
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
Гидропоршеньді сораптар гидрожетекшеушінің барлық ерекшеліктеріне және мұнайды механикалық өндіруге арналған басқа қондырғыларға қарағанда көптеген артықшылықтарына ие болады. Оларды қолдану механикалық энергияны беруші қатынастарды қажет етпейді (штанга, канат, кабельдер, т.б.); кез-келген қисық сызықты ұңғыны қолдануға мүмкіндік береді; сұйықтың алым мөлшерін реттеуге және бірнеше ұңғыға ортақ гидрожетектеушіні қолдануға болады. Одан басқа еркін-лақтырылғыш (свободно-сбрасываемого) типті сорапты қолдануға; тереңдік аспаптарын гидропоршеньді сорап сұйық ағынымен бірге тасымалдауға; өндірілген сұйықты алғашқы өңдеу үшін химиялық реагенттерді қолдануға болады. Сорапты ауыстыру кезінде ұңғының жұмысын бастырмай (тоқтатпай) жасалынуы мүмкін.
ГПСА-ның (ГПНА) құрылыс сұлбасы 3.17-суретте көрсетілген.
Гидропоршенді сорапты қондырғылар келесі түрде классификацияланады:
жұмыстық сұйықтың циркуляциясының принципиальды сұлбасы бойынша – ашық немесе жабық жүйелі;
3.17-сурет. ГПСА-ның структуралық сұлбасы:
1-энергияны механизм арқылы берілісі; 2-энергияның сұйық арқылы берілісі.
ұңғылық сораптың жұмыс істеу принципі бойынша – бірлік, қосжүрісті немесе дифференциалды жүрісті;
гидроқозғалтқыштың жұмыс істеу принципі бойынша – қос немесе дифференциалды жүрісті;
батырмалы агрегаттың түсіру әдісі бойынша – СКҚ тізбегімен түсрілетіндер, фиксацияланған немесе еркін – ұңғыға тасталынатындар;
бір жерлік қондырғысымен жұмыс істейтін ГПСА-лардың (ГПНА) саны бойынша – индивидуальды немесе топтық.
Мұнай өндіргіш ұңғыларда жұмыс істеу үшін золотникті реттеушісі және поршеньді гидравликалық қозғалтқышы бар тереңдік поршеньді сораптар қолданылады.
Ұңғылық жабдықтардың құрамына мыналар кіреді: ұңғылық сорапты агрегат; СКҚ тізбектері; әртүрлі ұңғылық аспаптар – пакерлер, якорьлер, центраторлар; ажыратқыш клапандар, т.б. Ұңғылық сораптық агрегаттың құрамында плунжерлі және поршеньді гидравликалық қозғалтқыштар болады. Сонымен бірге, сораптың плунжері штоктың көмегімен гидравликалық қозғалтқыштың плунжерімен байланыстырылған. Жоғары беттен гидравликалық қозғалтқышқа күштік (силовые) сораптар арқылы қысыммен жұмыстық сұйық беріледі (бұл механикалық қоспалардан тазартылған және газ бен судан ажыратылып, арнайы дайындықтан өткізілген өндірілген мұнай болу мүмкін). Золотник-реттеуші немесе гидравликалық қозғалтқыштың ауыстырып қосушысы (переключатель) жұмыстық сұйықты кезекпен оның поршенінің астына және үстіне орналасқан қозғалтқыш цилиндрінің штокті және жұмыстық қуыстарына жібереді. Қозғалтқыш поршені қайтымды-ілгерілмелі қозғалысқа жіберіліп, шток арқылы бұл қозғалысты сораптың плунжеріне береді. Золотниктің жұмысы тереңдік агрегатының поршеньдерін қосатын штокпен немесе арнайы басқару жүйесімен басқарылады.
Сорап өндірілген сұйықты жоғарыға көтереді. Қозғалтқышта жұмыс жасап шыққан жұмыстық сұйық көтергіш құбырларға бағытталады, бұл құбырлар арқылы ұңғыдан өндірілетін сұйық бірге жүреді де, жоғары бетке олардың қоспасы шығады.
Бетте жұмыстық сұйықты ұңғылық агрегатқа беретін сорап және жұмыстық сұйықты дайындайтын жүйе орналасқан. Ұңғыдан көтерілген сұйықтың бір бөлігі өнім жинаушы кәсіпшілік жүйеге (НГДУ) бағытталады, ал бір бөлігі жұмыстық сұйықты дайындайтын ашық жүйеге бағытталады. Ол жерде сұйықтан бөлінген су және газ кәсіпшілік жүйеге бағытталады, ал тазаланған жұмыстық сұйық беттік сорапқа барады (3.18-сурет) , [1].
Жұмыстық сұйықтың ашық циркуляциялау және оны дайындау жүйесінде тұндырғыштар, сепараторлар, реагентті беруші құрылғылар (мысалы, тұрақты эмульсияларды айыру үшін) және кей кезде жылытқыштар болады. Әдетте, жоғарғы бетте орналасқан күштік сораптар плунжерлі болады, бірақ жоғары тегеурінді ортадан тепкіш сораптар да қолданылу мүмкін.
Жұмыстық сұйықтың жабық циркуляциялы сұлбасы да қолданады. Бұл жағдайда, ұңғыда қосымша үшінші құбыр болу керек, бұл құбыр бойынша қозғалтқышта жұмыс істелінген жұмыстық сұйық өндірілген сұйықпен араласпай жоғары көтеріледі. Сондықтан, жұмыстық сұйықты дайындау операциясы жеңілдейді. Бұл кезде сұйықтан негізінен тек қана механикалық қоспаларды айыру керек (қажалған бөлшектердің тозу өнімдері, құбырдың қабыршақтары, т.б.). Беттік қондырғылар едәуір оңайлатылады, бірақ, ұңғыға үш құбыр түсірілетіндіктен бұл барлық жағдайларда мүмкін емес, ал кей жағдайларда мүлдем іске аспайды.
3.18-сурет. Гидропоршеньді қондырғының сұлбасы:
1-ұңғылық сорап; 2-батырмалы қозғалтқыш; 3-жұмыс істелінген сұйық және ұңғының өнімін көтеру үшін арналған канал; 4-жұмыстық сұйықты батырмалы агрегатқа жеткізуші канал; 5-беттік күштік сорап; 6-жұмыстық сұйықты дайындау жүйесі.
Қатар қолданылатын бірнеше ұңғыларға бір ғана қуаты жоғары қондырғы сұйығын дайындайтын беттік жүйені қолдану тиімді болады ( 7-40 ұңғыларға). Сонымен бірге, ұңғылық гидропоршеньді сораптардың бірнеше типтік өлшемдері болуы мүмкін. Бұл жағдайда қызмет көрсету жұмыстары жеңілдейді және қондырғылардың саны азаяды. Мұндай қондырғылар топтық деп аталады, ал индивидуальды қондырғыларда әрбір қолданылатын ұңғының жанында беттік сорап және жұмыстық сұйықты дайындау жүйесі болады.