Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Парламенттік құқық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
370.18 Кб
Скачать

7. Семинарлық (практикалық) сабақтар жоспары

Тақырып 1. Қазақстан Республикасының Парламенті - конституциялық органдар жүйесінде.

Сұрақтар:

  1. ҚР конституциялық органдары түсінігі.

  2. ҚР конституциялық органдары жүйесі.

  3. ҚР конституциялық органдары қызмет етуінің қағидалары.

  4. 1993 және 1995 жылғы ҚР Конституцияларына сәйкес конституциялық органдардың ұйымдастырылу сұрақтары

Тапсырма:

  1. Конституциялық орган және мемлекеттік орган ұғымдарының ара қатынасын ашыңыздар.

  2. Конституциялық орган ұғымын және мәнін ашыңыздар.

  3. Конституциялық органдар жүйесі мен мемлекеттік органдар жүйесінің мәнін және ара-қатынасын ашыңыздар.

Тақырып 2. Қазақстан Республикасында өкілді билік тармағының қалыптасуы.

Сұрақтар:

    1. Билік бөліну қағидасының ұғымы және ҚР-сы конституциялық заңдылығындағы көрінісі.

    2. ҚР-сының мемлекеттік билігінің негізгі тармақтары.

    3. ҚР-сындағы билік тармақтары арасындағы тежемелік және тепе-теңдік сақтау жүйесі, оның элементтері.

Тапсырма:

  1. Мемлекеттік билік және билік ұғымдарының ара қатынасын ашыңыздар.

  2. Импичмент ұғымының құқықтық мәнін ашыңыздар.

  3. ҚР-сындағы билік тармақтары арасындағы тежемелік және тепе-теңдік сақтау жүйесінің элементтерін көрсетіңіздер.

Тақырып 3. 1993 және 1995 жылғы ҚР Конституцияларында өкілді билік тармағы қызметінің ұйымдастырылуы.

Сұрақтар:

  1. Сайлау ұғымының түсінігі және мәні.

  2. Сайлау органдары қызметінің қағидалары.

  3. ҚР сайлау органдарының қалыптасу тәртібі

  4. ҚР сайлау заңдылығының дамуы.

Тапсырмалар:

  1. Сайлау органдарының құрылу тәртібін көрсетіңіздер.

  2. Сайлау органдары қызметінің қағидаларына талдау жасаңыздар

Тақырып 4. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары.

Сұрақтар:

  1. Президент институтының түсінігі және қалыптасуы.

  2. ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі.

  3. ҚР Президентінің құзіреті.

  4. ҚР Президентінің қызметтен кетіру (импичмент) немесе мерзімінен бұрын босатудың негіздері және тәртібі.

  5. ҚР Президентінің актілері.

  6. ҚР Президентінің билік тармақтарымен ара қатынасы.

Тапсырмалар:

  1. ҚР Президентіне үміткерге қойылатын талаптарды атаңыздар.

  2. ҚР Президентінің қызметке кірісу тәртібін көрсетіңіздер.

  3. ҚР Президентіне қызмет барысында қойылатын шектеулерді көрсетіңіздер.

  4. ҚР Президентінің ерекше белгілерін көрсетіңіздер.

  5. ҚР-ның экс-президенттерінің мәртебесін ашыңыздар.

Тақырып 5. Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметінің субъектісі.

Сұрақтар:

  1. Парламентаризм түсінігі және ҚР-ғы кәсіби парламенттің қалыптасуы.

  2. ҚР Парламентінің құрылымы және палаталарды құру тәртібі.

  3. Сенаттың ерекше құзіреті.

  4. Мәжілістің ерекше құзіреті.

Тапсырмалар:

  1. Парламент Палаталарының біріккен отырысындағы құзіретін көрсетіңіздер.

  2. Парламент қызметін ұйымдастырушылық үлгісіне сипаттама беріңіздер.

  3. Парламент депутаттарының конституциялық-құқықтық мәртебесін құқықтық талдау жасаңыздар.

8. Лабораториялық сабақтар жоспары

Лабораториялық сабақтар қарастырылмаған.

9.1. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Студенттер пәнді игеруді Парламент құқығының ұғымы, мәні және маңызың анықтап алғаннан кейн мақсаттары мен міндеттерін және Парламенттік құқықтың пәні және объектісінің ерекшеліктерін білуі қажет.

Қазақстан Республикасының заң шығарушы заңнамасында қызметін жүйелендіру және олардың ерекшеліктерін анықтау, Парламенттік құқық пен парламентаризм ара қатынасын оқып үйренеді.

9.2. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар

10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан Республикасының Парламенті – жоғарғы өкілді және заңшығарушы органы болып табылады. Аталмыш институт Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан жаңа институттардың бірі болып табылады. Сондықтан да тақырыпты қарастыруды парламент және парламентаризм ұғымынан, оның құқықтық және қоғамдық мәнін қарастырудан бастаған жөн.

Студенттердің Қазақстан Республикасының Парламенті құзретін, құрылу тәртібін, депутаттарының мәртебесін және т.б. толық меңгеруі үшін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебелері туралы» Конституциялық Заңды білуі қажет. (өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып). Тақырыпты қарастыру барысында студент Парламент қызметін реттейтін конституциялық заңдылықтың даму барысын, Парламенттің негізгі қызметтерін, құрылымын және депутаттардың құқықтық мәртебесін білуі қажет. Сонымен қатар студенттер Парламенттің актілерін біліп қана қоймай олардың заңдық табиғаты мен құқықтық актілер жүйесіндегі орнын білуі қажет. Ол үшін студенттер Қазақстан Республикасының 1998 жылы 24 наурызда қабылданған «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңын және Парламент Регламентін білуі қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Теориялық және нормативтік қайнар көздер, лекция және семинар сабақтарына дайындалуға ұсынылған әдебиеттер.

Тақырып 1. Қазақстан Республикасының Парламенті - конституциялық органдар жүйесінде.

Тапсырма: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары арасындағы тежемелік және тепе-теңдік сақтау жүйесі бойынша коллоквиумге дайындалыңыздар.

СОӨЖ өткізу түрі: Коллоквиум түрінде

Тақырып 2. Қазақстан Республикасында өкілді билік тармағының қалыптасуы.

Тапсырма: ҚР Президенті әкімшілігінің құрылымының схемасын дайындаңыздар.

СОӨЖ өткізу түрі:: Схема түрінде.

Тақырып 3. 1993 және 1995 жылғы ҚР Конституцияларында өкілді билік тармағы қызметінің ұйымдастырылуы.

Тапсырма: ҚР Парламенті депутатының құқықтары мен міндеттерінің кестесін дайындаңыздар.

СОӨЖ өткізу түрі:: кесте түрінде.

.

Тақырып 4. Парламенттің заң шығару үрдісінің шегі мен сатылары.

Тапсырма: Премьер-Министрдің Кеңсесінің құрылымы мен құзретін көрсетіңіздер.

СОӨЖ өткізу түрі:: Жазба жұмысы.

Тақырып 5. ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің субъектісі.

Тапсырма: Жергілікті өкілді және атқару органдарының қабылдайтын актілерін анықтаңыздар. Осы негізінде жергілікті өкілді және атқару билік органы атынан нормативтік-құқықтық акті әзірлеңіздер.

СОӨЖ өткізу түрі:: Жеке дара жазба жұмысы ретінде.