Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус саясаттану.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
383.49 Кб
Скачать

1.3. Пәннің қысқаша мазмұны

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсініктер мен білімдер береді.

1.4. Оқыту нәтижелері:

А- білім және түсіну: Саясат және оның мәні негізгі түсініктері, саяси билік, саяси қатынастардың қалыптасуы мен саяси институттардың қызметі, негізгі саяси ілімдер, демократиялық мемлекеттік құрылымның негіздері, қоғамның саяси жүйесі, саяси үрдістер туралы білімдерді қалыптастыру. Кәсіптік ақпараттарды өз бетімен іздестіру, талдау және бағалау.

В - білім және түсінулерді қолдану: Саяси құбылыстарды талдап, түсіндіре алу, қоғам мен мемлекеттің өткені мен қазіргі заманғы дамуына талдау жасай білу, саясат туралы қажетті білім алып, оларды өздерінің кәсіптік және күнделік өмірінде қолдана білу. Студенттердің саяси сана және саяси мәдениетін қалыптастыру.

С - пайымдауларды шығару (құрастыру): Студенттердің саяси танымдарын жетілдіріп, олардың саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденциларға өз бетінше талдау жасай білу дағдысын қалыптастыру.

Д- коммуникативті дағдылар: Студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси үрдістерді ұғыну және еркін бағдарлай алу ептілігіне үйретіп, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына ықпал ету. Жаңа білімдерді дамыту мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерді жүзеге асыруда білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Өз ойларын, пікірлерін жазбаша және ауызша түрде жеткізе білу, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білу. Ғылыми мәселелерді шешуде мақсат қоя білу және оларды шешу әдістерін таңдай білу дағдылары мен білімдерін қалыптастыру.

Е- оқу дағдылары: - Саяси құбылыстарды өз бетінше талдай алу дағдыларына үйрету;

- Статистикалық мәліметтерді, құжаттарды сауатты өңдеп, талдап, жүйеге келтіру дағдыларын үйрену: ғылыми және оқу әдебиеттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын меңгерту. Саяси мәселелерге байланысты пікірталасқа қатысып, өз ойларын ауызша және жазбаша жеткізе алу қабілеттерін қалыптастыру.

2. Университеттің барлық мамандығының 1, 2 курс студенттеріне 2013-2014 оқу жылының

1-4 семестріне арналған М1 Әлеуметтік-гуманитарлық модулінің

«Саясаттану» пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар

Апта

Тақырып атауы

Дәріс

Прак.

БАОӨЖ

БАӨЖ

Барлық сағат

1.

Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

1

1

1

-

3

2.

Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер

1

1

1

6

9

3.

Қазақстандағы саяси ой тарихы

-

2

1

3

6

4.

Билік – саяси құбылыс ретінде

1

1

1

3

6

5.

Қоғамның саяси жүйесі

1

1

1

3

6

6.

Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

-

2

1

3

6

7.

Мемлекет және азаматтық қоғам

1

1

1

6

9

8.

Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1

1

1

-

3

9.

Саяси режимдер

-

2

1

3

6

10.

Саяси элита және саяси көшбасшылық

1

-

1

3

6

Саяси сана және саяси мәдениет. Саяси әлеуметтену

-

1

-

11.

Саяси технологиялар. Сайлау жүйелері

1

1

1

3

6

12.

Саяси элита және саяси көшбасшылық

-

2

1

3

6

13.

Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері

1

1

1

3

6

14.

Егемен Қазақстанның саяси мәселелері

1

1

1

6

9

15.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

-

2

1

-

3

Барлығы

10

20

15

45

90

Пәннің мазмұны