
- •1,2 Курс студенттеріне арналған
- •Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)
- •Пәні бойынша оқу бағдарламасы
- •1.2. Пәнді оқудағы міндеттер:
- •1.3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.4. Оқыту нәтижелері:
- •2. Университеттің барлық мамандығының 1, 2 курс студенттеріне 2013-2014 оқу жылының
- •«Саясаттану» пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар
- •3. Дәріс жоспары
- •4. Практикалық сабақтар жоспары
- •6. Баөж тапсырмаларын орындау кестесі
- •7. Баоөж сабақтары мен кеңес берулерді өткізу тәртібі.
- •8. Оқытушының талаптары
- •9. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Барлық факультеттің барлық мамандықтарының
1,2 Курс студенттеріне арналған
М-1 Әлеуметтік-гуманитарлық модулінің
«Саясаттану»
Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)
Орал 2013ж
КЕЛІСІЛДІ «Агрономия» факультетінің ОӘБ Төрайымы________ Берниязова А.М. «___» _________ 2013ж. |
БЕКІТЕМІН «Агрономия» факультетінің Деканы ________ Рахимгалиева С.Ж. «___» _________ 2013ж. |
М-1 Әлеуметтік-гуманитарлық модулінің
«Саясаттану»
Пәні бойынша оқу бағдарламасы
Құрастырушы: филос.ғ.к., доцент Есенгалиева В.А.
аға оқытушы Д.С.Муталова
«Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы
«Агрономия» факультеті 304, 320 - кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2011 ж. бекітілген типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынды
Кредит саны – 2
Дәріс – 10 сағат
Практикалық сабақ – 20 сағат
БАОӨЖ – 15 сағат
БАӨЖ – 45 сағат
Барлығы – 90 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды «___» ______ 2013ж. № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Есенгалиева В.А.
Пәннің сипаттамасы
Саясаттану Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы құрылымдық бөлімі – ЮНЕСКО міндетті түрде оқытылатын пәндер тізіміне енгізіп, бекіткен әлеуметтік-гуманитарлық білім жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясат қазіргі қоғамның тіршілік әрекеті аспектісі ретіндегі оның объектісі болып табылады. Саясаттану саясаттың өмір сүру заңдарының, оның тарихи дамуының зерттейді. Саясаттанудың мазмұның сонымен қатар, билік, мемлекет аралық қатынас мәселелерінен тұрады.
1.1. Пәнді оқудың мақсаты: Саясаттану – саяси билік, саяси қатынастардың қалыптасуы мен саяси институттардың қызметтері, құндылықтар, саяси үрдістер, олардың бір елде және дүниежүзілік көлемде жүзеге асу ерекшеліктерін зерттейтін ғылым болып табылады. Олардың негіздерін қазіргі демократиялық қоғамның білімді деген азаматтарының бәрі білуге міндетті. Жоғарғы оқу орындарында саясаттану пәнін оқытудағы мақсат студенттердің саясатқа қызығушылығын арттыру, саяси білім негіздерімен қаруландыру, олардың саяси белсенділіктерін тиімді жетілдіретін дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру.
1.2. Пәнді оқудағы міндеттер:
саясаттану ғылымының қоғам өміріндегі саяси мәселелерді зерттеуінің маңыздылығын түсіндіру;
студенттерге саясаттың негізгі түсініктерін ұғындырып, саяси қатынастарды, құбылыстарды саралап талдай білуге үйрету;
қоғамның саяси жүйесінің дамуының маңыздылығын айта отырып, студенттердің демократиялық құндылықтарды бағалай білуін, патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру;
студенттердің саяси танымдарын жетілдіру арқылы олардың бойындағы саяси мәдениеттерін дамыту;
теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде нақты өмірде белсенді пайдалануға үйрету.