Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ихтиология госответы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.54 Кб
Скачать

5 Билет

3 сұрақ

Балық терісі екі қабаттан құралады: эпителилі клеткалардың (эпидермис) сыртқы қабаты және байланыстырушы клеткалардан (тері, дерма, кориум, кутис) тұратын ішкі қабаты.

Эпидермис организмге сырттан бөтен заттардың енуінен қорғайды. Ол көп қабатты эпителиден тұрады, клетка формасы мен қабаттар саны балық түрлеріне байланысты ауытқып отырады. Эпителилі клетканың ең сыртқы қабаты қатқылданады. Балықтар тіршілігіндегі эпидермистің қатқылдануы өзгеріп отырады, көптеген балықтарда ол уылдырық шашу алдында пайда болады: тұқы және ақсаха тұқымдас балықтардың аталықтарында денесінің кейбір бөліктерінде (басында, желбезек қақпақшасында т.б.) маржанды бөртпелер деп аталатын ұсақ ақ бөртпелер пайда болады. Уылдырық шашып болған соң олар қайта жоғалып кетеді.

Балық терісі басқа омыртқалылар терісімен салыстырғанда көп мөлшерде кілегей бөлетінімен ерекшеленеді. Кілегей эпидермисте орналасқан арнайы безді клеткалардан бөлініп шығады. Бұл клеткалар 3 түрлі формада болады: бокал, колба және дән тәрізді. Осы формадағы клеткалардың барлығы кілегейді мол бөледі, ал біреуінің артық болуы кілегей мөлшерін азайтады.

Кілегейдің бөлінуі түрлі балықтарда әртүрлі болып келеді. Қабыршақ жамылғысы жақсы дамыған балықтар (албырт, алабұға тұқымдастар) кілегейді аз бөледі. Ал қабыршағы жоқ балықтар (дөңгелек ауыздылар, жайын, оңғақ балықтары) кілегейді өте көп бөледі. Оңғақ балығы кілегейінің бактерицидтік қасиеті олардың паразиттермен зақымдалуға төзімділігін арттыруымен ерекшеленеді. Ал тұқы тұқымдастардың басқа өкілдерінде бұндай төзімділік байқалмайды.

Балықтар тіршілігіндегі кілегейдің ролі өте үлкен: ол балық денесінің суға үйкелесін азайтады, организмге бактериялар мен паразиттердің енуінің алдын-алады, зақымданған жағдайда қанның ұюын тездетеді, организмнен заттарды шығаруға қабілетті, сумен тұздың енуін реттейді, лайды тұндырады, суда ауыр металдар болған жағдайда коагулденетін кілегей теріде қорғаныш қабатын түзеді және өзіндік иіс бөледі. Кейбір балықтардың кілегейі улы болып табылады. Миноганың кілегейі жыртқыштардың асқорытуын бұзады.

Көптеген балықтарда, әсіресе тұқы тұқымдастарда жараланған дараларда суға қорқыныш заттары бөлінеді (ихтиоптерин) және бұл туыстарын қауіптен сақтандыратын белгі ретінде қабылданады.

Кейбір балықтардың улы бездері жүзу қанаттарының сәулелерінде орналасады.

Акулалар және кейбір балықтар арасында сәуле шығаруға қабілетті балықтар болады.

Эпидермистің астыңғы қабатында кориум қабатында пигментті кеткалар – хроматофоралар болады. Бұл жұлдыз тәрізді клеткалар дәнді пигменттері бар көптеген өскіндерден тұрады. Олар балықтардың түрлі түстерін анықтайды. Түстерінің түрлі болуы хроматофоралардың әртүрлілігімен байланыстырылады: меланофорлар қара, ксантофорлар – жасыл, эритрофорлар – қызғылт пигментті дәнге ие, гуанофорларда пигментті дән болмайды, дегенмен гуанин кристалдарын ұстайды, осының арқасында балықтар түсі күміс түске айналады.

Балық түсінің қарқындылығы хроматофоралар жағдайымен анықталады: олар кеңінен жағдайда пигментті дәндер үлкен кеңістікке жайылады және дене түсі ақшыл тартады. Егер хроматофоралар қысқарса, пигментті дәндер ортаға жиналып, клетканың көп бөлігін бояусыз қалдырады және дене түсі бозғылданады.

Пигментті клеткалардың формасы үнемі жақын туысты балықтарда ұқсас келеді, ал жағдайы түрлі факторларға – су қоймасының температурасы, газ режимі, жасы, жынысы, организм жағдайы (аштық, көбею т.б.), мінез-қылығына (қорқыныш т.б.) байланысты өзгеріп отырады.

Балықтардың дене түсі бейімделушілік мәнге ие. Пелагиалды балықтардың арқасы қаралау, ал бауыры бозғылт-ақшыл, осының арқасында балықтар суда шамалы байқалады. Дене түсінің су түбі түсіне бейімделуі камбала, бұзаубас балықтарында байқалады, олар тіпті су түбіне қойылған шахмат тақтасының түсін қайталай алады. Бұл кезде көзбен қабылдап, пигментті клеткалардың сәйкестігін тудыратын жүйке жүйесі маңызды орын алады.

Көбею кезеңіндегі дене түсінің өзгеруі, әсересе аналық және аталық балықтардың түстерінің әртүрлілігі гормондардың әсерінен болады.