Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ихтиология госответы.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

6 Билет

3 сұрақ

Балық терісі жүйке және қан тамырлары өтіп жатқан бірнеше байланыстырушы ұлпалар қабаттарынан тұрады. Осы қабатқа арнайы клеткалар – склеробласттар кіреді, олар дененің механикалық қорғанысы болып табылатын қабыршақтарды түзеді.

Қазіргі балықтардың барылығында дерлік қабыршақ бар, бірақ олардың даму дәрежесі әртүрлі балықтарда түрліше келеді. Кейбіреулері, мысалы, жайындар, скаттар қабыршағын эволюция процесі кезінде жоғалтты. Сондықтан қабыршақтың болмауы екіншілік құбылыс болып табылады.

Балықтар қабыршағы микроскопиялық мөлшерден бірнеше сантиметрге дейін жетеді. Сонымен қатар қабыршақ пішіндері де әртүрлі.

Қабыршақ пішінін 3 түрге бөледі: плакоидты, ганоидты және сүйекті. Плакоидты пішін ерте дәуірлерге тән, олар шеміршекті балықтарда сақталған (акула, скат). Олар пластинкадан тұрады. Ескі қабыршақтарын тастап, орнына жаңасы пайда болады. Ганоидты қабыршақ – қазба қалдықтарынан табылған. Қабыршақтың пішіні ромба тәрізді, олар бір-бірімен тығыз қиылыса орналасқандықтан, балық денесі сауыттың ішінде қалады. Қабыршағын түсірмейді. Қабыршақтың гоноилы деп аталуы сүйекті пластинкада жатқан дентин тәрізді қалың зат болуынан. Қазіргі балықтар арасынан сауытты шортан мен көпқанатты балықты айтуға болады.

Қабыршақ біртіндеп түрін өзгерте отырып, ганоиннан ажыраған. Қазіргі сүйекті балықтарда ол жоқ, ал қабыршақтар сүйекі пластинкадан (сүйекті қабыршақ) тұрады. Бұндай қабыршақтар циклоидты (шеңберленген, шеттері тегіс) және ктеноидты (артқы бөлігі тісшелерден тұрады) деп ажыратады. Кейбір кездерде бір түрдің аталық балықтарында ктеноидты, ал аналық балықтарында циклоидты қабыршақтар болады, тіпті кейбір алықтарда екеуі де қатар кездеседі.

Балықтың әрбір қабыршағы кориумге еніп жатқан қабыршақ қалташасынан түзіле бастайды, кейін қабыршақтың бос бөлігі қалташадан шығып келесі қабыршаққа жапсырыла орналасады. Қабыршақтардың бұндай шатыр тәрізді орналасуы балық денесінің еркін иілуіне мүмкіндік береді.

Қабыршақтар қатарласа орналасады. Қатарлардың саны мен ұзына бойы қабыршақтар саны балық жасына байланысты өзгермейді. Сондықтан да ол балықтарды жүйелеп анықтау кезінде негізгі көрсеткіш болып саналады.

Қабыршақты көлденең кескенде сыртқы жабын қабаты және төменгі базалды қабаты көрінеді. Сыртқы жабын қабаттың бетінде склериттер орналасады. Склериттердің түзілуі кезеңді өтеді, сондықтанда балықтың жасын анықтау кезінде олардың қатарларын санайды.

8 Билет

3 сұрақ

Балықтардың бұлшықет жүйесі де басқа омыртқалы жануарлар сияқты соматикалық (дененің бұлшықет жүйесі) және висцеральды (ішкі мүшелердің бұлшықет жүйесі) деп бөлінеді.

Балықтардың бұлшықет жүйесі қаңқамен және жүйке жүйесімен өзара байланыста болады. Басқа омыртқалылар сияқты балықтарда да кеуде бұлшықеті күшті дамыған. Ол балықтардың жүзуін қамтамасыз етеді. Қазіргі балықтарда бұлшықет дененің бас бөлімінен бастап құйрық бөліміне дейін орналаса отырып, арқа және құрсақ бөлімдеріне бөлінеді.

Бастың бұлшықет топтары жақтардың және желбезек аппаратының қозғалысын қамтамасыз етеді. Ал жүзбе қанаттарының өз бұлшықеттері болады.

Кеуде бұлшықетінің қызметі жұлынмен және мишықпен реттеледі. Бұлшықеттерді көлденең жолақты және тегіс деп бөледі. Көлденең жолақты бұлшықетке дененің сүйекті бұлшықеті және жүрек бұлшықеті жатады. Кеуде бұлшықеттері тез және қатты жиырыла алады, дегенмен шапшаң босайды. Жүрек бұлшықетінің құрылысының негізгі ерекшелігі талшықтары қатарласа орналаспайды, керісінше олардың ұштарының тармақталып, бір-бірімен байланысуы бұл мүшенің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Тегіс бұлшықеттер біршама қысқа талшықтардан тұрады. Бұған ішкі мүшелердің бұлшықеті мен қантамыр түтіктерінің қабырғалары жатады.

Сондай-ақ бұлшықеттерді түсіне байланысты ақ және қызыл деп бөледі. Олардың түсі оттегімен сәл байланысқан миоглобиннің болуымен байланысты болады.

Қызыл және ақ талшықтар бірнеше морфологиялық сипаттамалармен ерекшеленеді: олар түсі, пішіні, механикалық және биохимиялық қасиеттері т.б.

Қызыл бұлшықеттердің талшығы – жіңішке, жұқа, қанмен қанығуы қарқынды, дененің беткі жағында орналасқан, бұнда май мен гликогеннің шоғырлануы байқалады, тотығу, фосфор және көмірсу алмасу ақ бұлшықетпен салыстырғанда қарқынды өтеді.

Жүрек бұлшықетінде (қызыл) гликоген аз, дегенмен аэробтық алмасу ферменттері көп. Ол орташа жиырылу жылдамдығымен сипатталады және ақ бұлшықетке қарағанда баяуырақ босаңсиды.

Жалпақ, қалың, ақшыл талшықта миоглобин аз, сондай-ақ бұнда гликоген мен тыныс алу ферменттері де төмен. Көмірсу алмасу оттегісіз жағдайда өтеді және бөлінетін энергия мөлшері аз. Денеге терең еніп жатады. Бұл бұлшықеттер тез жиырылады және тез босаңсиды.

Қызыл бұлшықеттер үздіксіз қызмет атқарады. Олар мүшелердің үздіксіз, әрі ұзақ жұмыс жасауын қамтамасыз етеді, кеуде жүзбе қанаттарының үнемі қозғалуына жәрдем береді, балықтар жүзген және бұрылған кезде дененің иілуін, жүректің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Шапшаң қозғалу кезінде ақ бұлшықеттер, баяу қозғалыс кезінде қызыл бұлшықеттер белсенділік танытады. Сондықтанда қызыл немесе ақ бұлшықеттердің болуы балықтардың қозғалысына байланысты: тез жүзгіштерде ақ бұлшықеттер басым, ал ұзақ қашықтыққа көшіп-қонатын балықтарда қызыл бүйір бұлшықеттерінен басқа ақ бұлшықеттерде қосымша қызыл талшықтар болады.

Балықтардың бұлшықет ұлпаларының басым бөлігін ақ бұлшықеттер құрайды. Мысалы, ақмарқа, торта, қылыш балықтарда олардың үлесі сәйкесінше 96,3; 95,2; 94,9% құрайды.

Ақ және қызыл бұлшықеттер химиялық құрамы бойынша да ерекшеленеді. Қызыл бұлшықетте май көп жиналса, ақ бұлшықетте ылғал мен ақуыз көп болады.

Бұлшықет талшығының диаметрі балықтардың түріне, олардың жасына, көлеміне, тіршілік қалпына байланысты өзгереді.

Кеуде бұлшықеті балық етінің басым бөлігін құрайды.

Еттің химиялық құрамы (су, май, ақуыз, минералдық заттар) әртүрлі балықтарда ғана түрліше болмайды, сонымен бірге дене бөліктерінде де әртүрлі болып келеді. Бір түрдегі балықтарда еттің мөлшері мен химиялық құрамы қоректену жағдайына және балықтың физиологиялық жағдайына байланысты болады.

Уылдырық шашу кезінде, әсіресе, өткінші балықтарда қор заттары шығындалады, арықтауы байқалады және осының салдарынан май мөлшері азаяды және ет сапасы нашарлайды. Кета балықтарында уылдырық шашар алдында сүйектің салыстырмалы массасы 1,5 есе, терінің массасы 2,5 есе артады. Еттері суланып, құрғақ заттардың мөлшері екі есе азаяды; еттен май және азотты заттар толығымен дерлік жойылады – балық майдың 98,4% және ақуыздың 57% айырылады.