
25 Билет
3 сұрақ
Қыстақ іздеу миграциясы. Балықтардың көпшілік түрлері, қысқа таман су температурасы төмендей бастаған кезде, активтілігі бәсеңдейді, тіпті қалғьйі, шала ұйқыға кетеді. Бұл кезде өздерінің жайылып жүрген жерлерінен қыстап шығуға ынғайлы ықтасын жерге жиналып, шұңқырлау жерін таңдап алып, соған қыстап шығады. Мысалы сазан, тыран балық Еділ, Жайық, Кура т. б. ірі өзендердің сағасына келіп, көп мөлшерде шұңқырларға жиналып ұйқыға кетеді. Бекіре балықтарының Жайық өзенінің шұңқырларында қыстап шығатыны ертеден белгілі. Балықтардың ұзақ ұйқыға кетуіне мәжбүр ететін физикалык әсер, яғни су температурасының төмендеуі. Ұйқыға кеткен балықтар судың түбіндегі шұңқырларға жиналып, қозғалмай жатып қысты басынан өткізеді. Бұл кезде көптеген балыктардың денесінің сыртын қалың қабатты шырын қаптап қалады да, оларды төменгі температураның зиянды әрекетінен корғап, бөліп тұрады. Ұйқыда жатқан балықтардың организміндегі зат алмасу про-цесі өте баяулап кетеді. Кейбір балықтар, мысалы табан балық су түбіндегі балшықты қазып, соның ішіне еніп, қыстап шығады. Бұлардың аман қыстап шығуы, төменгі температура-да балшық мұз болғанымен балықтың денесіндегі шырыны-ның муз болмауына, қатып калмауына байланысты. Ол балықтардың денесін мұз қоршап тұрса да. қатпай температурасы —0,2—0,3° болатындығы анықталған. Қыстап шығу миграциясы кезінде балықтардың барлығы-ның ұйқыға кетуі шарт емес. Мысалы, Азовтың хамса балығы қыстау үшін Азов теңізінен Қара теңізге келеді. Себебі қыста Азов теңізі Қара теңізге қарағанда тайыз, сондықтан оның беті катып қалады да суы салқын, қыстап шығуға қолайсыз болады. Әрі мұз кабаты ауадағы оттегімен теңіз суын қатыстырмай жауып қалады. Балықтардың өсуі, жасы және жас белгілері. Балықтар өскен сайын басқа организмдер сияқты екі түрлі өзгеріс байқалады: біріншіден, пішіні өзгерсе, екіншіден, көлемі мен салмағы да артады. Әдетте бұл екі өзгеріс бір-бірімен тығыз байланысга, бірлестікте (бірлікте) болады. Бұл заңдылықтан тыс ерекшеліктердің де байқалуы мүмкін. Мысалы, угрлардың личинкалары жас угрларға айналғанда дене пішіні өзгеріп, көлемі өспейді, салмағы кемиді. Балықтардың өсуі қоректенуіне т. б. байланысты. Жазда тамақтық заттар жеткілікті болғандықтан, балықтар үстеп қоректенеді де тез өседі, ал қыста тамақ аз, пассив коректенуіне байланысты өсуі баяулайды. Өсудің қалыпты болмауы бірсыпыра сүйектері мен қабыршағында шеңбер, сақина тәрізді ізін қалдырады. Жазда дұрыс қоректеніп, қалыпты өскенде пайда болатын сақиналар жалпақ, ал қыста пайда болған сақиналар керісінше жіңішке болады. Сөйгіп, балықтардың кабыршақтары, скелеттерінің кейбір бөліктеріне қарап жасын ажыратуға болады. М: лосось, майшабақ, тұқы тәрізділердің қабыршағына қарап жасын ажы-ратуға болады. Балықтардың жасын білудің үлкен теориялық және балық шаруашылығының негізгі проблемаларын шешуде практикалық маңызы зор. Балықтардың жасына анализ жасау балық аулауда артық немесе кем ауланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Жас балықтардың сыбағалы салмағының артып, ересек балықтардың салмағы аз болуы артық ауланғанын аңғартады да, керісінше ересек балықтардың проценттік құрамы артық болуы, әлі де болса балық қорын толық пайдалана алмай отырғанын көрсетеді. Мысалы, егер аулаған кезде қаракөздің (Rutilиs гиtіІиs саsріиs) 7—8 жастағысы ауға түссе, толық ауланбағаны (ол үш жаста жыныстық жетіледі), ал бекіретц (Асірепsег guldепstаdtі) 7—8 жасары түссе артық ауланғаны (бекіре 8—10 жаста толық жетіледі.