- •7.Зертханалық сабақтарды жоспарлау.
- •Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •1.2. Сандарды ондық жүйеден екілік жүйеге аудару
- •1.3. Сандарды екілік жүйеден ондық жүйеге ауыстыру
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •1.4. Компьютерде теріс сандардың ұсынылуы
- •1.5. Компьютерде бүтін сандардың ұсынылуы
- •1.6. Ескілік жүйеде арифметикалық амалдардың орындалу ережелері
- •1.7. Сегіздік және он алтылық санау жүесін қолдану
- •Зертханалық жұмыс № 3-4
- •Деректердің эем-да берілуі
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс № 6
- •Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс № 10-11
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 11-12
- •Зертханалық жұмыс № 14-15
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №16-17 Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»
- •Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №18 Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
- •Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №19-20 Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 21 Тақырыбы: «Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №22-23
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Зертханалық жұмыс № 25-26 Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27 Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс № 28-29
Зертханалық жұмыс № 1
Тақырыбы: Санау жүйесі. Сандарды санау жүйелерінде өрнектеу.
Мақсаты: Санау жүйесі. Сандарды 2, 8, 10, 16 санау жүйелерінде өрнектеу.
Санау жүйесі
Санау(Счисление; notation) – сандарды бейнелеу және өрнектеутеу тәсілі.
Санау жүйесі(Система счисление; notation system) дегеніміз – сандарды цифрлық таңбалар арқылы жазу мен оқу тәсілдерінің жиынтығы немесе санау жүйесі деп сандардың аталуы және жазылу әдісін айтады.Барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның сан жазылуындағы орнына(позициясына) байланысты болады(мыс., екілік,сегіздік,ондық және он алтылық санау жүйелері). Мысалы, 999 санын алсақ, 9 санының мәні тұрған орнына байланысты өзгереді(жүздік,ондық,бірлік).
Тұрмыста ондық санау жүйесі кеңінен қолданылады.Есептеуіш техникада позициялы санау жүйелері пайдаланылады: екілік – негізгі санау жүйесі ретінде,ал ондық,он алтылық – қосымша санау жүйесі ретінде.
Рим санау жүйесі-позициялық емес,мұнда санның мәні оның тұрған орнына тәуелді емес,яғни Х саны мына XXI санында орнына байланыссыз “он” болады.
Рим сандары латын әріптерімен жазылады.
I – 1, V – 5, X – 10, L – 50, C – 100, D – 500, M – 1000,
Мысалы: VI=5+1=6; XXI=10+10+1=21; IV=5-1=4.
Санау жүйесінің негізгі деп позициялық санау жүйесінде қолданылатын әр түрлі цифрдың саны.Ондық санау жүйесінде он цифр қолданылады: 0,1,2...,9; екілік санау жүйесінде – екі: 0 және 1; сегіздік санау жүйесінде – сегіз; 0,1,2,...,7. Q негізгі болып келген санау жүйесінде 0 – ден (Q-1)-1 дейінгі цифрлар қолданылады да, олар осы жүйенің базистік цифрлары деп аталынады.
Q негізгі болып келген позициялық санау жүйесінде жалпы түрде кез келген x санын көпмүшелік түрінде өрнектеуге болады:
x
=
…
+
…+
(1)
бүтін бөлігі бөлшек бөлігі
Мұндағы,
коэффициенті ретінде қолданылған осы
санау жүйесіндегі цифрдың кез келгені
бола алады.
Q негізі болып келген позициялық санау жүйесінде x санының жазылуы үлгісі:
x=(
…
…
немесе x=
...
...
(2)
Бүтін бөлігі бөлшек бөлігінен үтір(есептеу техникасында көбінесе нүкте қолданылады)арқылы ажыратылады.
Санау жүйесі |
|||
Ондық |
Екілік |
Сегіздік |
Он алтылық |
0 |
0 |
0 |
0 |
1 |
1 |
1 |
1 |
2 |
10 |
2 |
2 |
3 |
11 |
3 |
3 |
4 |
100 |
4 |
4 |
5 |
101 |
5 |
5 |
6 |
110 |
6 |
6 |
7 |
111 |
7 |
7 |
8 |
1000 |
10 |
8 |
9 |
1001 |
11 |
9 |
10 |
1010 |
12 |
A |
11 |
1011 |
13 |
B |
12 |
1100 |
14 |
C |
13 |
1101 |
15 |
D |
14 |
1110 |
16 |
E |
15 |
1111 |
17 |
F |
16 |
10000 |
20 |
10 |
17 |
10001 |
21 |
11 |
18 |
10010 |
22 |
12 |
19 |
10011 |
23 |
13 |
20 |
10100 |
24 |
14 |
21 |
10101 |
25 |
15 |
22 |
10110 |
26 |
16 |
Мысалы:
Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, он алтылық санау жүйелерінде жұмыс істейді (әр жүйеге сәйкес базистік цифрлар 1.1 – кестеде қоршалып көрсетілген). Он алтылық санау жүйесіндегі A,B,C,D,E,F әріптері осы жүйенің сәйкес 10,11,12,13,14,15 цифрларын анықтайтын символдар.
