Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіпорын экономикасы (баса мамандытара).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428.57 Кб
Скачать

Тақырып 2. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде

Тапсырма №2.Кәсіпорындардың меншік түрлері бойынша қызмет ету ерекшеліктерін анықтау

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Нормативтер мен нормалар келесі топтық белгілер бойынша жоспарлы нормативтердің жүйесін құрады. Ресурстардың түрлері бойынша өндіріс қорлары, еңбек құралдары, жұмысшы күші, жұмыстар мен қызмет көрсету шығындарының шамасын реттейтін нормалар мен нормативтер, кәсіпорындағы әртүрлі өндірістік ресурстарды пайдалану нормативтері мен коэффиценттерін бөліп қарастыруға болады.Өндіріс сатысы бойынша ағымдық, сақтандыру, технологиялық материалдардың өндірістік және тасымал қорлары, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы бұйымдар мен дайын өнімді шығару нормативтері болып бөлінеді, олардың шамасы мен серпіні материалды ресурстардың дайын тауар немесе қызмет түрлеріне айналу үдерісін сипаттайды.

Орындалатын қызметтері бойыншанормативтержоспарлы, экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, еңбектік, экологиялық, басқарушылық, құқықтық т.б болып бөлінеді.

№ 2 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Тапсырманы қорғау

Тапсырманы орындауды бағалау баллы – 2 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 3 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. 1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Тапсырма №3.Нақты кәсіпорын мысалында дифференциялды және өндіріс рентабельділігі көрсеткіштер арқылы жеке ресурстарды қолдану тиімділігін есептеу.

Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табы­латындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критерийі негізінде шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.

Тиімділіктің критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды және нарық экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның). Алғашқы буының қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.

Тиімділік жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) болып ажыратылады. Жалпы тиімділік жалпыэкономикалық нәтижелер мен белгілі-бір кезеңдегі экономикалық әртүрлі деңгейіндегі (макро-микро) қызмет ету тиімділігін және кәсіпорындар мен аудандар бойынша тиімділік деңгейінің динамикасын салыстыру үшін, бағалау үшін және талдау үшін қажет.

Салыстырмалы тиімділік альтернативті ең ұтымды (оптималды) бала­маны таңдау үшін өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдық шешімдерді қабылдағанда есептеледі және талданады. Мұндай таңдау технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің баламаларын салыстыру негізінде, өтелу мерзімін есептеу немесе қосымша капитал салымдарының тиімділігі, экономикалық тиімділіктің көлемінің коэффициентінің негізінде жүзеге асырылады.

Келесі тарауда экономиканың басты буыны – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет ету тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі қарас­тыралады. Бұл көрсеткіштер жүйесі өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлік субъектісінің барлық ресурстардың пайдаланылуына жан-жақты баға береді.

№ 3 тапсырма дәріс материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, экономикалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар мәліметтерін пайдалана отырып жеке орындалады.

Бақылау нысаны: Өндірістің салыстыру тиімділігіне әсер ететін уақыт факторы туралы конспект жазу.

Тапсырманы орындауды бағалау баллы –2 балл.

Бағалау критериі:максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, өз уақытында орындалуы тиіс.

СӨЖ тапсырмасын орындау мерзімі – 4 апта.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

  1. Кәсіпорын экономикасы. Тәжірбиелік құрал./ Рахметов Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Экономика баспасы., Алматы 2012ж.

  2. Экономика предприятия. Учебное пособие/Куатова Д.Я. Изд.: Экономика, Алматы 2011г.

  3. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.