Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыстар АРХ_ДИЗ_ГЕОД_БТ_2014_Сауха...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. С дискісінде өз нұсқаңызға сәйкес файлдық құрылым жасаңыз /Кестедегі 1- тапсырма/.

  2. Справка.txt файлын кестедегі өз нұсқаңыздағы құрылымға сәйкес орналастырыңыз /2-тапсырма/.

  3. Справка.txt файлын сәйкес бумаға көшіріңіз және атын өзгертіңіз /3-тапсырма/.

  4. Зертханалық жұмыс тақырыбын, бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер комбинацияларын дәптерге жазыңыз .

Нұсқа №

1- тапсырма

2- тапсырма

3- тапсырма

1

С:\Работа_2\Р2\Справка.txt

Р1бумасына

атыТермины.txt

2

С:\Работа_1\Р2\Справка.txt

Р21бумасына

атыСведения.txt

3

С:\Работа_2\Р21\Справка.txt

Р1 бумасына

аты

Понятия.txt

. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 8

Тақырыбы: Word текстікпроцессоры.Текстікқұжаттардықұру, редакциялаужәнеформаттау

Мақсаты: Word текстік процессорында текстік құжаттарды құру, Редакциялау, форматтау

Текстік процессорлар (мысалы,MSWord программасы)– текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.

Құжат құру Word программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.

Құжатты редакциялау терілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жаслады..

Текстік құжаттарды форматтауды Word программасының терезесіндегі Форматирование саймандар панеліндегі батырмалар немесе негізгі мәзірдегі Форматопциясының командалары арқылы жүзеге асырады.

Құжатты сақтау. Word текстік процессорының құжаттары стандарт кеңеймесі .doc болып келетін файлдар түрінде сақталады. Құжаттарды сақтау әдісінің параметрлері, Сервис ->Параметры командасының терезесіндегі , Сохране­ние жапсырмасы бөлімінде көрсетіледі.

Құжаттарды ашу және жабу. Құжатты ашу, бұл бұрын даярланған және файл түрінде сақталған құжаттар үшін ғана мүмкін болады, ол Файл ->Открыть командасы көмегімен орындалады. Файл->Закрыть командасы арқылы ашылған құжатты жабуға болады , мұның басқа да тәсілдері бар.

Құжаттан фрагментті іздеу және ауыстыру келесі әрекеттерді қамтиды:

  1. Правка->Найти (немесе Ctrl+f пернелері) командасы орындалады;

  2. Найтитұсындағы терезеге ізделінетін текст фрагменті жазылады;

  3. Табылған фрагментті автоматты түрде бірден басқа текстпен ауыстыру үшін Заменитьжапсырмасының элементтері қолданылады;

  4. Заменить нанұсқауының тұсына алмастырушы жаңа текст жазылады.

Word программасы терезесі саймандар панелінде орналасқан негізгі командаларға сәйкес батырмаларды алып тастауға нмесе керісінше қосуға болады. Ол үшін Сервис →Настройка командасынан кейін пайда болатын Настройка терезесінен Командыжапсырмасы іске қосылады. Әрі қарай Категориялар тізімінен қажет батырма жататын топтың аты таңдалады., сол мезетте сол терезедегі Команды тізімінде таңдалынған топқа жататын батырмалардың белгілері шығады.

Құжаттың колонтитулдары деп құжат орналасқан беттің жоғарғы және төменгі жиектеріне сәйкес обылысты айтады. Құжаттың немесе құжат бетінің колонтиулын Вид→Колонтитулы командасы арқылы орнатады. Колонтитул ретінде тексттер, суреттер (беттің номері, мекеме эмблемасы, құжаттың аты, авторы және т. б.) алынады да олар міндетті түрде, құжат беттерінің жоғарғы немесе төменгі бөлігінде басылады.

Гиперссылка – бір құжат көлемінде фрагменттен - фрагментке немесе бір құжаттан екінші бір құжатқа, Интернеттегі Web-беттерге бірден көшіп отыруды қамтамасыз ететін асты сызылған, басқа түске боялған текст немесе сурет .

Текст фрагментін гиперссылка ретінде пайдалану үшін :

  • Гиперссылка ретінде қолданылатын фрагмент белгіленіп алып,Стандартнаяпанеліндегі Вставить гиперссылку батырмасы шертіледі;

  • Пайда болған терезедегі СвязатьжапсырмасыныңНовый документ белгісі шертіледі;

  • Имя нового документа нұсқауының тұсына сілтеме жасалатын, яғни гиперссылка қызметін атқарып тұрған фрагментке шерткенде ашылатын құжаттың немесе файлдың аты (қажет жағдайларда маршрутымен қоса) жазылады;

ОК батырмасына шертіледі.

Жаттығу

  1. Берілген тексті теріп, төменде берілген суреттегі сияқты форматтаңыз.

  2. Құжатты Лаб_1_Word деген атпен өз бумаңызда сақтаңыз.