Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар АРХ_ДИЗ_ГЕОД_БТ_2014_Сауха...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 10-11

Тақырыбы: Word редакторында формулаларды енгізуе білуді үйрену.

  1. Формула редакторын іске қосу

  2. Формула редакторы объектілер тізімінде болмаса қалай іске қосуға болады

  3. Формуланы безендіруді өзгертіп, басқа стильді қалай қолдануға болады?

  4. Формуладағы шрифт көлемін қалай өзгертеміз?

Тапсырмалар:

Формула редакторын іске қосып, берілген формулаларды теріңіз.

Көптеген математикалық және ғылыми мақалаларда математикалық символдардан тұратын әртүрлі өрнектер, теңдеулер жиі кездеседі. Осы математикалық символдардың өзіндік жазылу ережесі бар екенін білеміз. Егер, олардың жазылу нұсқасы өзгерсе математикалық теңдеудің мағынасында өзгеріске ұшырайды. Міне, осындай мақалаларды дайындайтын қиыншылықтарды жою үшін Microsoft Word құрамындағы «Формула редакторы» Equation Editor шағын көлемді программасы қолданылады. Формула редакторы (Equation Editor) көмегімен көптеген математикалық символдарды (интеграл, матрица, әртүрлі жақшалар, т.б) құжатқа енгізіп, дәл сондай үлгіде қағазға басып алуға болады.

Кез келген математикалық өрнектерді енгізу үшін төмендегі іс-әрекеттер тізбегі орындалады:

  1. Формула орналасатын құжат бөлігіне курсорды орналастыру;

  2. Equation Editor іске қосу;

  3. Қажетті формулаларды енгізу;

  4. Word құжатының ке келген жеріне курсорды басу.

Equation Editor- математикалық формулалар жиынын құруға, өңдеуге арналған шағын көлемді программа. Формула редакторының (Equation Editor) көмегімен құрылған формуланы редакциялау үшін терілген формулаға екі рет маус батырмасымен басса жеткілікті немесе формуланы белгілеп менюдан Правка – Объект, Формула, командасын орындаймыз және шыққан қосымша менюдан «Өзгерту» (Именить) командасын таңдаймыз. Бұл іс-әрекеттер «Формула редакторының» (Equation Editor) іске қосып, формуланы қайта редакциялауға мүмкіндік береді.

Формуланы құру үшін:

  1. Курсорды Wordқұжаттың формула орналасатын жеріне орналастырамыз;

  2. Енгізу – Объект (Вставка - Объект) командасын орындаймыз;

  3. Тип объекта тізімінен Microsoft Equation қатарын таңдаймыз;

  4. ОК батырмасын басамыз, «Формула редакторы» (Equation Editor) іске қосылады;

«Формула редакторын» (Microsoft Equation) іске қосудың басқа жолы:

«Саймандар тақтасынан» батырмасын таңдаймыз.

Егер «Объектілер типтері» тізімінде формула редакторы жоқ болса, онда:

  • Microsoft WordFolder бумасынан Word Commands ішкі бумасын ашамыз;

  • «Формула редакторы» (Equation Editor) белгісін екі рет маус батырмасымен тез шнртеміз;

  • Формула редакторының терезесін жабу;

  • Word құжатында формула редакторын шақыру.

  • Экранда Microsoft Equation саймандар тақтасы және қосымша меню шығады (суретте).

«Формула» саймандар тақтасы екі жолдан орналасқан батырмалар жиынынан тұрады. Батырмалар символдар жинағынан тұрады. Құжатқа енгізілетін математикалық таңбалар батырмаларды маупен шектеу арқыры таңдалынады. Саймандар тақтасының екінші бөлігінде таңдалынған символдардың жазылу шаблондарынан тұрады.

Формулалармен жұмыс істеу барысында:

  • белгіленіп алынған математикалық символға менюдағы Стиль командасының көмегімен басқа жазылу стилін қолдануға болады;

  • күрделі, көп жолдардан тұратын математикалық теңдеулерді жазып қажетті үлгіде әр жолды орналастыруға болады;

  • жеке безендіру элементтерін қолдануға болады.

Жеке безендіру элементтерін қолдану үшін символдарды белгілегеннен кейін менюдан «Стиль» - «Басқа» (Стиль - Другой) командасын қолданамыз. Шыққан сұхбат терезеден басқа жазылу шрифтін және символдың жазылу көлемінде өзгертуге болады (символды үлкейтіп, кішірейту үшін «Өлшем» (Размер) командасы қолданылады).

Жаттығу жұмыстары.

1 -жаттығу. Төменде берілген үлгіге сәйкес схема құрып ондағы барлық объектілерді біріктіріңіз.

  1. ABB1A1тіктөртбұрышын салыңыз;

  2. A1D1көлбеу сызығын жүргізіңіз;

  3. A1D1көшіріп алып үш рет ВС, B1C1және AD үшін қайталап қойып шығыңыз;

  4. CC1, DD1, DCжәне D1C1сызықтарын жүргізіңіз;

  5. қажет кесінділерді белгілеп алып сызықтың типін өзгертіңіз, Тип штриха – пунктир;

  6. Линия құралын және Линия со стрелкойстилін пайдалана отырып координата осьтерін салыңыз. Автофигура стилін таңдау үшін сол объектінің контекстік мәзіріндегі Формат автофигурыкомандасы орындалады.

  7. Әріптік белгілеулерді жазу үшін Рисованиепанеліндегі Надпись батырмасына шертіп, пайда болған рамканы қажет өлшемге дейін тышқан көмегімен созады;

  8. Цвет линии батырмасына шертіліп(рамка белгіленген болуы керек ), пайда болған палитрадан Нет Линии,сол сияқты Цвет заливки палитрасынан Нет заливкитаңдалынады, рамка түссіз болып шығады.Әрі қарай қажет әріпті рамкаға орналастыруға болады.

9. Өз рамкаңызды белгілеп, көшіріп алыңыз да он әріп үшін он рет қойып шығыңыз (буферге көшірілген рамканы жаңа жерге қоймас бұрын бастапқы рамкадағы белгілеуді алып тастаңыз). Новая рамка может, после вставки, поместиться поверх предыдущей. Рамкалар бірінің үстіне бірі орналасқан жағдайда үстіңгі рамканы жылжытып отырыңыз. Төменгі индексФормат -> Шрифткомандасы орындалғанда пайда болатын терезеніңШрифт жапсырмасындағы Нижний индекс бөлімін қосқаннан кейін қойылады.

10. Бұл сызықтардың барлығын біріктіріп тұтас бір графиктік объект жасау үшін Выбор объектов , батырмасына шертіледі де пайда болған пунктирлі рамка барлық объектілерді қамтығанша ұлғайтылады, Действия мәзірінен Группироватьпункті орындалады.

2-жаттығу: Құжатқа графиктік объектіні (суретті) кірістіру.

  1. С:\Мои документы\Ваша папка\Интеграция.doc құжатын құрыңыз;

  2. Paint қосымшасын пайдаланып салған суретіңізді Рисунок.bmpфайл түрінде сақтаңыз;

  3. Суретті буферге көшіріп алыңыз яғни, суретті белгілеп алып Правка ->Копировать командасы орындалады;

  4. Құжатқа объектіні кірістіру үшін :

  • MiсrosoftWord программасында Интеграция.doc құжатының терезесін аашу керек;

  • Курсорды сурет қойылатын орынға апарады, тақырып та жазуға болады;

  • Объектіні кірістіру үшін Правка ->Специальная вставкакомандасы орындалады;

  • Вставитьтаңдалынады;

  • Рисунок форматы таңдалынып, диалогтық терезедегі В виде значка белгіленіп ОКбасылады;

  1. Кірістірілген объектілерді редакциялау.

  • Суреттің белгісіне тышқанмен екі рет шертеді;

  • Сурет өзгертіледі;

  • Интеграция. docқұжатына қайтып ораласыз;

  • Құжаттағы белгіге шертесіз. Пайда болған мәзірден Связанный объект рисунок -> Преобразоватькомандасын орындайсыз.Диалогтық терезедегі В виде значкабелгісін алып тастапОКбасылады.

  1. Бастапқы суретті редакцияланған суретпен салыстырыңыз.

  • Рисунок.bmpқұжатындағы бастапқы суретпен Интеграция.docқұжатындағы редакцияланған суретті салыстырыңыз.

Текстік құжаттарға макростар қоюды үйрету.

Макрос (немесе макропрограмма) – қолданушының тізбектей орындайтын бірнеше командалар жиынтығын біріктіріп белгілі бір пернелер комбинациясына немесе белгілі бір батырмаға меншіктейтін программа. Бұл әрекетті орындау үшін Word текстік процессорында қолданушының әрбір орындаған командасын немесе әрекетін программа түрінде тіркеп отыратын арнаулы макротранслятор болады. Макростарды, көбінесе бірсарынды әрекеттерді қайталап отырмас үшін қолданады. Макросты пайдалану қолайлы болу үшін оны орындауды саймандар панелінде орналасатын бір батырмаға немесе пернелер комбинациясына меншіктеп қояды, яғни ол батырмаға шерткенде немесе пернелер комбинациясын басқан кезде сіздің құрған макросыңызға сәйкес командалар тізбегі автоматты түрде бірден бір команда сияқты орындалады. Макросты жазу үшін Сервис->Макрос->Начать запись командасы орындалады немесе қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіледі.

Жаттығу жұмыстары.

1- жаттығу. Word программасында қарапайым макрос құру.

1.Удалить_До_Конца_Строкидепаталатын макросты құру.

1.1.Жаңа құжат құрыңыз. Құжатта келесі 1234567890 сандарын теріңіз де курсорды жолдың басына апарыңыз.

1.2. Қалып-күй қатарындағы ЗАПиндикаторына екі ретшертіңіз, сонда Запись макросадеп аталатын диалогтық терезе пайда болады..

1.3. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Удалить_До_Конца_Строкидеп жазыңыз.Терезедегі Макрос доступентұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз.Описаниетұсына макрос туралы текст, мысалы: Удаляет текст до конца строкидеп жазуға болады. Барлығы орындалғаннан кейін ОК батырмасына шертіледі. Мұның нәтижесі программа терезесінде Остановка записипанелінің пайда болуымен аяқталады. Бұл панель енді макросты жазу басталғанын білдіреді, яғни сіздің орындаған әрбір командаңыз құрып жатырған макросыңызға тіркеліп жазылып жатады.

1.4. Әрі қарай <Shift>+<End>пернелер комбинациясы басылады. Сол кезде курсор тұрған орыннан бастап жолдың соңына дейінгі текст белгіленеді. <Del>пернесі басылады да белгіленген текст жойылады.

1.5. Остановка записи панеліндегі Остановить записьбатырмасына шертіңіз.Бұл бірінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.

Ескерту:Макростарға ат беруде «бос орын» белгісі қолданылмайды.

2-жаттығу.Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын орындап көру. 2.1. Өзіңіз құрған құжатта кез-келген бір жолдан тұратын текст жазыңыз..

2.2. Курсорды жолдың басына апарыңыз да Сервис->Макрос->Макросыкомандасын орындаңыз.

2.3. Пайда болған диалогтық терезеден Удалить_До_Конца_Строкимакросын белгілеп алып Выполнить батырмасына шертіңіз. Текст жойылады. Мұны бірнеше рет қайталап жасап көріңіз.

3- жаттығу.Құрылған Удалить_До_Конца_Строкимакросын саймандар панеліне батырма түрінде орналастыру.

3.1. Экранға макростың батырмасын орналастыратын панелді, мысалы Visual Basic ( Вид->Панели инструментов-> Visual Basic командасы арқылы) панелін шығарып аласыз.

3.2. Сервис->Настройкакомандасы орындалады. Пайда болған терезеден Командыжапсырмасын таңдайсыз.КатегориитізіміненМакросыкатегориясын таңдайсыз. Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрғанУдалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып оны жаңағы VisualBasicпанеліне апарасыз. Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады.

3.3. Әрі қарай Изменить выделенный объектбатырмасына шертіп, тізімнен Основной стильтүрін таңдасаңыз батырма стандарт түрге келеді.

3.4. Макрос батырмасының түрін өзгерту үшін Изменить выделенный объектбатырмасына шертіп, тізімнен Выбрать значок для кнопкитаңдалынады.Пайда болған тізімнен өзіңізге ұнаған , мысалы телефон түріндегі немесе т. б. белгіні таңдап, сол белгіге шертесіз. Диалогтық терезені жабасыз , панельде телефон белгісі түріндегі макростың батырмасы пайда болады.

3.5. Макрос батырмасын тексеру үшін, өз құжатыңызда текст жазып курсорды жолдың басына апарыңыз да макрос батырмасына шертіңіз жол жойылады.

4- жаттығу.ҚұрылғанУдалить_До_Конца_Строкимакросын пернелер комбинациясына бекіту.

4.1. Сервис->Настройкакомандасы орындалады. Пайда болған терезеден Клавиатура батырмасына шертіңіз.КатегориитізіміненМакросыкатегориясын таңдайсыз. Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрғанУдалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп аласыз. Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады. Новое сочетание клавиш тұсына көшіп, <Ctrl>+<Shift>+<E>пернелерін басыңыз даНазначитьбатырмасына шертіңіз. Диалогтық терезені жабыңыз.

4.2. Әрі қарай алдыңғы жаттығудағы сияқты, жолды өшіруді <Ctrl>+<Shift>+<E> пернелер комбинацисы көмегімен орындап көріңіз .

5- жаттығу. ЖаңаданТемно_Красный_Цветдеп аталатын макрос құру.

Жаңа макросты құру үшін келесі командалар орындалуы тиіс:

  • Формат->Шрифткомандасы орындалады;

  • Цвет тізімінен қызыл қоңыремно-красный) түс таңдалынады;

  • ОКбатырмасы шертіледі.

5.1. Қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі ретшертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады.

5.2. Осы терезедегі Имя макроса тұсына : Темно_Красный_Цвет деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступентұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз. Описание тұсына макрос туралы текст : Окрашивает текст в темно-красный цветдеп жазуға болады. Барлығы орындалғаннан кейін ОК батырмасына шертіледі.

5.3. Әрі қарай Формат->Шрифткомандасы орындаладыда Цвет тізімінен қызыл қоңыремно-красный) түс таңдалынады, ОК батырмасы шертіледі.

Остановка записи панеліндегі Остановить записьбатырмасына шертіңіз.Бұл екінші макросты құрудың аяқталғанын білдіреді.

5.4. Құрылған макросты саймандар панеліне батырма түріде орналастырыңыз.