
27 Билет
3сұрақ
78969Сазан – Cyprinus carpio (L). Жерорта, Азоп, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің бассейндерінде тіршілік етеді.
77889Балық ұзындығы 1 м, салмағы 20 кг жетеді, әдетте ауға түсетіндері 1-4 кг. Еділ атырауында уылдырық шашуы мамыр айының ортасында, су температурасы 18-200С болған кезде. Төлдегіштігі өте үлкен – 1,5 млн.-ға дейін жетеді, әдетте 200-400 мың уылдырық [47].
88779Селекция нәтижесінде сазанның мәдениеттендірілген тұқымы шығарылды. Жабайы сазанға қарағанда өсуі шапшаң, жасанды азықтарды жақсы тұтынады, қабыршақ жамылғысы әлсіз болып келеді. Бұл балық тұқы деп аталады. Тұқының қабыршақтысы, аз қабыршақтысы /айна/ және жалаңаш /қабыршақсыз/ түрлері бар. Тұқының қысқа шыдамдылығын көтеру үшін жылдам өсетін тұқымен салқынға төзімді амур сазанын шағылыстыру жүргізілді.
789961925 жылы Каспий бассейніндегі сазан үшін аулану мөлшері жоғары болды. Бұл көрсеткіш 360 мың ц. шамасына жетті. 1933 жылдағы ресми мәлімет бойынша Азоп – Қара теңізі аудандарында 77 мың ц. жетті. Ал Арал теңізіндегі көрсеткіш 100 мың ц. құрады.
32658Табан – Abramis brama (L). Европа су қоймаларында және Балтық, Ақ, Баренц, Қара, Азоп, Каспий теңіздерінің бассейндерінде таралған. Негізінен табан балықтары ағынсыз немесе әлсіз ағынды тұщы су қоймаларында тіршілік етеді. Дегенмен Каспий және Азоп теңіздерінде жартылай өткінші түрлері кездеседі. Бұлардың ұзындығы 45 см, салмағы 2,5-3 кг жетіп, 20 жылдай тіршілік етеді. Оңтүстік су қоймаларында жыныс жетілуі 3-4 жылда, ал солтүстікте - өмірінің 5-8 жылында [48].
236591948-1967 жылдар аралығында еліміздің 196 су қоймасына жерсіндіру мақсатында табан балықтары жіберілді. Соның ішінде 72 су қоймасында олардың биологиялық тіршілік етуі /37%/, 67 су қоймада – натурализацияланғаны /34%/, ал 27 су қоймада /14%/ өндірістік аулануы басталған. Қалған су қоймаларынан деректер жоқ. Осы мәліметтер дәлелдегендей табан балықтарының үлкен биологиялық бейімделгіштігі көрінді.
56985Калинин облысындағы Селигер көлінде табан өмірінің 6-7 жылында жынысы жетіліп ұзындығы 23-28 см, салмағы 300 г жетеді. Бұл су қоймаларындағы табанның өмір сүру ұзақтығы 15 жыл. Максимальды ұзындығы 46,7 см, салмағы 2,1 кг. Төлдегіштігі 35,6 – 273,9 мың уылдырық.
78965Кәдімгі мөңке – Carassius carassius (L). Европамен Азияның ұсақ көлдерінде таралған. Әлсіз ағынды өзен бөліктерінде тіршілік етеді. Жыныс жетілуі өмірінің 2-4 жылында өтеді. Мөңке балығының төлдегіштігі 137-200 мың уылдырық. Салмағы 3 кг жетуі мүмкін, бірақ әдеттегі салмағы 500-600 г құрайды.
78896Мөңке балығы қышқыл суға /рН 4,5 дейін/ шыдамды, судағы еріген оттегінің литріне 0,5 см3 төмендеуіне және де су қоймасының түбіне дейін қатқан кезде де тіршілік ете алады.
66558Мөңке тіршілік ортасы басқа балық түрлері үшін қолайсыз су қоймаларында өсіруге жарамды. Кәдімгі мөңкені басқа балықтармен шағылыстыру үшін қолданады. Мысалы, тұқымен, күміс мөңкемен гибридтері өсу қарқынының жылдамдылығымен ерекшеленеді.
85698Күміс мөңке – Carassius auratus gibelio /Bloch/. Cібірде, Тынық мұхиты және Арал теңізі бассейнінде таралған. Солтүстік Америка, Батыс Европа, Индия, Таиландта жерсіндірілген.
55669Кәдімгі мөңкеден айырмашылығы желбезек саңырауқұлақтары мөлшерінің көптігімен және басқа да белгілерімен ерекшеленеді. Жыныс жетілуі тіршілігінің 3-4 жылында төлдегіштігі 300-400 мың уылдырық. Уылдырық шашуы порциялы өтеді.
65325Күміс мөңкенің басқа балықтардан айырмашылығы бір қызықты биологиядан ерекшелігі. Қиыр Шығыс су қоймаларында уылдырық шашатын порцияларында аталықпен аналықтың қатынасы бірдей, ал Европа елдерінің аудандарында олар тек аналықтан тұрады. Бұндай бір жынысты популяциядағы көбею басқа балық түрлерінің аталықтарымен өтеді, кәдімгі мөңке, тұқы, оңғақ [49].
96325Қаракөз – Rutilus rutilus caspius /Jakovlev/. Торта балығының жартылай өткінші формасы. Каспий теңізінің маңызды өндірістік балығы. Каспий теңізінде бірнеше оқшауланған үйірлері бар. Азербайджандық, Түркімендік және ең көп санды Солтүстік-Каспийлік. Азербайджандық қаракөз /R.Caspius nation kurensis/ аз санды, Каспий теңізінің Оңтүстік-Батыс бөлігінде тіршілік етіп, уылдырық шашуға Кура өзеніне шығады. Түркімендік қаракөз /R.r. caspius natio Knippovitschi/ оңтүстік Каспийдің оңтүстік-шығыс бөлігінде тіршілік етеді. Уылдырық шашу үшін Атрек және Горганск шығанағының өзеніне шығады.
96365Солтүстік Каспийлік қаракөз ареалы Солтүстік Каспийде тіршілік етіп, уылдырық шашуға Еділ және Жайық атырауына және аздаған мөлшері терек атырауына шығады. Уылдырық шашуы сәуір-маусым айларында өтеді. Қаракөз балығы 8-10 жыл тіршілік етіп, ұзындығы 30-35 см, салмағы 800 г жетеді, кейбір даналары 1,5 кг дейін жетеді. Төлдегіштігі 20-30 мың уылдырық. Жыныс жетілуі 3-4 жылда [50].
63529Қаракөз балығының негізгі кәсіптік ауданы – Еділ атырауында. ХХ ғасырдың 30 жылдары қаракөздің аулану мөлшері 150 мың т. Асты. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 10 еседей төмендеді. 1999 жылы 7 мың т. Шамасында ауланады.
96857Түркімендік қаракөз балығының бұрынғы өндірістік маңызы үлкен болған. 30 жылдары 7,5 мың т. Балық ауланды. Кейін біртіндеп төмендеп 0,1, ал 1995 жылы 10 т. Ауланды. Түркімендік қаракөзді сақтау және қорын көбейту мақсатында оның өсіп-өну жағдайын жақсарту үшін Артек өзенінің су ресурстарын үнемді пайдалану және уылдырық шашатын орынға мелиорациялық жұмыстар жүргізу қажет.
896581909-1913 жылдар аралығында барлық Каспийден ауланған қаракөз балығының мөлшері орташа 1609,3 мың ц., ал 1929-1932 жылдары бұл көрсеткіш 2059,3 мың ц. жетті. Бірінші жағдайда барлық ауланған балықтың 29,6%, ал екіншісінде 40,7% құрады.