды-ілгерілмелі қозғалыс кезінде жұмыстық сұйық кезекті түрде поршеннің бір немесе екінші жағына, яғни атқаратын механизм цилиндрінің қуысына немесе уақыт сайын цилиндрдің бір қуысына беріледі. Одан кейін сұйық атқарылатын механизмнен золотник арқылы ыдысқа (9) барады да, одан ол қайтадан сораппен алынады. Ыдыс нығызданбаған болуы мүмкін, ол кезде сораптың қабылдау жағында атмосфералық қысым ұсталынып тұрады. Ал нығыздалған ыдыста (10) жоғары қысым ұсталынып тұрады, сондықтан оны қолдану нәтижесінде сораптың жұмыс циклін орындау – поршеннің бір жақтан екінші жаққа қарай жүріс құруын жеңілдетеді. Ыдыстар негізінде сүзгіштермен, металды өнімдерден тұратын жаңқаларды ұстап қалатын магнитті ұстағыштармен жабдықталған. Сұлбада қауіпті жоғарылатылған қысым кезінде жіберу каналын ыдыспен (9) біріктіретін сақтандырушы клапан (8) қарастырылған. Гидрожетекте, сонымен бірге сүзгіш (3) қарастырылған.
4.4-сурет. Сораптық қондырғының гидрожетегі
Золотникті (6) басқару қолмен және автоматты түрде іске асады. Автоматты басқару кезінде золотниктің жетегі механикалық датчиктардан келетін белгілермен басқарылады, олар жүйенің құбырларына қосылған. Гидрожетектегі сорап, әдетте аксиалды-поршеньді болады және жетекте жұмыстық сұйық ретінде майды қолданады. Атқарушы механизмнің жұмыс режимін реттеу 4.4-суретте келтірілген гидрожетек сұлбасы бойынша келесі түрде атқарылады: реттеуші дроссельдің (4) өту қимасын төмендете отырып, оның өзінде және сораппен дроссель арасында орналасқан құбырда ағынның кедергісін жоғарылатады. Қысымды жоғарылатқан кезде өткізгіш клапан (7) шамалы ашылады және сораппен (2) берілетін сұйықтың бір бөлігін ыдысқа (9) жібереді. Нәтижесінде атқарушы механизмге сұйықтың келуі төмендейді де, оның поршенінің қозғалуының жылдамдығы азаяды. Дроссельді аша отырып және онда кедергіні азайту арқылы, поршеннің (5) қозғалысын жылдамдатуға болады. Атқарушы механизмге түсірілетін жүктемені өзгерткен кезде сораптың шығар жеріндегі қысым автоматты түрде өзгереді және өткізгіш клапанның соған сәйкес реттеуі кезінде оның жұмыс режимі сақталады немесе өзгереді.
Гидро- және пневможетекті қондырғылардың штангалы сораптарының қоңдырғысында штангаларды қозғалысқа келтіретін негізгі түйіндердің сұлбалары бірдей болады. Штангалар шток арқылы цилиндрде орналасқан поршеньмен біріктіріледі. Шток поршеньге сальник арқылы өтеді. Поршеньге жоғарғы қысымды сұйықты немесе газды берген кезде, ол штангалардың қозғалысын жоғары бағытқа қарай көтерілуін іске асырады. Штанагалар төмен қарай механикалық жетекке ұқсас ауырлық күштері салмағының көмегімен қозғалады.
Кейбір шетел фирмаларында пневможетек сораптың ілгегінің тереңдігі аз ұңғыларда және өнімділігі шамалы ұңғымаларда қолданылады. Қазіргі кезде гидрожетектер кең қолданыс тауып отыр.
4.5-сурет. Гидротербеліс сұлбалары:
а) «Викерс» фирмасы шығарған қондырғылардың сүлбесі; б) Ресейде игерілген қондырғы сұлбасы.
Жетекті цилиндр (3) поршеньмен бірге ұңғыманың фланціне бекітіледі. Поршеньге жылтыратылған шток (2) жалғанған және ол сальник (7) арқылы өтеді. Қоңдырғыда гидрожетек жүйесі А бар, ол сұйықты кезекті түрде цилиндрдің жұмыстық қуысына және теңгеруші аккумуляторға (5) береді. Аккумулятор гидрожетектегі жүктеменің теңгеруін құруға және электрқозғалтқыштың тұтынатын қуатын азайтуға мүмкіншілік береді.
Бұл қондырғының құрылымында барлық жабдықтар басқару жүйесі мен жұмыстық сұйығы бар бакты қосқанда ұңғының шегендеуші тізбегінің фланеціне бекітілетін етіп орындалған, [1].