
26 Билет
3 сұрақ
Орыс бекіресі (Acipenser guldenstadti Brandt). – Каспий, қара және Азов теңіздерінің бассейндерінде тіршілік етеді.
Каспий бассейніндегі бекіре балықтарының басты уылдырық шашатын жері Еділ және Жайық өзені. Орыс бекіресінің күздік және жаздық нәсілі бар. Жаздық нәсілдері ерте көктемде өзенге шығып сол жылы жазда уылдырық шашады.
Қортпа (Hnso hnso L.). Қортпа балықтары Жерорта, Каспий, Қара және Азов теңіздерінде тіршілік етеді. Ең ірі өткінші балықтардың бірі. Оның ұзындығы 5 метр, салмағы 1 тоннаға дейін жетеді. 100 жылдан артық тіршілік етеді. Жыныс жетілуі кеш өтеді [55].
74587Қортпаның тіршілігі екі кезеңге, теңіздегі және өзендегі болып бөлінеді деп жазды. Тіршілігінің көпшілігі негізінен жынысы жетілетін жер теңізде өтеді. Қортпаның аталығының өзенге уылдырық шашуға шығуы 11 жылдығынан басталады. Уылдырық шашуға бірінші рет шығатын 17 жылдығындағы қортпа аналығының жаздық формасының дене ұзындығы 201 – 209 см, салмағы 50 – 60 кг болады. Ал, күздік формасы сәйкесінше ұзындығы 181- 190 см, салмағы 30 – 39 кг және жасы 16 жылдық.
74859Қортпа балығының төлдегіштігі оның көлеміне байланысты. Жаздық формасының абсолюттік төлдегіштігі 296,1 – 2136 уылдырық, күздік формасы үшін бұл көрсеткіш 195,2 – 3918,3 уылдырықты құрайды. Уылдырық шашуы мамыр – маусым айларында өтеді. Қортпаның өзендегі тіршілігі тек уылдырық шашу уақытында ғана болады. Қортпа балығы уылдырық шашуға жыл сайын шықпайды. Олар уылдырықты 4- 8 жыл сайын шашады. Қортпа дене ұзындығы 8 – 10 см –ге жеткенде жыртқыштық типке ауысып, ұсақ балықтармен, омыртқасыздармен қоректенеді.
98754Сібір бекіресі (Acipenser baeri Brandt). Сібір бекіресі үлкен сібір өзендерінде мекен етеді. Сібір бекіресі өзен жүйелерінде бөлек популяциялармен тіршілік етеді. Бұл балықтардың ұзындығы 2м- ге, салмағы 200 кг-ға жетеді. Аталықтарының жыныс жетілуі тіршілігінің 15 жылдығында, аналығы 20 жылдығында жүзеге асады. Аталықтары уылдырық шашуға 2 жыл сайын, аналықтары 2 – 4 жыл сайын шығады. Сібір бекіресінің төлдегіштігі 80 – 600 мың уылдырықты құрайды. Уылдырық шашуы құмды – қиыршық тасты жерлерде су температурасы 10- 15 °С жеткенде мамыр - маусым айларында өтеді [56].
78965Орыс бекіресі (Acipenser guldenstadti Brandt). Орыс бекіресінің Қара және Азов, Каспий теңіздерінің бассейіндерінде тіршілік ететінін жазды. Тұщы суларға тіршілік етуге шығатын өткінші балықтар болып саналады деді. Аталықтарының жыныс жетілуі тіршілігінің 8- 9 жылында, аналықтары – 10 – 14 жылында. Максималды ұзындығы 230 см, салмағы 120 кг- ге дейін жетеді. Уылдырық шашуы мамыр – маусым айларында тасты жерлерде өтеді. Төлдегіштігі 70 – 800 мың уылдырық.
32658Уылдырықтың инкубациялануы 90 сағат ішінде ағыс бойымен жүзе отырып өтеді деп жазды. Орыс бекіресінің жас балықтары омыртқасыздармен қоректенеді. Ал ересектерінің азығының 75 пайызы омыртқасыздардан (хирономидтер, нереистер), қалған 25 пайызы моллюскалардан құралады.
36547Пілмай (Acipenser nudiveris Lovetzky). Пілмай балығы Каспий және Қара теңіздер бассейінінде тіршілік етіп, өзендерге уылдырық шашуға шығатын өткінші балық. Бұл балықтың ұзындығы 2 метрден асады және олардың күздік, жаздық формалары бар. Уылдырық шашуы су температурасы 10- 15 °С- қа жеткен кезде тасты су түбінде сәуір – мамыр айларында өтеді. Аналықтарының төлдегіштері көлемдеріне байланысты 200 – 1300 уылдырықты құрайды. Бұлардың аталықтарының жыныс жетілуі 6 – 9 жылдығында, аналықтарында- 12 – 14 жылдығында өтеді. Пілмай ұсақ балықтармен және моллюскалармен қоректенеді [57].
65478Сүйрік (Acipenser ruthenus L). Сүйрік Каспий,Азов, Қара және Балтық теңіздері бассейіндерінде, сондай –ақ Солтүстік мұзды мұхитында тіршілік ететін тұщы сулы балық. Бұл балықтардың салмағы 3 – 4 кг – ға және ұзындығы 80 – 90 см – ға жетеді. Аталықтарының жыныс жетілуі тіршілігінің 4 – 5 жылында, аналықтары 7 – 9 жылында өтеді. Төлдегіштігі аналықтардың көлеміне байланысты 6- 140 мың уылдырық аралығында ауытқиды. Уылдырық шашуы мамыр айында қиыршық тасты су түбінде өтеді. Сүйрік су омыртқасыздарын азық ететін бентофаг яғни насекомдардың дернәсілдерімен, хирономидтермен қоректенеді.
79856Шоқыр (Acipenser stellatus Pallas). Шоқыр Каспий, Азов, Қара теңіздері бассейіндерінде тіршілік етеді. Максимальды ұзындығы 220 см және салмағы 68 кг – ға жетеді. Олар уылдырық шашуға өзендерге шығатын құнды өндірістік балықтар болып табылады. Олардың күздік, жаздық формалары бар. Шоқыр балығының жаздық формасы Жайық өзеніне сәуір – мамыр айларында көтеріледі, ал, күздік формасы тамыз – қыркүйек айларында шығып, өзендерде қыстайды. Балықтардың төлдегіштігі аналық балықтардың көлеміне байланысты 20 – 362 мың уылдырықты құрайды. Уылдырықтың инкубациялануы су температурасы 23 °С болған кезде 50 сағат ішінде өтеді.
85523Шоқыр балықтарының аталықтарының жыныс жетілуі тіршілігінің 9 – 12 жылында, аналықтарында - 12 -15 жылдығында өтеді деп жазды. Тіршілік ету ұзақтығы 30 жыл. Ересек шоқыр балықтары Солтүстік Каспийде негізінен хирономид дернәсілдерімен, шаяндармен Оңтүстік Каспийде балықтармен де қоректенеді [58].
65489Бестер (қортпа +сүйрік). 60 – шы жылдары қортпа мен сүйрік балықтарын түраралық будандастыру нәтижесінде Н.И. Николюкин ағынсыз сулар тоғандық шаруашылықтарда жынысы жетілетін тез өсетін, төлдегіш будан алды. Бестер балықтары сыртқы пішіні бойынша, қортпа мен сүйріктің түраралық белгілеріне ие болған. Будандар қортпа балығынан тез өсу және сүйрік балығынан ерте жыныс жетілу қасиетін меңгерген. Бестердің аталықтарының жыныс жетілуі тіршілігі 3 -4 жылында өтеді, аналықтарында бұл көрсеткіш 6 – 8 жылды құрайды. Бестер қортпа балығынан жыртқыштық тіршілік қалпын игерген. Өсу қарқыны жоғары: бір жаздықтары 50 – 100г, екі жылдықтары 800г асады. Бұл балықтар тұщы суда да, ащы суда да тіршілік етеді.