- •7.Зертханалық сабақтарды жоспарлау.
- •Зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •1.2. Сандарды ондық жүйеден екілік жүйеге аудару
- •1.3. Сандарды екілік жүйеден ондық жүйеге ауыстыру
- •Зертханалық жұмыс № 2
- •1.4. Компьютерде теріс сандардың ұсынылуы
- •1.5. Компьютерде бүтін сандардың ұсынылуы
- •1.6. Ескілік жүйеде арифметикалық амалдардың орындалу ережелері
- •1.7. Сегіздік және он алтылық санау жүесін қолдану
- •Зертханалық жұмыс № 3-4
- •Деректердің эем-да берілуі
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Зертханалық жұмыс № 6
- •Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •2. Мәтінге Clip Gallery программасының объектілерін енгізу
- •Зертханалық жұмыс № 10-11
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 11-12
- •Зертханалық жұмыс № 14-15
- •2.Статистикалық функциялар
- •3.Финанстық функциялар
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №16-17 Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»
- •Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №18 Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
- •Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №19-20 Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 21 Тақырыбы: «Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №22-23
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Зертханалық жұмыс № 25-26 Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27 Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс № 28-29
Бақылау сұрақтары:
Текстік процессордың қызметі қандай?
Құжатты форматтау мен редакциялаудың айырмашылығы қандай?
Форматтау тәсілдерін атаңыз?
Колонтитул деген не?
Гиперссылка не үшін қажет?
Зертханалық жұмыс № 9
ТақырыбыWord текстік процессоры.құжаттарға суреттер, графиктік және т.б. объектілер қою.
Мақсаты: Текстік құжаттарға суреттер, графиктік және т.б. объектілер қоюды үйрету.
Word құжатында суреттер салу. Word текстік процессорында қарапайым схемаларды, чертеждер мен суреттерді Вид->Панели инструментов->Рисование командасы арқылы іске қосылатын орнатылған графиктік редактор көмегімен салуға болады.
Графиктік объектілерді біріктіру. Түрлі бөліктерден құралған чертежді немесе схеманы біртұтас сурет ретінде қарастыру үшін ол бөліктерді Shift батырмасын баса отырып белгілейді де сол жерде контекстік мәзірден Действия->Группировать командасын орындайды. Объектілерді біріктіруді алып тастау үшін сол контекстік мәзірдегі Действия -> Разгруппировать командасы қолданылады.
Word процессорындағы графикамен жасалатын үш бағыт:
Басқа қосымшаларда (мысалы, Paint, Ms Drawing, Paintbrush, Excel және т. б.) салынған графиктік объектілерді құжатқа кірістіру;
Құжаттың өзінде Рисование панелінің құралдарын пайдаланып сурет салу;
Тексті көркемдеуде Clipart коллекциясының дайын суреттерін пайдалану.
Графиктік объектінің текстегі орналасуы.
Настройка изображения панелін іске қосыңыз. Ол үшін Вид->Панели инструментов->Настройка изображениякомандасы орындалады.
Пайда болған панелден Обтекание текстомбатырмасына шертіледі. Пайда болған мәзірден өзіңізге қажет команда таңдалынып, сол командаға шертіледі. Егер По контуру командасы таңдалса терілген текст графиктік объект контурын жағалай орналасады.
OLE технология.Құжатта әртүрлі типке жататын объектілерді біріктіру үшін, айталық графиктік, музыкалық объектілер, электрондық кестелер секілді, Windowsжүйесінде OLE технологиясы қолданылады.OLE технология – объектілерді кірістіру және байланыстыру. Осыған байланысты текстке енгізілетін объектілерді екі топқа бөлуге болады:
Құжатқа кірістірілген объект құжаттың бөлігі ретінде есептеледі де бастапқы оригинал объектідегі өзгерістер құжаттағы объектіге берілмейді;
Құжаттағы байланысқан объектілер оригиналдары өзгерген жағдайда қоса өзгеріп отырады.
OLEтехнологиясының терминдері:
Клиент –объектіні қабылдайтын қосымша немесе программа;
Сервер –объектінің өзі жасалатын қосымша немесе программа.
Құжатқа кірістірілген немесе байланысқан объектілерді сервер-қосымша көмегімен редакциялау үшін сол объектіде екі рет шертіледі.
OLE технологиясы екі түрлі әдіспен орындалады:
Алмастыру буфері, яғни қосымша мәзірінің Правка->Специальная_вставкакомандасын пайдалануға болады. Бұл әдіс фрагмент үшін де, тұтас құжат үшін де орындалады.
Қосымша мәзірінің Вставка -> Объект командасын пайдалануға болады. Бұл әдіс тұтас құжат үшін ғана орындалады.
Microsoft Word мәтін редакторынде графикалық объектілерді енгізу
Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Microsoft Word редакторында мәтіндік құжат ішінде алдын ала басқа программада дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізуге болады.
Программаның бір –бірімен мәлімет алмастыру үшін байланысқан және ендірілген объектілер қолданады. Яғни, MS Office программаларының бірінде жасалынған объектілерді басқа программаларға байланысқан және ендірілген объект түрінде енгізуге болады. Байланысқан және ендірілген объектілердің бір –бірінен айырмашылығы олардың сақталатын орны мен файлға орналастыру кезіндегі өңдеу тәсілдерінде болып табылады.
Байланысқан объект – сол объект тұрған файлда сақталады. Байланысқан объекттіні өңдеу үшін міндетті түрде осы файлға оралуға тура келеді.Файлда сақтаулы тұрған объектіні өңдеген кезде құжатқа орналастырылған объект автоматты түрде осы өзгерістерді қабылдайды. Мәтінге сыртқы ортадан, ендірілген объектіні өңдеу үшін аса қиындық тумайды. Құжат ішінде отырып, оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауға болады. Бұл объект құрылған программаны іске қосу үшін объектіні белгілеген соң тышқанды екі рет шертеміз. Кірістіру – Сурет (Вставка - Рисунок) командасын орындай отырып, мәтінге:
А) картиналарды (Clipart программасының объектілерін);
ә) Файл түрінде сақталынған объектілерді;
б) Автофигураларды;
в) WordArt объектісін;
г) Сканерден;
д) Диаграммаларды (Excel программасындағы диаграммалар) енгізуге мүмкіндік бар.
