
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
ГПСА қондырғы тораптарының параметрлерін есептеу негізінде келесі кезеңдерден тұрады:
1. Сораптың динамикалық деңгей астындағы қажетті бату тереңдігін сораптың толтырылу коэффициенті мен газ факторы берілген кезде анықтау.
2. Сораптың түсірілу тереңдігін сұйықтың динамикалық деңгейінің орналасуына және сораптың осы деңгейге батуын ескере анықтау.
3. Батырмалы агрегаттың типтік өлшемдерін анықтау.
4. Беттік жабдықтардың құрамын және параметрлерін анықтау.
Сораптың динамикалық деңгей астында қажетті бату тереңдігін анықтау, штангалы сораптарға ұқсас анықталады. Сораптың ұңғыға түсірілу тереңдігін динамикалық деңгейдің орналасу тереңдігін белгілі статистикалық деңгейдің орналасуымен, өнімділік коэффициенті және алынатын сұйықтың көлемі бойынша табады. Сораптың түсірілу тереңдігі ұңғыдағы сұйықтың динамикалық деңгейінің орналасуының және осы деңгей астында сораптың бату тереңдігінің қосындысына тең болады.
Батырмалы агрегаттың типтік өлшемдері сораптың берілісі, тегеуріні және батырмалы агрегаттың габариті бойынша анықталады. Сораптың берілісі алдын ала беріледі. Егер өндірілген сұйық СКҚ -ның бос ішкі қуысымен көтерілсе және сұйықтың тұйық циркуляциясы қолданса, батырмалы сорапты дамытатын тегеурін анықталады. Егер сұйық сақиналы қуыспен көтерілсе, онда берілген формулада ағынға қарсы анықталған кедергінің тәуелділіктерін өзгерту керек. Бұл тәуелділіктер өндірілген және жұмыстық сұйықтардың араласуы кезінде де дәлелденеді.
Батырмалы агрегаттың габариттері ұңғының қабылданған жабдықталу сұлбасына (параллельді немесе концентрикалық тізбектер, пакер қолдануы), жұмыстық сұйықтың қабылданған сұлбасына және ұңғының шегендеу құбырларының диаметріне қарай таңдалады.
Беттік жабдықтардың параметрлері, яғни оның берілісі және жұмыстық сұйықтың қысымы батырмалы қозғалтқыш плунжерінің диаметріне, қадам ұзындығына және қадам жиілігіне тәуелді болады. Бұл көлемдердің есептелуі кезінде жүйедегі сұйықтың ағып кетуін және золотниктің ауыстырып қосуы кезінде болатын сұйық шығынын ескеру керек. Беттік сораптың жұмыстық сұйығының қысымын есептеу кезінде қозғалтқыш және сорап поршеньдерінің, поршеньдерді қосатын штоктың, құбыр ішіндегі және батпалы агрегаттың өзінде тегеурін шығынының, агрегаттағы қозғалатын бөлшектердің үйкеліс күшінің өлшемдері ескеріледі.
3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
Гидропоршеньді сорапты таңдау кезінде жұмыстық сұйықтың меншікті шығыны максималды кеміту қажет (өндірілген мұнайдың тоннасына шаққандағы шығынды).
Жұмыстық сұйықтың шығымы (м3/тәу) мынаған тең болады:
Qжұм=1440(2F2-f)s·n·K р. (3.3)
Бұл жерде F2 – батырмалы қозғалтқыш плунжерінің көлденең қимасының ауданы, м2; f – штоктың көлденең қимасының ауданы, м2; s –батырмалы қозғалтқыш плунжерінің қадам ұзындығы, м; n – плунжердің минутына жасайтын қос қадамдарының саны; Kр – жұмыстық сұйықтың шығымдық коэффициенті (нақты шығымның теориялық шығымға қатынасы).