Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар АРХ_ДИЗ_ГЕОД_БТ_2014_Сауха...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Өздік жұмыс тапсырмалары:

Мына деректер қорына әртүрлі әдістермен үш есеп беру жасаңыз.

Нұсқа

Тапсырма

1

«Музыкалық альбом»

2

«Емхана»

3

«Сабақ кестесі»

4

«Компьютерлік салон»

5

«Конференцияға қатысушылар»

Бақылау сұрақтары:

  1. Есеп беру дегеніміз не?

  2. Автоесеп беру (автоотчет) деген не?

  3. Элементтер панелі не үшін қолданылады?

  4. Автоесеп берудің Есеп беру шеберінен (Мастер отчетов) айырмашылығы неде?

Зертханалық жұмыс № 28-29

ТақырыбыHTML. Тексті пішімдеу тегтері, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер

Мақсаты: HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.

Негізгі ұғымдар:

HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.

HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.

HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.

HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

  • Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін

анықтайтын тегтер;

  • Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерінің тегтері.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?

HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.

HTML-тегтер

Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.

Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан, құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:

<TITLE>Құжат тақырыбы</TITLE>

Аяқтау тегі бастау тегіне ұқсас, айырмашылығы тек бұрышты жақша ішіндегі мәтін алдында слэштің ( /) болуында.Бұл мысалда <TITLE> тегі WEB-броузерге тақырып пішімінің (формат) қолданғанын, ал </TITLE> тегі мәтін тақырыбының аяқталғанын білдіреді.

Кейбір тегтер, мысалы, <P> (абзацты анықтайтын тег) аяқтау тегтерін қажет етпейді, бірақ оларды қолдану құжаттың бастапқы мәтінінің оқылуын жеңілдетіп, құрылымын жақсартады.

Кестелерді жасау

Кестелерді бейнелеу үшін HTML тегтерінің бірнеше түрі қолданылады:

  • TABLE тегтері – бүкіл кестенің спецификациясын қоршайды.

  • Міндетті емес элемент CAPTION – кестенің тақырыбын (атын)

спецификациялайды.

  • TR тегтері– кесте жолдарын спецификациялайды.

  • THтегтері – жолдар мен бағандардың тақырыптарын спецификациялайды.

  • TD тегтері–кестедегі деректерді (кесте ұяшықтарының ішіндегісін) спецификациялайды.

Негізгі кестелік құрылымдар

Қарапайым мысалды: тақырыбы жоқ, 2 жол 2 бағаннан тұратын сандар кестесін (бірлік матрица) қарастырайық. Оның HTML коды мынандай болады:

<TABLE>

<TR><TD> 1 </TD><TD> 0 </TD></TR>

<TR><TD> 0 </TD><TD> 1 </TD></TR>

</TABLE>

және көбінесе броузерлер арқылы былайша көрсетіледі.

Кестенің қосымша қасиеттері. Мәтіндік ұяшықтары бар типтік кесте. К естенің тақырыбы (caption ) – кестенің өзімен байланысқан (кесте туралы құжаттағы жолдар тексіне толықтауыш);

  • Тақырыпша (headers) (түсіндірме) – кесте жолдары мен бағаларына арналған;

  • Жақтау (рамка, borders) – кесте мен әр кесте ұяшығының айналасына арналған.

Сонымен қатар ALIGN мен VALIGN атрибуттары кестенің бейнелену сапасына әсер етеді. Олар құжаттың өрістеріне қатысты кестенің орналасуын айқындайды.

Мүмкін болатын мәндері: ALIGN=LEFT (сол жақпен туралау), ALIGN=CENTER (ортаға туралау), ALIGN=RIGHT (оң жаққа туралау).

WIDTH– Кестенің ені, пиксель арқылы WIDTH=400) немесе беттің енінің проценті түрінде (мысалы, WIDTH=80%) беріледі.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Тексті пішімдеу (форматтау) тегтерін қолданып 1-суреттегідей HTML –құжат жасау.

  1. Блокнот текстік редакторын ашып, бос құжатты Задание1.html деген атпен сақтаңыз.

  2. Құжаттағы алғашқы тег <HTML> тегі болу керек. Бұл тег WEB-броузерге құжаттың HTML қолданылып жасағанын хабарлайды. Сондықтан құжаттыі бірінші жолына <HTML>деп теріңіз.

. HTMLқұжат үлгісі

  1. Терезенің тақырыбын енгізу үшін мына жолдарды теріңіз:

<HEAD>

<TITLE> Пример работы

с тегами. Форматирование

</TITLE> </HEAD>

  1. Енді құжаттың денесін, яғни HTML құжатта не көрсетілетінін енгіземіз.Ол үшін мына жолдарды теріңіз:

<BODY BGCOLOR=yellow TEXT=blue >

мұндағы BGCOLOR=yellow құжаттың фоны – сары, ал TEXT=blue шығатын текстің түсі көк болатынын анықтайды.

  1. Ары қарай тағы да теріңіз:

<H1>Это заголовок первого уровня</H1>

<H2>Это заголовок второго уровня</H2>

Бұл жолдар әр түрлі деңгейдегі тақырыптарды анықтайды.

  1. Нөмірленген және нөмірленбеген тізім жасау. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

<OL >Это пример пронумерованного списка

<LI>Первый элемент

<LI>Второй элемент

<LI>Третий элемент

</OL>

<UL TYPE=DISC>Это пример непронумерованного списка

<LI>Первый элемент

<LI>Второй элемент

<LI>Третий элемент

</UL>

  1. Енді тексті пішімдеуді (форматтауды), яғни тексті енгізудің түрлі пішімдерін қолдануды үйренейік. Ол үшін мына жолдарды енгізіңіз:

<I>Это курсив</I>

<B>Это жирный шрифт</B>

<U>Это подчеркнутый текст</U>

<SUP>Это верхний индекс</SUP>

<SUB>Это нижний индекс индекс</SUB>

<BR>Это начало нового абзаца.

<BIG>Это большой шрифт</BIG>

<SMALL> Это маленький шрифт</SMALL>

<STRIKE>Это перечеркнутый шрифт</STRIKE>

  1. Келесі жолға <BR><BR> деп теріңіз. Бұл екі рет бос жол жасағанды білдіреді ( «Enter » клавишасын басқанды білдіреді).

  2. Келесі жолға теріңіз: <MARQUEE>ЭТО БЕГУЩАЯ СТРОКА </MARQUEE>. Нәтижесінде жүгірмелі жол жасалынады.

  3. HTML құжатта көрсетілетін ақпарат таусылғандықтан <BODY> тегін жабу керек, ол үшін </BODY> деп жазыңыз.

  4. HTML құжаттағы жазу аяқталды, сондықтан <HTML> тегін де жабу керек, ол үшін </HTML>деп жазыңыз.

  5. Блокнотты жауып, жасаған құжатыңызды тышқанның сол жағын екі рет шертіп ашыңыз.

2-жаттығу. Сайттың тексін өзгерту. Өзіңіз жайлы шағын ақпарат бар үй бетін (домашняя страница) жасаңыз, ол үшін барлық келтірілген тегтерді қолданып 1–ші жаттығудағы сайттың тексін өзгертіңіз.

3-жаттығу. Сурет түсіру. Құжатқа гиперсілтеме жасау.

<IMG> және <A HREF> тегтерін қолданып келесі HTML- құжатын жасау.(2-сурет)

  1. Блокнот текстік редакторының терезесін ашып, бос құжатты Задание4.html деп сақтаңыз

  2. Құжаттың бірінші жолына <HTML> деп жазыңыз..

  3. Терезе тақырыбын жазу үшін мына жолдарды енгізіңіз:

<HEAD>

<TITLE> Вставка рисунка и гиперссылки

</TITLE>

</HEAD>

  1. Ары қарай <BODY BGCOLOR=pink TEXT=black LINK=blue VLINK=red>депенгізіңіз.

  2. Енді суретті түсіреміз. Ол үшін келесі жаңа мына тіркестерді жазыңыз: <IMG SRC="image.jpg" ALT="Здесь должен быть рисунок" HEIGHT=250 WIDTH=250 ALIGN=middle ISMAP>

  3. Сурет пен келесі жазылатын текст арасында 3 бос жол болу керек. Ол үшін <BR><BR><BR> деп жазыңыз.

  4. Енді құжатқа Задание1.html құжатын шақыратын гиперсілтеме (гиперссылка)жасаймыз Ол үшін мына жолдарды теріңіз:

<A HREF="Задание1.html"> Перейти по гиперссылке </A>

  1. </BODY>тегін жабыңыз.

  2. </HTML>тегін жабыңыз.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 30

Тақырыбы: Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар.

Мақсаты: Дискілермен жұмыс жасай білуге үйрету, дискіні форматтау, диск бетіндегі физикалық ақауларды тексеру, дискіні, бумалар мен файлдарды вирусқа тексеру, архивтеу программаларын пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру .

Дискіні форматтау – операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға, жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексеру стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

Дискінідефрагментациялау стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.

Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.

Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі-компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. WinZip архивтеу прораммасын пайдалану

1. Өз бумаңызда Архив1 деп аталатын бума құрыңыз.

2. Құрылған Архив1 бумасына архивтеуге қажет файлдарыңызды, бумаларыңызды орналастырыңыз. Архив1 бумасының көлемін тексеріңіз, жазып алыңыз.

3. Құрылған Архив1 бумасының белгісінде тышқанның оң жақ батырмасына шертіңіз және пайда болған контекстік мәзірден Добавить в архивкомандасын орындаңыз.

4. Архивтеу параметрлерін көрсетіңіз (архивтің аты Doc.zip)

5. Архивтелген буманың көлемін жазып алған бастапқы бума көлемімен салыстырыңыз.

6. Өз бумаңызда Архив2 деп аталатын жаңа бума құрыңыз.

7. Doc.zipархивінен *.doc кеңеймелі файлдарды алып Архив2 бумасына орналастырыңыз, ол үшін

  • Архивтелген бума белгісіне екі рет шертіңіз де, пайда болған терезедегі (архиватор терезесі) саймандар панелінен Найтикомандасын орындаңыз.

  • Искать командасының терезесіне ізделінді файлдың аты немесе шаблоны (кеңеймесімен қоса) жазылады да орындауға жіберіледі.

  • Результаты поискатерезесіндегі шыққан файлдардың бәрін белгілеңіз және Извлечь вкомандасын орындаңыз.

  • Пайда болған терезеде қалпына келтірілген файлдар барып орналасатын Архив2 бумасының маршруты көрсетіледі және ОК орындалады.

8. Архив2 бумасын дискетаға көшіріңіз.

2-жаттығу. Флешті форматтау.

  1. Флешті салыңыз, әрі қарай

  • Проводникпрограммасын немесеМойкомпьютербумасын пайдаланыпбелгісін тауып, белгілеп алыңыз.

  • Жоғарғымәзірдегі Файл -> Форматировать командасын немесе контекстік мәзірдегі (тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы шақырылатын мәзір) Форматировать командасын орындаңыз.

  • Пайда болған терезеде өзіңізге қажет шарттарды (мысалы, форматтаудың түріПолное немесе Быстрое) қабылдаңыз да, орындауға жіберіңіз.

Ескерту!!!Форматтау сол флештегі барлық мәліметтерді жояды.

  1. флешке бірнеше объектілерді (бумалар, файлдар) көшіріңіз.

  • флештегі бос орынды қара ңыз, ол үшін тышқанның көрсеткішін флеш белгісіне апарыңыз, сол кезде экранда флештің көлемі және ондағы бос орынның көлемі туралы мәлімет шығады немесе

  • Флештің контекстік мәзіріндегі Свойства командасын орындау керек.

1Кері ретте орналастыру