- •7.Зертханалық сабақтарды жоспарлау.
- •Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •1.2. Сандарды ондық жүйеден екілік жүйеге аудару
- •1.3. Сандарды екілік жүйеден ондық жүйеге ауыстыру
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •1.4. Компьютерде теріс сандардың ұсынылуы
- •1.5. Компьютерде бүтін сандардың ұсынылуы
- •1.6. Ескілік жүйеде арифметикалық амалдардың орындалу ережелері
- •1.7. Сегіздік және он алтылық санау жүесін қолдану
- •Зертханалық жұмыс № 3-4
- •Деректердің эем-да берілуі
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс № 6
- •Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс № 10-11
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 11-12
- •Зертханалық жұмыс № 14-15
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №16-17 Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»
- •Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №18 Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
- •Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №19-20 Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 21 Тақырыбы: «Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №22-23
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Зертханалық жұмыс № 25-26 Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27 Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс № 28-29
Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.
Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.
Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі- есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.
Жарлық (Ярлык)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.
Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.
Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі – бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі. Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те , объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі, құжат терезесі, сұхбат терезесі, белгі (значок) -терезе және т. б. түрлері кездеседі.
Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.
Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.
Файлдық жүйе – дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.
Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:
файлдық жүйе бойынша іздеу
қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу
бумалар құру
бумалар мен файлдарды көшіру
бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру
бумалар мен файлдарды өшіру
бумалар мен файлдардың атын өзгерту
жарлықтар құру
Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .
Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.
Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:
Мәтіндік редактор WordPad
Блокнот
Графиктік редактор Paint
Калькулятор Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:
шерту
екі рет шерту
оң жақ батырмасына шерту
жылжыту немесе тасымалдау (перетаскивание)
созу немесе ұзарту (протягивание)
Windows операциалық жүйесi дискiлерде орналасқан файлдар мен бумаларға байланысты көптеген операциаларды (көшiру, өшiру, атын өзгерту, орын ауыстыру және т.б.) орындау үшiн қолданушыға ынғайлы интерфейс ұсынады.Файлды немесе буманы iздеу
1. Iске қосу (Пуск) батырмасын басып, Iздеу (Пойск) бөлiмiн таңдаңыз (1-сурет);
2. Файлдар және бумалар (файлы и папки) командасын таңдаңыз;
3. Атау (Имя) өрiсiнде iздестiрiлген файлдың атауын немесе аталудың бастапқы әрiптерiн енгiзiңiз.
Егер атау белгiсiз немесе iздестiрудi қосымша шарттармен жүргiзу қажет болса уақыт өзгерту және қосымша салымын қолдану қажет.
Iздестiрудi бастайтын терезенi iске қосу үшiн (Обзор) батырмасын басу қажет.
4. Iздеу (найти) батырмасын басыңыз.
Мәтiндi iздеу өрiсiнiңқосымша салымы арқылы (Искать текст) берiлген
текст бойынша файлды iздеу мүмкiндiгi бередi.
Жақын арада қолданылған құжатты ашу жолы:
1. Iске қосу (Пуск) батырмасын басып құжаттар қатарын таңдаңыз.
2. Одан кейiн керектi құжат таңдаңыз.
Бiрақ кейбiр программалар құжаттар менюiнде ашық құжаттар атауларын орналастырмайды. Сондықтан керектi құжат жоқ болса, негiзгi менюде iздеу командасын пайдаланыңыз (Алдынғы пункты қарау).
Компьютердiң мазмұнын көру үшiн:
1. Менiң компьютерiм белгiшесiн 2 рет басыңыз.
Нәтижесiнде менiң компьютерiм терезесi ашылады (2-сурет)
2. Керектi дискiнiң белгiшесiн 2 рет басыңыз.
Нәтижесiнде дискiдегi барлық программалардың мазмұнын сақтайтын файлдар мен қапшықтар терезеде бейнеленедi.
3. Егер файлды немесе қапшықты ашу немесе программаны iске қосу қажет болса, онда керектi объектiнi 2 рет басыңыз.
4. Ағымдағы буманы ашу үшiн құрал-саймандар панелiндегi батырманы немесе Backspace пернесiн басыңыз.
Егер, құрал-саймандар панелi көрiнбесе Түр (Вид) менюiнен құрал-саймандар командасын таңдаңыз.
Компьютерде бума құрылымын толық көруге Windows жүйесiнiң сiлтеушi программасы мүмкiндiк бередi. Оны iске қосу үшiн негiзгi меню Iске қосу (Құжат) – құжаттар – сiлтеушi бөлiмiн таңдаңыз.
Жаңа буманы (файлды) құру
Сiлтеушi терезесiнде бума құратын буманы екпiндi етiңiз.
Файл – Құру – Бума (файл). Терезе жаңа атаумен бума (файл) пайда болады.
Белгiшедегi берiлген атауды өзгертiңiз.
Файлды немесе буманы көшiрудегi әрекет:
1. Менiң компьютерiм бумасында немесе сiлтеуiш тересiнде керек файлды немесе
буманы ерекшелеңiз.
2. Файл менюiнде көшiру бөлiмiн таңдаңыз.
3. Көшiрменi орналастыратын дисктi немесе буманы ашыңыз.
4. Түзету (Правка) менюiнен кiрiстiру (Вставить) командасын таңдаңыз.
Бiрнеше файлдарды немесе бумаларды ерекшелеу үшiн CTRL пернесiн басып тұру қажет.
Файлды (буманы) жылжыту.
Менiң компьютерiм немесе бағыттауыш терезесiнде қажет файлды немесе буманы ерекшелеңiз.
Түзету (Правка) менюiнен қиып алу командасын таңдаңыз.
Объектi орналастыруға арналған буманы ашыңыз.
Түзету (Правка) менюiнен кiрiстiру командасын таңдаңыз.
Объектiлердi (файл немесе буманы) жою
Менiң компьютерiм бумасында немесе бағыттауыш терезесiнде жойылатын файлды немесе буманы ерекшелеңiз.
Түзету (Правка) менюiнен жою командасын таңдаңыз.
Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.
1. Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).
2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.
3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.
4. Қосымша терезесін жабыңыз.
5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.
6.Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.
7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.
2 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.
1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын іске қосыңыз.
2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.
3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .
4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.
5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.
6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.
7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.
8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.
9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.
10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.
11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.
