
28 Билет
3 сұрақ
Көксерке – Lucioperca lucioperca (L). Балтық, Қара, Азоп және Каспий теңіздерінің бассейндері тұщы және ащылау суда мекендейді. Жайыққа, Орта Азияға, Сібірге және Қиыр Шығысқа жерсіндірілген. Азық қоры мол су қоймаларына отырғызған кезде жақсы эффект береді.
78965Каспий, Азоп және Қара теңіздерінің тұщылау аудандарына жайылып семіруге шығатын көксеркенің жартылай өткінші түрінің көбірек өндірістік маңызы бар.
98658Солтүстік аудандарындағы ареалының уылдырық шашуы мамыр-маусым айларында су температурасы 7-200С жеткен кезде өтеді, кейде тұздылығы 2,5-3% болатын суда да уылдырық шашады.
98745Көксеркенің төлдегіштігі аналықтың көлеміне байланысты құбылады. 100 мыңнан 1 млн дейін уылдырық түйіршігі болады.
Жыныс жетілуі тіршілігінің 3-4 жылында өтеді. Аталықтары аналықтарынан ерте жетіледі, кейде 2 жасында.
78548Көксеркенің ұзындығы 50-120 см, салмағы 6-10 кг жетеді. Көксерке шортанмен салыстырғанда жай өседі және жылына 0,5 кг салмақ қосады. Бұған Чуд көліндегі салмағы 7,5 кг болатын көксеркені айтуға болады. Ол балық 16 жаста болған [51].
1967 жылы көксерке балығын аулау біздің елімізде 249,99 мың ц. құрады. Осының ішіндегі 74,82 мың ц. көксерке балығы Азоп және Қара теңіздерінен, ал Каспий теңізінен 9,74 мың ц. ауланды.
89758Азербайджандағы есептеу бойынша теңіз көксеркесін орташа аулау жылына 7000 ц. құраған, соның ішінде барлық Каспийден ауланған көксерке балығы 30 ц. құрады.
Алабұға – Perca fluviatilis L. Бұл балық кеңінен таралған. Бүкіл Европада, Қара, Арал, Каспий теңіздерінің бассейіндерінде тіршілік етеді.
Негізінен көлде және өзенде өсетін балық, өсімдіктер арасында жүреді. Ұзындығы 50 см дейін жетеді, бірақ әдетте одан төмен. Аулау кезінде 15 жастан жоғары кездеспеген. Өсу қарқыны әртүрлі су қоймаларында түрліше келеді.
85859Аталығы аналығынан жай өседі. Көптеген көлдерде екі биотипі кездеседі: жағалаулық ұсақ алабұғалар, өсуі жай және көбіне омыртқасыздармен қоректенеді; тереңдік алабұғасы жылдам өседі және жыртқыштық кейіпте тіршілік етеді.
87987Әдетте жыныс жетілуі 2+ жасында, бірақ жетілу уақыты әртүрлі су қоймаларында түрліше. Уылдырық шашуы ерте көктемде мұз бұзылған соң өтеді. Оңтүстікте ақпан айында, солтүстікте маусымға дейін созылады. Уылдырық шашу температурасы 7-80С. Төлдегіштігі 12-300 мың уылдырық.
Жергілікті өндіріс үшін маңызды обьект болып табылады.