- •7.Зертханалық сабақтарды жоспарлау.
- •Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •1.2. Сандарды ондық жүйеден екілік жүйеге аудару
- •1.3. Сандарды екілік жүйеден ондық жүйеге ауыстыру
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •1.4. Компьютерде теріс сандардың ұсынылуы
- •1.5. Компьютерде бүтін сандардың ұсынылуы
- •1.6. Ескілік жүйеде арифметикалық амалдардың орындалу ережелері
- •1.7. Сегіздік және он алтылық санау жүесін қолдану
- •Зертханалық жұмыс № 3-4
- •Деректердің эем-да берілуі
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс № 6
- •Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс № 10-11
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 11-12
- •Зертханалық жұмыс № 14-15
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №16-17 Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»
- •Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №18 Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
- •Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №19-20 Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 21 Тақырыбы: «Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №22-23
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Зертханалық жұмыс № 25-26 Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27 Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс № 28-29
1.2. Сандарды ондық жүйеден екілік жүйеге аудару
Сандарды ондық жүйеден екілік жүйеге аудару, санның бүтін және бөлшек бөліктері үшін келесі алгоритм бойынша жеке жүргізіледі
а) бүтін ондық санды екігебөлеміз, шыққан бөліндіні (бірден өзгеше болса) тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі, ізделініп отырған екілік жүйедегі санды береді (1.1–сурет).
21810=110110102;
Санды ондық жүйеден екілік жүйеге аудару.
ә) ондық бөлшек 2 негізіне біртіндеп көбейтіліп, шыққан көбейтіндінің бүтін бөлігі нәтижеге жазылып, келесі көбейтіндіге қатыспайды. Көбейту операциясының саны қажет дәлдікке байланысты мысалы, мысалы, 0.5937510=0.10011
1.3. Сандарды екілік жүйеден ондық жүйеге ауыстыру
Сандарды екілік жүйеден ондық жүйеге аудару жоғарыда көрсетілген (1),(2) өрнектер бойынша жүзеге асады, мысалы, бүтін 110110102 екілік саны үшін Q=2, n=7; бөлшек 0.100112 екілік саны үшін Q=2, m=5, ендеше:
110110102= 1∙27+1∙26+0∙25+1∙24+1∙23+0∙22+1∙21+0∙20=128+64+16+8+2=21810
0.100112=1∙2-1+0∙2-2+0∙2-3+1∙2-4+1∙2-5=0.5+0.0625+0.03125=0.5937510
Зертханалық жұмыс № 2
Тақырыбы: Санау жүйесі. Компьютерде теріс сандардың ұсынылуы.Екілік арифметика.
Мақсаты: Сандарды 2, 8, 10, 16 санау жүйелерінде өрнектеу. Екілік арифметика.
1.4. Компьютерде теріс сандардың ұсынылуы
ЭЕМ жадында екілік сандар 8 ұяшықтардан құрылған (сегіз разрядты) регистрлерде сақталынады. Ал регистердің толмай қалған ұяшықтарында (разрядтың үлкенінде) нөлдер жазылады.
Екілік сану жүйесінің оңдық жүйеден айырмашылығы, санның таңбасын білдіретін: (+) оң немесе (-) теріс – арнайы символдарының болмауында. Сондықтан, екілік теріс санды ЭЕМ жадында көрсету (кодтау) үшін, келесі екі форма қолданылады.
Таңбалы мән формасы (тура код) – разрядтың үлкені (сол жақ) таңбалы есептелініп, тек санның таңбасы жайында информация береді:
1 – санның теріс екенін;
0 – санның оң екенін білдіреді.
Қалған разрядтар (орын) санның абсолюттік мәніне беріледі.
Мысалы, 610 = 0000 01102 болса, онда – 610= 1000 01102 немесе – 610= 1’000 01102 (мұнда, < ’ > - белгісін қою арқылы таңбалы разряды ажыратылып көрсетілген).
Кері қосымша код формасына, келесі аудару алгоритмі арқылы жүргізіледі:
1)санның таңбалы разрядтан басқа барлық разрядтарын терістету;
2)шыққан кодқа бірді қосу;
3)таңбалы разрядтағы бірді қалпына келтіру.
Санды түрлендіру
-610= 1’000 0110 → 1’111 1001+1 → 1’111 1010→ 1111 1010.
Әдетте оңдық теріс сан компьютерге енгенде автоматты түрде кері кодқа немесе қосымша кодқа түрленіп, машинаның жадында осындай түрде сақталып және басқа да операцияларға осы күйінде қатысады. Осы санды машинадан кері шығарғанда, оңдық теріс санға кері түрлендіру жүргізіледі.
Сонымен компьютердіңарифметика-логикалық құрылғысының конструкциясын жеңілдету мақсатында, әр түрлі арифметикалық операцияларды қосу операциясымен ауыстырады.
Қосымша кодтың негізгі қасиеттері:
1.Оң санның қосымша коды – санның өзі.
2.Аудару алгоритмі бойынша қосымша кодты түрлендіру, санды алғашқы таңбалы формасына әкеледі.
