Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по совр. каз.яз.Дюсупбаева К 2013-2014.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
516.61 Кб
Скачать

Пәннің оқу бағдарламасы (Силлабус)

Пәннің аты Қазіргі қазақ тілі

Мамандығы 050207 - Аударма ісі

Оқыту формасы Күндізгі

Барлығы 2 кредит

Курс 3 Семестр 6

Дәріс саны 20 сағат Семинар сабақ саны 10 сағат

СОӨЖ 15 сағат СӨЖ 45 сағат

Аралық бақылау саны 2

Емтихан 6 семестр Барлығы 90 сағат

Астана - 2013

Пәннің оқу бағдарламасы жоғары оқу орындарының

050207- Аударма ісі мамандығына арналған

Аударма ісі мамандығы бойынша Типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды. ҚР БҒМ Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу-әдістемелік кеңесінің 22.06.06 жылғы шешімімен бекітілген. ҚР БҒМ 11.05.2005 жылғы № 289 бұйрығымен бекітілген және күшіне енгізілген.

(қандай құжат негізінде жасалды)

Оқу бағдарламасын құрастырғандар ф.ғ.к. аға оқытушы Қ.С. Дүсіпбаева

_________________________________

( Қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні )

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы мәжілісінде талқыланған

2013 жылдың № хаттама

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Бейсенова Ж.С.

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған

№ _________ хаттама __________ ____________ 2013ж.

Төраға___________________________________ з.ғ.к. профессор Ө.С. Қыстаубай

( Қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні )

1. Оқытушы (office-hour):

Қ.С. Дүсіпбаева – аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты

E-mail: karlygash-23@mail.ru

ҚазГЗУ, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8

Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы

Қабылдау күндері: Дүйсенбі-жұма, сағ. 08.30 - 15.00

каб. № 304, тел: 70-30-47

2. Курстың пререквизиттері: осы курсты игеру үшін студенттің тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі, қазақ, орыс, шетел тілдерінің лексикологиясы мен фразеологиясы, морфологиясы мен синтаксисі, мәдениеттану, тарих пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.

3. Пәннің аннотациясы: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент:

  • сөздің грамматикалық формаларының дискурс пен тілдің қолданылу саласына қарай қалыптасатынын білуі;

  • сөз байлығын молайтып, оларды тиісті орындарда қолдана білуі;

  • сөз мағыналарын (тура және ауыспалы) ажырата біліп, оларды тәжірибеде пайдалана білуі;

  • сөз формаларының түрлері мен қызметтерін және лексика-грамматикалық мағыналарын ажырату және пайдалана білуі;

  • түрақты тіркестерді тани біліп, олардың мағыналық ерекшеліктерін ажыратуы;

  • күрделі сөздерді синтаксистік сөз тіркестерінен тұлғалық және мағыналық жағынан ажырата алуы;

  • сабақтас құрмалас пен салалас құрамаластардың түр-түрін тани біліп, олардың мағыналық ерекшеліктерін айыра білуі;

  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін біліп, аудару кезінде оны дұрыс пайдалана білуі;

  • ұлттық мәнге ие сөздер мен сөз тіркестерінің қолданысындағы ұлттық таныммен байланысты этнолингвистикалық ерекшеліктерін екінші тілге бере білуі тиіс.

4. Модуль пәні мазмұнының сипаттамасы: “Қазіргі қазақ тілі” курсы теориялық және практикалық екі бөлімнен, студенттердің оқытушымен жасайтын өзіндік жұмыстардан тұрады.

Теориялық бөлімі қазақ тілінің лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін талдауға негізделген.

Практикалық сабақтардың мақсаты қазіргі қазақ тілі теориясының негізгі аспектілерін түсіну және нақтылау болып табылады.

4.1. Курстың мақсаты “Қазіргі қазақ тілі” пәнінің негізгі мақсаты студенттердің қазіргі қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйесін терең меңгеруінен көрінетін тілдік біліктілігін дамыту, сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің этнолингвистикалық, когнитивтік, коммуникативті-прагматикалық акпектілерін тілдік материалдар негізінде талдап, сөйлеу ситуацияларында қолдана білетін адамдарды дайындауда жатыр. Қазіргі қазақ тілі курсы аудармашылық біліктілікті дамытып, тереңдете түсуге септігін тигізуі тиіс.