
- •1. Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
- •1.1. Негізгі түсініктер мен сипаттамалар
- •1.2. Ұңғыма оқпандық аймағының жабдықтары
- •Ұңғыма оқпанына арнайы агрессивті орталарды беру кезінде және будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның қарқындауын тудырады. Осыған байланысты құбыр материалының маркасы дұрыс таңдалуы тиіс.
- •1.3. Өндіруші ұңғыма сағасының қондырғылары. Ашық фонтандауды сақтандыратын қондырғылар
- •1.4. Лифт құбырлары. Сорапты-комрессорлы құбырлар (скқ). Мұнай өндірісінің коммуникациялық құбырлары
- •1.5. Сорап-компрессорлы құбырларды есептеу
- •1.6. Мұнай кәсіпшілігінің коммуникациялық құбырлары
- •1.7. Ұңғылардың нығыздауыштары – пакерлер
- •1.8. Пакерлерді құрылымдау және есептеу
- •1.9. Қорғаныс қаптамасы бар сорапты-компрессорлы құбырлар
- •2. Фонтанды және компрессорлы ұңғылардың жабдықтары
- •2.1. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудағы құрал-жабдықтар
- •2.2. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
- •2.3. Фонтанды арматураның манифольді
- •2.4. Ұңғыны газлифттік әдіспен пайдалануға арналған жабдықтар
- •2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
- •2.6. Периодты газлифттің принципиальды үлгісі
- •2.7. Газлифтті көтергіштің диаметрін анықтау
- •3. Штангасыз сорап қондырғылары
- •3.1. Ұңғыны штангасыз сораптармен пайдалануға
- •3.2. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
- •3.2.1. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары
- •3.3. Мұнай өндірісіндегі сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары
- •3.4. Батырмалы электрқозғалтқыш
- •3.5. Ұңғылық бұрандалы сорап қондырғылары
- •3.6. Диафрагмалы ұңғылық сорап қондырғылары
- •3.6.1. Пдн типті плунжерлі-диафрагмалы сораптар
- •3.6.2. Сораптың құрылымы мен жұмыс қағидасы
- •3.7. Гидропоршеньді сораптық қондырғыларды қолдануғаарналған ұңғылық жабдықтар
- •3.8. Гидропоршеньді сораптың батырмалы агрегаты
- •3.9. Гидропоршеньді сораптарды есептеу
- •3.10. Жұмыстық сұйықтың шығынын анықтау
- •3.11. Жұмыстық сұйықтың күштік қысымын анықтау
- •3.12. Гидропоршеньді қондырғының қуатын және пайдалы әсер коэффициентін анықтау
- •4. Штангалы сорап қондырғылары
- •4.1. Ұңғыманы штангалық сораптармен пайдалануға арналған жабдықтары
- •4.2. Балансирсіз тербелмелі станоктар
- •4.3. Ұңғылық штангалы сорап қондырғыларының гидравликалық және пневматикалық жетектері
- •4.4. Штангалар ілгегінің нүктесіндегі орын алатын күштер
- •4.5. Балансирлі тербелмелі-станокты теңгеру әдістері
- •4.6 Штангалы ұңғымалық сораптық қондырғыны есептеу
- •4.7. Шұсқ жабдықтарын таңдау мен сораптың жұмысының параметрлерін анықтау
- •4.8. Шұс қондырғыларын есептеу мысалдары
- •4.9. Тербелмелі станок теңестіргішінің басына түсетін жүктемені анықтау
- •4.10. Штангалы сораптың плунжерінің жүріс ұзындығын анықтау
- •4.11. Шұсқ-ның өнімділігі мен беріліс коэффициентін анықтау
- •4.12. Шұсқ-ы қолданып, апаттық күштеме бойынша скқ-ы есептеу
- •4.14. Кривошип білігінің моменті мен электрлі қозғалтқыштың қуатын анықтау
- •5. Ұңғымаларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтар
- •5.1. Ұңғымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
- •5.1.1. Ұңғыманы ағымды жөндеу
- •5.2. Ұңғыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
- •5.3. Ұңғымаларды жерасты жөндеу (ұжаж) жабдықтары
- •5.4. Ұңғымаларды іргелі жөндеу
- •5.5. Көтергіштер мен агрегаттар
- •5.6. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу
- •5.7. Тальдік жүйенің элементтері
- •5.7.1. Тальдік жүйенің есептеулері
- •5.8. Жерасты жөндеу кезіндегі қолданылатын саймандар
- •5.8.1. Элеваторлар
- •5.8.2. Кілттер
- •5.8.3. Құбырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
- •6. Қабатқа әсер ету жабдықтары
- •6.1. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабдықтар
- •6.2. Қабат қысымын ұстап тұру және мұнай мен газды сығып шығаруға арналған жабдықтар
- •6.3. Су дайындайтын су алғыштың жабдықтары
- •6.4 Қабатқа су айдауға арналған жабдықтар
- •6.4.1. Шоғырлық сорап станциялары
- •6.5. Ппд жүйесінің сағалық және ұңғылық жабдықтары
- •6.6. Қабатқа термиялық әсер етуші жабдықтар
- •6.7. Ыстық суды, буды дайындау және оларды қабатқа айдауға арналған жабдықтар
- •6.7.1. Суды қыздыруға дайындау жабдығы
- •6.8. Су қыздыру және жылутасығышты қабатқа айдау жабдықтары
- •6.9. Жылу трассасының, ұңғыма сағасының және ішкі ұңғылық жабдықтары
- •6.10. Жылутасығыш берілетін ұңғы оқпанының жабдықтары
- •6.10.1 Материалдардың қызған кездегі қасиеттерін өзгертуі
- •6.10.2. Ұңғыма оқпанының жылутасығыш беру кезіндегі кернеулік күйі
- •6.11. Ұңғының түп алдындағы аймағын қыздыруға арналған электрлі және оттық жабдықтар
- •6.12. Қабат коллекторына әсер етуші қондырғылар
- •6.13. Қабатты қышқылмен өңдеуге арналған жабдықтар
- •Жинау және тасымалдау жабдықтары
- •7.1. Жинау және тасымалдау жүйесі. Жинау және тасымалдау жүйесінің жабдықтары
- •7.2. Ұңғыма өнімін жинау жүйесінің жалпы сұлбасы
- •7.3. Ұңғыманың дебитін өлшеуге арналған жабдықтар
- •7.4. Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
- •7.4.1. Сепараторлар
- •7.4.2. Дозалау қондырғылары
- •7.4.3. Блокты сорап станциялары
- •7.5. Мұнай мен газды тасымалдауға дайындау жабдықтары
- •7.5.1. Мұнайды деэмульсациялау және сусыздандыру жабдықтары
- •7.6. Құбырлар мен ыдыстарды беріктікке есептеу
- •Библиографиялық тізім
2.5. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
Үзіліссіз
2.14-сурет. Газлифтті қондырғылардың классификациясы
Газлифтті әдіспен өндіру негізінен үздіксіз және периодты болып бөлінеді (2.14-сурет). Жұмыстық агенттің ұңғыға берілуі бойынша газлифт компрессорлы және компрессорсыз болып бөлінеді. Жоғары қысымды газдың көзі ретінде жоғары қысымды газ мұнай өндіретін ұңғыдағы қабаттан алынатын болса, онда газлифт ішкіұңғылы компрессорсыз болып табылады (2.15-сурет), [1].
2.15-сурет. Компрессорсыз лифт кезіндегі қондырғының сұлбасы
Ұңғыдағы (1) газ үлкен қысымда (15-20 МПа) тазарту орнына (құрғату) (2) жеткізіледі де, сонан соң ол гидроциклонды сепаратор және конденсат жинағыш арқылы өтеді. Тазарту пунктінен кейін газ жалынсыз қыздырғыштарға (3) түседі де, ары қарай газ үлестіргіш батареяға (4) беріледі. Газ 80-90 0С градусқа дейін қыздырылады. Газды қыздыру – тасымалдау және редуциялау кезіндегі гидрат құрылуынан сақтайтын өте тиімді әдіс. Батареядан кейін газ реттеуші штуцер (5) арқылы пайдаланушы мұнай ұңғыларына (6) бағытталады. Сұйық көтерілген соң газ газайырғышқа (7) түсіп тазаланып, сонан соң отын желілеріне және газ - бензин зауыттарына бағытталады. Газайырғаштардан алынған сұйықты ыдысқа (8) жібереді.
Мұнайды компрессорлы әдіспен өндірген кезде қондырғының жалпы үлгісі 2.16-суретте көрсетілген (пунктирмен компрессорлы станцияның қондырғысы көрсетілген).
Газ құбыры (3) арқылы түсетін газ компрессор станциясындағы газ дайындайтын торабқа (4) келіп түседі, бұл жерде газ механикалық қоспалардан, ылғалдан тазартылып қажетті бастапқы қысымды алады. Одан кейін газдың бір бөлігі қысым реттеушіден (5) компрессор қозғалтқышына түседі (әдетте, 8 ГК немесе 10 ГК). Газдың негізгі бөлігі компрессордың (6) бірінші сатысының цилиндріне барады. Бірінші сатыда сығылған газ майбөлгіштерге (7) және тоңазытқыштарға (8) түседі, ол жерден ылғалды бөліп алуға арналған сепаратор (9) арқылы екінші сатыдағы сығу цилиндріне түседі. Бұдан кейін газ тағы да бірінші сатыдағыдай өңдеуден өтеді. Бөлінген ылғал конденсатқа арналған ыдысқа (10) түседі де, ары қарай сораптық бөлмеге (11) түседі. Екінші сатыда сығылғаннан кейін тазартылған газ компрессор станциясының (12) үлестіру аймағына түседі, ол жерде оның қысымы мен мөлшері тіркеледі. Компрессор станциясының аумағында суды салқындату жүйесі болады (13) (әдетте бұл градирня). Газды және қозалтқышты суыту үшін су өте көп мөлшерде қолданылады. Одан басқа компрессор үлкен май қорын қажет етеді (2), бұл жерде компрессорды майлап жағуға жұмсалынатын май сақталып тазартылады. Қуаты үлкен компрессорларды іске қосу үшін алдын ала сығылған ауа керек, ол қосалқы компрессорлардан (1) келеді. Компрессордан кейін газ кәсіпшілік торапқа түседі, ары қарай қажеттіліктерге байланысты қыздырғыштардан (14), ылғалбөлгіштерден (15), газүлестіруші батареядан өтіп пайдалану ұңғыларына (17) жіберіледі, [1].
Газлифтті қондырғылардың негізгі екі түрі болады – ашық және жартылай жабық типті.
Ашық типті ұңғыларды қолданған кезде СКҚ тізбегі ұңғыға пакерсіз түсіріледі. Ашық типті газлифтті қондырғы негізінен үздіксіз газлифт кезінде қолдануға арналған.
Бұл типті қондырғылардың кемшіліктері:
- құбыр сыртындағы кеңістікте сұйықтың деңгейінің тербелуі. Бұл кезде газ енгізетін нүктеден төмен орнатылған клапандардың, ал кей кездерде тіпті жұмыстық клапандардың да тозуы байқалады.
- ұңғылардың жұмысын тоқтату кезінде құбыр сыртындағы кеңістікте қалыпқа келген сұйық бағанын сығып, төмен түсіру қажеттігі, бұл да клапандардың тозуына әкеледі.
2.16-сурет. Ұңғыларға газды дайындаудың және берілуінің үлгісі
Жартылай жабық газлифт қондырғысы ашық типті қондырғыдан тек пакердің орнатылуымен ерекшеленеді, себебі бұл пакер құбыраралық кеңістікке ұңғы жұмысқа кіріскен соң қабат сұйығының өтпеуін қамтамасыз етеді.
Сұйықтың динамикалық деңгейі төмен терең жоғары шығымды ұңғыларды қолданған кезде газлифтті және сораптық мұнай өндіру әдістерін комбинациялаған дұрыс. Газлифт сорап үстіндегі қысымның азаюына және де қондырғының өнімділігінің өсуіне мүмкіндік береді. Жұмыс істеу технологиясы келесідей: белгіленген тереңдікке орнатылған пакері бар батырмалы электрлі ортадан тепкіш сорап ұңғыға түсіріледі. Пакер құбыр сыртындағы кеңістіктің жоғары және төменгі бөліктерін ажыратады. Пакердің үстіне жұмыстық муфта немесе газлифтті клапандар орнатылады. Батырмалы ортадан тепкіш сорап және сақиналық жүйелі газлифттің көмегімен ұңғы іске қосылады.